Әлемнің жарығын сыйлаған...
Жетістікке жеткен қазақ қыздары, әйелдері, аналары туралы айтар болсақ, қалам ұшы қағаз бетіне өзінен-өзі жорғалайтыны анық. Өйткені, ерте заманда отбасының ғана емес, ер-азаматының да арқа сүйері болып, жебесін жанып, қалқанын қаптап берген қазақ қыздары бүгінгі таңда да осы бір құрмет пен абырой биігінен түскен жоқ. Заман өзгеріп, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан кезде де отбасымен қатар нарықтың тілін түсініп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Еңбек жолына үңіле қарасаң, әрқайсысы бір-бір кітапқа тұрарлық өнеге, тәлім-тәрбие, қиын кезеңдерде жеңіп шыққан қайсарлық, табандылық пен өжеттік бар. Сондықтан да қазақ қыздары, аналары қандай мақтауға да, құрметтеуге де лайықты.
![]()
Еңбекпен есейіп, өмірден өз еншісін алған, қазақтың қайсар қызы, алтын құрсақты ана деген атқа лайық жандардың бірі Корпебаева Нурзия Тәуірбекқызы 1940 жылдың 10 қарашасында Семей облысы, Шар ауданы, Шар қаласында дүниеге келді. Қашанда арқасынан қағып, қолдап отыратын әкесі Тәуірбек Мусин мен перзентінің амандығы мен саулығы тілінен түспеген ақ жаулықты анасы
Нұрсипат Темірбайқызының махаббат-мейіріміне бөленіп өсті.
Анасының әкесі Темірбайдың әкесі Қилыбай қазақтың зиялы қауымының бетке ұстар, текті тұлғасы болған. Қилыбай бүкіл әлемге әйгілі қазақ ақыны, ұстаз, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, композитор және ханафи Матурид теологы-философы болған, ағартылған ислам негізінде еуропалық және орыс мәдениеттеріне қатысты мәдени реформатор Абай Құнанбайұлының әкесі Құнанбаймен бірге қазақ елінен ең алғаш Меккеге барған. Сол замандағы Меккенің талабына сай, солардан кейін Меккеге келетін қазақтар орналасатын Меккеде алғаш қонақ үй салуға Құнанбаймен бірге өз үлесін тигізген қазақтың беделді билерінің бірі – Қилыбай баба еді.
Нүрзия нағашысы Керейбайдың отбасында өмір сүріп, ұлы Жақсылық және қызы Алтынмен бірге тәрбиесінде болды. Нағашысы қалағандай жиеніне үнемі қамқор болып, үнемі жанында болып, нағашысының қызы Алтынмен туғандай бірге өсіп, бірге жүрген сіңілісі болған. Сол апа-сіңлілік арасындағы қарым-қатынас, бірін-бірі құрметтеу сынды құндылығы күннен күнге дамуда. Жи
![]()
ені Жақсылық пен жиен келіні Любовь, жиен күйеу баласы Съездханмен ғажайып сыйластықта.
Жырласаң арқаланып кететін, қазынасын айтсаң қаламы қолынан түспейтін берекелі өңірде балалығын өткізген кейіпкеріміз еңбекке ерте араласты. Нағашысының қолында тәрбиеленген Нурзия Тәуірбекқызы мектепті бітіргеннен кейін заманның ағымына сай 1956 жылы жеңгетайлық дәстүрмен Жаңғызтөбе станциясының тұрғыны Корпебаев Мұхтарғазыға ұзатылады. Жас түскен келіннің үлкен өмірге деген көптеген қиындығы мен қуанышы араласқан өмірі осы сәттен басталды деуге болады.
Алтын құрсақты ана Нурзия Тәуірбекқызы – жеті баланың анасы. Дәлірек айтар болсақ, алты қызды және бір ұлды дүниеге әкелген батыр ана. Отағасы Мұхтарғазы екеуі ұл-қызына саналы тәрбие беріп, әрбіреуіне өз қалаулары бойынша білім бере білген үлгілі отбасы. Өз отбасыларының қамы ғана емес, енесі Бибі Батырханқызы ерте дүниеден өткен соң, артынан қалған, соғыс зардабын шеккен жарымжан жан қайын атасы Тұқамет, сонымен қатар ағасы Тоқтарғазы дүниеден өткендіктен жеңгесімен қалған үш балаға да қарайласып, қамқор болып
![]()
көмек етіп, ыстығы мен суығына төзді. Кейін Мұхтарғазының жалғыз қарындасы Камал қырық тоғыз мүшелі жаста дүниеден қайтып, қызы Шолпанды да өз қамқорына алды.
