Мендалиева Қалжан Бурабекқызы

Рейтинг:


Құрылыс саласының ардагері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері

Маңғыстау ауданынан шыққан тұңғыш әйел – құрылысшы

      Батысында еркелей аққан Еділ мен Жайықтан бастап, шығысында қазба байлықтарын бауырына басып жатқан кенті Алтай таулары, қазақтың кеңдігі мен дархандығына, кең пейіліне берген тәңірдің алтын қазынасы. Тасын түртсең тарихына тіл бітіп, шөбін тартсаң түгінен мұнай атқылайтын қазыналы қазақ даласы әлі де көзін ашуын күтіп жатқан, тас бүркенген тылсым дүние. Міне, ел игілігі үшін қызмет етіп, тоңтеріс жатқан табиғаттың байлықтарын елдің берекесін кіргізуі үшін зерттеп, танып, ел қолданысына беру, елін, жерін сүйген әр перзенттің арманы, елге қызмет еткен ғалымдардың міндеті. 
      Ел шетіне келген жау тұлпарын тұяқсыз, батырын бассыз қайтарып, қалқаны сөгілсе де қабырғасымен ел қорғаған батыр да, отыз тістен шыққан сөзі отыз рулы елге тараған ақын да, қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбай бүгінгіге жеткізген ұлт жанашырлары да, құздан да биік, мұхиттан да терең ғылымның түбіне бойлап, ел қызметінде жүрген ғалымдар да анадан туып, ана мейірімінің бесігінде тербеліп өседі. Қай салада жүрсең де, халқыңа пайдаңды тигізу, жүрегінде қазақ деп дүрсілі соққан әр пенденің азаматтық борышы, пенделік парызы. 
      Міне, осындай құрылыс, мұнай саласында еңбек етіп, өзінің адал еңбегінің арқасында бедел биігіне көтеріле білген нар тұлғалы еңбек адамдарымыздың бірі – Мендалиева Қалжан Бурабекқызы. 
      Қалжан Бурабекқызы 1947 жылдың 14 желтоқсанында Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауыл советінде дүниеге келді. Балалық көктемінің талын бүр жарғызып, әрдайым бастаған ісіне қолдау бола білген асқар тау әкесі Бурабек Алшынұлы мен аналық алақанының табы оттан да ыстық анасы Ғная Ғұбайдуллинқызы кеңшар тірлігімен айналысқан, саналы ғұмырын қаржы саласына арнаған еңбек адамдары болған.
      Мектеп табалдырығын Шахта орта мектебінде аттады. Кішкентайынан-ақ өзінің ой ұшқыр-лығы, тапсырманы орындау барысындағы жинақы, тиянақтылығымен үлкендердің алғысын ала білген баталы қыз мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ерекше қабілеттерімен көзге түсе білді. Қолына қылқаламын алып сурет салғанда туындысына таңдана қарайтын ұстаздарынан алған мақтау өз алдына, сыныпішілік, мектепішілік өткізілген спорттық сайыстарда өзінің ширақы қимылымен, жылдамдығымен, шымырлығымен көптің қошеметіне ие болады.
      Талай қыранды қанататтандырған іргелі білім ордасы ауыл мектебін белсенділер сапында тәмамдаған жас 1966 жылы Алматы құрылыс техникумына оқуға түседі. Бойда бар қабілет бұғып жатсын ба, жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде де білім ордасының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады. Осылайша, өзінің таңдаған мамандығы саласында бағдарламаны толық меңгеріп, «Азаматтық-өндірістік құрылысшы» мамандығын алып шығады.
      Азаматтық тұлғасы адамгершілік кірпішімен қаланған Қалжан Бурабекқызының алғашқы еңбек жолы 1969 жылы Шетпе поселкасында инженер болумен басталады. Қандай іске де бел шеше кірісіп кететін жас маман өзінің оқып-білгенін іс жүзінде көрсете біліп, аз ғана уақытта өз саласын игеріп алып кетті. 
      Өзінің құрылыс саласындағы білімін одан әрі толықтыру мақсатында 1972 жылы Қазақтың техникалық институтына оқуы түскен Қалжан Бурабекқызы 1973 жылы Маңғыстау облысына шақырып, Облыстық күрделі құрылыс бөлімінде аға инженер, бас инженерлік жұмыстарды атқарады.
      1972-1978 жылдар аралығында Қазақтың техникалық институтының (ПГС) «Азаматтық және өндірістік құрылыс» мамандығы бойынша «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітіріп шыққан Қалжан Бурабекқызы Маңғыстау ауданы бойынша әйел адамнан ең бірінші дипломды құрылыс иегері атанды. 
