Санитария, гигиена саласының майталман-үздігі Адам табиғаты бала күнінен-ақ өзінің қай іске қабілетті екенін байқатады. Кейіпкеріміз Ақзия Қасымқызының
табиғаты байсалды, ойлы, өзі жауапкершілікті сүйетін, әрдайым көптің көңілін табуға тырысып жүретін нағыз іскер әрі талапшыл жан екенін баса айтуымызға болады. Тағы бір қыры - оның шығармашылыққа жақындығы. Әрдайым жаңалыққа жақын жүреді. Жаңашылдыққа бейім, көргені мен білгенін көппен бөлісіп, қажет кезінде ақылы мен кеңесін беріп, жастарға жол сілтеп отырады. Өзі ата-анасының тұңғышы болғандықтан, кейінгі бауырларына бас-көз болып, бүгінде Қасым әулетінің үлкені болып отырған жан.
Сатекеева Ақзия 1964 жылы 28 желтоқсанда Қарақұм ауылдық кеңесінде дүниеге келді. Әкесі Сатекеев Қасымның, анасы Сатекеева Рымханның 10 перзенттерінің тұңғышы. Сермағанбет атасы мен Балхия әжесінің қызы Ақзия өте пысық, көпшіл, бауырмал, ақылды да зерек болып бойжетті.
1971 жылы Қарақұм ауылдық кеңесіне қарасты Киров елді мекеніндегі бастауыш мектептің 1 сыныбына қабылданды. Кейін әкесінің жұмысының ауысуына сәйкес Қарақұм орта мектебінде, Жіңішкеқұм, Тоқабай орта мектептерінде білім алды. 1981 жылы Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектепті бітірді. 1981 жылы оқу бітіргеннен соң Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитариялық-гигиеналық факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы институтты «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша жақсыға бітіріп шықты.
1987 жылдың тамыз айынан 1988 жылдың ақпан айына дейін, Арал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-паразитолог болып, ақпан айынан бастап 2003 жылдың қазан айына дейін санитарлық-гигиеналық зертханада дәрі
гер лаборант болып қызмет атқарды. 2003 жылдың қазан айынан бастап санитариялық-гигиеналық бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарып, 2010 жылдың 10 мамырынан бастап басқарма бастығының міндетін атқарушы, 2011 жылдың 25 қаңтарынан бастап басқарма бастығы болып тағайындалды. Жалпы жұмыс өтілі 37 жыл.
2014 жылы Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экономика саласын құқықтық реттеу» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2016 жылы құқық бакалавры дәрежесін алды.
1988 жылы ақпан айында Болатов Қадырмен бас қосып, жанұялы болды, жолдасымен 2 бала тәрбиелеп өсірді. Олардан қазіргі кезде 6 немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Жолдасы Қадыр - жеке кәсіпкер.
Қызы Эльмира 1988 жылы қазан айында, ұлы Талғат 1989 жылы желтоқсан айында дүниеге келді. Қызы қазір Қызылорда қаласында тұрады. Отбасылы, жолдасы Алдамжаров Алмаспен бірге 3 бала тәрбиелеуде. Эльмира Қызылорда қаласындағы №5 емханада дәрігер-гинеколог-узист болып, жолдасы Алмас қаладағы «Чингиз» ЖШС-де фармацевт болып қызмет атқарады.
Ұлы Талғат отбасылы, келіні Салимамен бірге 3 бала тәрбиелеп отыр. «Арал теңізі» темір жол вокзалында шебер болып жұмыс атқарады. Келіні Салима қаладағы іргелі №13 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі.
Ақзия Қасымқызы Сатекеева ұжым арасында беделді, өз ісіне ұқыпты, тиянақты, білімді, тәжірибелі басшы. Ізін басушы жас мамандарға мол тәжірибе беріп, білгенін үйретуден жалыққан емес. Әр кезде өзіне тапсырылған жұмыстарды аса жауапкершілікпен тиянақты орындайды.
Ауданда сауда мәдениетін, аудан тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын көтеруде, қоғамдық денсаулы
қты сақтауда, жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда.
Өзі басқарған зертхананы облыстағы «Озық тәжірибе зертханасы» дәрежесіне көтеріп, осы зертхана базасында облыстық зертхана мамандарымен бірнеше облыстық көшпелі семинарлар өткізді.
