Джумбаева Меруерт

Рейтинг:

Сәбиге өмір сыйлаған

      Ғасыр өтсе де ғұмырылығын жоймайтын, күннен күнге қадірі артып келе жатқан мамандықтардың бірі – мұғалім болса, екіншісі - дәрігер. Медицинаны адамзатқа саялы үлкен бәйтерек дейтін болсақ, гинекология – сол бір бәйтеректің тамырын тереңге жіберген бір саласы. Тылсымы көп тіршілікте түрлі мамандықтар бар болса да жыл өткен сайын жаңарып, дамып, болмысы биіктеп келе жатқан іргелі де маңызды мамандықтардың бірі осы медицина саласына тиесілі. Өйткені, дәрігерлер қауымы, Жаратушыдан кейінгі адам жанының арашашысы болып, жеке басынан қызметіне деген адалдық анты мен халыққа деген еңбегін жоғары қоятын еңбек адамдары. Осы бір дәрігерлер туралы аз айтылып жүрген жоқ, Көркем әдебиетті қарасаң ақ халаттылар туралы өлең де, жыр да, эссе де жазылып, әнші өлеңімен киелі сахна төрінде шырқалып, ғылымда тереңірек зерттеліп келеді. 
      Облыстық балалар клиникалық ауруханасының Мемлекеттік комиссариатында онкогематология бөлімінде бөлім меңгерушісі, онкогематолог, бірінші санатты дәрігер Джумбаева Меруерт 1984 жылы қараша айының 27-жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келді.       Отбасының тірегі болған асқар тау әкесі Джумбаев Жолдасбай Нұрғисаұлы 1954 жылы 9 наурызда дүниеге келген. Руы - Ұлы Жүз, Шапырашты, Тілеу Есқожа. Өмір жолында жүргізуші болып қызмет еткен. Ал мейірімі күн нұрынан да жылы анасы Джумбаева Күлімхан Абдысағиқызы 1960 жылы 25 қазанда дүниеге келген. Руы - Ұлы Жүз, Шапырашты, Екей. Өмір жолында есепші, кейіннен бас есепші болып еңбек еткен. 
      Қазаны ортаймайтын қазыналы өлкеде бақытты балалық шағын өткізіп, Алматы қаласындағы №139 А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында білім нәрімен сусындаған Меруерт Джумбаева мектепті жақсы оқыды. 
      Мектеп қабырғасында жүрген кездері биология пәнін ерекше жақсы көргені Меруерт Джумбаеваны дәрігер болсам деген арманның жетегіне алып келді. Алымы мол алғырға қай сабақты жақсы оқыдың деп сұрау артықтық болатыны секілді, кейіпкеріміз мектептегі барлық сабақты жақсыға оқыса да оның ішінде, дәрігерлік арманымен астасып, байланысып жатқан биология пәнін құштарлана оқыды. Шығамын деген талаптыға тау биік болып па, жігері мен қабілетін, ұмтылысын еңбекке пен ізденіске айналдыра білген жас түлек арман атты сұңқардың қанатына арманнан қондырып, Алматы қаласына жол тартты. 2001-2004 жылдары кейіпкеріміз Республикалық медицина колледжін "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша үздікке аяқтап шықты. 2004-2011 жылдары С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде "Педиатрия" мамандығында үздік білім алып шықты. Кейіннен осы білім ордасынан интернатураны бітіріп шыққан жас маман өзінің алғашқы еңбек жолын Петропавл қаласындағы балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде бастайды. Осы орталықта жүріп неонатология, пульмонология, кардиология, соматикалық бөлімшеде педиатр дәрігері болып жұмыс жасаған Меруерт Джумбаева 2012 жылы Алматы аймақтық балалар ауруханасының балалар дәрігері, онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Кейіпкеріміз 2013 жылы 1 қыркүйекте онкогематологиялық картамен Алматы аймақтық балалар ауруханасында облыс бойынша ең алғашқы онкогематологиялық бөлімді ашты. Сонымен қатар Алматы облысының бас штаттан тыс онкогематологы қызметін қосымша атқарып, сейсенбі, бейсенбі күндері диагностикалық емханасында онкопатология және гемобластозбен ауыратын балалардың есебін жүргізіп, балаларды қабылдады.       Жүрмеген жолдың қиындығы мен кедергісі болатыны анық. Бірақ, осы саланың білікті маманы болуды аңасаған Мереурт Джумбаева өзінің еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен, адалдығымен жеңіп шықты. Аз ғана уақыт ішінде ұжым арасында бедел биігіне көтеріліп, бүгінгі таңда Облыстық балалар клиникалық ауруханасының Мемлекеттік комиссариатында онкогематология бөлімінде бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Кейіпкеріміз пандемия кезеңінде елімізге танымал тұлғалардың, өнер жұлдыздарының балаларына ем-шара жүргізіп, алғыстарын алған болатын. Меруерт ханымның жұмысының күрделілігі сонша, тіпті еңбек демалысында болса да мекемеге көптеп шақыртылады. Санавиациямен жылына 600 жедел шақылырылым жасалған. Өз өңірінің және облыс көлемінде халыққа көптеген медициналық көмек көрсетеді. Жедел жәрдем көмегімен де, санавиация көмегімен де жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуде алдына жан салмайтын кейіпкеріміздің еңбегі көпге үлгі десек болады. Қазірде кейіпкеріміз онкогематологиялық бөлімде гемобастоз диагнозымен ауыратын науқастарға, қанның ісік ауруымен ауыратын балаларға амбулаторлық деңгейде және стационарлық деңгейде химиялық препараттарды енгізуді, эндолюмбальды химиялық препараттарды енгізуді жүргізеді.
