Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақын, Б.Момышұлының мұрасы және Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жобасының үйлестірушісі, «Даманск» соғысының ардагері
Елінің құрметтісі
Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты екені даусыз. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. Ел ішінде жақсы ісімен, жайдары мінезімен, еткен еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленіп жүретін азаматтар аз емес. Олардың кейбіреуін күллі ел таныса, тағы бірін өзі туып-өскен өңірі мен қызмет етіп жүрген аймағы ғана біледі. Бірақ бұл адамгершілікті ту еткен азаматтардың беделі мен халқына сіңірген еңбегін бір мысқал да кемітпек емес. Жақсылық – адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Иә, адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасаудың өзі үлкен адамгершіліктің белгісі. Адамның өзінің қолынан келгенді жасап, сол арқылы еліне пайдасын тигізуі көпке үлгі боларлық іс. Ал сол үлгі өнегемен ұрпағы тәрбие алып, қанаттанады. Ұрпағымен ұлықталып, ел-жұртына сыйы артып отырған Б.Момышұлының мұрасы және Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жобасының үйлестірушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, «Даманск» соғысының ардагері, Семей полигонының зардапкері Қалдыбайтегі Дүйсенғали Серікқалиұлы әңгімемізге арқау болмақ.
Қалдыбайтегі Дүйсенғали Серікқалиұлы 1950 жылы 19 маусымда Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінде, қазіргі Шынқожа батыр ауылында дүниеге келген. Жұбайымен бірге төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсіріп, немере-шөбере сүйіп отырған, жапырағын жайған алып бәйтерек. Жұбайы 1952 жылы туылған Шяхметова Күләш Байкенжеқызы, руы Найман-Тума табынынан. Бүгінгі күні Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты батыр ауылында тұрады.
Дүйсенғали Серікқалиұлы жас кезінде әр салада жұмыс атқарды. Ауылында құрылысшы, шопыр, қойма менгерушісі де болып қызмет атқарды. Жамбыл облысы, Қаратау қаласының «Тау-кен құрылыс техникумын» оқып, білікті маман болып жұмыс атқарды. Өзінің еңбек жолын Аягөздегі «Тас жол» бөлімшесінде қызмет істеуден бастады. «Сасық көлде» тұрып, ауыл шаруашылығына қамыс плита дайындады. Аң шаруашылығында, балық шаруашылығында және Алакөл
аудандық қайық инспекторының басшысы болып жұмыс істеді. Он жылдан артық Алакөл ауданында «Жанама» ауылында тұрды. Достық бекетінде темір жолда жүк қабылдаушы болып 2-3 жыл шамасында жұмыс істеп, сол жылдары «Жоңғардың қақпасында Достық бекет» деген кітап жазды. Жоңғар жоталарында тарихи атаулар көптеп кездеседі. Қабанбай батыр жоңғар қолын шауып «Тоқта» төбенің тұсында өз қолын тоқтатып, жауды енді қайта келместей қырған екен. Найман-Сыбанның Еспембет батыр атындағы таулар да көзге отша басылады. Тоқпақ-Қасабай батырдың жүрген ізі де жиі аталады.
Дүйсенғали Серікқалиұлы Аягөз қаласынан 10 сыныпты одайғыдай бітіріп, 1968 жылдың күзінде әскер қатарына алынып, Забайкал әскери округтың Ракетный войскасына түсті. Содан үш-төрт айдан кейін 1969 жылғы Уссури өзенінегі «Даманск» аралындағы Қытай мен СССР қақтығысына қатысқан соғыс ардагері.
«Қытай жағы ертерек қамданып, өзеннің ар жағасына бес мың әскерін әкеп, дайындап қойып, аралға үш жүз әскерін кіргізген көрінеді. Содан біз жақтанда жеті мың әскерді әкеп, өзеннің бергі жағына орналастырды. «Забайкалдан» келген бес жүз әскер палаткада жаттық, екі темір пеш күндіз-түні жанып тұратын. Алғашында пограничниктер бұл тосын әрекетті байқап, тілдеспек болып барғанда, табан астында сөзге келместен барлығын қырып тастапты. «Нижний-Михайловск»
заставасының командирі аға лейтенант Иван Стрельников бастаған 32 әскерді өлтірген, содан кіші сержант Юрий Васильевич Бабанский басшылықты қолға алды. Жыл сайын 2 наурызда «Панфилов паркіне» гүлшоғын қойып, кездесіп тұрамыз. 2019 жылы Алматыда КНБ академиясында 50 жылдық кездесу өткіздік. Сол жылдары бас қолбасшы маршал Андрей Антонович Гречко, ракетный войсканың қолбасшысы маршал Николай Иванович Крылов, Қиыр Шығыстың қолбасшысы Совет одағының батыры генерал-полковник О.А.Лосик болған еді», - деп еске алады Дүйсенғали Серікқалиұлы.
Қытай жағы қарсылықты тоқтатпағаннан кейін, Совет Одағы Катюша қаруынан кейінгі шыққан «Град» қаруымен атқылап, жаудың 800 әскерін қырған. Ал өздерінен 100 адам өліп, 5 адам Совет одағының батыры атағын алды. Он бес күн соғысып, аяғы келісімге келіп аралды Қытайдың өзіне қайтарып береді.
Палаткада жатқан 500 әскер соғыстың артын тосып, екі айдан соң, мамырдың төртінде жеңіс күніне қарсы өз полктарына оралады.
Осы уақыт аралығында 4-5 замандасынан да, соның ішінде қызыл жұлдызды Керім Сүлей досынан айырылып қалды. Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы ауданының азаматы болатын. 2019 жылы Алакөл ауданының Жалаңашкөл шекара бекетінде де болып, Қытаймен қақтығыстың 50 жылдығын атап өтіп, әскерлермен кездесіп қайтты. «Жетісу» және «Хабар» телеарнасынан бұл кездесу көрсетілді.
1995 жылдан ҚР Тұңғыш Президентінің №2247 Жарлығымен, Қазақстан Республикасының Премьер министрінің №161 қаулысымен 31 қаңтар 2001 жылдан бастап «Даманск» ардагерлерін Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне теңестіріп, құрмет көрсетті. 9 мамыр, наурыз айларында поезда, қалааралық автобустарда тегін жүреді. Госпитальга жылына 2 рет, санатория курорттарға жылда қаралып тұрады.
