Жақып Мухамедамин

Рейтинг:

Асыл текті азамат

      Тектілік атадан балаға қанмен берілетін асыл қасиет. Анасының сүтімен, әкесінің қанымен дарыған мінез-құлыққа атадан даритын тектілік адамды жетер биігіне жетелеп ғана қоймай, ортасында сыйлы да қадірлі ете түсетіні бар. Көп адамның ойына келе бермейтін, қолынан да келмейтін істі жасай білетін адамдар болады. Жалпы қандай да іс болмасын ол қажеттіліктен туындайтыны белгілі. Мәселен, адам өзінің жанашыр жаны үшін бәріне барады. Толық жағдайын ойлап, болашағын жарқын ету үшін барын салып еңбектенеді. Ондай жандар көбіне өз қабырғасымен ақылдасып, қажеттіліктен туындаған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Сондай азаматтың бірі де бірегейі Мухамедамин Низамеддинұлы деуге болады. Қанмен біткен тектілігі оның қай жерде, қай елде жүрсе де атажұртына деген қамқорлығынан ада еткен емес.
      Жақып Мухамедамин Низамеддинұлы 1968 жылы 1 наурыз күні Ауғанстан елінің Мазар Шариф қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1980 жылы отбасымен бірге Иран Республикасына қоныс аударып, Гулистан облысы Гурган қаласында балалық шағын және орта оқуын Иранда тәмамдады. Бала күнінен өте ақылды болды. Мектепте де үздіктер қатарында болып, қоғамдық іс-шаралардың басы-қасында жүрді. Отбасына қамқор, үлкендерін сыйлай білетін Жақып Мухамедамин табиғатынан жүрегі мейірімге толы, бауырмал, қамқор, елгезек, жан-жағына жайлы, тез тіл табыса білетін бала болды. Үлкеннің ақылын тыңдап, отбасының барлық шаруасына араласып, ата-анасына көмектесіп, мектепте қатарластарының арасында беделді болды. Ұстаздары оның тәлімді тәрбиесіне тәнті болып, нағыз аза-матқа тән қасиеттерін көріп сүйсініп, көпке үлгі қылып жүретін. Расымен ол атына сай азамат болып ер жетті. Байыпты, байсалды, терең ойланып, бір ғана жауап беретін, сөзіне мұқият, салмақты, әр іске өзінің пікірін білдіре алатын, өзіндік ойы бар, қоршаған ортасына бей-жай қарамайтын тілінің, ата дінінің жанашыры бола білді. Әрдайым жүрген жерінде атадан келе жатқан салт-дәстүрді дәріптеп, ана тіліне ерекше мән беріп, өзінің тұрып жатқан жеріне құрметпен қарауды балаларының санасына сіңіріп келеді.      Мухамедамин Низамеддинұлы Алланың қалауымен 1996 жылы Жамбыл облысының тумасы Мұздыбай Гүлмирамен отау құрды. Жарасымды жанұяда өмірлік серігімен бақытты да баянды өмірлерін жалғастырып келеді. 
      Сол 1996 жылдардан бастап Мухамедамин Низамеддинұлы түрлі салада жеке кәсіппен айналысып бастады. Қолынан келеді-ау деген кәсіпті хал-қадірінше істеп, елге де, өзіне де пайдасын көрсете білді. Кәсіптің дені ақша табу болғанымен, ол бөтеннің ала жібін аттамай, адал ақша табуды мақсұт тұтты. Қандай іс бастаса да әуелі тәуекелге бел байлап, бұйырғанына шүкірлік етті. Өзінің азамат деген абыройлы аттан аттап кеткен кезі болған емес. Жылдар бойы қасықтап жинаған абыройын, әлдебіреулердің шырмауына түсіп қалмай, көзінің қарашығындай сақтай алды. Жүрген жерін аңдап басып, дұрыс қадам жасады. Өзінің шешімін өзі қолдап, дұрысы мен бұрысына есеп беріп отыру әу бастағы әдеті. Сол әдеті оның өмірлік серігі іспетті. Қырық рет пішіп, бір-ақ кесетін азаматтың бастамасы қашанда қисынсыз болған емес. Сондықтан да болар, оның жанында өзі секілді іске икемді азаматтар ғана бар.       Бөтен ауыз сөзге жоқ, ісімен ардақталып жүрген азамат қазіргі уақытта Шымкент қаласында «Дархан-ел» қоғамдық бірлестігін құрып, құрылтайшысы әрі хатшысы болып, шет елден келген қандастарына жәрдемші болып отыр. Өзім деген адамға қолындағы барын бөліп беруге дайын тұратын жомарт жүректі азаматты бүгінде көпшілік таниды. 
