«Мақсат» шаруа қожалығының басшысы, «Ленин» орденінің иегері
Еңбекпен ерлеген ер
Адам – қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалысы, әрине, денінің саулығы болып табылады. Сондықтан да науқастың жанына шипа беріп, көңіліне үлкен үміт ұялатып, оған екінші өмір сыйлайтын денсаулық сақшысының еңбегі жоғары марапатқа лайықты. Дәрігер болу үшін үлкен жүрек, шыдамдылық, білім мен біліктілік, сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын да емдей алатын психолог бола білуі керек. Бастысы мамандығын шексіз сүйіп, сол жолда әрдайым ізденісте болып, қиындықпен күресе алуы маңызды.
![]()
Жүрісі де, тұрысы да, сөзі де, өзі де, ісі мен тірлігі де, жалпы тіршілігі де қоңыр қазақтар болады ғой. Абай айтатын «ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» тәмсілін өмірлік ұстанымы ететін адамдар кісі ақысын жемейді, өзгенің ала жібін аттамайды, жұрт жұмысына торы аттай жегіледі. Ұлт үшін ұлы істер атқаруға дайын тұрады. Дегенмен онысын міндетсінгенін көрмейсің. Ондай адамдардың сөйлеу мәдениетіне дейін ерекше көзге көрініп, сонадайдан білінеді. Адамның көзқарасы мен дүниетанымы, қоғамдық құндылықтар заманына қарай өзгеріске ұшырап отыратынын ескерсек, сол құндылықтарды құлдыратпайтын құдіретті қару – бабалар еңбегіне бас ие отырып, өткеннің өрнегін бүгінге жалғау екені белгілі. Бала кезінен еңбекпен есейіп, бүкіл өмірінің басты құндылығы ретінде тек еңбекке жүгініп, еңбегіне қарай құрметке бөленген ер Сембаев Берік әңгімемізге арқау болып отыр.
Италиялық ғалым, суретші Леонардо да Винчи: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді», - деген екен. Еңбек адамды тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқаратыны
![]()
рас. Адамзат еңбекті, еңбек құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене білген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами береді.
Кейіпкеріміз Берік Сембаев өз ісіне деген табандылығының, ынта-жігерінің, тындырымдылығы әрі жауапкершілігінің арқасында мерейі өсіп, көпке үлгілі жол көрсетті. Ерінбей еңбектенуі арқылы жан-жағын қуанышқа, шаттыққа бөледі. Еңбексүйгіштікті, еңбекқорлықты бағалай білген ол көптің ықыласына да бөленді.
Иә, қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдырауға, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп, бақытты етеді.
Сембаев Берік Хафизұлы 1964 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Абай облысы, Тарбағатай ауданы 22 совхоз қазіргі Құмкөл ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі Сембаев Қапез Солтанғазыұлы Құмкөл ауылының еңбек ардагері болған азамат. Ақсуат ауданының «Құрмет» орденінің иегері. Алтын алқа иесі, Батыр ана Сембаев Нүкеймен бірге 10 бала тәрбиелеп жеткізген асыл жандар. Қарапайым
![]()
тіршілік кешіп, барлық баласына жақсы тәрбие беріп, адалдыққа, имандылыққа, оқу-білімге жақын етіп тәрбиеледі.
Берік Хафизұлы 1972 жылы Калинин орта мектебінің алғаш табылдырығын аттап, 8 жылдықты ойдағыдай бітіріп шықты. Жас түлек 1980 жылы Ақсуат ауданына қарасты Техникалық училищеде оқуын жалғастырып, техникалық білім алып, «Тракторист» мамандығын игерді. Жас бозбала оқу орнын бітіргеннен кейін ауылдағы ата-анасына көмектесіп, совхоздың төрт-түлік малын бағып, көмекші шопан болып жұмысқа араласып кетті. Бала күнінен әкесінің еңбекқорлығын бойына сіңірген Берік қара жұмысқа екі қолын сыбана кірісті. 1983 жылы қарашада әскерге шақыру келіп, Отан алдындағы борышын КСРО кезінде Ресей Федарациясының Москова қаласында 2 жыл абыроймен атқарып келді. 1985 жылы желтоқсанда аман-есен елге оралып, еңбек жолын 3 фермада бастап, көмекші шопан болып әкесіне көмектесуін жалғастырды.