Биыл 2 наурызда Алматыда Панфилов саябағында гүл шоғын қойып, «Даманск» оқиғасының 55 жылдығын атап өтіп, Қиыр Шығыстан медаль әкеліп, табыстап, құттықтап, офицерлер үйінен арнайы мұражай ашылды.
Талдықорған облысы Алакөл ауданының және Семей облысы, Аягөз ауданының энциклопедияларына Қалдыбай Дастанұлы екеуінің есімі енді. Сонымен бірге Аягөз қалалық мұражайында Дүйсенғали Серікқалиұлының газет-журнал, кітаптары мен суреттері қойылған.
Дүйсенғали Серікқалиұлы – сыршыл, шығармашыл жан. Хандық құрған Нар тұлғалы Найман бабамыз жайында:
Шежіре деген шырмауық
Тарқатып жазу тым қауіп,
Инемен құдық қазғандай
Тер төгу керек жол тауып, - дей келе, өзінің Найманның ішінде Төлегітай – Қаракерей – Байыстан - Сыбан табынан екенін айтады.
Қалдыбай атасының 21 ұлы болған екен. Серікқали әкесінің екі бауыры әскерге кетіп, Әсемғали көкесінен қара қағаз алады, ал Амантай ағасы Днепрден өткенде бомбаның астында қалып, хабарсыз кеткен. Сонымен 21 ұлдан 1907 жылғы Дүйсенғалидің әкесі Серікқали ғана тірі қалып, ол кісіден 2 ұл, 3 қыз аман-есен өсіп жетілді. Дүйсенғали Серікқалиұлының анасы Бекбосынқызы Алтын 1915-1971 жылдары өмір сүрген. Алтын ана Ұржар ауданының Таскеске ауылының тумасы. Руы - Керей. Дүйсенғали-дан үлкендері Аманғайша 1940 жылғы. Екінші әпкесі Тілеуғайша 1943 жылғы. Ол 80-ге қараған шағында
дүниеден өтті. Ең кенжесі Забида қарындасы 1953 жылғы. Аягөз қаласында тұрады. Ағасы Орынғали 1947 жылғы, 4 қыз, 3 ұлдың әкесі. Шыңғожа батыр ауылында тұрады. Серікқалиұлы Дүйсенғалидің 4 ұл, 1 қызы бар. Үлкен ұлы Бауыржан 1973 жылғы, 3 қыздың әкесі, Балжан, Тоғжан, Балнұр бәрі тұрмыста, жолдасы
Гауhар 1977 жылғы. Қызы Гүлстан 1974 жылғы, үшінші баласы Жасұлан 1976 жылғы, төрт баланың әкесі, Айша, Айым, Нұрали, Нұрислам, жолдасы Асем 1987 жылғы. Төртінші баласы Руслан Мирас есімді бір ұлдың әкесі, жолдасы Асел 1986 жылғы. Кенже ұлы Қалдыбаев Дастан Дүйсенғалиұлы 1980 жылғы, 1 ұл, 2 қыздың әкесі, келіні Жанна Нұржанқызы. Құдасы Қызылорда облысы Жаңақорған қаласынан Бағаналыдан Жабай табынан Нұржан Абиболаұлы. Құдағиы Сауле Сапарбекқызы. Дастан Шымкенттің өнер университетін және Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің заң бөлімін бітірген. Ұлы Нұрыстан,
қыздары Ләйлім мен Еңлік.
Дастан Қазақстанның алғашқы КВН мүшелері Нұрлан Қоянбаев, Нұрдаулет Шертім бәрі бірге өнер көрсеткен. Дастан 4-5 жылдан бері продюссер қызметін атқарып, кино түсіріп жүр. Ол «Жаңа қоныс», «Күшік құда», «Донор» деген кинолардың авторы. «Күшік құда» киносын қазір түрік тіліне аударуда. Бүгінгі таңда «Студент көке» киносы көрсетілімде. Нұрыстан немересі университетке, Ләйлім немересі өнер коледжіне өз қалауларымен оқуға түсті. «Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді» - деп, Мұқағали жырға қосқандай, Аягөз елді мекені - батырлар мен ақындар, алыптар мен абыз, би-шешендер дүниеге келген киелі аймақ. Он бес ғасырдан астам тарихы бар мәңгілік махаббаттың символы Қозы Көрпеш - Баян сұлудың мазар-мавзолейі де осы өңірде.
Ақ боз атымен Абылай хан Мамырсу өзені мен Ақшәулі тау етегіне екі рет хан шатырын
тігіп, алқа кеңесін өткізген орталығы (штаб) болған жер. Жеті атасынан билік үзілмеген Найманның Сыбан табынан Нарынбай, Құттыбай, Байғара, Ақтайлақ билердің, бергісі Әріп Тәңірбергеновтің кіндік қаны тамған жер. Ақтамберді жырау, Дулат Бабатайұлы, Абылай ханның өз қолынан алтын жағалы шапан киген Сыбан Еспембет батыр осы өңірде туып-өскен. Би Боранбай, Қаракерей Қабанбаймен ту астында тулап өлген Қазымбет батыр, Тума Шынқожа Базарқұлұлы осы жердің тумасы. Дүйсенғали Серікқалиұлы 2016 жылы батырға ескерткіш орнатып, атқа қондырып, ас бергенде «Ерлігі аңыз ер Шыңқожа батыр» деген атпен кітап жазып, тойға тарту ұсынған болатын. Батыр бабамыз Қабанбай батырдың оң қолы, мыңбасы болған, ерлігі аңыз адам. Оңтүстікте Шу өзені бойында жаугершілікте жүргенде, жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады деген қырғыздың қалың қолы тосыннан шабуыл жасап, қыспаққа алып тықсырады. Осыдан аман шықпасын сезген Шынқожа батыр өзінің бас бармағын шауып алып, тірі қалғандарың елге жеткізіңдер деп аманаттайды. Сол бас бармақ Аягөзден кіре берістегі Шынқожа ауыл іргесіндегі ақтасты жотаның төбесіндегі қорымға қойылып белгі орнатылған, ары-бері өткен жолаушылар тоқтап, құран оқып, бата жасайды, қан жолдың бойында.
