Ембергенова Марфуға

Рейтинг:
Құрметке лайықты дәрігер

      Медицина деп аталатын үлкен теңіздің ортасында дәрігерлік қайығын есіп келе жетқан, қатардағы дәрігерден «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің емдеу – алдын алу қызметін дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтеріле білген Марфуға Жұмабекқызы 1963 жылдың 27 қазанында Жезді ауданы, Қарсақбай кентінде дүниеге келді. 
      Талай жанның тән шипагері болған Марфуға Жұмабекқызы туған өлкесінің самалымен жарасып, дүлдүлдер мен тарландардың табаны тиген топырақта балалығын өткізіп, 1971 жылы ауыл іргесіндегі №1 Жамбыл Жабаев атындағы мектептің табалдырығын аттады. Ұрпағынан үлкен үміт күткен әрбір ата-ана перзентінің оқып, білім алып, ертеңгі күні үлкен азамат болып қалыптасқанын қалайды. Үлкеннің айтқанын екі еткізбейтін, алғыр, тілалғыш болып өскен бала Марфуға Жұмабекқызы да кішкентайынан ата-анасының қолқанат болумен қатар, мақтанышына айналды.       Арман – күннің жылуын іздеп басын бұрған күнбағыстай, жас өренді үлкен өмірге ұмтылдыратын, қиялындағы істі іске асыруын мүмкіндік беретін, енжарға таудан биік, талаптығы бетегеден де аласа ерекше қасиет. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ дәрігер болсам деген мақсатын тұсбағдар етіп алған Марфуға Жұмабекқызы 1981 жылы Жезқазған қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы білім ордасынан түлеп ұшқан соң да жүрегіне жақын мамандыққа баруға бел байлады.       Алған бетінен қайтпайтын қайсар да өжет қыз ақыры дегеніне жетіп, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетіне түсіп, оны 1987 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Баламен жұмыс нәзіктікті, мейірімділік пен ерекше махаббаты, қылдан да нәзік, қардан да үлпек мінез бен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баламен жұмыс табиғатынан ұнаған Марфуға Жұмабекқызының алғашқы еңбек жолы 1987 жылы Жезқазған қаласындағы Облыстық балалар ауруханасында дәрігер – педиатр болумен басталады.       Марфуға Жұмабекқызы одан арғы қызметін 1989 – 1999 жылдары аралығында Кеңгір поселкесінде учаскелік балалар дәрігері, 2000 – 2005 жылдары Жезқазған Қазақ – Түрік лицейінде балалар дәрігері, 2006-2009 жылдары Қалалық балалар ауруханасында кардионефрология бөлімшесінде дәрігер – нефролог болып мол тәжірибе жинап, ұжым үдесінен, басшылық сенімінен шыға білген, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілетінің арқасында 2010 жылдан бастап «Қарағанды облыстық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Жезқазған аймақтық өкілдігінде бас маман болып орналасты.       Білікті маман, тәжірибелі дәрігер, ұйымдастырушы, жаңашыл тұлға. Өзінің қызмет жолында ауылдық аймақтарда педиатрия саласын дамытуға, киелі Ұлытау аймағының тұрғындарына алғашқы медициналық – санитарлық қызмет көрсету ісінің өркендеуіне зор үлесін қосып келеді. Қоғамдық жұмыстарға, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға белсене араласады. Денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен заманауи өзгерістерді қабылдап, оның нақты жүзеге асуына ат салысқан. Өзіне және ұжымға қойылған мақсаттар мен міндеттерге үлкен жауапкершілікпен, талаппен қарайды. Ұжымның, тұрғындар мен пациенттердің сыйы мен батасына бөленген, жан-жақты дамыған, жаңашыл тұлға.
    2022 жылы «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің емдеу – алдын алу қызметін дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы болып тағайындалған Марфуға Жұмабекқызы бүгінгі таңда осы лауазымды абыроймен атқарып келеді. 
      Әр еңбектің, әр үлкен істің өз деңгейіне сай, бағасы да болады. Марфуға Жұмабекқызы бұл жағынан келгенде кенде емес. Оны мына бір марапат тізімдерінен аңғаруға болады. Атап айтар болсақ:
      2021 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
      ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
      «Медициналық Ұйымдардың Қазақстандық Альянсы» Қарағанды облысы бойынша филиалының «Кәсіби жетістіктері үшін» медалі;
      ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаты; 
      Сонымен қатар, Денсаулық сақтау саласындағы жемісті қызметі үшін және қоғамдық – саяси белсенділік, Жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін облыс әкімінің, облыстық Мәслихаттың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, қала әкімінің, қалалық Мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.      Марфуға Жұмабекқызы қызметпен қатар, отбасын да қатар алып жүрген, бір әулеттің түтінін түзу ұшырып, азаматын ардақтап, саналы ұрпақ тәрбиелей білген асыл жар, аяулы Ана. Жары Барекенов Сайран Ажмагамбетұлы екеуі екі перзент тәрбиелеп өсіріп, қонысын кеңейткен бақытты жан. Барекенов Самат - Жезқазған қаласының ПБ ӘПБ Жол техникалық инспекциясының аға мемавтоинспекторы полиция капитаны, жаняұлы, екі қыз тәрбилеп отыр. Барекенов Сакен - АҚ ТНК КАЗХРОМ менеджер қызметін атқарады, бір қыздың әкесі.      Қастерлі мамандық иесі атанып, елге етене жақын болып, абыройлы қызмет ету – біле білген адамға үлкен бақыт. Міне, осындай бақыт бұйырған бүгінгі кейіпкеріміз Марфуға Жұмабекқызының кәсібіне табыс, отбасына амандық тілейміз! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...