Дюсенгалиева Рима Әмірханқызы

Рейтинг:

«Мать-героиня» ордені, «Ветеран труда» медалі және «Күміс алқа» иегері

Көпке сыйлы Рима ана

      Әр адам табиғатынан табанды болса, барлығына оңай қол жеткізері хақ. Ес білгеннен бастап, жан-жағын танып білген сайын, жаңаны үйренуге талпына түседі. Адамды жетілдіретін, алға жетелейтін еңбек ету салтының орны бөлек. Осы орайда жақсы жағынан өз замандастарына үлгі-өнеге болған Рима Әмірханқызы жайында тарқатып әңгімелейтін боламыз.
      Кейіпкеріміз адал жолмен еңбек етіп, бар маңдай терін төгіп, көптің алғысын арқалаған жан. Адам балaсы жер бетінде пaйдa болғaннaн бері өзінің мaтериaлдық және рухани қaжеттілігін қaнaғaттaндыру үшін еңбек етіп келеді. Ислaм дінінде мұсылмaн баласына дүние және aқыреті үшін aдaл еңбек етуді басты назарда ұстайды. Пайғамбардан келген хадистерде еңбек – ізгі іс, әрдайым иманмен бірге қосарланып, екеуі бір-бірінен ажырамас ұғым екендігі баса айтылған. Ол іс-әрекеттерге құлшылық, ғибадат істермен бірге адал кәсіп ету, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілік сынды дүниелік тіршілік істер кіреді. Ауыл-еліне сыйлы болған Дюсенгалиевтар балаларына адал еңбек етудің үлгісін көрсетіп, тәлімді тәрбие берді. Қанмен берілетін асыл қасиет балаларына дарып, әрқайсысы өз қарым-қабілетіне сай еңбектеніп, елдің батасын алды. Рима да ата-анасының атын биікке көтеріп, олардан алған сара жолмен өмір жолында көптің алдында сыйлы болды. Өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарап, ел игілігі жолында тер төкті. 
      Дюсенгалиева Рима Әмірханқызы 1943 жылы 28 шілдеде Теңіз ауданы Өлеңді ауылдық советінде қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі Ыдырысұлы Әмірхан 1917 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан соң, бертін келе Теңіз аудандық орталық біріккен ауруханасында завхоз болып жұмыс жасады. 1970 жылы өмірден озды. Анасы Жүнісәліқызы Ханым 1924 жылы дүниеге келген. 10 жасында ата-анасынан айырылып, жетім өскен, өмірде көп қиындық көрген. Өзімен бірге үш бауырын асырап-бағып, жетілдірді. Гурьевте қазан құю заводында жұмыс жасаған. Соғыс кезінде тылда еңбек еткен. Бертін келе, Ганюшкинде «Золота рыбка» балабақшасында завхоз болып еңбек етті, содан зейнеткерлікке шықты. Риманың ата-анасы өмірге 8 перзент әкеліп, оның төртеуі кішкентайында қайтыс болып, қалғанын тәрбиелеп, өсірді, оқытты. Балалары өмірден өткен соң, егіздің сыңары қызы Рима мен күйеу баласы Ислямғалидың қолына көшіп барды. 2011 жылы анасы өмірден өтті.
      Рима 1960 жылы Ганюшкин селосындағы Абай атындағы орта мектепті жақсыға аяқтап, Гурьев қаласындағы медицина училищесіне оқуға түсіп, оны 1962 жылы ойдағыдай аяқтап, «Дезинфектор» мамандығын алып шықты. 1962 жылдан 1963 жылға дейін Гурьев қаласындағы облыстық онкодиспансерде күтуші болып жасады. 1963-1964 жылдары Теңіз ауданының орталық біріккен ауруханасында тәрбиеші болды. 1964 жылы наурыз айында Гурьев қаласына 2 айға дезинфектор курсына жіберілді. 1964 жылы маусым айынан бастап 1996 жылға дейін Теңіз аудандық орталық біріккен ауруханада дизенфектор болып жасап, 1996 жылы құрметті зейнеткерлік демалысына шықты.
      «Дана халқымызда тірі жанды тырбанып тіршілік етуге үндейтін мынадай мақал-мәтелдер бар. «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек етсең – емерсің, ерінбесең – жеңерсің», «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» деген. Қазақтың ұлы ойшыл, жазушысы Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқауға болады. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екені анық. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі Абайдың айтқан бес асыл ісінің бірі – еңбек.
      «Талап, еңбек, терең ой,
      Қанағат, рақым ойлап қой,
      Бес асыл іс, көнсеңіз»
, – деп, барша игіліктің негізі еңбек деп санаған ойшыл ақынның көзқарастары бүгінгі күні де мағыналы құнды кәсіп іздеп, өнер тауып, адал еңбекпен алға ұмтылуды насихаттайды. Адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады. Балаларыма ылғи да еңбек ету – өмір сүру, өз талаптарыңды қанағаттандыру, сондықтан да білім ордаларынан бастап-ақ еңбекке бейім болып және еңбек етуде білімнің алар орны жоғары екенін айтып отырамын. Біздің уақытпен салыстырғанда бүгінгі күні білім мен ғылым адам таңқаларлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Ұрпақтарымыздың бізден жүз есе артық білімді көзі ашық болатынына үнемі қуанып отырамын», - дейді Рима Дюсенгалиева. 
      Рима Әмірханқызы 1965 жылы маусым айында тұрмысқа шықты. Жолдасы Ислямғали 1937 жылы 7 наурызда Теңіз ауданы Қошалақ советінде дүниеге келген. Мамандығы мал дәрігері еді. Берекелі шаңырақта екеуі екі ұл мен төрт қыз тәрбиелеп, өсірді. Балалары Ғадылбек, Асылбек, Зоя, Клара, Дариға, Роза – бәрі де бір-бір үйдің иелері. Рима мен Ислямғалидың отандасқандарына 50 жыл болғанда ардақты әке, сүйікті ата 78 жасында өмірден өтті. Ұл-қыздарынан 6 немере, 10 шөбере, 11 жиен, 7 жиеншар сүйді. 
      Қарашаңырақтың ақылшысы болған Рима ана 1979 жылы «Мать-героиня» ордені, 1989 жылы «Ветеран труда» медалін алды. 2010 жылы «Күміс алқа» иегері атанды.
      Өзінің ұрпағының арасында ақылшы болып, ағайын-туысқа үлкендік жолын көрсетіп отырған аяулы жанға мықты денсаулық тілейміз. Текті ұрпақтың жалғасындай балалары да ата-анасының дара жолымен мақтанып, марқайып отырады. Олардың өмір сүрген уақыты, барына шүкірлік ете білетін сондай бір ерекше қасиетін бағалап, перзенттік парыздарын адал атқаруға барын салады. Балаларының анасына келіп сәлем беріп, көрісіп тұруының өзі қарт ананы шексіз бақытқа бөлеп, бүгінгі тіршілік баянына шын көңілі толады.
      Адал еңбекпен келетін еңбектің жемісі берекелі, ырзыққа толы болатыны рас. Елге адал және әділ қызмет етуден басқа бақыт жоқ. Адалдық үстемдік етпей, әділдік салтанат құрмайтыны рас. Еңбекпен есейген ардақты ана осы қағиданы әрдайым ұрпағының есіне салып отырудан жалықпайды. 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
9 сентября 2024 11:50
Дюсенгалиева Клара

