Карменова Нұржамал Аманбекқызы

Рейтинг:


Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Кенжехан» шаруа қожалығының құрылтайшысы

Еңбектен бақыт тапқан батыр ана

      Шынында, әйелдің қолынан келмейтін іс жоқ. Ер азамат сынды еңбек етіп, онымен бірге дүниеге перзент әкеліп, тәрбиелеп, өсіріп, қатарына қосуда әйел-ананың алар орны ерекше. Ердің ері ғана көтерер мал шаруашылығында жүріп, шағын отбасының таршылық көрмеуіне өз еңбегімен жеткен жандар аз емес. «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз осыдан қалса игі. Өзінің сүйікті ісімен айналысып, ерекше қырынан танылған нәзік жандылардың бірі – Карменова Нұржамал деуге болады.
      Карменова Нұржамал ҚХР Ластай қаласында 1940 жылы 5 қарашада туған. Қытайда 7 жылдық білім алған. Ата-бабасы Қытаймен шекаралас қоныстанып, шекара бөлінгенде Қытайда қалыпты. Балалық, жастық шағы бәрі сол Ластайда өткен Нұржамал бала күнінен еңбекқор болды. 1962 жылы шекара ашылып, жұрт елге өтіп жатқанда сол толқынмен бірге туған елге оралған екен. 
      Қытайдағы туған-туыстарының бәрі бір үлкен ауыл болып өсіп-өнген. 7 жылдық білім алу сол кезде жоғары саналатын. Туған жерге келгеннен кейін сол 1962 жылы болашақ жары Хасенмен табысып, екеуі отау құрады. Екеуі де сауатты, хат таныған жандар болғандықтан, еті тірі, пысық, ширақ адамдар бір отар қойды қабылдап, зейнетке шыққанша қой түлігін өсірумен айналысты.
      Қазақта «дарақ бір жерден көгереді» деген нақыл сөз бар. Былай қарағанда қарапайым ғана естілетін осы сөздің астарына үңілсеңіз, терең мағына жатқанын аңғарасыз. Қайсыбіріміз бұл даналықты өзімізге ыңғайлап, хал-қадірімізше пайдаланып жатамыз. 
      Нұржамал көзін ашқаннан көрген төрт түлікке ғұмырын арнап келеді. 
      «Балалық шағым бақытты өтті. Әкем мен анамның өздерінің шаруашылықтары болды, дәулетті, ауқатты жандар еді. Бала кезімде көп армандайтынмын, арманшыл болатынмын. Қияларға самғайтынмын ойша. Бірақ, ер адамның, сырттың жұмысына икемді едім. Ата-анамыз санамызға «Мал бағу – бейнет емес, береке» деген ұғымды сіңіріп өсірді. Расында, мыңдаған жылдар бойы ата-бабамыздың басты ырыс-несібесі де, сайын даланың сәні де мыңғырған төрт түлік мал болды емес пе? Мал шаруашылығы – қазақтың ежелден келе жатқан ата кәсібі», - дейді Нұржамал Аманбекқызы. Қаракөз қыз жастайынан еңбекті сүйіп, мал шаруашылығының қыр-сырын бір кісідей-ақ біліп өсті.
      Расында, үлкен өмірге деген бар құштарлық, іңкәрлік атаулы бала кезден бастау алады да, уақыт талабына қарай саналы да мағыналы өмірге ұласады. Адам баласы жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған, сүйген ісіне қарай икемделіп, бейімделе бастайды. Осы салада еңбек етіп жүрген өнегелі өмір адамдарынан үлгі алып өседі. Нұржамал да қара жұмыста қалтарыссыз еңбек еткен ата-анасына еліктейтін. Өмірде не қызметте болсын, жауапкершіліктен жалтармауға үйренді. Мақтанышы болуға ұмтылып, үмітін ақтауға талпынды.
      Советтік үкімет кезінде жылына 100 басқа 120-дан қозы алып отырды. Осындай өлшеусіз еңбектері бағаланып, жыл сайын марапатталып отырды. Алдыңғы қатарлы озат шопан атанды. Еңбегінің жемісіндей, 1985 жылы кезексіз жаңа жигули машина мінді. 