2000 жылы аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аудандық СЭС-тың базасында өткізілген семинарда зертхана жұмысы жоғары бағаға ие болды. Облыстағы басшылар тарапынан қаржылай сыйақы тағайындалып, иеленді. 2001 жылы «Үздік дәрігер-сарапшы», 2005 жылы «Жыл бас маманы» атақтарын иеленіп, диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. 2005 жылы Қызылорда облысының МСЭД басшысы Е.Қуандықовтың және Департамент кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Балықбаеваның облыс бойынша 2005 жыл қорытындысымен өткізілген «Жыл бас маманы» дипломын иеленді. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін, 2018 жылы Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалін, 2018 жылы «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалін омырауына тақты. Сонымен бірге 2009 және 2012 жылы аудан әкімінің Алғыс хатын, 2014 жылы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының директорының «Лебіз» хатын, 2015 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасын, 2016 жылы Қазақстан Р
еспубликасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатын, 2017 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатын, 2017 жылы «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптамалау қызметінің салалық кәсіподағы» республикалық Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасын, 2018 жылы Қызылорда қаласына 200 жыл толуына орай «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалін, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» мерекелік медалін, 2020 жылы вице-министр Л.Бюрабекованың Алғыс хатын, 2020 жылы Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.М.Байназарованың Алғыс хатын иеленді. 2022 жылы аудан әкімі С.Сермағамбетовтың «Денсаулық сақшысы» номинациясы бойынша «Жыл үздігі – 2022 жыл» атағын иеленіп, Дипломымен марапатталды. Осындай марапаттарға қоса, жұмыс атқарған жылдарда Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің, облыстық Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің, аудандық денсаулық сақтау бөлімінің Құрмет грамоталарын алды.
Ақзия Сатекеева өзінің қызметіне аса жауапкершілікпен қарап, сапалы әрі тиянақты атқара жүріп, білімін жетілдіруден жалыққан емес. 2014 жылы Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экономика саласын құқықтық реттеу» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 2016
жылы құқық бакалавры дәрежесін алды.
Сатекеева Ақзия Қасымқызы сала бойынша және ауданның қоғамдық жұмыстарына да белсенді араласады. 2003 жылға дейін аудандық СЭС-тың кәсіподақ ұйымының мүшесі, 2003 жылдан бастап 2011 жылғы дейін аудандық МСЭҚБ мен ОСЭСО-ның Арал аудандық филиалының біріккен кәсіподақ ұйымының төрайымы болып жұмыс жасауымен қатар, 2006 жылдан 2011 жылға дейін аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мүшесі болды. 2011 жылдан 2022 жылдың наурыз айына дейін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Саяси кеңесі бюросының мүшесі болды. 2011 жылдан бастап осы кезге дейін №6 «Арал» округтік сайлау комиссиясының төрайымы болып қоғамдық жұмысты атқаруда. «Өзім Кіші жүздің Әлім ұрпағанынан таралған Жақайым руының Көлімбетінің Мөңкесінің қызымын. Нағашыларым осы Жақайым руының Көлімбетінің Мантағы. Жолдасым Болатов Қадыр Ардана руының Балтығы, 6 ағайынды, 4 ағасы, 1 қарындасы бар. Барлығыда бір-бір отбасының иелері, өсіп-өнген жандар. Әулеттің үлкені қайнағам Сүлеймен аға мен абысыным Сәуле апа Төретам кентінде тұрады, балалары бір-бір отбасы иелері болған, өсіп-өнген, шаруалары шалқыған, бақытты отбасы иелері. Одан кейінгі Отаралы аға мен Қасым аға бақилық болған, ұрпақтары өмірлерін жалға
стыруда. Қайынсіңілім Күнсұлу мен күйеубалам Қоянбай ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немерелер қызығына бөленіп отырған бақытты жандар. Аллаға шүкір деймін, әкеміздің салып кеткен сара жолын жалғастырып, ата-анамыздың атына кір келтірмей, есімдерін ардақтап келеміз. Ата-анадан алған тәлімді тәрбиемізді бүгінде балаларымыздың бойына дарытып келеміз. Жанұядағы бауырларымның барлығы да өз қызмет салаларында ерен еңбек етіп жатқан, көптеген марапаттарға ие болған білікті мамандар. Осындай балаларының бақытты ата-анасы Қасым мен Рымханның өнегелі өмір жолдары, ғибратты ғұмырлары бүгінгі жаңа ұрпақтарына мұра болып қала беретін болады», - дейді Ақзия Қасымқызы.