Анашым Алтын кітапқа енуіңізбен шын жүректен құттықтаймын😍😍.Сіз бар жақсылыққа лайықсыз😘❤️.Әрқашан жанымызда аман-есен жүре беріңіз!!!!
9 сентября 2024 11:48
Дюсенгалиева Клара

Анашым “Алтын кітапқа”енуіңізбен шын жүректен құттықтаймын😍.Сіз бар жақсыға лайықсыз.Әрқашан жанымызда аман-есен жүре беріңіз.Біз
Сізді жақсы көреміз😘❤️❤️❤️❤️ 
31 августа 2024 21:06
Айжан

Ардақты, асыл нағашы Әжем! Сіздің адал еңбегіңіздің бір жемісі есіміңіздің Қазақстанның Алтын Кітабына мәңгі енуі. Біздің биік бәйтерегіміз, Алла Тағала сізге ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық берсе деген тілеудеміз. Ортамызда үлгі-өсиет, ақыл-кеңес айтып, сізбен бірге бақытты күндерімізге шексіз алғысымызды Алла Тағалаға, одан кейін сізге құрметімізді білдіреміз.
31 августа 2024 09:23
Айнамгул

Әже құтты болсын арамызда  аман есен  отырыныз
31 августа 2024 09:21
Алтынай

Асылжан,
Апа еңбегіңіздің арқасында алтын кітапқа еніп жатырсыз құтты болсын аман отырыңыз
27 августа 2024 20:31
Асылжан

Ардакты ажемиз аман журиниз немереси боламын
27 августа 2024 18:43
Сымбат

Асыл әжем,нағашы әжем “Алтын кітапқа”енуіңізбен шын жүректен құттықтаймын😘😘.Әрқашан жанымызда аман-есен жүре беріңіз.Сіздей әжеміз барына мақтанамыз❤️.Бар болғаныңыз үшін рахмет!!!!
27 августа 2024 01:59
Сандугаш

Нағашы мамам, нағашы жақтан қалған жалғыз бәйтерегіміз, біздерге сая болып аман-есен отыра беріңіз! Бар жақсыға лайықсыз! Біздерге қайтпас қайсар мінезіңізбен, табандылығыңызбен, тазалығыңызбен, еңбекқорлығыңызбен, ақты ақ, қараны қара деп айтатын шынайылығыңызбен, әділдікті ту ететін қасиетіңізбен үлгі болып келесіз. Нағашы атам көре алмай кеткен қызықты сізге көруді жазсын Алла. Арамыздан алыстамай, аппақ жаулығыңызбен қарайып отыра беріңіз Мама❤️🤲😘
26 августа 2024 22:31
Зоя