Атқа қонған батырдың бейнесі де сол жерде менмұндалап тұр.
Есінде елдің тарихтың зарлы заманы, Өтінде желдің бабалар шөгіп барады.
Ұйысқан ұрпақ өлдіге қимай ерлерін,
Туған жер түлеп, батырын еске алады, - деп, батыр бабамызды бір аунатқан еді.
Осы тұста Дүйсенғали Серікқалиұлы ауыл әкімі Медет Түсіповке үлкен алғысын білдіреді. Қабанбай батырдың қара бүркітін ауылдың шетіне қондырып, қазақтың рухын бір көтергендей болды. Осындай киелі жердің адамдарымен бірге аң-құс, жануарлары да қасиетті болған. Қабанбай батырдың нағашысы Би Боранбайдан алған «Қубас» атының өзі осы әнгіменің айқын көрінісі іспетті. Дүйсенғали Серікқалиұлының 2021 жылы Алмадыдан «Қазақ кітабы» баспасынан шыққан «Наймандар» және 2023 жылы «Үш қиян» баспасынан жарық көрген «Тұлғалар» кітабында өмірбаяны жазылған.
Дүйсенғали Серікқалиұлы
«Қабанбай батырдың қара бүркіті» мақаласын жазарда Қабдеш Жұмаділовпен кездесіп, ақылдасқан болатын. «Тарихта таңбаланған, халыққа сенімді әңгіме болу керек» деген еді марқұм аға.
Енді «Қара бүркіт» әңгімесіне тоқталсақ. Дүйсенғали Серікқалиұлы былайша баяндайды: «1965 жылы Аягөз қаласында мектепте оқып жүргенімде ескі базар қасындағы Водоемная көшесінде Әріп Тәңірбергеновтің туысы - Тәнекенің баласы Орыншайық (1900-1982) ақсақалдан осы әңгімені еміс-еміс естіп едім. Шыңқожа батыр ауылынан 45-50 шақырым жердегі Ақшәуліде Қабанбай батырдың қасиетті «қара бүркіті» өмір сүрген деген еді ақсақал. Ақшәулі, Қоңыршәулі, Кішішәулі деген тау жоталары осы аймақтарда орналасқан. Жоңғар шапқыншылығында қалмақтар бүркіттің баласын садақпен атып өлтірген көрінеді. Қан жұтқан «қара бүркіт» басынған басқыншыға өшігіп, Қабанбай батырдың шолғыншы-хабаршысына айналған деседі. Қаптап келе жатқан жоңғар қолын байқаса, қара бүркіт Қабанбай батырға хабар беруге ұмтылады екен. Батырдың қонған ауылын, болмаса жайылымдағы жылқыларын танып, жау келе жатқандығынан хабар береді екен. Ауыл халқы да қара бүркіттің хабарына үйреніп, найза-садақтарын сайлап отыратын болған. Аспанда қалықтаған бүркіт жау келе жатқан жақты бетке алып, жол сілтеп, бағдар көрсететін көрінеді. Қасиетті қара бүркітті пір тұтқан Қабанбайдың кісілері де сай-саладан қарауылдап, тосыннан тап беріп, жауды жайратқан дейтін еді Орыншайық ақсақал. Найманнан - Тоқпақ Қасабай батырдың мүрдесінің Мамырсу өзенінің бойында екендігін тауып көрсеткен де осы ақсақал еді.
Зер салып зерттесе, киелі өңірдің тау-тас, сай-саласы тұнып тұрған тарих көзі. 2019 жылы 14-16 маусымдағы 140 шақырымға созылған «Ұлы дала қазанаты» бәйгесі Ақсуатта өткендігі, бұл жерден шыққан «Қубас» аттың асыл тұқымдары әлі де бар екендігін дәлелдеп көрсетті. «Қызыл кесік» ауылынан шыққан «Елік жирен» деген сәйгүлік неше дүркін кең даланы көсіліп, бәйгенің алдын бермеді. Ақсуаттықтар «Көкжыра» ауылындағы жол жиегіне «Елік жирен» деген арғымаққа ескерткіш орнатты. «Тұғыры биік Тарбағатай» жарысында әлемнің 28 елінен келген балуандар да бақ сынасты. Оның алдында Күршім ауданының «Қос қара» атты екі аты республика көлеміндегі бәйгенің алдын бермеді. Міне, Қабанбай батырдың нағашысы Би Боранбай Қалқаманұлының (елі Найман ішінде Мұрын) мыңғырған жылқысының ішіндегі асыл тұқымдарының тұяғы кең даламызды әлі де дүбірлетуде. Осы жарыста Алматы облысының Көксу ауданынан келген Рүстем Досжановтың «Қыз жирен» атты арғымағы бірінші келіп, автокөлік иеленді.
Туған жер төсін дүбірге бөлейтін осындай алқалы жиындар ұйысқан ел-жұрттың бірлігін нығайта түсетінін айғақтап отыр. 2019 жылы 5 қыркүйекте №106 «Алматы ақшамы» газетіне жарыққа шыққан».
