Харекеттің анасы - Гүлмира ана!
Қазақ жеріне кез келген іске дайын тұрар асыл азаматтармен қатар асыл текті қыздарды да берген. Дархан көңіл, кең пейілді ата
![]()
жолын қуған қазақтың асыл перзенттерін ерекше атап, артынан қалған асыл тұяқтарымен қатар, халқы болып есіне жиі алатынын біреу білсе, біреу білмес. Қазақ қыздарының ішінде жиырма жасында бір рулы елге билік айтып, жауға шапқан ағаларының артынан сауытын киіп, жауға шапқан қыздарымыздың ерлігінің ізін жалғаған ару қыздарымыз да бүгінде арамызда жүргені хақ. Олардың елге тигізген пайдасы ұшан-теңіз екендігін де айтпаса да халқы оны бұрынан-ақ түсініп үлгерген. Қазақтың қыздары кез келген уақытта, кез келген жағдайға даяр болып оның барынша қайыспай көтеруге барынша тырысты. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған кейіпкеріміз Гүлмира Мұханқызы туралы болмақ.
Еңбегі еленген Гүлмира Мұханқызы 1972 жылы ақпанның сегізінші жұлдызында Түркістан қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген.
Бала кезден балалық шақтың бал дәмін татып, қазақы тәрбиемен барынша сусындап өседі. Ақылды және құймақұлақ болып өскен елгезек қыз, мектеп табалдырығын аттаған сәттен қатарының алды болды. Білімге құштар жас Гүлмира мектебінің алды болып қана қоймай, барынша талапты болып өседі. Сол талабының арқасында Түркістан қаласындағы Никитин атындағы №8 орта мектебін ойдағыдай аяқтайды. Мектепті аяқтай сала, Шымкент қаласындағы Шымкент строительный техникумға оқуға қабылданып, «Бухгалтер» мамандығы бойынша аяқтайды.
Гүлмира Мұханқызы 2017 жылы 7 қазаннан бастап, «Харекет» қорын құрған. Әрі қайырымдылық қорының директоры болып қызмет етіп келеді. Елімізде «Мың теңгеге – баспана!» идеясының авторы болады. Әрі содан бері жарты миллионнан астам отбасына отау сыйлаған «Харекет» қорының бүгінгі күні әлі де көмек қолын созуға тырысып жатыр.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - деп ата-бабаларымыз айтып өткендей, Гүлмира Мұханқызының жақсылығын бұнымен айтып тауыса алмаспыз. Қазақтың: «Қарғыс алма, алғыс ал!», - деген өнегелі тәмсілін Гүлмира Мұханқызы барынша жадына тоқып өскенін байқай аламыз. Осындай аталы сөзді ұстанған әрбір адамның ешқашан да жерде қалмайтынына осы Гүлмира Мұханқызы тағы да бір рет мысал бола алады. Қазақтың жеріндей кең әрі жомарт адамның бұндай еңбегінің арқасында еңбегі еленіп, жетістіктері бағаланып жүр. Халықтың алғысымен қатар, батасына ие болған Гүлмира Мұханқызының жетер жетістіктері аз да емес деген сенімдеміз.
![]()
Осындай ерен еңбек біреуге аз болар, мүмкін біреуге көп те болар. Ал Гүлмира Мұханқызына бұл ерекше марапат, еңбектің еленгені дер едік. Басқа танымайтын адамдарға көмек қолын созу қарапайым болып көрінуі мүмкін. Алайда, сол салада жүрген адам үшін оның маңызы мен мәні ұшан-теңіз. Кейде адам баласы кез келген істі бастар алдында, ұлы жолдың алғашқы қадамын жасау үшін қорқынышы басым болып, ойындағы ісін жүзеге асыра алмай қалып жатады. Ал кейбіреулер сол ұлы қадамды қорықпай жасап өзіне де, өзгенің дамуына да барынша күш салатындығын айта кетуіміз керек. Ертедегі қазақ халқының өзінде батырлармен қатар шайқасып, ел билігіне араласуының өзі де осы қадамдардың арқасында, сарғыш тартқан сары парақтарын ақтара отырып, өз аттарын алтын әріптермен көмкере білген асыл текті қыздарымыздан айналып-ақ кетесің. Олардың басты мақсаты өзін емес, өзгенің дамуына да барынша күш салғандығында екенін де атап өткеніміз жөн болар.
Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербете отырып, жұмысының үздігі болу да тек қазақтың асыл қыздарының ғана қолынан келгеніне таңырқай бас шайқайтынымыз да жасырын емес. Ертедегі Зере мен Айғанымның жалғасындай болып, бүгінде ел алдында жүрген асыл аналарымыздың да ізін жалғастыратын ұрпақтың келер күнге деген артқан сенімі мол екендігін де айта кетуіміз керек.
