Ізгі жан Тіршілік үшін жаралған әр мамандықтың өз мұраты мен мақсаты бар секілді, ақ халатты абзал жандардың саласы да адамзат үшін айтарлықтай орны бар маңызды сала. Жаратушыдан кейінгі адам жанының арашашысы болып, жаныңа батқан ауруы үшін әлсіретіп, салауатты өмір сүруге талпындырып келе жатқан дәрігер-ғалымдарымыздың бірегейі, Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы және иммунопрофилактика саласының маманы, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау магистрі Манар Асырқызы 1975 жылдың 27 қарашасында Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Көкөзек ауылында дүниеге келді.
Тіршілік үшін жаралған әр мамандықтың өз мұраты мен мақсаты бар секілді, жарқын болашаққа бастайтын білім ордасының табалдырығын Көкөзек ауылындағы орта мектебінде аттап, ұлы армандарды ту етіп ұстана білген Манар Асырқызы мектепті бітірген соң 1988 жылы Талдықорған медициналық училищесіне оқуға түседі. Бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын жауапкершілігі басым, ісіне тиянақты, алдына мақсат қойып, сол мақсатына жету жолында өзін жиі қамшылап, еңбектене білетін жас оқу орнында да өзінің алғырлығымен, ғылымға деген ерекше құлшынысымен, қабілеттілігімен көзге түсе білді. Өзі таңдаған саласының білікті
маманы болып қалыптасуы үшін білім мен ізденіс, мол тәжірибе керектігін студент танымымен түсінген Манар Асырқызы үнемі ізденіс үстінде болып, білікті де білімді дәрігер болып шығуы үшін аянбай еңбектенді. Іргелі білім ордасында тәлім алып, «Мейірбике ісі» мамандығын игеріп, танымын кеңейткен Манар Асырқызы алғашқы еңбек жолын 1993-1998 жылдары Талдықорған облыстық ауруханасында «Медбике – анестезиолог» болып бастайды. Өмірден көргені мен түйгені мол дәрігер басшылық ететін ауруханада жүріп, медицина деп аталатын үлкен әлемнің есігінен батылдана еніп келе жатты.
Кейіннен Манар Асырқызы 1998-2004 жылдары С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ін «Гигиенист. Эпидемиолог» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
2004-2006 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, жетекші маман эпидемиолог, 2005-2006 жылдары ҚР ДСМ Алматы облысы бойынша МСЭҚБ Талдықорған қалалық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маман – эпидемиологы, 2006-2012 жылдары ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойын-ша департаментінің бас маман – эпидемиологы қызметін атқарды. Сонымен қатар кейіпкеріміз 2008-2010 жылдары Америкалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (ЕFТР) қолданбалы эпидемиология бойынша 2 жылдық курсын оқып щығып, өз саласы бойынша білімін жетілдірген болатын. 2012 жылы ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бас маман – эпидемиологы қызметін абыроймен атқара білген Манар Асырқызы 2014 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу департаментінің басшысы қызметтерін атқарды. Дәрігерлік қызметіндегі біліктілігі бір бөлек, басшылық қызметте де ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп келе жатқан, қоғамдық денсаулық
сақтау бойынша жоғары біліктілік санаты бар Манар Асырқызы 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен магистратуралық білім алды. Бұл да айтуға жеңіл болғанымен үлкен еңбек, тынымсыз ізденіспен келген дүние еді. Кейіпкеріміз біліктілікті арттыру курстары бойынша түрлі қайта даярлау курстары мен семинарларға, ғылыми конференцияларға үздіксіз қатысып тұрады.
2023 жылы ҚР ПІБ МО Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының талдау және сапа менеджмент бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалып, қызметте сатылай өскен Манар Асырқызы бүгінгі таңда "Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының" басқарма басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.
Қызмет ету барысында өзінің білімін, біліктілігін үнемі көтеріп отыратын Манар Асырқызы ұлттық деңгейде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық бағдарламаларын іске асыруды үйлестіруде ерекше қабілеттілік танытып келеді. Мысалы: микробқа қарсы тұрақтылықты эпидемиологиялық қадағалау, тұмау, полиомиелит, вирустық гепатит және тағы басқалар.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау мәселелері бойынша ДДҰ, ЮНИСЕФ, CДC халықаралық ұйымдарымен белсенді жұмыс істеп, сала бойынша өткізілген халықаралық конференциялар мен кездесулерде сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Қазақстандағы CDC/CAR курстары аясында FETP қолданбалы эпидемиологиясын оқыту бойынша тәлімгер болып табылатын Манар Асырқызы орыс және қазақ тілдерінде, республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар, тренингтер ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ негізгі қызметі – жұқпалы аурулардың ошақтарын тергеу және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша аймақтық маманға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету болып табылатын Манар Асырқызының біліктілігін көтеру мақсатында курстараны да үзбей қатысып отырады.
