«Алтын алқа» иегері, Абай облысы, Аягөз ауданы, Қопа ауылының Құрметті азаматы
Өмірі өнеге жан
Бала үшін орның бөлек басқадан,
Жан анашым, сіз ғой артық жақсы адам!
«Алтын кітапқа» ойып жазса есімің,
Осы болар орындалған бір басты арман!
Бала кездер оралатын ойыма,
Сыр шертейін әкем-анам жайында!
Екеуі де біздер үшін қымбат жан,
Парызым көп өтелмеген мойнымда!
Отау құрып сонау Мақаншы жерінде,
Сөз байласқан әкем менен анам да!
Еңбек еткен жан аямай еліне!
Қол ұстасып, ғұмыр кешіп 50 жыл,
Әкелген еді он баласын өмірге!
Өтсе-дағы жан әкешім өмірден,
Асқар тауым, биігімдей көрінген!
Орнында бар оңалады дегендей,Он баласы – он әулетпіз өрілген!![]()
Туған жер шығыстағы Ақтоғайым,
Қалайша жырға қосып, мақтанбайын?
Өзіңде қара шаңырақ қазығы тұр ,
Мен үшін баға жетпес хан сарайым!
Өзіңде әкешімнің ізі жатыр,
Байлығың баяғыдай жүзіп жатыр!
Кетсек те бауырыңнан жырақтап біз,
Жүректе сағынышты сезім жатыр!
Баурыңнан қанаттанып түлеп ұштық,
Әр жерде тұрақтанып, бақыт құштық!
Ата-анам қоныс тепкен құтты мекен,
Қара шаңырақ-жаныма сондай ыстық!
Қалмасын деп қатарының көшінен,
Ұл мен қызын бағып-қағып өсірген!
Еңбектерің – өтелмейтін парыз ғой,
Кетер емес қиын күндер есімнен!
Сексен жастан жасың сырғып асты, Ана,
Амандығың – тілейтінім басты Ана!
Сіз тұрғанда түгел біздің жоғымыз,
Мәңгі жүрсең бала-шаға қасында!
Отбасылы бес қызың мен бес ұлың,
Басын қосқан құдандалы бес рудың!
Он балаңыз – он саусағың секілді,
Көрсететін татулықтың ұғымын!
Қиын күндер артта қалды өтпелең,
Осы күнге жеткен де бар, жетпеген?
Жан анашым, жүзге жетсін жасыңыз,
Қуанышты көріңізші көптеген!
Ұл-қызыңыз өсіп-өнді көгеріп,
Немере мен шөберелер көбейіп!
Маңдай теріңіз ақталды ғой, жан ана,
Қошеметке жүре берші кенеліп!
Бақыт бар ма бұдан асқан бала үшін?
Қасымызда жүрген кезде Анашым!
Жүріңізші жалғап туыс арасын!
“Алтын кітап” еңбегіңді бағалап,
Есіміңді жазды бүгін даралап!
Естелік боп ұрпағыңа қалатын,
Біздер үшін құнды кітап саналмақ!, – деп балалары өлең жолымен өздерінің перзенттік сезімдерін білдіріп, ата-анасына деген құрметтерін тізбектеп, олардың адал тіршілік баянын өз ұрпақтарына өнеге етіп қалдыруды мақсат етті. Туыстық қарым-қатынастарға қатысты ата-ананы қадірлеу амалы мұсылман үшін үлкен дәреже болып табылады. Ата-анаға ең жұмсақ сөздермен сөз сөйлеп, олармен жақсы көркем қарым-қатынаспен мәміле жасау, оларға ерекше құрметіміз болса, оларды сыйлап, алақанымызға салып, әлпештейтін болсақ, жәннатқа бір табан жақын болатынымыз рас. Адам өмірі қанаты талмай ұшатын құс секілді. Ұядан қияға ұшады, өз отбасын құрады, ұрпақ өсіреді. Әркім өз тағдырына жазылған қиындықты көреді, қуанышына марқаяды. Ұрпақ өсіріп, жемісін көреді. Осылайша тағылымды өмір белестері отбасынан бастау алады. Қазақта: «Бақыт – қолдағы мұз, ериді де кетеді, қыз – қолыңдағы құс, ұшады да кетеді, ұл – артыңдағы із» деген даналық сөз бар. Бұл тәмсілдің астарында құнды мағына жатқандай. Адамның адамшылығы ата-анаға деген қарым-қатынасынан көрінеді. Ислам дінінде де дос таңдарда алдымен ата-анасымен байланысына қара деп айтылады. Адам баласы – Алла тағаланың жаратқан жаратылысының ең ұлысы. Ата-ананы Алла тағаланың өзі аяттарында дәріптеген. Ата-ана баласына бар мейірін төгіп, қатарынан кем қылмай өсіріп-бағады. «Баламның табанына кірген тікен менің майдайыма кірсін», – д
![]()
еп, бауыр еті перзентінің өзі үшін қаншалықты қымбат екенін аңғартады. Иә, қазақ қоғамында үлкенді құрмет тұту – қанда бар қасиет.
Әңгімемізге арқау болып отырған Тілеуова (Тұрсынбаева) Күлбаршын Уәлиқызы 1942 жылы 2 қаңтарда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылында дүниеге келді. Әкесі Тілеу Уәли, анасы Ұят қарапайым шаруа адамдары болды. Орта жүз, руы Төртуыл, оның ішінде Ақболат. Күлбаршынның 9 жасында анасы Ұят дүние салды. Бауыры Тілеуов Базарбай жұбайы Баққайшамен Жұмағазы, Болат, Жанар, Арай, Анар есімді 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Сіңілдері Көгершін мен Нұршан. Көгершін 27 жасында қайтыс болды. Нұршан жұбайы Дәулетханмен Думан, Раушан, Альмира, Эльмира есімді 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.