Әкесі Сатекеев Қасым Сермағанбетұлы 1941 жылы Құмбазар елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Сермағанбет пен Балқияның шаңырағында дүниеге келген 16 перзентінің ішінен аман қалып, өмір сүрген жалғызы еді. Әкесінің азан шақырып қойған аты Қасым, бірақ жеңгелері әдет-ғұрып, қазақи дәстүрмен оның атын атамай, «Сайын» деп атаған екен. Қасым ауыл-аймаққа, ағайын-тумалар, жора-жолдастар, барлық танитындары арасында Сайын атымен белгілі. Кейіннен отбасылы болып, балалары есейгенде Қасым аты көбірек айтыла бастайды. Қаладағы №13 орта мектепті бітірісімен, жалғыз бала болған соң, әке-шешесінен ұзап шыға алмай, 1959 жылы Қазалы ауыл шаруашылық техникумына оқуға түсіп, ауыл шаруашылығын механизациялау бойынша техник-механик мамандығына ие болды. 1962-1976 жылдары Қарақұм қой совхозында трактор бригадасының бригадирі, инженер-механик қызметін атқарды. 1976-1998 жылдары «Жіңішкеқұм» совхозында шебе
рхана меңгерушісі болып, 1998 зейнетке шыққаннан кейін, «Бек» шаруа қожалығын құрып, төрағасы болып жұмыс жасады. Кеңес заманында «В.И. Ленинннің туғанына 100 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарын алып, облыс, ауданның грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Қасым Сермағанбетұлы қызметте беделді, абыройлы, туған-туыстарының ортасында ақылгөй, батагөй, үлгілі азамат болды. Сонымен бірге шыншыл, әділ, сауатты, біреудің ала жібін аттамайтын адал, тура адам болды, осы жақсы қасиеттері перзенттерінің бойына да дарыды. Ардақты әке 2020 жылдың 2 ақпанында дүниеден озды.
Анасы Махамбетжанқызы Рымхан 1945 жылы Құмбазар елді мекенінде дүниеге келген. 1963-1994 жылдары Қарақұм, Жіңішкеқұм совхоздарында радист болып совхоз, ауданаралық хабарларды жеткізіп, абыройлы еңбегінің арқасында құрметті зейнеткерлікке шығып, біршама Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын иеленді. Жанұяның қос бәйтерегі 10 балаға жарық дүние сыйлаған абзал жандар еді. Рымхан Махамбетжанқызы КСРО-ның және Қазақстан Республикасының алтын алқасын тағып, «Батыр Ана» атанған алтын құрсақты ана.
Ақзияның Сермағанбет атасының қарындасы, Зейнеп апасының қызы Үсейінқызы Шәки апасы - әкесінің жиен қарындасы, бауырындай болған қазіргі уақытта әкесінен қалған жалғыз көз. Арал қаласындағы балық комбинатында көп жылдар бойы білікті бас есепші болып қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Жолдасы Телағыс осы комбинатта басшылық қызмет жасап, өмірден ертерек озды. Ақзия әр кез аса құрметпен қарап, жанына жақын тұтатын жанашыр, тілекші Шәки апасы ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немерелер қызығына кенеліп отырған бақытты жан, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында баласы Алмат пен келіні Әсемнің қолында бақуатты өмір сүруде.
Мерейлі отбасында балалардың тұңғышы Ақзия өз алдына өнегелі отбасының түтінін түтетіп отырған аяулы жан. Атасы мен әжесінің баласы болғандықтан, туған анасы жеңгесі ретінде болып, Ақзия деген атын айтпай «Ақан» деп атаған.
