Атырау облысы бойынша «ТКШ басқарушы, сервистік компаниялардың және басқа нысандарының бірлестіктері» заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы
Ерге бергісіз Нұрбике
Әдетте әйел азаматтарды әспеттей келгенде олардың тындырымды ісіне сүйсініп, «ерге бергісіз екен» деген
![]()
сөз айтылып қалып жатады. Сондағысы нәзік жандының бар іске аса қабілетті, отбасына да, еңбекке де құлшына араласатынын, елдік істе бел шеше кірісіп, соңына жетпей тынбайтын тындырымдылығына тәнті болғандығынан тамсана айтылатын лайықты теңеу деуге болады. Кейіпкеріміз Нұрбике Сапарғалиқызының бойындағы ұстамдылық, парасаттылық, өз ісіне деген жауапкершілігі мен табандылығы, 40 жыл бойы елдің қажетіне жарап, биік белестерді бағындырып, ел ағаларының сенімін ақтауда еселі еңбегімен көріне білген бірден бір мықты әрі мақтаулы маман.
Салихова Нұрбике Сапарғалиқызы 1961 жылы 20 желтоқсанда Атырау облысы бұрынғы Гурьев облысы Манаш ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Анасын 14 жасынан ауыр жұмысқа салған. Соның зардабынан денсаулығы болмай, Нұрбике бес жасқа келгенде анасы Шамшулі қатты сырқаттанып, 1966 жылы дүниеден озды. Ағасы Бахытжан (Борис дейді) тоғыз жасында Нұрбике бес жасында болғанда аналарынан айырылып, әкеден қалды. Балықшы ауданы Қызыл балық колхозында Дахиев Фазыл атасы тұратын. Әкесі сол атасының үйіне алып келді. Атасы атақты балықшы болды, звеньевой, "Қызыл Ту" орденінің иегері. Бала кезінен есінде, төрдегі бөлмеде қызыл ту тұратын.
Мектепте атақты адамдар туралы шығарма жазыңдар деп тапсырма бергенде, Нұрбике ойланбастан атасы туралы шығарма жазған, әрқашан да мақтан тұтатын. Таң ата атасы балық аулауға бара жатқанда күнде шығарып салатын, сонда атасы айтатын,
Нұрбикені «Гүлнәзи» деп еркелеткен, «Гүлнәзиім шығарып салды, енді көп балық аулайтын болдым» дейтін. Нұрбике соған мәз болатын. Қазір Қызыл балық ауылында атасының атына көше берілген. Атасынан көп өнеге, тәрбие алды. Өте мықты кісі болды. Бойында адами жақсы қасиеттер болса, сол кісіден дарыған болар деп есептейді.
![]()
Нұрбикенің әкесі көп ұзамай екінші рет үйленді. Темірғалиева Сахыпжамал деген кісімен неке құрып, балаларын қайтадан қалаға алып келді. Әкесі сауда жағында 25 жыл үздіксіз еңбек етті, өндірістік тауарлар, азық-түлік дүкендерде қойма меңгерушісі болды. Балаларды сол өгей анасымен екеуі бағып өсірді. Қартайған шағында ата-анасы Нұрбикенің қолында болды, 80-нен асқан шағында дүниеден өтті.
Нұрбике 1980 жылы Ильясов Саматпен отбасын құрды. Жолдасы Аэропортта жұмыс жасады, ол кезде Гурьевский авиаотряд деп аталған, бір жылдан соң Мұрат деген ұлы дүниеге келді, бірақ өмірдің бір тауқыметі шығар, ащысы мен тұщысы бірге жүреді дегендей, 16 жасқа толғанда баласынан айырылып қалып, өте қиын жағдай болды. 1989 жылы Зухра қызы дүниеге келді. Баланың артынан көп ұзамай жолдасы да өмірден кетті. Қазір қызы тұрмыста. Рүстем деген күйеу баласы бар, үш немересі бар, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әже.