Дүйсенғали Серікқалиұлы 15 жылдан бері Алматы облысы, Іле ауданының, Ақсай округіне қарасты Жауғашты батыр ауылында орнығып, тұрып жатыр. Алматы қаласынан жиырма шақырым жерде, станция Шамалғанға жеті-сегіз шақырым жетпейтін жерде орналасқан, жері жайлы, өзен-суы бар, ағаш-талдары қалың, ауасы таза жер. Ауыл атымен аталған Қырбасұлы Жауғаш батырға жеке тоқталсақ. Жауғашты батыр (1733-1782 ж.ж.) Ұлы жүздің ұлылығын танытқан, сегіз қырлы қасиетті адам болған. Ұлы жүз Дулаттың Ботпай, Қоралас аталарынан Қырбас батырдың ұлы, Қоңырбике анадан туған. Қырбасұлы Жауғаш батыр 49 мүшел жасында өмірден ерте өткен адам екен. Бабалыдан туған жалғыз ұл жарға қонған үкідей, Қырбастан туған жалғыз ұл өткір бәкідей деген сөз осы батыр туралы айтылған ақиқат екен. Жауды қуып, жеңіп қайтқан қалың қолдан Қоңырбике босанды, ұл тапты деп сүйінші сұрағанда, Төле бидің өзі Жауғаш болсын деп азан шақырып, атын аруақты бабаның өзі қойған екен. 21 жасында атқа мініп, 48 жыл хан болған Абылайды 1781 жылы Арыс өзенінің бойында қаза болған кезде, Қожа Ахмет Яссауи мешітінің іргесіне Жауғашты батыр өз қолымен арулап, ардақтап жерлепті. Жауғаш батырдың жамбасы да, ес білгелі өмірінің көбін бірге
өткізген Абылайхан жерленген Түркістандағы Қожа Ахмет Яассауи кесенесінің ішіне, дәліздің «Үлкен Ақсарай» жағына, Абылай ханның қасына жерлеп, басына құлпытас қойыпты. Дүйсенғали Серікқалиұлы Қызылорда облысы Жаңақорғандағы Төлегітай бабаға ас бергенде, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне де барып, Қырбасұлы Жауғаш батыр туралы мәліметтерге көз жеткізіп, сұрастырып, Абылай ханның аяқ жағында жатқандығы туралы естіп-біліп, Арыстан баб мазарында көріп, танысып қайтты.
Ешкімді, ештеңені назарынан тыс қалдырмайтын Дүйсенғали Серікқалиұлы ауылындағы 1937 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әйелдер түрме мекемесінде 500-ге жуық қыз-келіншектер тәрбиеленетінін айтады. Осы мекемеде басшылар еңбек етіп, жиі ауысып тұрды. Сол басшылардың бірегейі 1928 жылғы Шонбаев Әмірбай Жанабайұлы. Осы мекемеде 9 жыл орынбасар, сегіз жыл басшысы, қырық жылдай еңбегі сіңген зейнеттегі полковник. Ақсақал қазір 96 жастағы ауылдың сыйлы, бетке ұстар азаматы. Алматы облысы Сарқан ауданының тумасы, руы Найман ішінде Садыр тобынан. Екі ұл, екі қыздың әкесі, немере-шөбере сүйіп отырған бақытты ақсақал.
Дүйсенғали Серікқалиұлы тұрып жатқан ауылда орысша-қазақша екі тілде оқитын мектеп бар. №27 орта мектебінде 300-ге жуық оқушы білім алуда. Ауыл мектебіне 2014 жылы қосымша ғимарат салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстардың басы-қасында мектеп басшысы Серік Әлібекұлы болып, 2021 жылы зейнетке шықты. Мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған Кубигулова Канбиби Сергеевна ұжымның басшысы болып сайланды. Сагинбекова Жазира, мектеп басшысының орынбасары болып жұмыс жасайды. Өз жұмысына іскер, кішіпейіл, әр кезде мектепке келген адамдарға құрмет көрсетіп, ақыл-кеңесін беріп тұратын, ауылдың сыйлы ұстазы.
Ауылда почта орталығы жұмыс істейді, меңгерушісі Мұхамадиева Светлана Советқызы. Ауыл орталығында 4-5 дүкен, ауырған адамға ем қабылдайтын кең де жаңа орталық жұмыс істейді. Гопаева Айтолған мен Терлікбаева Қарлығаш, Жинабаева Назира ақ халатты, қолдары епті қыздар. Ауылда бұрындары жұмыста орыстар көп болатын. Қазір жан-жақтан көшіп келушілердің арқасында қазақтар басым. Ауыл іргесіндегі қоршалған қорымда осы түрмеде қамалып, жазықсыз атылған қазақ молда-ишандардың көмілген орны бар. Оншақты адамның басына белгі қойылып, көпшілігі белгісіз түрде таптауырында қалыпты. Бес уақыт намаз оқып, құлшылық қылған адамдарды, теріс пиғылды партияға қарсы жандар деп жазықсыз жазалаған. Тіпті бір үйден екі-үш адамды атқандары да бар екен. Мысалы: ағайынды Каралдин Байқадам Байқадамұлы 1874 және Каралдин Әнуарбек Байқадамұлы 1909 жылғы осы түрмеде 1937 жылы атылған. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынан Сейдахметұлы Бурхан Мағзум 1909 жылғы осы түрмеде атылған. Аягөз қаласының имамы 1871 жылғы Қойшыман Рақымқұл Қари осы абақтыға қамап, 1942 жылы жазықсыз атылған адамдардың бірі.
Ұрпаққа үлгі, өскелең жас ұрпаққа негіз болар Дүйсенғали Серікқалиұлының әрбір ісіне береке, жақсылық, деніне саулық тілей отырып, шығармашылық азаматтың «Өмірім – өзен, жыр-дастан» өлең-жырларымен мақаланы тұздықтасақ дейміз.
Ерлігі аңыз батыр Шынқожа БазарқұлұлынаЕсінде елдің тарихтың зарлы заманы, Өтінде желдің бабалар шөгіп барады.
Ұйысқан ұрпақ өлдіге қимай ерлерін,
Туған жер түлеп, батырын еске алады.
Қайырмасы:
Шындалып өскен Шынқожа,
Жебедей жауға атылған.
Қарсы шауып қалмаққа,
Жекпе-жекке шақырған.
Жетімдік көріп, жетекте өскен атамыз,
Тәуелсіз күнге жеткізген сіздің батаңыз.Тумадан туған Байыстың белді ұрпағы,
Шынқожа бабам, батырдың пірі - аты аңыз.
Сағынар, ауылым бар көзімді ашқан,
Шынқожа алтын бесік, әнге қосқан.
Туған жердің тұмары төрімде тұр,
Таппаспын жер ұйығын сенен асқан.
Ауылда туып, қалаға кеткен қандасым
Азамат болсаң ауылың ұмыт калмасын.
Ауылың әнің, ауылың алтын бесігің,Жігерің болса, жүрегің елге арналсын.
Елдігімнің еркі сенде ауылым,
Кіндік кескен жеріңе қайт, бауырым.
Туған жердің қазықтарын қатайтып,
Ел кеңсесін көтерейік, қауымым!Солдат сағынышыӘдемі көркіңмен,
Көріндің көзге сен.
