Жакиянова Нагима

Рейтинг:

Адам жанына араша түскен жан

      Дәл қазіргі уақытта азаттық алғанына отыз жыл болған Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дамудың жаңа даңғыл жолына түсу үшін жыл сайын мемлекеттік маңызы бар заңнамалар қабылдап, өркениеті мен мәдениеті бойынша Европа немесе Шығыс елдерінің ішінде өте жылам қарқынмен дамып жатқан Жапония сынды ірі державалардың экономикасындағы ерекше эксперименттерді біздің елімізде де қолданысқа енгізудің қолға алынып жатқан жайы бар. Осы ретте, әлемдік сенсация болған короновирус инфекциясының жершарында ерекше жылдам қарқынмен таралуы және жоғары өлім қаупін туғызуы, сонымен қатар, осындай қауіпті пандемия кезеңінде еліміздің отандық медицинасының дәл қазіргі уақыттағы халінің қандай деңгейде екендігінен хабар бергендей болып көрінетіні – белгілі жайт. Осы орайда, медицина саласында өлшеусіз еңбек еткен Жакиянова Нагима Сапаркановна жайында ой толғамақпыз. Жакиянова Нагима Сапаркановна – экономика және бизнес магистрі, жоғарғы санатты терапевт, Үржар ауданының №2 орталық аурухананың бас дәрігер-ұйымдастырушы, көпжылғы еңбегі мен тәжірибесі бар, отандық медицина саласының үздігі атанған жаны 
жайсаң жан.
      1958 жылы тамыз айының жетінші жұлдызында Семей облысы Мақаншы ауданы Жарбұлақ ауылында қарапайым қазақ отбасында дүние есігін ашқан. Еңбексүйгіш, тәртібі қатал, балаларына мейірімі мен жылулығын аямай шашып тұратын, басқаның мүлкі мен құқығына ешқашан қол сұқпайтын адал, туысқан мен көршілерге қабағы мен есіктері әрдайым ашық жайсаң адамдардың шаңырағында туып, өнеге мен тәлім-тәрбие көріп өскен қаршадай ғана кішкентай қыз жастайынан момақан мінезді, сәл нәрсені жүрегіне жақын алғыш көңілшек, үлкен-кішінің бірдей іші-бауырына кіріп тұратын мейірбан болып өседі.
      1964 жылы өзі туып - өскен сүйікті ауылындағы Бейімбет Майлин атындағы Жарбұлақ орта мектебіне оқушы болып қабылданып, алғаш рет әліппе бетін ашады. Сабаққа деген аса үлкен жауапкершілігі, сыныптастарымен жылы қарым-қатынас орнатуы – ұстаздарының көңіліне жақсы үміт ұялатады.
      1974 жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан құрбыларымен бірге колхоздың қой шаруашылығына жәрдем береді. Қандай жұмыс болсада еш арланбай, жатырқамай, шын беріліп жасайтын өскелең жасты басшылық өкілдері ерекше бағалап, болашақта жоғары білім алуы 
керектігі жайында ақыл-кеңестерін жиі-жиі айтып отыратын. Алайда, бір жұмысты тұрақты әрі тыңғылықты жасауды әдетке айналдырған адам үшін ауыр жұмыстың өзі көңіл мен бой сергітуге таптырмас дүние екендігін түсінген Нагима қыз тұп-тура екі жол бойы еш шағым айтпастан, қой шаруашылығын мейлінше игеріп шығуға тырысады.
      Сонымен, екі жылдай ауыр жұмысқа төселіп, жаздың аптап ыстығы мен қыстың боранына қарамастан еңбек ететін жайсаң мінезді жандардың бойындағы темірдей төзім мен салқын сабырды бойына дарыта білген жас ару балдәурен балалық шағынан бастап арман еткен дәрігер болу деген мақсаттың соңына түсуге бел байлап, нақты шешім қабылдайды. 1976 жылы 
Семей мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» (лечебное дело) мамандығына дайындайтын бөліміне оқуға қабылданып, 1982 жылы «терапевт» мамандығы бойынша институтты үздік бағамен бітіріп шығады. Институтты тәмамдай сала өзі туып-өскен Жарбұлақ ауылындағы учаскелік ауруханаға дәрігер-терапевт болып жұмысқа орналасады. Жұмыстың бірінші күнінен-ақ, сол жердегі дәрігерлермен, ұжымындағы барлық әріптестерімен тығыз әрі жақсы байланыс орнатып, өзі алты жыл бойы армандаған сүйікті жұмысына білек сыбанып қызу кіріседі. Жұмыс жасай жүріп, бойындағы қабілет-қарымы мен білімінің арқасында өзінің мықты 
терапевт дәрігер екендігін науқас жандарға ем-дом жүргізу барысында талай мәрте дәлелдейді.
      Жұмыстағы жеткен жетістіктерін бағалаған денсаулық бөлімі басшыларының бұйрығымен аталмыш учаскелік ауруханаға меңгеруші болып тағайындалады. Нагима Сапаркановна басшылық жасаған уақыттар аралығында ұжым ішіндегі тәртіп пен күнделікті жоспар бір ретке келтіріліп, науқас жандарға барынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жақсы жолға қойылып, аурухананың дәрежесі арта түседі. Ұжымдағы дәрігерлердің арасындағы ауызбіршілік пен жылы қарым-қатынас бұрынғысынша бұзылмай, көптеген шетелдік мамандарды қабылдап, тәжірибе алмасу мақсатында конференциялар ұйымдастырылады.
      1998 жылы бұрынғы Үржар ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылдық ауруханасы, қазіргі
«Шипагер» орталығының директорлығы қызметіне ауысады. Бұл қызметінде де абыроймен басшылық қызмет атқарып, жаңа дәрігерлер ұжымының арасында жақсы әрі жұмсақ мәміле орнатып, дәрігерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларын бір ретке келтіруге күш 