      Бір жағынан бұл Мухамедамин Низамеддинұлының балалық арманы болғанымен, сол айтқанына жетуінің арасында талай қиындықтар мен соқпақты жолдардың жатқаны жасырын емес. Осы жолға келуіне өзі де кейде таң қалатыны бар. Жалғыз ғана отбасын емес, бүкіл қандастарын шамасы келгенше қолдап, көмектессем дейтін ниеті оны қанаттандырып-ақ келеді. 
      Мухамедамин Низамеддинұлы бала кезінен-ақ жүрегі, жаны қалаған нәрсені жасамай тынбайтын. Бүгінгі кәсібін ол мақтанышым деп санайды. Қандастарына қамқор болып, оларға жанашырлық танытуды ұйғарған азамат сол ісінің дұрыстығына көз жеткізіп, қоғамға өте қажет екенін көрді. Қолға алған кәсібін әрі қарай игеріп, ел-халықтың игілігіне жұмыс жасауды мақсат тұтты.       Қай жағынан алып қарасақ та елім деген азаматтың бойындағы нағыз іскерлік қасиетті байқайсың. Байқайсың да еріксіз сүйсініп, оның әрбір игі бастамасына тәнті боласың. Оның бүгінге дейін жасап жүрген жұмысы үлкен марапатқа да лайықты. Азамат үшін елдің алғысынан артық баға жоқ. Ендеше, ол өзі арман еткен үдеден шыға білді десек, артық айтпаған болар едік. 
      Қазақ халқы қашаннан қайырымды істі сауап деп білген емес пе?! Бұл ретте Мухамедамин Низамеддинұлының бастамасына оң баға беріп, ісіне қолдау да көрсеткен жандар аз болмады. Ол өзінің жомарттығымен, қайырымдылық істерімен жан-жағынан жақсыларды жинай білді. Мұқтаж азаматтарға үнемі қолынан келгенше көмек көрсетіп, рухани қолдап та отырады. Өңіріндегі тұрмысы төмен және көпбалалы, қиын жағдайға тап болған көптеген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде қолынан келгенді аянып қалмайды. Елдік істе өзінің мүмкіндіктерін барынша қолдана білетін Мухамедамин Низамеддинұлының беделі биік екенін де айта кету керек. Сонымен қатар Мухамедамин Низамеддинұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырудың жолы" атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген "Тәуелсіз Қазақстанның қаһарманы" атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, І Дәрежелі дипломға ие болды.
      Кейіпкеріміз өзінің саналы ғұмырын еңбекке арнады және арнап та келеді. Сонымен бірге отбасын да бір сәтке естен шығарған емес. Отбасында жұбайының арқасүйері болса, ұл-қызына қамқор әке. Қазіргі таңда отбасында жұбайымен бірге 1 қыз бен 5 ұл тәрбиелеп өсіріп отыр. Қызы Маржан орта оқуды Қазақстанда бітіріп, жоғары оқу орнын Түркия елінде оқыды. Бүгінде ол отбасылы. Ұлы Алихан орта оқуын Шымкент қаласында оқып, бітіріп, жоғары оқу орнын Мұхтар Әуезов атындағы университетті үздік студент атағымен тәмамдады. Алихан жары Сүлеймен Қазына екеуі Дархан есімді ұл тәрбиелеп отыр. Абылайы жоғары оқу орнын аспаздық мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі таңда білімін жалғастыруда. Қалған үш ұлы Әділхан, Еділхан, Жәнібек оқушылар.      Адамға өзі ғұмыр кешіп отырған елінің шын патриоты болу үшін көп нәрсе керек емес. Себебі шын патриот адамның бойында таза еңбек жататыны белгілі. Жақып Мухамедамин жоғарыда айтып кеткеніміздей, еш уақытта тіліне, дініне, салт-дәстүріне қырын қарамайтындығымен өзгелерден өзгеше азамат. Балаларының санасына ата-анасынан алған тәлімді тәрбие дәнін егіп, бүгінгі болмыспен байланыстырып, тәрбиелеп жеткізіп келеді. Барлық адамды өзінің туғанындай көретін азаматтың шын бақыты жасап отырған кәсібінде екенін айтудан жалықпайды. Расында солай... Көптің алғысын арқалаған кейіпкеріміздің өмір жолы қалай алып қарасақ та өзгеге үлгі тұтарлықтай. Оның жетістігі еңбек, отбасы, ұрпақ тәрбиелеу, өсу, өрлеу, қиындықтарға мойымай жеңе білуде. Ата-тегін қадір тұтатын асыл текті азаматқа деннің саулығын, жасап жатқан кәсібінің нәсіпті болуын тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....