Совхоздан өз алдына жеке отар қой алып, аға шопан болып әкесінің таяғын алып, әкесінің сара жолын жалғауда тынбай еңбектене берді. Осылайша 100 қойдан 120 қозы алып, жоспардан шыға білді. Басшылық оның еңбегін бағалап, астына ат мінгізіп, кілем төсеп, үстіне шапан жауып, Мадақтамамен марапаттады. Бас шопан мәртебесін алып, «Ленин» орденімен мараппатталды.
Еңбекқор азамат 1997 жылға дейін совхозбен бірлесіп
![]()
жұмыс істеп, үкімет тараған соң, 1997 жылы өз алдына «Мақсат» жеке шаруашылығын ашып, соның төрағасы болып 27 жыл бойы көркейтіп дамытып келе жатыр. Төрт-түлік малдың басын құрап, жергілікті жерін етпен, сүтпен қамтамасыз етіп отыр. Ірі қара асыл тұқымды малдарды өсіріп, Қазақстанның ауыл шаруашылығына көп үлесін қосып жүр. Шаршауды білмейтін азамат өзінің қажыр-қайратымен, табанды тірлігімен жан-жағына үлгі көрсетіп келеді. Жұмысшыларына келгенде өте жомарт. Жақындарындай бауырына тартып, олардың кем-қажеттіліктерін толықтыруға барын аянып қалмайды. Қолынан келгенінше елінен, ауылынан аянбай көмектесіп жүреді.
«Ердің атын еңбек шығарады. Әр азамат ерен еңбегінің арқасында ғана абыройлы болып, биік белестерді бағындырады. «Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір», – деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Малдың киесі бар. Мал бағуды, әкемнің ізін жалғастыруды мақсат еттім. Билік пен мансапқа емес, атакәсіпті дамытуға, отбасының игілігіне пайдаланып келемін. Содан шығар, осы байлығымның пайдасын отбасым, балаларым, елім де көріп отыр. Әкем қаншама жыл қой бақты, өз өміріне риза болды. Еңбегі еш кеткен жоқ. Ол – еңбекпен есейген
![]()
буынның өкілі. Алаңсыз балалық күндерін сұм соғыстың зұлматына айырбастаған алдыңғы топ ағалардың легінен болды. «Адалдық пен таза еңбек қана абырой бастауы болмақ» деген қағидатты өмірлік ұстанымына айналдырған ардақты азамат болды. Мен әкемді пір тұтып, оның өмірлік жолын жалғап, өз ұрпағыма да естелік етіп айтып отырамын», – дейді кейіпкеріміз.
Сембаев Берік отбасында үлгілі әке, еліне сыйлы азаматтар қатарында. Қолында барды қайырымдылыққа жұмсаудан ешқашан бас тартқан емес. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығына қосқан үлесі орасан зор. Оның ашық жарқын мінезі, байсалды қалпы көпті тәнті етеді.
Берік Хафизұлы 1991 жылы желтоқсанда Қонырова Файма Әйткенқызымен бас қосты. Жары Қонырова Файма Әйткенқызы 1967 жылы 12 шілдеде Мақаншы ауылында дүниеге келген. Қазіргі кезде отағасы екеуі үш бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, үлгілі, бақытты отбасы болып отыр.
Үлкен ұлы Хафизов Нұрғазез әскери салада қызмет етуде. Ортаншы ұлы Хафизов Бауыржан балаларға өз білгенін үйрету жолында мұғалім қызметінде. Кіші қызы Берікова Гүлдана халықтың денсаулығы үшін күресіп, дәрігерлік салада қызмет етуде.
Ел мен жерге еткен еңбек зая кетпейді, еленеді. Елге адал еңбек етіп, халық құрметіне ие болу – көптің қолынан келе бермейтін қасиет. Рас, әр адамда алуан түрлі қасиет, мінез-құлық пен болмыс болады. Міне, осындай ізгілік жолында үйлесім тауып, бірдің емес, жүздің ықыласына бөленіп жүрген Берік Хафизұлының қарапайымдылығы мен ашықтығы, жанды жадыратар мінезі, іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті көптің қолдауына ие болып келеді. Алдағы уақытта табысты, жемісті еңбек ете беріңіз демекпіз!
![]()
![]()