Ақ жарқын, ашық күлкің қара көздер,
Тулатты-ау, алып ұшып, жас жүректі.
Қайырмасы:
Жанымды тербеген,
Сағыныш кернеген.
Өзгеге өзіңдей,
Ғашық боп көрмеп ем.
Кешінде көктемнің,
Жүруші едік бірге біз.
Сәулешім, ақ білегің діріл қағып,
Телінген, тел қозыдай сүйем деуші ең.
Қайырмасы:
Мен жүрмін шалғайда,
Ойлайтын сен қайда.
Жазбайсың жүрек сырын ақ қағазға,
Әлде өзің қиылдың ба, басқа жанға?
Қайырмасы:
Көзіме елестеп,
Көңілден қалмайсын.
Жан сәулем, жүрегімді жараламай,
Қашан сен, махаббаты бағалайсың?
Қайырмасы:1969 жылы әскерде жазғанАдамның бар қызығы бала болар...Атам қазақ айбынды жаугер болған,
Жаудан қалған баланы бауырына салған.
Ана сүтін бере алмай жанталасып,
Тұмаққа сап, жарықтан аман алған.
Қилы заман басынан өткен қазақ,
Ашаршылық шегіне жеткен азап.
Баласы үшін анасы сұм жалғаннан,
Есі ауып, көз жұмып кеткен қазақ.
Бергенін обалсынбай тастап кетсен,
Сол күнгі қызығынды аттап кетсең.
Артынан ақыл кіріп өкінгенмен,
«Тастанды бала» деген аты өктем.
Адамның бар қызығы бала болар,
Ақылды ұққан жастар дана болар.
Жалғасын өміріннің тастанды етсен
Дүние, сен үшін де қараң болар.
Түйіні терең сырды аштым
(термеге)Адам болып жаратылдым,
Арым таза, ағайын.
Көзбен көріп түйгенімді
Ұрпаққа айтып бағайын.
Пенде болып жаратылсаң,
Өмірің өзен, ағарсың.
Маңдайыңның жазуынан
Тәңірден несібе табарсың.
Қамшының қысқа сабындай
Адам - өмір, арпалыс.
Байқап аяқ баспасаң
Жазым етер қатты ағыс.
Өмірдің сыйы аз емес,
Тұлдай жетім жасатар.
Не болмаса әкесіз,
Беліңді шешіп, босатар.
Ағысы қатты өмірге
Қарсы тұр да, тал қарма.
Адам деген ардақты ат
Өмірмен күрес, жан сал да.
Өмір-өзен тілсіз жау,
Өз дегенін жасатар.
Мойынсынып, бос болсаң
Жоқтан өзге асатар.
Балалық шақ, бал-даурен,
Қайғы-мұнсыз өтер-ау.
Азамат болып ат мінсең,
Түртпектеп өмір жетер-ау.
Өмір-өзен ағызар,
Күресе алсан, бағын бар.
Көп ізденіп, көп білсең,
Өмірдің өзі табынар.
Табынған өмір ағылар,
Өмірдің жақсы мәні бар.
Білімді боп, бақ қонса
Адамға өмір бағынар.
Адамның бірі мен едім,
Өмірім - өзен, жыр-дастан!
Менде де арман жоқ шыгар,
Түйіні терең сырды ашқан.
Құдіретті домбыраДомбыра, ғажапсың-ау күмбірлеген,
Тұяғындай арғымақтың дүбірлеген.
Қос ішек бір тынбастан ішін тартып,
Қазаққа жарасымды жырды берген.
Көрдің сен, жақсы менен жаманды да,
Байқадың, адам менен наданды да.
Қорғасын құйса-дағы көмейіңе
Қаймықпай бетке айттың, қадалдың да.
Ақсаған киіктерді қорғай білдің,
Ән салған бозторғайды қолдай білдің.
Жарасқан қос аққуды табыстырып,
Махаббат құдіретін толғай білдің.
Домбыра, кір шалмасын нәзік жаның,
Жүрекке жылу берген әсем әнің.
Бабалар төрге іліп қастерлеген
Көзісін қара шалдын, нағыз қаным!Аякөз аруыКербез басып, ару қыз, күлесің сен,
Бет-аузыңды тұмшалап жүресің сен.
Жұмбағы көп жанарың жарқ еткенде
Бойды торлап түсіме кіресің сен.
Өмірге менің өкпем жоқ,
Өзіңді таптым тосыннан.
Селт ете түссе сезімің
Есінде қалсын осы әнім.
Қалқам, маған қиын ғой, білесің бе?!
Үнсіз өтіп осылай жүресің бе?!
Қарсы алдымнан шыға кеп жүрегімді
Шымырлатып кетесің, тілесің де.
Аякөздің аруы, аққудайсың,
Тіл жетпейді айтуға таптырмайсың.
Алтайдың аруындай шалғай кетпей,
Туған жердің төрінде, бақ құрғайсын.
Сағынам да жабығам қарап саған,
Тілдесуге болады-ау, бірақ-та оған.
Құрбаның боп жүргенде құлай сүйіп
Алып қашып кетпесін, бір атты адам.
Туған жерің - тұмарын.
Өскен ортаң - тұрағын.
Сүйген жүрек сырт кетпес,
Қиядан ілер қыранын.
Баралмадым, амалын таба алмадым,
Пәктігіңді сақтау ғой бар арманым.
Сен туғанда мен неге тумадым деп,
Толған айдай өзіңе ән арнадым!Тәңір қосқан жар едің
(Жарым Күләшқа)Көңілімнің күйін тапқан қосағым,
Бір басыма мол ықылас жасадың.
Ыстығым мен суығыма сусындап,
Сая болып, шуағынды шаша алдың.
Қайырмасы:
Тірлігімнің тынысы деп білемін,
Мәнгі бірге, жүрегіңмен жүрегім.
Ақылды әйел үлкен ырыс береді
Атаң марқұм, келін жақсы деп еді.
Балалардың анасы деп атағам,
Маған сенің саушылығың керегі.
Қайырмасы:
Бес баламен бақ беріпсің басыма,
Сыйлы анасың бұл жалғанда тосылма.
Бес баладан бес болыс ел тараған
Ұлы атам Байыс-Сыбан бабамнан.