      Қалжан Бурабекқызы 1978 жылы жанұя жағдайына байланысты, Маңғыстау мұнайгаз саласына жұмысқа ауысып, 1986 жылы жаңа ашылған Қаражанбас мекемесіне министрліктің бұйрығымен ауысып, сол мұнай саласы құрылысында жиырма жеті жыл адал еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Өзіне де, өзгеге де қатаң талап қойып, елге болсын деп жүрген, түсініспеушілік жәйттердің де ортасында қалған кездері аз емес. Күйзелген тұстары да көп болды. Бірақ та, жақсылықты ұмытпайтын, үлгі тұтар азаматын өкпеге бермейтін ел емеспіз бе, абзал азаматтың қадірін білушілер де аз емес еді. Қалжан Бурабекқызының білімділігі, талап қоя білетіндігі, ұйымдастырушылық қабілеті, жылдар жетегінде жиналған тәжірибесі ел экономкиасына, сол кзедегі Атырау өңіріндегі мұнай саласына керек еді. Қызмет атқарған жылдары өзінің деңгейі биік сала үздігі, ұжымды бір іске жұмылдыра білетін маман ретінде көрсете білді. 
      Қалжан Бурабекқызы тапсырылған қызметті атқаруда да адамдық қалпынан айныған жоқ, адал еңбек ете білді. Нәтижесінде, елге сіңірген қажырлы еңбегі бағаланып, «Еңбек ардагері» медалі, «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» және «Маңғыстау облысына 35 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. 
      Ел экономикасын алға сүйреп, дамыған отыз елдің қатарына ену жолында мәртебемізді асқақтатып, көк туымызды желбірететін, қазақ елі тұрғындарының әлеуетін көтеріп, мәңгілік ел болып қалыптасу жолында маңызды рөл атқаратын мұнай саласының дамуы үшін, қара алтынның қазақ еліне қызмет етуі үшін, сауатты да білікті мамандар даярлап келе жатқан Қалжан Бурабекқызы заман талабына сай еңбек етіп, ұжымды басқаруда біліктілік қабілеті көрсете белген, адамдық ақ жолдан айнымаған маман. Кісі көңіліне кірбің түсірмейтін, жібек мінезді, жолы үлкеннің алдын кесе өтпейтін кішіпейіл, ізетшіл, ұлттық құндылықтарды ардақтай білетін, жүрек түкпірінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі жалындап тұрған, жарқын болашақтың кілті білімді де сауатты мамандары екенін түйсігімен ұғынып, еліне қызметін есепсіз ете білген Қалжан Бурабекқызы барда қазақ елінің көгінде еркіндік қыраны мәңгілік қалықтап, көк туымыз желбірей бермек.
      Қалжан Бурабекқызы қызметте білікті маман, ағайын арасында абыройлы адам ғана емес, отбасында асыл жар, аяуы ана бола білді. Жары Дариев Рсалы екеуі саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұл мен қыз өсіріді. Алыстаған сайын шоқтығы биіктей түсетін Алатаудай күннен күнге қоғам өміріндегі азаматтық орны айқындалып, ел үшін атқарған істері еленіп, көпшіліктің құрметіне бөленіп келе жатқан Қалжан Бурабекқызы ұрпағы үшін болмысы ешқандай қалыпқа сыймайтын, талантты суретшілердің өзі адамдық кейпін қағаз бетіне ашып түсіре алмайтын айрықша тұлға.Саналы ғұмыры өнеге мен тәрбиеге толы, айтқан әр сөзінде ақыл-кеңес тұнып жатқан, атқарған істерінен адамдық пен адалдықтың иісі жұпарын шашып тұрған құрылысшы, мұнайшы Қалжан Бурабекқызы жайында айтылар сөз де, жазылар мақала да аз емес. 
      Өткеніне үңіліп қараған сайын теңіз астынан маржан тауып алғандай бейтаныс бір қырынан танылатын жанның бедел биігінде өрлей беруіне тілектеспіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
27 сентября 2024 17:40
Құралай

Қалжан апа! Сіз бар жақсыға лайықтысыз алтын кітапқа енуіңізбен құттықтаймын мен сізбен мақтанамын
27 сентября 2024 17:38
Құралай

Қалжан апа! сіз бар жақсыға лайықтысыз  алтын кітапқа енуіңізбен құттықтаймын мен  сізбен мақтанамын
Меңдалиева Құралай Бурабекқызы

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...