Жастар саясатының сайыпқыраны
![]()
Қай уақытта да жастар мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп, ұрпақ тәрбиесі күн тәртібінің бірінші пунктінде тұрғаны секілді бүгінгі таңда да жастарға көңіл бөлу сыртта қалған жоқ. Жыл сайын үкімет жастар саясаты бағдарламасымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жастардың арасындағы жұмыссыздықты жою, денсаулығын сақтау, өз ортасының үздіктеріне демеу танытып, білім-ғылым, өнер, спортта жетістіктерге жетуіне себепші болып келеді. Осының өзі-ақ үкіметтің жастардың болашағынан үлкен үміт күтетінінің дәлелі емес пе?! Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Маханова Гүлжазира Бекетқызы осы жастар саясатын жүзеге асыру, оларды қоғаммен байланыстыру саласында қызмет етіп келе жатқан, жанарынан жалын ұшқыны менмұндалаған талапты жастардың бірі.
«Қой асығы демеңдер, қолыңа алсаң сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға ғой» деп өмір көріп, тіршіліктің берекесін сезінген аталарымыз айтып кеткендей, бүгінгі кейіпкеріміз жас болса да талай белестерді бағындырып үлгерген, тек алға жүруді мақсат етіп, өзінің білімі мен тәжірибесімен ел тұрғындарымен, жастармен бөлісіп келе жатқан, үкімет пен жастардың арасындағы алтын көпір болған Гүлжазира Бекетқызы 1992 жылдың 12 ақпанында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келді. Бала бақытының гүл жарған көктемі болған әкесі Маханов Бекет Бегімұлы аудандық агропром строй мекемесінде қызмет атқарған, зейнеткер, бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлік саласында мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мейірім нұры күн шуағынан да жылы анасы Алпысбаева Рыскүл Дамбілшеқызы Механикалық заводында токорь қызметін атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Өмір құндылығы мен адами асыл қасиеттерді жоғары бағалаған әулеттің үлкені Маханова Гүлнұр Бекетқызы тұрмыста, 2 баланың анасы, қазіргі уақытта Жосалы кенті әкімі аппаратында қызмет атқарады. Екінші перзенті Маханов Қанат Бекетұлы қазіргі уақытта Алматы қаласы ҚР Мемлекеттік қолбасшысының аэро-ұтқыр әскерінің басқармасында, үшінші перзенті Маханова Гүлбану Бекетқызы Қызылорда қаласындағы Ералаш балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. Қазіргі таңда тұрмыста, 2 бала тәрбиелеп отыр. Ал кенжесі
Гүлжазира Бекетқызы туралы қазір таратып айтып өтпекшіміз.
Гүлжазира Бекетқызы кішкентайынан алғыр, қызыққан затын қолына ұстап көрмейінше тыным таппайтын, әр ісінен бір нәтиже шығара білетін, тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол болып өсті. Үлкен өмірге жолдама берер білім ордасының табалдырығын 1998 жылы Ә.Егізбаев атындағы №121 қазақ орта мектебінде аттаған жас әрдайым үздік оқушылар сапында болды. Жарқын болашаққа бастайтын білім ордасында жүріп, өмірден өз орнын тауып, адам болып қалыптасуына сеп болатын асыл қасиеттерді бойына сіңіре білді. Кішкентайынан ширақ қимылды, ұстаздарының тапсырмасын екі етпей орындайтын, алғыр, қағілез жас мектептің қоғамдық өмірімен белсене араласып қана қоймай, пән сабақтарын жақсы оқуда да ұстазының мақтауына ие болды. 2008 жылы оныншы сыныпты бітірген
Гүлжазира Бекетқызы Қызылорда қаласына арманмен аттанып, Абылай хан атындағы Қызылорда Мемлекеттік колледжінде қаржы жұмыстары бойынша экономика факультетіне оқуға түседі.
2011 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген жас маманның алғашқы еңбек жолы Қызылорда қаласында орналасқан ТОО «Нұр-Талап и К» ЖШС-не есепші болумен басталады.
Гүлжазира Бекетқызы қаржы саласында қызмет ете жүріп, білімін одан әрі жетілдіру мақсатында 2013-2017 жылдар аралығында Қызылорда қаласы Болашақ университетінде қаржы мамандығы бойынша экономика БАКАЛАВРЫ академиялық дәрежесін игерді. Қандай жұмыста болса да игеріп алып кететін, жанындағыларды бір іске иіріп алып кететін ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, өзінің қарым-қабілетін, қоғаммен, адаммен, жастармен жұмыс жасау қабілетін көрсетіп, аудан басшыларына мойындата білген жас 2014 жылы «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінде төрайым қызметін атқарған.