Мектепте 4 сыныпты өте жақсы үлгеріммен оқып, зерек оқушы болды. Ары қарай оқуға әкесі рұқсат бермеген. 16 жасында әкесі құда түсіп келген адамға ұзатқан. Кассир, шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген. Тоқажаннан Қарабала мен Тұрсынбай туылған.
Қарабаладан Мақан мен Ақан, Тұрсынбайдан Нұрахмет туылған. Мақан мен Ләззаттан 12 бала, Ақан мен Рысбүбіден 5 бала тараған, Қопа ауылында тұрады. Отағасы Тұрсынбаев Нұрахмет 1938 жылы 10 маусымда туған, руы Төртуыл, оның ішінде Әйтім. Әкесі Тұрсынбай мен анасы Закария қарапайым шаруа адамдары болды. Закарияның жалғыз бауыры Қырықбайдың балалары Алматыда тұрады. Зауқия сіңілісінің
![]()
жалғыз баласы Есік қаласында тұрады.
Отағасы Тұрсынбаев Нұрахмет екеуі отау құрып, Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылында тұрды. Отағасы Нұрахмет нағашы ағасы Қырықбаймен малмен айналысты. 1963 жылы Нұрахмет жаңадан «Овцевод» совхозы құрылғаннан бастап, сол ауылда трактор жүргізушісі болып еңбек етті. Нұрахмет пен Күлбаршын 50 жыл жанұя болып, берекелі шаңырақта 10 бала дүниеге келді. Отағасы өмір бойы еңбек етіп, 1993 жылы 55 жасында зейнетке шықты. Нұрахмет пен Күлбаршын бүкіл ауыл аймаққа, туысқандарға сыйлы, ардақты да аяулы әке мен ана. Өмір бойы дастарханы жаюлы, үйлерінен қонақ үзілмеген. 10 бала, немере, жиен, шөбере тәрбиелеп жеткізген. Балаларының барлығын адал жолмен еңбек етуге тәрбиелеген, оқытқан. Өте жақсы адам болған, біреудің ала жібін аттамаған. 5 ұл, 5 қыздары бар. Осы балаларынан 17 немере, 7 шөбере, 11 жиендері бар, 16 жиен немерелері бар, өсіп-өнген жанұя.
Балалары Бақыт 1962 жылы, Бағдат 1964 жылы, Бақтыбек 1966 жылы, Мәдениет 1969 жылы, Рахат 1971 жылы, Салтанат 1974 жылы, Махмут 1976 жылы, Сандуғаш 1976 жылы, Ержан 1979 жылы, Сержан 1982 жылы, Алуа 1989 жылы дүниеге келген. Күйеу балалары Тұрысбек, Қибат, Алтай, Оразғали, Төлеутай, Мақсат, Жайдар, келіндері Тыныштық, Алмагүл, Асел, Раиса, немере келіндері Гүлдана, Ақпейіл, Ақерке, Жәмилә, Гүлзат, Ләйлә, Үміт ата-ене алдын кесе өтпейтін өте тамаша жандар. Немерелері Нұржан, Біржан, Бауыржан, Мөлдір, Мұхамедали, Нұрай, Нұрбек, Алмат, Айзере, Жұлдызай, Ақниет, Кәусар, Раяна, Аяла, Дінмұхамед, Хантөре, шөберелері Айзат, Мүнира, Ерзат, Айкөркем, Қазына, Әбілмансұр, Омар, жиендері Дидар, Мадияр, Дастан, Рүстем, Қайрат, Дәулет, Айбат, Аружан, Аяжан, Нариман, Марғұлан, жиен немерелері Бегімсұлу, Сұлтанәлі, Махамбет, Айсұлу, Айша, Дарын, Алинұр, Арсен, Жәңгір, Инабат, Айзере, Кемел, Айнияз, Асима, Айбике, Айбар барлығы да ата-анасынан тәлімді тәрбие алып, заманауи,
![]()
жаңашыл қалыппен өсіп келеді.
2007 жылы 1 қыркүйекте 69 жасында жолдасы Нұрахмет дүние салды.
Күлбаршин Уәлиқызы КОКП ОК бас хатшысы Ю.В.Андроповтан «Батыр Ана» төсбелгісімен марапатталған, ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Батыр Ана» медалімен, әкімшіліктен «Құрметті азамат» төсбелгісімен марапатталды. Қазіргі уақытта кенже ұлы Сержанмен Алматы қаласында тұрады.
Ата-ана – адамзат баласының байлығы. Ата-анаға баласынан артық жан жоқ. Бар өмірінде «перзентім қиындық көрмесе екен, ойлаған арман-мақсатына жетсе екен» деумен маңдай терін төгіп, тынымсыз еңбек етеді. Ұлы Абай «Ата-анаға көз қуаныш – алдына алған еркесі, көкірегіне жұбаныш, гүлденіп ой өлкесі» дегендей, кез келген жанның әдептілігі, адамгершілігі ана сүтімен дарып, әке тәрбиесімен жалғасын табады. Қазақта «Алты аға бірігіп, әке болмас, жеті жеңге бірігіп, ана болмас» демекші, ата-ананың орнын ешкім баса алмайды.
Түн ұйқысын төрт бөлген ананың ақ сүтін ақтау, асқар таудай арқа сүйер әкенің қадір-қасиетіне жету – баланың ата-ана алдындағы парызы. Тарихын түгендеген мықты ел болу, шағын мемлекет – отбасы үлкендерін қадірлеуден бастау алады. Бала бақытын бәрінен биік қоятын, өнегелі ұрпақ өсіріп, ортасында қадірлі болып жүрген ананың мерейі үстем, абыройы асқақ болсын дейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()