Нұрбике мектепті 1977 жылы бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсті, политехниканы бітіріп, ПГС мамандығын алды, оқуын тамамдап, еңбек жолын Степан Разин көшесінде орналасқан Облкомхоз деген мекемеден бастады. Облисполкомның бір бөлімі болып саналатын ол кезде, ПТО да инженер болып қызмет жасады. Ол кезде еңбек жолында көтерілу өте қиын болды, Нұрбикенің ешқандай танысы немесе туысы болған жоқ, оған көмек жасайтын ешкім болмады, анасынан ерте қалғасын да болар, аянбай еңбек етіп, жұмысқа бар ықыласын салып, қатарынан қалмайын деп комсомолға да өтті. Комсомол ұйымының хатшысы болды, одан кейін
![]()
партияға да қабылданды. Сол ПТО-ның инженерінен бас инженер лауазымына ауыстырды, одан кейін Трест Облремстрой мекемесіне жабдықтау бөлімінің басшысының орынбасары болып тағайындалды, әрі қарай Трест басқарушысының орынбасары болды.
1990 жылдары көп мекемелер құлдырап жатты, жекешелендіру бойынша бес мекеме бірігіп, Облремстройдың қарамағында болды. Аты өзгеріп, Жалға беру өндірістік бірлестігі болды, жұмысшыларға конференция өткізді. Конференцияда Нұрбикені жаңа құрылған
Қауымдастықтың бас директоры етіп сайлады. Жұмыстың бәрі құлдыраған кез, жұмысшылардың жалақысы төленбеген, соның бәрін қайта қарау керек болды. Қиындықтар көп болды. Барлық балабақша, емханалар, мектептердің жөндеу жұмыстарын жасады. Сол кезде Прикаспийская коммуна газетіне Нұрбикенің суретін бірінші бетке салып, бір мақала жарық көрді. Облремстрой мекемесін банкроттан алып шықты деп мақтады. Содан кейін, 1993 жылы қыс қатты болды ма, Атырау қаласындағы Привокзальный мөлтек ауданында жылу беретін құбырлар істен шығып қатып қалды. Көп қабатты үйлердегі тұрғындардың жылу беретін радиаторлары мұз болып жарылып жатты, өте үлкен апатты жағдай болды.
Сол кезде Сағат Кашкенович Түгелбаев Атырау облысының әкімі болған кезі. Нұрбикені шақыртып, Облкомхоз қайта құру туралы (ол мекеме 90 жылдары жабылып қалған еді) ұсыныс жасап, «Қазір Министрмен тікелей байланыстамын, сізді басшысы
![]()
етіп сонда тағайындайын деп отырмыз, маған жауап беріңіз», - деді. Нұрбике олай тез шешім қабылдай алмаймын деп жауап бергенде, «Бұл тез қабылдауға тура келетін жағдай, біз сізге барлық жағынан көмек көрсетуге дайынбыз», - деді. Олай болса, қазір басқарып отырған мекеме Облкомхоздың қарамағына қосылсын және барлық бөлімшелері қайта құрылсын деген ұсыныс жасады.
Солай Облкомхоз ең бірінші рет Департамент болып құрылды. Облыстың барлық коммуналдық шаруашылықтары департаментке қосылып, сегіз ауданның комхоздары бар, барлығы 31 мекеме болды. Валиханов көшесіндегі №6 ғимаратында кеңсе болды. Сөйтіп, қала бойынша барлық сварщиктерді жинап, Привокзальныйдағы апатты жоюға шаралар жасалды. Сағат Кашкенович қандай көмек қажет дегенде, Гурьевснабтың есігі жабылмасын, 24 сағат жұмыс жасасын, деген талап қойды. Ақша жоқ кез, барлық қажет материал тек үстеме шығындармен жіберілді, әкімшіліктің басшыларымен жоспарлау жиналыстары Привокзальныйдың жылу беретін бекетінде өтіп жатты. Солай бір ай дегенде апат та жойылған еді.