салады. Бойындағы бар күш-жігері мен қабілетін медициналық орталықтың даму жолында еш аямай сарп қылады. Қай кезде де болмасын жаңашыл идеялар мен бастамаларға ерекше қолдау білдіре отырып, орталыққа жаңадан қабылданып жатқан дәрігерлерге бар білгенін үйретеді. Аталмыш қызметте 2008 жылға дейін он жыл бойы абыройлы қызмет жасайды.
      Нагима Сапаркановна 2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына 
қарасты №2 «Медициналық бірлестіктің» директорлығы қызметіне тағайындалып, аты аталған медициналық мекеменің бас дәрігері қызметіне ауыстырылған болатын. Әлі күнге дейін Үржар ауданының №2 аудандық ауруханасында жемісті жұмыс жасап жатыр. 
Өз саласының жілігін шағып, майын ішкен абзал жан әр жылдары атқарған қызметі мен 
жасаған еңбегі үшін тиісті марапаттарға ие болып, өлшеусіз көп уақыттар бойы жасаған жұмыстарының қайтарымы мен өтеуі ретінде үлкен құрмет пен қолдауға бөленді. 2008 жылдың 19 наурызында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Мұнымен қоса, Нагима Сапаркановна үшін өміріндегі ең үлкен марапат – 2010 жылдың 7 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Құрмет Грамотасы» табысталған болатын. 
      Жасаған еңбегінің басшылық пен жоғарғы үкімет тарапынан лайықты бағасын алып жатуы
– қандай адамды болмасын жігерлендіріп, қолтығының астынан демеп, жұмысын жоғары деңгейде атқаруына өз септігін молынан тигізері айдан анық. Отандық медицинаның жылдам қарқынмен күш алып дамуы үшін күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп жүрген жайсаң, әрі ұлтжанды мінезді азаматтармен азаматшалардың төккен тері қайтарымсыз, ескерусіз қалуы – 
үлкен әділетсіздік болар еді. 
      Нагима Сапаркановна басшылық ететін мекеме соңғы үлгідегі медициналық аппараттармен жабдықталған. Өз саласына шын берілгендіктің нақты мысалындай болып жүрген жайсаң жан 2001-2007 жылдар аралығында әуелі аудандық, кейін облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Осындай қарқынмен қызмет жасап жүріп, көптеген жаңашыл бастамалар мен идея-
ларды өзі басқаратын ұжымдағы дәрігерлердің қызу талқылауына салып, алдағы атқарылуы тиіс маңызды жоспар мен өзекті жұмыстардың оңтайлы жасалу жолдарын іздестіруден де 
жалықпайды.
      Нагима Сапаркановна 2011 жылы оныншы қараша күні басқарушы органдардың арнайы шығарған Бұйрығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалін кеу-
десіне тақты. Сонымен қатар:
      ✦ 2012 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан 
Республикасы ҰҚК шекара қызметіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
      ✦ 2013 жылы 16 шілдеде «Лучшие люди Казахстана» атты энциклопедиясының каһарманы болып марапатталды.
      ✦ 2014 жылы 2015 жылы Семей мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойына орай «Еңбек сіңіргені үшін» төсбелгісімен марапатталды.
      ✦ 2015 жылы 04 наурызда көрнекті басқару шеберлігі және Қаржы экономикалық көресеткіштердің дамуына үлес қосқаны үшін «Гордость экономики» орденімен марапатталды.
      ✦ 2015 жылы 01 маусымда Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақ-
тауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін Ұлттық Медициналық Ассоциациясының «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.
      ✦ 2015 жылы 03 маусымда «За заслуги в медицинской сфере» атты орденімен марапатталды.
      ✦ 2015 жылдың тамыз айында Президенттің Жарлығы бойынша «Қазақстан Конститиуциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 
      ✦ 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
      ✦ 2016 жылы 8 маусымда мемлекеттің экономикасының дамуына арнайы үлес қосқаны және тиімді басқарғаны үшін «Decus oeconomicae» атты орденімен және 2016 жылы Ұлттық 
медициналық академиясымен адамдардың өмірін қорғауға және сақтауға қосқан ерен еңбегі «Ave Vitae» орденімен марапатталды.
      ✦ 2016 жылы 5 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» 
медалімен наградталды.
      ✦ 2017 жылы 7 желтоқсанда ҚР Ұлттық бизнес-рейтинг оргкомитеті мен ҚР экономикасына жеке үлесін қосқаны үшін «Халық мақтанышы» атты орденімен марапатталды.
      ✦ 2019 жылы «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына енгізілді.
      Қазіргі уақытта, өзі басшылық ететін аурухананың алдағы уақыттарда жұмысын бір қалып-
қа келтіріп, жоғары медициналық білімі бар жас дәрігерлерді жұмыспен қамтып, олардың шынайы кәсіби маман атанулары үшін тиісті жағдайлардың жасалуына бас дәрігер ретінде өзі бірінші болып қолға алып, өте ауқымды жобалардың атқарылуына мұрындық болып жүр. Кәсіби дәрігер болудың қандай ауыр екенін жауапкершілік пен терең білімді, үлкен тәжірибені талап ететін ауыр мамандық екенін түсіне отырып, барынша адал, әрі таза қызмет қылуды мойнындағы қарыз бен парыз деп ұғады.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

1 ноября 2025 08:58
Назым
Гульбану Жоламановна творит чудеса.  Она знает ключ к счастливой жизни — и щедро делится им с другими. Классная женщина...
16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...