Нурзия Тәуірбекқызы еңбек жолын Шар ОРС-05 мекемесіне қарасты Жаңғызтөбе темір жолының бойында орналасқан асханада 30 жылдан аса бас аспазшы болып жұмыс істеп, ұжымында сыйлы да абыройлы болды. Еңбек еткен жылдары үкіметке адал қызмет етіп, дәмді тамағымен жолаушылардың алғысына бөленіп отырды.
Нурзия анамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығы бойынша «Алтын алқа» алқасымен марапатталды. Сонымен қатар, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан 1974 жылы 1 шілдеде «Ана даңқы» І дәрежелі ордені мемлекеттік наградасымен және 1976 жылы 5 қаңтарда «Ана даңқы» ІІІ дәрежелі ордені мемлекеттік наградасымен тоғыз бала дүниеге әкеліп, жеті баланы тәрбиелеп жеткізгені үшін марапатталды.
![]()
Нурзия Тәуірбекқызы отағасы Мұхтарғазы екеуі Қазақстан Республикасының дамып жетілуіне үлестерін тигізіп жүрген сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеп, өсіріп жеткізді.
Нурзия Тәуірбекқызы ұрпағына: «Мен сендермен көгеремін, сендер менің қуанышым, мақтанышым», – деп жиі айта отырып, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білді.
Тұңғышы Корпебаева (Калиева) Төлеугүл Мұхтарғазықызы Мухтар Әуезов атындағы Семей университетін бітіріп, зейнеткерлікке шыққан мерзімге дейін Әди Шәріпов атындағы мектепте 31 жыл сабақ беріп, ата-аналардың, шәкірттерінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің алғысына ие болып, өз өмірін білімді ұрпақты тәрбиелеуге арнаған. Сіңірген елеулі еңбегі аудандық «Қалба тынысы» газетінде «Ұстаз ұлағаты – мәңгілік мәртебе» мақаласында, Әлкеш Сәтбеков пен Әлділпар Жайсановтың «Құт дарып, бақ қонған ел» кітабында атап өтіліп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінен, облыстық білім бөлімі басқармасынан, аудандық
![]()
білім бөлімі басқармасынан мадақтама, грамоталарымен расталады.
Корпебаева (Оразбаева) Раушан Мұхтарғазықызы – Алматы-шет ел педогогигалық институтының түлегі, ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымы бойынша «педогог – зерттеуші» біліктілік санатының иесі. Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК ағылшын тілі пәні мұғалімі, ата-аналардың, шәкірттерінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің алғысына ие болған жан. Шәкірттері әртүрлі сайыстарға қатысқан жүлде иелері. Асыл еңбегімен шәкірттеріне білім әлемінің есігін ашып, ақыл-ой қабілеттерін дамытып және қоғамда өз орнын табуға көмектесіп, болашақтарына үлкен үлес қосып, шабыттандыруда еңбек етуде.
Корпебаева Сандуғаш Мұхтарғазықызы – Алматы Коммерциялық институтының түлегі, Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде және әртүрлі мекемелерде басқарушы құрамында еңбек етіп, қазіргі уақытта Астана
![]()
қаласында «Медикер – промышленная медицина» ЖШС мекемесі директорының қаржы жөніндегі орынбасары.
Корпебаева Қарлығаш Мұхтарғазықызы – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің түлегі. Мемлекетаралық Кеңестің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі шешімі бойынша «Білім берудегі үздіктер» халықаралық энциклопедиясына енгізілген. Абай облысы, Жарма ауданы, «Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ-ң қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «педогог – зерттеуші» біліктілік санатының иесі. Шәкірттер бойына құндылықтарды, дағдылар мен адамгершілікті қалыптастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, жеке тұлға ретінде дамуына және қалыптасуына әсер ете отырып, жоғары жеке қасиеттерімен, шыдамдылық, балаларға деген сүйіспеншілік және үздіксіз оқуды талап ете отырып, өз өмірін білімге арнады. Балаларға жақсы білім беріп қана қоймай, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуде. Оның шәкірттері
![]()
олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде және ҰБТ кезінде пән туралы тамаша білімдерін көрсетуде. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің халықаралық, облыстық, аудандық грамоталармен марапатталған. Корпебаева Жанна Мұхтарғазықызы – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің түлегі, Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мекемелерінің бас бухгалтері болып еңбек атқарған. Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері.