Апат жойылған соң, Нұрбике кеңсесіне келіп, бұрынғы кадрларды қайта жинады, үш жыл бойы әр жақта жүрген-ді. Құрылымды қайта құру керек болды. Содан кейін 1996 жылы ұрғын үй реформасы болып, қайтадан бәрін жауып, жаңадан жаңа мекеме - ПИК-терді (КСК) құру компаниясы басталды. Қолда Қажегельдин мырзаның бір бет қағазынан басқа ештеңе жоқ, орыстар айтпақш
![]()
ы «на голом энтузиазме» КСК-лар құрылды.
1992 жылы қаңтар айында Қазақстанның делегациясы құрамында Монголияға тәжірибе алмасуға барды. Сонда таң қалғаны, оларда да ТШК (ЖКХ) Министрлігі бар екен. Улан-баторда болды. Министрдің орынбасары ұлты қазақ, қаракөз қандасымыз болып шықты. 1995 жылы ақпан, наурыз айында ЖКХ саласында қызмет жасап жүрген тоғыз адам Америкаға оқуға барды. Сонда Нұрбике: "Коммуналдық қызметтерді төлемеген қарызы бар адамға қандай шара қолданасыз?" дегенде, "ондай адам жоқ", - деді. Коммуналдық қызметтердің ақшасы төленбесе, барлық қызмет көрсету тоқтатылады, шектеледі немесе тұрып жатқан үйінен айырылады деп жауап берді сабақ жүргізуші. Мемлекеттік басқаруды қаржыландыру және басқару деген семинарға қатысып, Сертификат алды.
2022 жылы біз Өзбекстан елінде Ташкент қаласында екі елдің ортақ конференциясына қатысып, олар да Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі бар екенін, пәтер иелері кооперативтеріне министрлік тарапынан бірталай көмек берілетінін білді. Үкіметтің есебінен ПИК-тер қаржылай көмек алып, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізе алады екен. Пандемия кезінде үздіксіз еңбек еткен ПИК басшылары "Құрмет" орденімен марапатталған екен. Ал елде ЖКХ-ТКШ көп мән бермей, әртүрлі министрлікке қосып келеді. Негізінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі бөлек болу керек, қайта құрылу керек, әлі
![]()
күнге дейін бұл салада шешілмеген мәселе өте көп екенін де білді.
Өмір-өзен, сол 95-96 жылдардан бері Нұрбике Сапарғалиқызы Атырау қаласының ПИК-тер төрайымы болып келеді. ПИК-тердің мың мұқтажын ойлап, шешім іздеп, Казақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес қызмет жасап келді, осы соңғы жылы тек жастарға орын берейік деп, өзінің ізінен басып келе жатқан, ТКШ саласында көп уақыт қызмет жасап келе жатқан, білімі жоғары, тәжірибесі мол көмекшісі Токсейтова Шолпан Абубекқызын ПИК басшыларымен ақылдасып, ортадан шешім шығарып, өз орнына тағайындады. Ол қазіргі кезде ТОО «КС-Бытсервис» мекемесінің 20 жылдай басшысы болып қызмет жасап келеді.
«Біз Салихова ханымды Гүлнар деп атаймыз. Гүлнар Сапаргалиевнаны өз ісіне мығым, өте білімді маман ретінде білеміз. Заңдардың бәрін жатқа біледі. Біз әріптестер арасында әзілдейміз, Сапаргалиевнаны түнгі сағат 3-те оятып заңды сұрасаң, жаңылмай айтып береді деп. Әзілдейміз, бірақ расында солай. Сапаргалиевнаны біз ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде және бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты апайымыз ретінде бағалап, құрмет тұтамыз», - дейді Токсейтова Шолпан Абубекқызы.
Салихова Нұрбике Сапарғалиқызы ТКШ саласында 40 жылдан астам жұмыс істеген, облыстық және қалалық Атырау қалалық әкімдіктерінен үкіметтік марапат-медальмен, ТКШ саласының үздігі ретінде көптеген Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттары бар азаматша.
1995 жылдан бастап осы күнге дейін ПИК-тер Қауымдастығының төрағасы болып келді.
Бірнеше рет облыс әкімі мен қала әкімінен алғыс хаттар алып, ТКШ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін грамоталармен марапатталды. Атырау қаласының Жыл адамы деген марапатқа да ие болды. Сондай-ақ ТКШ реформалау жөніндегі республикалық комитеттің басшысы А.Рубцовтың грамоталары бар.