Қайырмасы:
Бабалардай бағым барын білемін,
Тәңір қосқан жар едің деп жүрермін.
Шөбереден, шөпшек көріп аман бол.
Өзіңменен баянды өмір сүрермін!
Қайырмасы:
ТолғанайМөлдір екен қос жанарың Толғанай,
Қоймас, сірә, жүрек қылын қозғамай.
Жас кез емес, шау тартқанда кезігіп,
Өміріме тәтті өкініш болған-ай.
Айналайын, қарындасым Толғанай,
Өміріңде еш ағаттық болмағай.
Екі аяқпен жерді басып жүрген соң
Болмас, сірә, бір тәтті әуен арнамай.
Кешір мені кешіре алсаң, Толғанай.
Бұл заманның менен өтіп озғаны-ай.
Өткен күндер еске түсіп жас шағым
Кұпиялы иірімімді қозғады-ай.
Кешір мені, қарындасым Толғанай,
Әттең шіркін, қолдын қысқа болғаны-ай.
Осы әнімді бір өзіңе арнадым
Селт еткізіп, жүрек шіркін, қоймады-айМен қазақпынҚаным тамған топырақтан,
Тыныс алдым, жаралдым.
Келгенім жоқ және кетпеймін,
Туған жерден нәр алдым.
Елім байтақ Қазақстан!
Адал менің жүрегім.
Туған елмен бірге гүлдеп
Бірге өмір сүремін.
Біреу келіп, біреу кетер
Артың андап қайта жетер.
Туған жерді таптатпауға
Азаматтық арым жетер.Махаббаттың оты жанды елімде
(Қозы Көрпеш -Баян сұлудың 1500 жылдық тойында
2002 ж. жазылды)Абай, Мұхтар туған елден нәр алдым,
Тұрған жерім Алматыдай ақ айдын.
Жер жәннаты Жетісуда жүрсем де
Аякөз бен Шынқожадан жаралдым.
Қазақ болып қалыптастық ағайын,
Туған елден бақытымды табайын.
Тәуелсіздік қазықтарын қатайтып,
Тайқазанға үлесімді салайын.
Аякөзім, аяулы өзің ардақтым.
Көк байрақты желбіретіп тойлаттың.
Ақ Баянды, Қозысымен әлпештеп
Пәк сезімді махаббатын аунаттың.
Қозы Көрпеш - Баянға, пана болған Таңсығым,
Өз қолымен арулап, сая болған Таңсығым.
Жүрегі үлкен бауырмал, ана болған Таңсығым.
Түркі елі таныған данамыз ғой Тансығым.
Туған жердің тамыры тұр төрімде,
Махаббаттың оты жанды елімде.
Он бес ғасыр ескірмеген есті аңыз
Ұрпағына үлгі болды, сенімде.
Таусылмастай тарихың бар айтатын,
Қос ғашықтың кұдіретін байқадым.
Аруақ сыйлап, ат шаптырып ас бердің
Естіген ел басын шайқап қайтатын.
Қозы Көрпеш - Баянды, аялаған Аякөз,
Дарабоздай батырды дара туған Аякөз.
Жас батырың Шынқожа аза тұтып
Абылайға хабар сап, ат шаптырған Аякөз.
Махаббат мәңгі, өшпейтін сезім жаңғырып,
Қозы да өтті Баянын аңсап, таңды ұрып.
Ғасырдан-ғасыр жарасқан екі ғашықты
Сүйіскен жандар сүйсініп айтар ән қылып!Сыңғырла, күміс қоңырау!
(Кенже ұлым Дастан оқу бітіргенде жаздым)
Мектебін - алтын ұя, жарқыраған,Ұстазың - бұлақ көзі сарқылмаған.
Шыңдалып, шыңға қарап қанат қақтың
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Қайырмасы:
Сыңғырла, күміс қоңырау.
Тілегің болсын түлекке.
Киелі үнің күш берсін
Үлпілдеп тұрган жүрекке.
Орындалсын аңсап күткен арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.Қазағымның көк байрағын көтеріп
Биіктерден көріне бер, саңлағым.
Қайырмасы:
Ардағым деп қуанады ел саған.
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде
Сенім артар азаматым, болшы аман!
Қайырмасы:
Тәуелсіз елің қорғасын,
Білімің болсын жолдасың.
Талмай оқы, жас ұрпақ,
Періштең, қалқам, қолдасын!Басыма қонған бақ құсымКенже ұлым, жан балам,
Өзіңмен, қалқам, жанданам.
Тыныштық тілеп АлладанТақымды қысып қомданам.
Өнермен елді шарладың,
Сочи мен Мәскеу барғаның.
Жыл студенті атанып
Арманға қанат жалғадың.
Жастығың қалды артыңда,
Даналық қонса тартынба.
Құдайдың берген дарынын
Біліммен ұшта, жарқылда.
Әкеннің бітпес арманы,
Немере ертсем болғаны.
Көзім көрді, көңіл тоқ
Басыма бақыт қонғалы.Айналайын немерем, НұрстанМазаланса немерем,
Бабын тауып көнер ем.Немерем менің негізім
Өлгенімше демер ем.
Қайырмасы:
О-оу, немерем!
Негізім сен деген ем.
Маужыраса немерем,
Мандайыңнан өбер ем.
Әнімді айтып әлдилеп
Тұмағыма бөлер ем.
Қайырмасы:
Айналайын немерем,
Аруақ қолдап жебеген.
Ел қатарлы ер жетсең
Ақ батамды берер ем.
Қайырмасы:
Қызықстанның қызықты жігіттеріМына жастар КВН-нің көсемі,«Шатақхана», «Тойбастардың» шешесі.
«Жас Отанның» жалындаған мүшесі
Ертең бұлар ел тағдырын шешеді.
Таңғажайып тапқырлармен танысты,
Дараланып, мықтылармен жарысты.
Сочи менен Казан барып жүлде алып,
Москвада Масликовпен табысты.
Бұл жігіттер бұлан өскен еркелер,
Орта Азия барысындай серкелер.
КВН-да күміс алқа тағынды
Бас жүлдеге әлі-ақ ертең ілігер.
Қазақстан нұрлы жастар тұраны,
Қызықстан - тың өнердің бұлағы.