       Сонымен қатар кейіпкеріміз 2023 жылы Денсаулық сақтау менеджменті мамандығы магистратураны аяқтап шықты.
       Жаңарған заманның көшіне ілесіп, күн санап дамып жатқан ғылымның жетегінен ұстап, медицина саласында болып жатқан өзгерістер мен заманауи жабдықтарды қолдана білу үшін де тың әдіс пен біліктілік керек. Осыны сана түйсігімен сезінген кейіпкеріміз қызмет еткен жылдар ішінде сала бойынша білімін жетілдіруді, тәжірибе алмасу конференцияларына қатысып, білімін жоғарылатуды тоқтатқан емес.
       Атап айтар болсақ:
       2013 жылы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінде «(FNKCCDGO және MD Балашова Д.Н. «Сүйек кемігіндегі гемопоэтикалық дің жасушаларының аллотрансплантациясының заманауи технологиясының клиникалық-лабораториялық аспектілері» тақырыбы бойынша;
       2013 жылы «Балалардағы гематологиялық және онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мәселелері» тақырыбында семинар;       2013 жылы «Гемопоэтикалық діңгектік трансплантация» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.
       2015 жылы «Балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың морфологиялық диагностикасы мен сәулелік терапиясының өзекті мәселелері» тақырыбындағы шеберлік сыныбына қатысты;
       2016 жылы «Гемостаз академиясы» тақырыбында Мәскеу қаласында өткен Ресей гематологтарының III конгрессіне қатысты;
       Италия және Ресей мен Санкт-Петербург онкогематологтарының қатысуымен өткізілген Профессор Лешнердің семинары;
       2018 жылы Н.Н.Блохин атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының халықаралық маманы И.А.Трофимовың қатысуымен «Ретинобластомамен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеу» тақырыбындағы шеберлік сыныбы;
       2018 жылы «Баланың салауатты дамуы мен дұрыс тамақтануы туралы барлық шындық» атты Мастер-класс;
       2019 жылы «Балалардағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды ерте диагностикалау» тақырыбы бойынша оқу модульдерінің тренерлерін дайындау бойынша семинар;
       Арминас Мацевичус, Польшадан келген гематолог, профессор Ежи Виднигтің қатысуымен «А гемофилиясының ингибиторлық түрін басқару» тақырыбындағы семинар;
       2019-2020 жылдары аралығында Мәскеу қаласында Морозов атындағы емханада А.Н. Петровтың қатысуымен гемофилия ингибиторлық түрлері бойынша конференцияға қатысты;
       Меруерт Джумбаеваның өзінің өткізген семинарлары:       2019 жылдың 13 наурызында Алматы облысында «Гемофилиямен ауыратын науқастарды басқару» тақырыбында, 2019 жылдың 13 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында, 2019 жылдың 1 сәуірінде Талғар мен Қарасай ауданындарында, 5 мамырында Орталық ауданындағы ауруханада «Гемофилиямен ауыратын науқастарды ЖТД тәжірибесінде бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
2019 жылдың 17 қыркүйегінде Талдықорған қаласында «ЖТД тәжірибесінде гемофилиямен ауыратын науқастарды бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында;
       2020 жылы Іле ауданының орталық аудандық ауруханасы базасында, Мукополисахаридоздар мен Гаучердің өзекті мәселелері тақырыбында семинар өтті;
       2020 жылдың 18 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында «Гемофилиямен ауыратын науқастарды басқару» тақырыбында;
       2021 жылдың 15 наурызында Жамбыл ауданында Гемофилиямен ауыратын науқастарды емдеу басқармасында;
       1 сәуірде Талғар және Қарасай аудандарында;
       2021 жылдың 1 мамырында Қарасай ауданының орталық аудандық ауруханасы базасында және «Талғар ауданындағы гемофилиямен ауыратын науқастарды басқару», «Мукополисахаридоздар мен ГОКЕ өзекті мәселелері» бойынша семинар өткізді.
       Елеулі еңбек өз нәтижесін беріп, кейіпкеріміз 2021 жылы "Ең үздік дәрігер" атанды және 1 000 000 тг сертификатпен, "Кәсіподаққа сіңген ерен еңбегі үшін" медалімен, 2023 жылы ата-аналардың алғаусыз алғысы негізінде "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды. 
       Тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білетін, Алматы облысының бас штаттан тыс онкогематологы, біліктілігі жоғары санатты дәрігер, онкогематология бойынша бірінші санатты дәрігер Меруерт Джумабаева сияқты ақ халатты абзал жандарымыз көп болса екен деп тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...
6 декабря 2024 23:20
Лаззат
Александр Вилорьевич прекрасный доктор,спасибо❤️...
25 ноября 2024 00:32
Виктор Ример
Успехов тебе в работе Туребекулы и семейного благополучия!...