Білім мен тәжірибе биігіне көтерер курстардан өткені халықаралық деңгейде қатысқан конференциялары мен семинарлары және спикерлік еткен жиындары жөнінде деректер былай сөйлейді:
2015 жылы СДС қолдауымен тұмауды эпидемиологиялық қадағалау бойынша халықаралық конференцияларға қатысу (Лиссабон, Португалия; Чикаго, АҚШ);
2017 жылы тұмауды эпидемиологиялық қадағалау бойынша халықаралық конференцияға қатысу
(Санкт-Петербург, Ресей);
2018 жылдың мамырында Копенгаген, Дания, ДДҰ отырысы «Қазақстан Республикасының халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссия мүшелеріне арналған ДДҰ отырысы»;
2018 жылдың қарашасы Копенгаген, Дания, ДДҰ кеңесі «Тұмауға қарсы СС енгізу туралы» фасилитатор ретінде;
2021 жылғы 1-4 қараша аралығында Құқық қорғау органдарына арналған COVID-19 биоқауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы курсы;
2019 жылғы 12-13 қыркүйек – «Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: проблемалар мен шешімдер» Бірінші Қазақстандық конгресі, ұйымдастыру комитеті және спикер;
2021 жылдың 21 сәуірі – «Медициналық қызметтің эпидемиологиялық қауіпсіздігі» халықаралық қатысуымен медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды бақылау мамандарының онлайн, Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы, спикер; 2021 жылы 20 қазанда «Қазақстандағы ӨСОА бар науқастарды көкжөтелге қарсы вакцинациялаудың негіздемесі» Сараптамалық кеңесінің мүшесі;
2020 – 2022 жылдары Иммундау мәселелері, соның ішінде COVID-19-ға қарсы белсенді спикер.
Жоғарыда айтып өткеніміздей Манар Асырқызы сауатты басшы, білікті маман ғана емес, осы саланы зерттеген, қанша жылдан бері түйін болып қатқан мәселенің тінін тарқатқан ғалым. Ол талай мәрте түрлі зерттеулер жүргізіп, көрсеткен оң нәтижесінің арқасында тәсілдері бүгінгі таңда қолданысқа енгізілген. Уақытпен санаспай талай таңды ұйқысыз атырып, көз ма-йын тауысып жазған еңбектері жергілікті бұқаралық құралдары, ғылым журналдар мен әлемдік деңгейдегі басылымдарда жарияланып, өз бағасын алды. Еңбектері қазақстандық және халықаралық журналдарда жарық көрді. Есімі мен еңбегін әлемнің медицинасы озық дамыған мемлекеттердің өзі мойындаған
бүгінгі кейіпкеріміз Манар Асырқызының жарияланған жұмыстарына көз жүгіртіп өтсек:
2010 жылы «Центрально-Азиатский научно-практический журнал по общественному здравоохранению» журналында «Ауруханаішілік инфекциялардың дамуындағы антибиотиктерге төзімділік (резистенттілік) мәселесі»;
«TEPHINET» журналында «6h Global Scientific Conference»;
«Determinants of treatment delay among newly diagnosed pulmonary tuberculosis patiens, Almaty Region, Kazakhstan»;
2016 жылы «Окружающая среда и здоровье населения» журналында «Қазақстан Республикасында ауруларды бақылаудың электрондық интеграцияланған жүйесін (EISNZ) құру кезеңдері және енгізу перспективалары»;
«Современные аспекты дорожно-транспортного травматизма»; 2018 жылы «Медицина» журналында «Қазақстанда тұмау және жіті респираторлық инфекцияларды қадағалау»;
2020 жылы «Factors Associated with an Outbreak of COVID-19 in Oilfield Workers»;
"Вопросы практической педиатрии" журналында «Алматы қаласында тұратын 8 бен 14 жас аралығындағы балалардағы Гриппол плюс вакцинасының профилактикалық
тиімділігін зерттеу (Қазақстан Республикасы)»;
2021 жылы «Медицина» журналында «Надзор за гриппом и острыми респираторными инфекциями в Казахстане»;
2022 жылы Қоршаған ортаны зерттеу және қоғамдық денсаулықтың халықаралық журналында;
2022 жылдың 24 ақпанында Медицина ғылымының есептері жөнінде «Sero‐prevalence of SARS‐CoV‐2 in certain cities of Kazakhstan»;
2023 жылы Эпидемиология және вакцинопрофилактика бағытында «Whooping Cough Serology Analysis among children and adolescents in the Republic of Kazakhstan»;
Медицинаның «Эпидемология» деп аталатын кең тармақты саласынада еңбек етіп, қоршаған ортаны, жергілікті халықтың денсаулығын жақсартуда өз үлесін қосатын түрлі бағдарламалар мен ғылыми зерттеулерді жүргізе білген Манар Асырқызының еңбегі зая кеткен жоқ, басшылық, медициналық ұйымдар тарапынан өз бағасын алды да.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді қазақ даналығы, ел үшін еңбек еткен тұлғаның еңбегінің еленгенін дәлелдейтін марапаттарға көз жүгіртсек: 2012 жылы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Құрмет Грамотасы;
2013 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
2015 жылы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының Құрмет Грамотасы;
Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында Басқарма бастығының Құрмет Грамотасы;
2020 жылы «Халық алғысы»;
2021 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі;
Осындай күрделі салаға саналы өмірін арнап, медицина деп аталатын алып ғимараттың бір кірпіші болып қалану жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Манар Асырқызы сынды нардың жүгін көтере білген медицина қызметкерлеріне халықтың алғыстан басқа айтары жоқ.
Ғылымнан қуат алып, біліммен нәрленген, әлеммен байланыс бар білімді де білікті дәрігерлеріміз тұрғанда Қазақ елі ұландарының, Қазақстанның перзенттерінің, елдің, халықтың болашағы жарқын болмақ. Кейіпкеріміздің деніне саулық, отбасына бақыт пен береке, ғылым жолында табыс тілейміз!