«Ел арнадан» ел намысын көтерсе,
Жас қырандар киноға әлі шығады.Тұғыры биік, Тұлғалы ақын
(Мұқағалидың 80 жылдық тойында «Алматы ақшамда» шыққан өлең)Мұқағали өлең - жырдың бағы еді,Ақ көйлекті ақындардың ары еді.
Сөзі өлмеген Абай-Жамбыл көзіндей,
«Хантәңірдің» мұзбалағы, нары еді.
Тым кесек еді, сыймай кетті маңдайға,
Алса құдай біздейлерді алмайды.
Ол жаққа да керек болды-ау жақсы адам,
Оу, Құдай, сені тілдер күй қайда?!
Ұрпағынның төрінде тұр тұмарын,
Қарасаз бен Шалкөде еді ұраның.
Ұлт ақынын ұлыс болып тойлауда
Туған күнге тартуым ғой бұл әнім.
Бурабай - киелі жер, бура шөккен
Жырлаған талай ақын Көкше жерін,
Тау мен тасы, хан тауы неткен керім.
Абылайхан орда тіккен киелі өңір,
Жау шапқанда батырға берген сенім.
Бурабай мын бұлақтың басы ма екен,
Емге дәру, пір өлке осы мекен?!
Тағдырдың бар тарихын тасқа басқан,
Бірде қыз, бірде кемпір осында екен.
Оқжетпес орны бөлек айтар жанға,
Жыр жазсам Бурабайға бітпес таңға.
Сексен көл, сұлу қыздың бұрымындай,
Әлемде, Көкшедей жер әсте бар ма?!
Карағай-биші қайың, жарасып тұр,
Тиында келгендерге қарасып тұр.
Түйе тастар, түрлі аңыздың көрінісіндей,
Зер салсаң сырласпақтай жанасып тұр.
Керім жер Көкшетауда, құдаларым,
Түп нағашың мен болам, жиен арым,
Төс қағысып мын жылдық құда болдық,
Жақсы отырып жарастық адал дәмің.
Әлима шөбереммен шөл бастымҰрпағың өссе, ұлысқа айтар беделің,
Құдайға тәуба бақытым жанып келемін.
Пайғамбар жаста шөбере сүйіп, шөл бастым,
Аллаға шүкір орындалып келеді дегенім.
Немерем менің, негізім еді - Балжаным,
Құдайың қосқан, қосағыңды таңдадың.
Қан жібермес деген нақыл рас-ау,
Ақ баталы, ата жолын жалғадым.
Бақытты бол бағымды ашқан шөберем,
Сені иіскесем көзге жас кеп - бөгелем.
Әз ата деп, ержетерсін ертең-ақ,
Атым шауып, бар баламмен көгерем.Партизан жазушысы Әди ШәріпұлынаАлаштың орда төрі Семей болған,
Ел қорғаған ерлеріне көңіл толған.
Нар тұлғалы қазақтың батырлары
Қабанбайлап, намысын бермес қолдан.
Ұлы Отан соғысының ардагері,
Қан майданда самайдан аққан тері.
Шығыстан Қасым, Әди қос батырға,
Немістер ат қойыпты, жойқын-пері.
Жасындай тиген неміске,
Ержүрек қазақ ерлері.
Тосқауыл құрып, топ жарып,
Намысты қолдан бермеді.
Жауынгер Әди Шәріп, ақын-батыр,
Аруағы туған елін қолдап жатыр.
Тау тұлғаңыз тұмарымдай терімде тұр,
Жаныңыз жаннатта боп, қолдасын пір.
Қадірлі, ұрпаққа үлгі жерлестерім,
Басқа адам шақырса, келмес пе едім.
Батыр сүйген жеңгемнің hәм бейнесін,
Көзбен көріп білмесем сенбес пе едім.Ауған соғысының қаһарманы қара майорға
(полковник Борис Керімбаев)
Сұрапыл-сұм соғыстың ардагері,Қан майданда самайдан аққан тері.
Қазақтын қара майор батырына,
Дұшпандар ат қойыпты жойқын пері.
Тау сағалап суықтан тоңбадыңдар,
Шөлге шыдап, ыстықтан солмадыңдар.
Батыр қазақ атанған алып жігіт,
Бейбіт елді дұшпаннан қорғадыңдар.
Созылған соғыс халыққа қиын болды,
Шаңырақты шайқалтып өлім қонды.
Темір табыт тосын кеп үйлеріне, Бәсіресін көре алмай бағы солды.
Ешқашан, ешкім ұмытпас,
Ауғанда болған солдатты.
Қан кешкен қазақ ұлдары,
Қашан да елге ардақты.
Бауырларға жарық күн таусылмасын,
Күркіреген қара майор, даусың басым.
Ерлігіңді ел білед, еңбегің зор,
Ұлтын сүйер ұрпаққа тұлға басын.
Бүгінде полковник, сыйлы батыр,
Аруағы туған елін қолдап жатыр.
Тау тұлғалы суретің төрімде тұр,
Тарихта аты қалар ұлы батыр.Елге мұра, ұрпаққа ұран
(1969 жылғы «Даманск» аралындағы ұрысқа қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне)Қаптаған Қытай, түнделеп кірді аралға,
Ақ қала соғып, амалдап бақты қамалда.
Арындап келіп, арандап қалды-ау хау-хаулап
От шашып град, күл болды бәрі табанда.
Жанталаса жау жағаға жабысты,
Бар сылтауы - жер дауы боп шабысты.
Ақ қар, көк мұз Сібірдің аязында,
Қыршын жастар Отан үшін алысты.
Жүзден аса жас жігіттер көмілді,
Көре алмады шуақты күн, өмірді.
Ерлігі асқан бес адам батыр болды,
Бір қазаққа «Қызыл жұлдыз» берілді.
Жамбыл мен Сүйінбайдың пірі қолдап,
Туған жердің тізіміне кіріпсің сен.
Мұз жастанып, от кешкен Нағашыбек,
Құдай қолдап топ жардың, ерлікке тең.
Өрімдей қызыл әскерміз,
Қаймықпай жауға ұмтылған.
Отанды қорғап от кештік,
Құрбылар, достар бір туған.Семей облысының хатшысы, марқұм Кешірім БозтайұлынаӨз ұлы, өз жеріне келген қандай!