Бала кезден Гүлмира Мұханқызы ата-анасының берген тәлімі мен тәрбиесінің арқасында бүгінде асыл жар, аяулы ана. Ата-анасының берген тәрбиесінен бөлек, бойына барынша жақсы мейірімділік, қайырымдылық және жомарттық сынды қасиеттерді Гүлмира Мұханқызы қызының бойына сіңіруге талпынды. Баланың жақсы болып өсуі ата-анадан екені анық. Гүлмира Мұханқызы ата-анасы да бала кезден өте жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, оның жанына жақсылық атты дәнді мейлінше егіп, жайқалып өсуіне барынша күш салғаны көрініп тұр. Еңбек еткен адамның төккен тері ешқашан да еш болмайтындығын, қайта оның еселеніп өзіңе қайта оралатынын, халықтың алғысына бөленіп, халық алдындағы жауапкершіліктің де арта түсетіндігін мықтап жадына сақтағандығын байқай аламыз. Өзінен әрқашан да биік
![]()
тұратын халықты ойлаған Гүлмира Мұханқызы рухани дамып, ісінің әрқашан да өрге домалағаны бірінші еңбектен, екіншісі айналасындағы қызметкерлерінің алғысы мен бата тілектерінен деп ойлаймыз.
Гүлмира Мұханқызы үнемі айтып отыратындай: «Харекет қоры тек қана мұқтаж жандарға баспана сыйлап қана қоймайды, жүректегі мейірімді оятып, барша қазақты бір-біріне бауыр етеді».
Сіздің екінші атыңыз – Шаттық. Себебі, әр адам сізді көргенде көңілінде ерекше қуанышқа тап болатындығын байқай аламыз. Бұл дегеніміз кез келген адамның жүрегіне жылулық ұялата білетін ерекше қабілеттің арқасында жүзеге асатындығының нәтижесі екені анық. Өйткені, адамның жүрегіне жылу беріп, оның шаттануына көп адамның санасы мен өресі жетпей, қай жерден ағаттық кетті деп бас қатыратындығы тағы бар. Гүлмира Мұханқызы барлығының жанын түсініп қана қоймай, барынша олардың да дамуына барынша күш салатындығын көре аламыз. Адамдардың барынша мейірім мен шаттыққа толы жүрегін қалайтындығын да көре аламыз. Оған Гүлмираның осы уақытқа дейін көмек қолын созған адамдар да көзбе-көз мысал бола алады. Кез келген жағдаятта қолдайтын халқының бар екендігін де көре аламыз. Бұл жұмыр басты пенде үшін орындалмас арман, баға жетпес байлық. Себебі, кез келген адамның сенімі мен қолдауына ие болу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні тағы барын ескергеніміз жөн. Ал Гүлмира Мұханқызы болса, өзі көмек қолын созып қана қоймай, өзгелерді де өзіне сенімді серік ете білді. Бұл кез келген жағдайда барынша сенімді серіктері рухани қолдаудан бөлек, материалдық көмектерін де аямайтынын көрсетеді.
Бүгінгі күні елеулі қызметте істеп келе жатқан Гүлмира Мұханқызы «Харекет» қайырымдылық қорына қосатын үлесінің де өте көп екендігін білеміз және тілекшіміз. Көп адам жүрегі дауалап осындай қайырымдылық жолын таңдай бермейтіні тағы бар. Бұл қасиетті тек жүрегінің түгі бар, адамның жанының арашашысы болуды шын ниетпен тілеп, армандаған адамдар ғана таңдайтынын бүгінгі күні сезіп келеміз. Себебі, бұл қасиет жайында осы қасиетті бойына сіңірген әрбір жан: «Қайырымдылықпен айналысу үшін ерікке сеніп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек», - дейді. Қайырымдылықпен айналысу үшін ең алдымен жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, бұл қасиетті шексіз сүю керек. Себебі, қайырымдылық жасаған әр адамды өз жақыны санайды. Тәжірибе жүзінде біліміңді шыңдаудан да жалықпау қажет. Әрдайым ізденісте жүруге дағдылану керек, күресе білу керек. Қайырымдылықпен айналысатын адам – күрескер адам. Қайырымдылықпен айналысатын жұмыр басты пенде көмек қолын созған әрбір адамның жанын да, тәнін де сақтап қалу үшін нағыз майданның даласында жүретіні анық.
Қорыта айтқанда, Гүлмира Мұханқызы – ел анасы, елдің тұтқасы ретінде халқының қамын ойлаған еңбек адамы. Осындай ерен
![]()
еңбегінің арқасында халықтың сеніміне ие болып қана қоймай, халқының қолдауына ие болды. Өйткені, ол өзінің барын халқымен бөлісуге салды. Осы қасиетінің арқасында жұмысшыларын да барынша ынталандыруға күшін салды. Айта кету керек, Гүлмира Мұханқызы әрбір атқарған жұмысы көптің көңілінен шығып, халықтың алғысы мен батасына да ие болды.
Қызметтес әріптестері арасында да барынша жаны жомарт, ақ пейілді адамгершілігі, қолындағы барлығына бөліп беретін бауырмалдығы арқылы көзге түскенін айтады. Әріптестері бұндай қызметкермен таныс болғанын өздеріне бақыт әрі мәртебе санайды. Әр қызметкерге ерекше ықыласпен қарайтындығын да жасырмайды. Гүлмираның тұлғасы мінезіне сай екендігін жиі айтады. Барын бөліп беретін, отбасыларына туысындай қарайтын ақ жүрек адамды бірінші рет кездестіргендерін де жасырмайтындарын арасында айтып қалды. Әрқашан да шыншылдық және адалдығының арқасында қызметкер арасында да ерекше көзге де түсіп қана қоймады, өздеріне үлгі санайтын адамдардың да саны арта түсетіні анық.