![]()
ТКШ саласындағы жұмыс ең ауыр еңбек болып табылады. Бұл жерде өз ісіңді сауатты білу ғана емес, сондай-ақ шыдамдылық, төзімділік, даналық, жанқиярлық қажет. Кейде қызметте күні-түні жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда апатты жедел жою ғана емес, қазіргі уақытта жарықсыз немесе жылусыз қалған тұрғындарды да ұмытпау қажет. Сондай-ақ ПИК қызметкерлеріне де уақыт пен назар аударылуы қажет, төтенше жағдайды уақытылы жою үшін оларды ыстық тамақпен және шаймен қамтамасыз ету керек.
Салихова Нұрбике Сапарғалиқызы ТКШ саласындағы өте сауатты маман. Сондықтан ол «Ақжол-Темір» ПИК ұжымына он жылдан астам уақыт басшылық ете отырып, өз міндеттерін әрдайым жақсы атқарып келеді.
Қауымдастық басшысы ретінде жұмыс істеген уақыт ішінде қаланың ПИК басшылары қатысқан көптеген конференциялар ұйымдастырып, өткізді. ТКШ қызметкерлерін оқыту үшін арнайы курстар мен мектептер жоқ, сондықтан мұндай конференциялар ТКШ саласында оқыту және тәжірибе алмасу тұрғысынан өте пайдалы. Атырау қаласындағы ПИК-тің 30-дан астам жетекшісі сертификаттаудан өтті.
Мұның бәрі Нұрбике Сапарғалиқызының күш-жігері мен бастамасының арқасында. Әріптестері көшбасшы жанға шексіз алғыс айтады. Енді Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы басқару және сервистік компаниялардың басшыларына тиісті үлгідегі сертификаттың болуын міндеттейді. Сондай-ақ Н.С.Салихова Атырау қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының түрлі тақырыптарында көптеген телебағдарламаларға қатысып, жергілікті БАҚ-та көптеген жарияланымдар жариялады, онда ол өз тәжірибесімен бөлісті, журналистер мен қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жас мамандары мен басшыларын үнемі қолдап, олармен тәжірибесімен бөлісіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сауаттылыққа үйретіп отырады. Оны қаламызда қауымдастықтың сезімтал да білікті жетекшісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының үздігі ретінде ғана емес, облысымыздан тысқары жерлердегі – Қазақстан Республикасының басқа қалаларынан келген әріптестері де біледі.
Нұрбике Сапарғалиқызы өте қарапайым жан. Оның асыл қасиеттері барлық іс-қимылынан байқалады. Монғолияға барғанда Сапарғалиқызын бір кісі көріп, Қыз Жібекке ұқсатқан екен. Сол жерде кісілер бәрі шу ете қалыпты, расында ұқсастық бар деп. Ол туралы өзі ашылып айтпаса да, жақын-жуық, әріптестері жақсы біледі.
Өмірден көргені мен білгені, түйгені мол жан тәжірибесін кейінгі жас буынға үйретуден де жалыққан емес. Жақсы маман даярлау, оларға барынша қамқорлықпен қарап, жұмыстың бүге-шегесін үйретуде ақыл-кеңесін қашан да аянып қалмайды. Күш-жігері мықты жанның алдында тәлім алған талай жастар бүгінгі күні өз саласында орнықты еңбектеніп те жүр.
Атырау қаласының көркеюі мен дамуы жолындағы көп жылғы адал еңбегі ескерілу керек, Салихова Нұрбике Сапарғалиқызы өмірінің жартысынан астамын туған жеріне арнаған жан ретінде ең жоғары марапатқа лайықты тұлға.
Жасынан ел басқару ісіне араласып, осы жолда қиындықтарды жеңе біліп, көп белес биіктерден өткен қымбатты жанға, алда да тасы осылай өрге домалап, көргені тек қызық болып, отбасы аман, ел-жұртын жаңалықтарымен қуанта берсін деген тілек білдіреміз!