Халқының мұқтаждарын көрген қандай!
Өткен-кеткен азаматтар сияқтанбай,
Білімін өз жеріне берген қандай!
Халқы да өз ұлым деп ұққан екен,
Баласы депутат боп шыққан екен.
Палигонды жаптырам деп Олжаспенен,
СССР-та қаулы алып шыққан екен.
Ар жағы орыстардай бауыр болар,
Жұмысы ол заманның ауыр болар.
Іштегі халықтармен тіл табысып,
Өз жерін қорғағаны тәуір болар.
Беделі Бозтаевтың арта берсін,
Алдыға облысы тарта берсін.
Атамыз Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің,
Аруағы палигонды қайта көмсін.
Ақшатау Бозтаевтың туған жері,
Найманнан Сыбан екен шыққан тегі.
Атамыз сол жақтарға қыстау салған,
Ұрпағы бес болыс ел, мол боп қалған.Қасиетті қара шалҚатпарланған қара шал,
Текті қазақ баласы ол.
Ғасырлардын жалғасқан,
Шежіренің данасы ол.
Саналы жан қара шал,
Салт-дәстүрдің киесі ол.
Бағалы жан қара шал,
Бақытты елдің иесі ол.
Қара шалдың қадірін,
Ұлғайған соң білесің.
Сыйлап үлгі алмасаң,
Сағың сынып жүрерсің.
Өсер елдің баласы,
Қара шалдан үлгі алар.
Ұлағатын ұқсаңдар,
Маңдайыңа нұр жанар.
Әке көрген азбайды,
Шеше көрген тозбайды.
Қара шалды тыңдасаң,
Қазақтан ешкім озбайды.Ұрпаққа ұлағат
(Өсиетті, аталы сөздер)
Ақын елдін еркесі,
Әкім аймақ серкесі.
Ақынын әкім қолдаса
Халқынын болмас өкпесі. (Автордан)
Ағам бар еді мір тілді,
Жағам бар еді, жыртылды.
Жас парлап тұрган жүрекпен
Жұбатам қалай жұртымды, - депті Сәкен Иманасов Әнуар Әлімжанов өмірден өткенде.
Бала-бала деуменен мазалымыз,
Баладан болар білем, ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр тұр, тажалымыз. (Автордан)
Шежіре деген шырмауық,
Тарқатып шығу тым қауіп,
Инемен құдық қазғандай,
Тер төгу керек жол тауып. (Автордан)
Өмір барда өкініште болады.
Ондай шақта кеудеге шер толады. (Автордан)
Келін алсаң, мойының ұзарар. (Қырғыз Оспанбек құда)
Жақсы адам артынан,
Мадақтайтын сөз барар.
Жаман адам артынан,
Мазақтайтын сөз қалар. (Автордан)
Елу жасқа келгенше,
Ауылға ерке боларсың.
Елу жастан асқан соң,
Еліңе серке боларсың. (Автордан)
Туған жерің – тұмарың,
Өскен елің – тұрағың. (Автордан)
Бабалардай бағым барын білемін,
Ұрпағыма бар жақсылық тілерім.
Байыс-Сыбан аталарым сияқты,
Бес баламды бес болыс деп жүрермін. (Автордан)
Кітапты алу керек оқу үшін,
Сөздерін көңіліңе тоқу үшін.
Құмартып оқысаңдар сол кітапты,
Жол сілтер мұратыңа жету үшін. (Автордан)Жастық шақтың жарасымды күндері-ай!Телміре қарап поездан,Тебіреніп келеді жүрегім.
Сыныптасымның талайын,
Көре алмасымдыда білемін.
Амандық тілеп АЛЛАдан,
Көрісер күнге сенгенмін.
Сыныптас әсем қыздарға,
Қызқғалдақта теріп бергенмін.
Жастықты еске алып сағынып,
Таңырқай қарап таныстық.
Елу жыл уақыт өтсе де,
Туғандай болып қауыштық.
Бұл жалғанда демеспін, кенде қалдым,
Елге бердім барымды, елден алдым.
Аман болғай кластас құрбыларым,
Сендер аман болсаңдар менде бармын! (Автордан)Туған жерде бас қостық жетпіске кепӨмір осы жақындар алыстағы.Туғанныңда болады-ау алыстауы.
Жетпіске келіп кездескен класстастар,
Бір жасарып қалдық-ау табысқалы.
Тіршілікте қашанда өмір қымбат,
Өмір қымбат достықта сенім қымбат.
Жылдан жылға ортамыз сиреп барады,
Бұл жалғанда сыйласар көңіл қымбат.
Аз қалыппыз бұл күнде сараланып,
Жастық шақтың жүректе қалары анық.
Бір сыныпта оқыған қимас достар,
Өткен күнді еске аламыз дараланып.
Арман бітпес өмірден іздейміз бақ,
Әрбір таңның атары бізге жұмбақ.
Пендеміз ғой періште көкте ғана,
Достарыммен бас қоссам, бұлда бір бақ!
Бостандықтың бойтұмары – ЖелтоқсанСөзін жазған:Дүйсенғали Серікқалиұлы
Әнін жазған:Арман Дүйсенов
Орындаушы:Ақылбек ЖеменейЖелтоқсанның ызғары кеп тоңдырды,
Халық үнсіз намысымды жандырды.Жүрек жылап, көңілдегі шер кеулеп,
Ақиқаттың ақ жолына салдырды.
Ар жолына салдырды (екі рет)
Қайырмасы: Кеудеңді көтер босама
Елің мен жерің қос ана
Тізгінді берме өзгеге
Өлсекте Отан осы ара
Қазағым (екі рет)
Озбырлыққа шыдамадық, төзбедік,
Қайран жастық қорқуды да сезбедік.
Ақ берендей Ұран салып алаңда,
Басқыншының бас болмауын көздедік.
Еркіндікті көздедік (екі рет)
Қайырмасы:
Тынбай жүріп сараладық өмірді,
Төккен тердің жемісі де көрінді.
Қазақстан барыс болар ел болдық,
Басқаларға таптатпайтын жерімді.
Қазақпыз біз өзімізге сенімді (екі рет)