      1995 жылы жекешелендіру басталған тұста өзі неше жыл қыстаған қыстауын, балалары туып-өскен жері Құрманбай қыстағын өзіне жеке меншік қылып алып қалды. Пайына тиген жылқы, қой, сиырымен «Кенжехан» шаруа қожалығын құрды. Нарық заманына тап келген қиын-қыстау заманда да қиындық көрмей, нәпақасын адалынан тапты. Еңбектің арқасында мал сатса ақша, жесе тамақ болды. Жаз жайлауда бие сауып, қымыз ашытты. Ауылдың жанынан өткен жолаушы да, бала да, хан да, қара да дәм татпай шықпайтын қара шаңырақ болып, өрісін кеңейтті. Балаларының несібесі мол болды. Сол далада мал бағып жүріп, 11 баланы дүниеге әкелді. Аурухана бетін көрген емес, бәрін үйде дүниеге әкелді. Ине шаныштырып, дәрумен ішкен емес. Әлі жаяу жүргенді жақсы көреді. Сүйегі асыл жан көпке үлгі-өнеге.
      1984 жылы қызы Райхан мектеп бітіріп, әкесі оқуға алып кеткенде совхоздың мың бас отарына өзі ие болып қалады. Атқа да жақсы мінетін жан қарапайым еңбектен еш қол үзген емес. Күн мен түнді елемей, уақытпен санаспай еңбек қылды. Табанақы еңбектің арқасында барлық баласын оқытты. Өздері сияқты қой бақпасын деп, әр баласының қалауына орай жоғары білім әперді. Бүгінде барлық баласы әр салада абыройлы қызмет атқарып, мақтаулы маман атанып жүр. Аяулы ана тәрбиені тек айтып емес, көрсете де білді. Еңбектің не екенін түсініп өскен әр ұлы мен қызы заман талабына қарай кәсіптерін меңгеруде. 
      Қара шаңырақта әке орнында Жарқынбек, келіні Гүлжан екеуі әкеден қалған кәсіпті дөңгелетіп отыр. Әкесінің теріден қамшы өріп, құйысқан түйе, ер жасайтыны әр нәрсені ұйымдастырып, елмен тіл табысатыны Жарқынбек ұлына дарығанын байқауға болады. «Орнында бар оңалар»,-демекші, әкесінің салып берген ізгі жолы жақсы жалғасып келеді. Ата қоныс құт мекен болған Құрманбай қыстағының қойны малға толды. Әке аманаты орындалды. Кенжесі Кенжехан осы қыстақта дүниеге келді. Берік, Жарқынбектің үйлену тойлары осы қыстақта өтті. 2023 жылы мал басының өсуіне байланысты екінші «Зере» шаруа қожалығын ашты.
      Балаларының тұңғышы Гүлнина 1963 жылғы, 1 ұлы бар.
      Екінші ұлы Серік 1965 жылғы, жұбайы Зинат екеуінің 5 баласы бар.
      Үшінші қызы Райхан 1967 жылғы, мұғалім, кәсіпкер. Жолдасы Қанағат екеуінің 3 ұлы бар.
      Төртінші ұлы – Берік, жұбайы – Алма.
      Бесінші ұлы Еркінбек пен жары Толқын екеуінің 2 баласы бар.
      Алтыншы қызы Өркен – мұғалім, жолдасы Шағат екеуінің 3 ұлы бар.
      Жетінші ұлы Жарқынбек – шаруа қожалығының басшысы, жұбайы Гүлжан екеуінің 3 баласы бар.
      Сезізінші қызы Көркем – мұғалім, жолдасы Арман екеуінің 4 баласы бар. 
      Тоғызыншы қызы Әсем – дәрігер, жолдасы Дәулет екеуінің 4 баласы бар.
      Оныншы ұлы Мақсат – заңгер, жұбайы Әлия екеуінің 2 баласы бар.
      Отбасының кенжесі Кенжехан – мұғалім, жұбайы Ақмарал екеуінің 4 баласы бар.
      Карменова Нұржамал бүгінде 11 баладан 31 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты ана.
      Кейіпкеріміздің бойындағы табандылық пен тек әйел затына тән қажырлық қасиетіне тәнті боласың. Еңбек жолында айтарлықтай жетістіктерімен дараланып жүруінің де бір себебі – отбасындағы қалыптасқан түзу тәрбие мен тәртіптің жемісі дер едік.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...