Қызметтес әріптестердің арасында да барынша жаны жомарт, ақ жүрек адамгершілігімен көзге түскендігін жиі айтады. Әріптестерінің арасында дәл осындай жаны жомарт адаммен қызметтес болғандарын мәртебе санайтындары да өте көп. Сол мәртебесінің мәйегі ретінде алған марапаттары да жетерлік. Қайырымдылық жасап, елге көмектесіп, жарты миллионнан аса отбасыларға баспана сыйлағаны үшін «Харекет» қоры және Гүлмира Мұханқызы 2020 жылы Талдықорған қаласы әкімі Ғ.Әбдірайымовтан «Алғыс хат», 2020 жылы Ақтөбе облысы әкімі О.Оразалиннен «Алғыс хат», 2021 жылы Панфилов ауданы әкімі Т.Өмірәлиевтен «Алғыс хат», 2021 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибағаровтан «Алғыс хат», Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеевтен «Алғыс хат» иеленіп, еңбегі еленді.
Бүгінгі күні Гүлмира Мұханқызы үлкен жетістікпен, абыройға жетті, халқының құрметіне бөленді. Ендеше, Гүлмира Мұханқызына дәйім сәттіліктер мен зор денсаулық, қажымас қайрат, ұрпақ жадында мәңгі сақталатын саналы ғұмыр тілейміз. Тарих сахнасындағы атыңыз алтын әріптермен жазулы тұруын шын жүректен тілейміз. Сіздің екінші атыңыз – Еңбек. Қазақта: «Еңбек бәрін жеңбек», - деп жиі айтады. Гүлмира Мұханқызының әрбір жұмысының артында еңбектің жатқандығын байқай аламыз. Еңбектің ешқашан де еш болмайтындығын, қайта сол еңбектің арқасында елдің алғысы мен батасына ие болатынымыз жасырын емес. Осы уақыт аралығындағы атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік өз дәрежесінен асырыла орындалғанын, оны орындау барысында өз жұмысына қалтқысыз берілген асыл тұлғаны көре аламыз. Халқына қорған бола білген әрбір адам, дәл осы Гүлмира Мұханқызыдай болса нұр үстіне нұр болар еді.
Кешегі Зере мен Ұлжанның, Шоқандай асыл адамды тәрбиелеген Айғаным ханымның көрегендігі мен біліктілігі бойыңыздан табылып, әрқашан да сәттіліктер мен зор дансаулық, қажымас қайрат, ұрпақ жадында мәңгілікке сақталатын саналы да, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өз ізіңізді жалғастырып, сіздің атыңызды шығаратын жас қырандарыңыз өте көп болсын. Гүлмира Мұханқызы атымен бірге адамгершілік секілді бірнеше қасиеттерді топтастыра аламыз. Себебі, осыншама еңбектің артында тамаша мінездің де жатқаны анық. Дәл Гүлмира Мұханқызы зерлі әрі ертедегі әйел адамның қорғаны болған тұмарша секілді. Ол әйел адамды тіл мен көзден сақтап қана қоймай, оны әсемдік үшін де қолданысқа пайдаланған. Ертедегі қазақтың осындай асыл әшекейі секілді бүгінгі күнде адамдарға жақсылық нұрын сеуіп, соның өсіп-өнуіне барынша күш салатындығы ерекше жанымызды жылытады. Орал әпкемізді кейде аспандағы күнге де теңесек артық емес-ті. Себебі, барлық тіршілік күннің жылуымен өмір басталатын болса, Гүлмира Мұханқызы жайсаң мінезі арқылы адамгершіліктің бастауы болатыны анық. Гүлмира Мұханқызына қарай отырып, жақсы мінездің жан аздырмайтындығын көре аламыз. Осы уақыт аралығындағы атқарған әрбір еңбектің артында көркем мінездің де бар екендігі жасырын емес. Жауапкершіліктің де барынша жоғары болуы істің де ары қарай өнуіне барынша байланысты екендігін көре аламыз. Халқына барынша күндей жарқырап адамның жанын жылытып қана қоймай, жақсылық үшін қызмет еткені үшін де халқы алғыс пен батадан басқа айтары жоқ.
Ел үшін аянбаған кешегі асыл текті қыздарымыздың жалғасындай болған, Гүлмира Мұханқызына тек жақсылық тілейміз. Қашан да, мінберлі биіктерден көрініп, барынша саналы ұрпақ тәрбиелей беріңіз, еліне еленген лайықты тұлға болыңыз Гүлмира Мұханқызы! «Харекет» Қайырымдылық қорының атқаратын қарекеттері ешқашан да таусылмасын! «Харекет» Қайырымдылық қоры қысылған жандарға әрқашан да көмек қолын созудан талмасын демекпіз!