Ақзиядан кейін 9 бауыры - 5 інісі мен 4 сіңілісі бар. Інісі Батырбек 1966 жылы дүниеге келген. «Зоотехник» мамандығы бойынша оқу бітіріп, 1990 жылы Жіңішкеқұм зовхозында зоотехник, аға зоотехник, 1998-2001 жылдары «Бек» шаруа қожалығының төрағасы, 2015 жылдан бастап Арал аудандық ветеринария басшысының орынбасары қызметін абы
роймен атқаруда. Жұбайы Қаншагүл Сәдібекова Арал қаласында №64 орта мектепте ұстаздық етеді, 2 бала өсіріп, олардан 2 немере сүйіп отыр.
Сіңілісі Лиза 1968 жылы дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1986-1988 жылдары Қызылорда совхоз техникумын бухгалтер ісі бойынша бітірді. Алматы экономикалық-статистика академиясын 2005 жылы тәмамдады. Ауданның статистика саласында 27 жыл берекелі қызмет өткеріп, қазіргі таңда аудандық сайлау комиссиясында хатшы болып қызмет атқарады. Жолдасы Әбенов Сайлаубай Арал аудандық қазынашылық басқармасында бас қазынашы-бас маман болып қызмет жасайды. Айасыл атты қыздарын тәрбиелеуде.
Інісі Нұрлыбек 1969 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, «Инженер-механик» мамандығын алып шықты. Әскери борышын өтеп келген соң, «Бек» шаруа қожалығында жұмыс жасады. 2009 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Жұбайы Әжібаева Фарида «Шағала» балабақшасының меңгерушісі. Жанұяда 3 бала тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отырған жандар.
Сіңілісі Роза 1971 жылы дүниеге келген. Орынбор қаласындағы медициналық колледжді тәмамдаған, қазір Ақтөбе қаласында №2 емханада жоғары дәрежелі аяжан болып қызмет етуде. Жолдасы Казимов Амангелді жеке кәсіппен айналысады. 2 бала тәрбиелеп отыр, 1 немересі бар.
Інісі Айбек 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Алматы құрылыс техникумының ғимараттар мен үйлерді салу факультетін «Құрылысшы инженер» мамандығы бойынша бітірді. «Бек» шаруа қожалығының 1997 жылдан бастап осы кезге дейін беделді мүшесі болып қызмет етуде. Жұбайы Рыстығұлова Миуагүл Тоқабай дәрігерлік амбулаториясында аяжан болып қызмет етуде. 4 бала тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отырған жарасымды жанұя.
Сіңілісі Ғалия 1976 жылы дүниеге келген. Ақтөбе медициналық колледжін мейірбике мамандығы бойынша бітірді. Қазір Шымкент қаласындағы №127 орта мектепте 1 санатты мейірбике қызметін абыроймен атқаруда. Жолдасы Ералиев Сейілхан Шымкент қаласындағы «Сұлтан-Ай» толық серіктестігінің білікті маманы. 3 ұл тәрбиелеп отырған отбасы.
Сіңілісі Гүлжанат 1978 жылы дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы жоғары оқу орнында биология факультетін бітірген ол Жіңішкеқұм ауылдық №230 мектепте ұстаздық етуде. Жолдасы Қиымбаев Алматбек сол мект
еп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 4 бала тәрбиелеуде.
Інісі Мейрамбек 1980 жылы дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы жоғары оқу орнының биология факультетін бітірді. «Бек» шаруа қожалығында механик, мектеп мұғалімі болып, Жіңішкеқұм ауылдық округінде бас маман болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Бек» шаруа қожалығының төрағасы болып, шаруасын дөңгелетіп отыр. 2018 жылы «Мемлекеттік қызметшілер әулеті» облыстық конкурсында жүлделі ІІ орынға ие болған. Жұбайы Ержанова Жадыра Тоқабай орта мектебінде ұстаздық етуде. 3 бала тәрбиелеп отыр.
Отбасындағы кенже інісі Бақытбек 1988 жылы дүниеге келген. Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы университетте оқып, психология мамандығын бітірген. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында №15 орта мектебінде ұстаз болып қызмет етуде. Жолдасы Гүлбада білікті дәрігер-гинеколог. 3 бала тәрбиелеп отырған жарасымды жандар.
Өз саласын бес саусағындай білетін білімді де білікті маманның жүріп өткен жолы, жасап келе жатқан қызметі, елінен алған алғаусыз алғысына бөленіп, жүз жас жасасын деген игі тілегімізді білдіреміз. Алла берген абыройыңыз аласармасын аяулы жан!