Мағазов Қадыржан

Рейтинг:

Ұрпағы ардақ тұтқан арда азамат

      Уақыт сағымының жалыны тербеткен тіршілікте өзінің қарапайымдылығымен, адами асыл қасиеттерімен, еңбекқорлығымен, ізденімпаздығы және адами болмысымен, адалдығы, әділдігі, еңбексүйгіштігімен өз ортасының құрметіне бөленіп келе жатқан еңбек адамдары аз емес. Әңгімемізге арқау болғалы отырған жан кісілігі мен кішілігі, пайымы мен парасатының арқасында қандай ортаға барса да төрден орын алған, айбыны мол азамат – Мағазов Қадыржан. 
      Ел азаматы еліміздің батыс өңіріне қарасты Гурьев облысы, бұрынғы Новобогат ауданы, Мыңтөбе ауыл советінде 1939 жылы дүниеге келген. Қарапайым отбасында дүние есігін ашқан жан өн бойына ата-ананың тағылымды тәрбиесін сіңіре білді. Балалық шағын аталмыш өлкеде өткізіп, алғаш Мыңтөбе ауылдық советіне қарасты «Елтай» колхозы Талап бастауыш мектебінде 1947 жылы бірінші сыныптың табалдырығын аттайды. Сол тұстағы заман тынысына қарай білім алу үшін балалар жақын ауылдардағы мектептерге қатынап оқып, оқуға қол жеткізетін еді. Міне, осындай реттілікпен бастауыш мектептен кейін Мағазов Қадыржан Папанин 8 жылдық, Ворошилов, Куйбышев мектептерінде білім алып, 10 сыныпты тәмамдап шығады. 
      Текті жерден тамыр тартқан, бойындағы асыл қасиеті бабаларынан берілген, ақыл мен еңбек етуге деген құштарлығы көпті тәнті ететін Қадыржан Мағазов 1958-1961 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеп келеді. 
      Темір тұлпарға деген қызығушылығының арқасында тракторист мамандығын алып, 1962 жылдан «Забурын» қаракөл совхозында 20 жыл бойы тракторист болып еңбек етеді. Саналы ғұмырында өзінің парасаттылығымен, белсенділігімен көпке үлгілі жол көрсетіп, адал еңбектің нақ көрінісін көрсеткен Қадыржан Мағазовтың адал еңбегі өз кезегінде жоғарыдан бағаланып, аудан, облыс көлемінде социалистік жарыстың көшбасшысы атанды.
      Байсалды мінезді, көпті көрген, елге сіңірген еңбегі зор парасат иесі өз кезегінде совхоз экономикасын көтеруде еңбегінің арқасында 1967 жылы партия қатарына қабылданады. 
      1967 жыл Қадыржан Мағазов үшін табысты жылдың қатарында болды, ауданның «чемпион механизаторы» деген атаққа ие болды. Елге еткен еңбегі лайықты бағаланып, 1973 жылы желтоқсан айының 24-жұлдызында СССР Жоғары Советі Президиумының қаулысымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және 1976 жылы «Октябрь Революциясы» орденімен, «Лениннің 100 жылдығы» медалімен, ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін 1977 жылы табиғи-апат су тасқыны кезінде адамдарды мал-мүлікті құтқарудағы көрсеткен жүректілігі мен жанқияр қызметі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен және КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін Күміс медальмен марапатталды. 1978 жылы ВДНХ-ның жеңіл «Москвич 412» автокөлігін сыйға алады. КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің бас комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1978 жылы «1977 жылғы облыс чемпионы» құрметті атағы берілді. Тіптен, 1981 жылы іс-сапармен Үнді еліне саяхатқа барып келеді. 
      1982-1987 жылдары «Забурын» совхозы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, 1988 жылдан 1994 жылға дейін трактор бригадасының бригадирі болып кызмет атқарып, 1994 жылы зейнеткерлік демалысқа қол жеткізеді. Нәтижесінде облыстық дережедегі дербес зейнеткер атанады.
      Еңбек ардагері елді көркейтуге өз үлесін қосты. Сөзіміздің дәлелі, 2003-2005 жылы ел президенті жариялаған «Ауыл жылдарының» қорытындысымен «Үздік механизатор» номинациясы бойынша жеңімпаз атанады. 2009 жылы ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі үшін және мерейлі 70 жасқа толуына орай Исатай ауданының Құрмет грамотасымен марапатталады. 2011 жылы ауданның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген енбегі үшін жене Республика теуелсіздігінің 20 жылдығына орай ел азаматына «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 
      Қадыржан Мағазовтың өз отбасы жайында айтар болсақ, Жұбайы Суханова Сатыбалдымен 1963 жылы отбасын құрып, 9 перзент – 4 атұстар, 5 қызғалдақты жетілдірген жандар. Балаларының бәрі де отбасылы, әртүрлі салада елімізді көркейтуге өзіндік үлестерін қосуда. Бүгінде ардақты ата-ананың перзенттерінен 14 немере, 6 шөбере, 20 жиен, 9 жиеншар өсіп жатыр.
       Абзал азамат 76 жасына қараған шағында мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Адамзат үшін оның жүріп өткен жолы, артына қалдырған игі істері тіршілікте ұмтылмайды, оны ұрпақтары ардақтап отыратыны сөзсіз дүние. Жақсы адамның өмірі тек ұрпағына емес, көпшілікке үлгі болары ақиқат.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
31 декабря 2024 00:08
Магазова Г

Ардақты әкем әлемдегі ең жақсы адам!

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...