Аяулым анашым, өмір бойы сіңірген еңбегіңіз кітапқа енуімен шын жүректен құттықтаймын! 😘👍Осы кітап арқылы ұрпаққа өзіңіздің қысқаша тарихыңызбен, маңдай термен сіңірген еңбегіңіздің бағалануы үлкен жетістік.😃 Сізге зор денсаулық, бақыт, шаттық және немере мен шөбере, шөпшек, жиен, жиеншарларыңыздың ортасында аман болыңыз. Сіз біз үшін әрқашанда үлгілі ана болып қаласыз. 😊Біз сізді жақсы көреміз.

☺😚🤗❤❤❤
26 августа 2024 21:52
Жеңіс

Әже біз сізбен мақтанамыз Әжетай.
Немереңіз Жеңіс
26 августа 2024 21:51
Айзере

Мен сізді жаксы көрем  ҮЛКЕН ӘЖЕ.  Біз сізбен мақтанамыз Әжетай kissing_heart  kissing_heart 
Шөбереңіз Айзере
26 августа 2024 21:47
Нұрәлі

Үлкен ӘЖЕ сізді жақсы көрем. Мен сізбен мақтанамын үлкен ӘЖЕ kissing_heart  kissing_heart  kissing_heart 
Шөбереңіз Нұрәлі
26 августа 2024 19:58
Алтынгүл

Құдағай алып жатқан марапатыңыз құтты болсын. Ұзақ жыл халыққа қызмет көрсетіп, көптің алғысын алып,  тынбай жасаған еңбегіңіздің арқасында алтын кітап пен медальға ие болдыңыз, алтындай жарқырап, ұрпақтарыңыздың рахатына бөленіп жүре беріңіз. Деніңіз сау болып, 100 жасауға АЛЛА нәсіп еткей
26 августа 2024 18:59
Абай

Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын👏🏻
26 августа 2024 18:20
Дариға

Анашым біз сізбен мақтанамыз. Осындай құрметке жетістікке жеткеніңз. Алланың қалауымен тынбай еңбек еткеніңіздің арқасында жүзіңізден күлкі кетпесін ортамызда аман есен отыра беріңіз Біз сізді жақсы көреміз 💐💐😘😘🩷❤❤
26 августа 2024 18:15
Дариға

Анашым біз сізбен мақтанамыз 😘😘. Осындай құрметке, жетістікке жекеніңіз Алланың қалауымен тынбай еңбек еткеніңіздің арқасында. жүзіңізден күлкікетпесін ортамызда Аман  отыра беріңіз Біз сізді жақсы көреміз 💐💐💐😘😘
26 августа 2024 17:46
Зулпина

Зулпина келинемин Алтын енем  болганына мақтанамын. Өзіңіздің еңбегіңіз бен алтын кітапқа шыққаныңыз үшін құттықтаймын.

Біз сізді жақсы көреміз. Зулпина келісімін.
26 августа 2024 17:35
Қазбек

Нағашы әже құтты болсын.Сіз үшін қуаныштымыз,еңбегіңізді еленгеніне.Өзіңізбен мақтанамыз,ұрпақтарыңыздың қызығын көріп,аман отырыңыз😘😘😘🌹🌹🌹
26 августа 2024 17:32
казбек

нағашы әже сізбен тек мақтанамын. Осындай құрметке, жетістікке жеткеніңіз Алланың қалауымен тынбай еңбек еткеніңіздың арқасында. Біз сізді жақсы көреміз😘💐❤️

26 августа 2024 17:32
Қазбек

Нағашы әже сіз үшін қуаныштымыз,еңбегіңіз еленгенге,сізбен мақтанамыз,ұрпақтарыңыздың қызығын көріп,аман отырыңыз😘😘😘🌹🌹🌹
20 августа 2024 14:56
Роза

Анашым біз сізбен мақтанамыз.😘 Осындай құрметке,жетістікке жеткеніңіз Алланың қалауымен тынбай еңбек еткеніңіздің арқасында,ортамызда Бәйтерек боп,аман-есен отыра беріңіз,біз сізді жақсы көреміз😘🌹🌹🌹❤️
20 августа 2024 14:02
Гадилбек

Анашым сізбен тек мақтанамын. Осындай құрметке, жетістікке жеткеніңіз Алланың қалауымен тынбай еңбек еткеніңіздың арқасында. Біз сізді жақсы көреміз😘💐❤️

Последние комментарии

16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...
6 декабря 2024 23:20
Лаззат
Александр Вилорьевич прекрасный доктор,спасибо❤️...
25 ноября 2024 00:32
Виктор Ример
Успехов тебе в работе Туребекулы и семейного благополучия!...