Корпебаева Айгүл Мұхтарғазықызы – Д.А.Қонаев атындағы университет түлегі, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас инспекторы болып еңбек етіп, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде өз үлесін тигізуде.
Корпебаев Ербол Мұхтарғазыұлы – Семей қаласының ҚМКК Көлік колледжі түлегі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің
![]()
«Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасында әскери қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау іс-шараларына өз үлесін қосқан әскери қызмет зейнеткері.
Нурзия отағасы Мұхтарғазы екеуі Мұхтарғазының жиені Төлеутай Асқарұлының бастамасымен Жаңғызтөбе станциясында өз отбасына арнап үлкен зәулім үй тұрғызды. Қазір сол үйде шаңырақ иесі – ұлы Ербол мен келіні Қарлығаш, немересі Рүстем және Айданамен бірге тұрып жатыр.
Он екі жиен немерелері – Зухра, Медет, Даулет, Жұлдыз, Айнұр, Азамат, Айгерім, Серік, Темірлан, Айым, Руслан, Малика және Алинұр, Марьям, Медина, Алихан, Ахмет, Мерей, Кәусар, Жания, Зере, Амина атты он жиен шөберелері әжелерінің шаңырағына қонақ болып келгенді ұнатады. Әртүрлі қызық оқиғалармен бөлісіп, шүйіркелесіп жатады. Әңгімелерінің бірі нағашы әжесі мен аталарының «Төрт аяқтыда бота тату, Екі аяқтыда бөле тату» деген мақал бар деп татулыққа насихаттағаны құлақтарында екенін атап өтіп, бір-бірін сыйлап, сағынып тұратынын
![]()
айтады. Нурзия Тәуірбекқызы – немерелерінің, жиен немерелерінің, жиен шөберелерінің махаббатына бөленген бақытты әже.
Балалары анасына үлкен ризашылық білдіріп, әкесін «Әкеміздің иманы жолдас болып, жаны жәннатта болсын. Әкем бізді спортқа баулыды. «Ешкімнен қорықпа» деп батылдыққа үйретті. Әкеміз бізді бауырмашылдыққа үйретті. Еңбекке үйретті. Иә қыз немесе ұл деп бөлмеді, бәрімізді бірдей көріп, балам деп атады» – деп сүйіспеншілікпен еске алады. Шаңыраққа ие болып отырған Ербол бауырларын қатты жақсы көріп, сыйлайтындарын да атап өтті. Мұрат, Өмірбек, Марат, Мейржан, Қанат күйеу балалары Нурзия әжеге мол алғысын білдіріп отырады.
Заты әйел, жаны нәзік болса да әкеден алған адалдығы мен қайсарлығы, ана сүтімен бойына енген имандығы мен ибалығы, қазақ қызына тән болмысын жоғалтпаған оның еңбегі мен өнегелі ғұмырын келер ұрпақ үлгі етері анық. Өмірде талай сындардан өтіп, тайғанақ тағдырда сан мәрте тайып жығылса да, өмір сүруге деген құштарлығы қайта аяққа түрғызған жігіттен де жігерлі болған, бүгінгі күннің емес ертеңнің, болашақтың қамын күйттеген, болашақ ел тізгінін ұстар шәкірттердің сауатты да салмақты, ұлттық құндылықтарды бойына сыйдырған перзент, белсенді қоғам мүшесі болып қалыптасуы үшін еңбек етті.
«Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген қағидамен өмір сүріп, көрші-қолаңды бауырына басып, керемет тату-тәтті өмір сүруде. Жаңғызтөбе станциясының сыйлы да құрметті тұрғыны, етегінен өрбіген перзенттерінің қызығына кенеліп, немерелердің қызығына тоймай, өмір бақытын сезініп келе жатқан Нурзия Тәуірбекқызының деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()