Бастаған қандай ісін де нәтижелі ете білген дарынды жас Гүлжазира Бекетқызы басшылық қызметтің алғашқы сатысына аяқ салған соң, білім деңгейін құқықтық салада көтеру мақсатында 2019 жылы Түркістан облысы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент Университетіне» оқуға құжат тапсырып, 2023 жылы Құқықтану мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алады.
Міне, қоғамдық жұмысты да шыр айналдырып, билік пен жастардың арасында үзілмес жіпті жалғап, жастар саясатын жүзеге асыруда тынбай еңбектеніп келе жатқан Гүлжазира Бекетқызы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қазіргі таңда «Қармақшы аудандық Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Төретам кентіндегі бөлімшесінде қоғаммен байланыс жөніндегі маман және 2019 жылдың маусым айының 6-шы жұлдызынан бастап «Төретам Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Жастар саясатының дамуына өз үлесін қоса жүріп, 2014 жылдан бастап аудандық облыстық мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік сатып алу (госзакупка) арқылы түрлі жобаларға қатысып келе жатқан Гүлжазира Бекетқызы «Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу» жобасы аясында және 2015 жылы Қармақшы аудандық аулалық клубтар жұмыстарын үйлестіру жобасы аясында түрлі шаралар, жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша көптеген жұмыстар атқарды.
2013-2023 жылдар аралығында облыстық съездер мен форумдардың делегаты болып қатысқан Гүлжазира Бекетқызының қол жеткізген жетістіктері мен еңбегінің бағасы болған марапаттары да жетерлік. Кейіпкеріміздің мерейі үстем болсын деген ниетпен марапаттарына кезек берсек:
• 2013 жылы Қармақшы аудан әкімі Н.Шамұратовтың қолынан «Жас Көшбасшы» аталымының Иегері;
• 2014 жылы Қармақшы аудан әкімі Н.Шамұратовтың Дипломы;
• 2014 жылы 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасында пневматикалық мылтық атудан ІІ орын;
• 2014 жылы 23 қазан «Мемлекет және азаматтық қоғам» атты үкіметтік емес ұйымдарының аудандық конференциясында «Болашақ» аталымы бойынша марапат иесі;
• 2016 жылы Саяси өмірге белсене атсалысқаны үшін аудан әкімі С.Мақашовтың Алғыс хаты;
• 2017 жылы 4 маусым рәміздер күніне орай Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашовтың Алғыс хаты;
• 2018 жылы Қармақшы аудан жастар мәслихатының депутаты және Қармақшы ауданы әкімінің жылдың «Үздік Жас маман» аталымы;
• 2019 жылы 12 тамыз Халықаралық жастар күні мерекесі орай Қармақшы ауданы Төретам кенті әкімінің Алғыс хаты;
• 2019 жылдың желтоқсан айында Үкіметтік емес ұйымдардың жыл қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Омаровтың Алғыс хаты;
• 2020 жылы 12 тамыз Халықаралық жастар күні мерекесіне орай Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбековтың Алғыс хаты;
• Төретам кентінің әкімі Ж.Жұмабаевтің Алғыс хаты,
• Аудан әкімінің «Жылдың үздік көшбасшысы» аталымының Иегері;
• 2021 жылдың 8 наурызында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ахметтің Алғыс хаты;
• 2022 жылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың Алғыс хаты;
• Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекованың Алғыс хаты;
• 2022 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың Алғыс хаты;
• Қ.Р Президентінің сайлауын ұйымдастыру мен жоғары деңгейде өткізілуіне қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекованың Алғыс хаты;
• 2023 жылы ҚР Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №4 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттыққа үміткер.
• 2023 жылы 12 тамыз халықаралық жастар мерекесіне орай Қармақшы ауданы жастар саясатына сүбелі үлес қосқаны үшін Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Расында халықтың құрметіне бөлену елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе емес пе? Бұл жерде, ең алдымен, айналаға адамгершілік қасиет әсер ететіні ақиқат. Өйткені, адал еңбек ету қажеттіліктен тумайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен туындайды. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін жандардың мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болады. Демек, Гүлжазира Бекетқызы Қармақшы ауданының жастар саясатының дамуына, жастар мәселесін көтеріп жүрген саласында абырой-беделмен адал еңбек етіп жүрген жандардың бірі де бірегейі деуге болады. Ол үшін еңбектің өтемі де, бағасы да оның саладағы абыройлы еңбегінің нәтижесі де, жемісі де, халықтан алған алғаусыз алғысы мен жастардың шын пейілді ризашылығында дер едім.