Нұрланғазиев Алмасай Нұрланғазыұлы

Рейтинг:
Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері


Елі құрметтеген азамат




      Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Жалпы, мына өмірде рухы мықты, мақсаты айқын өр мінезді жан уақыттың ығында кетпей, әр күнін, әрбір сағатын тиімді пайдаланғанда ғана өз мұратына жетеді. Алмасай 
Нұрланғазыұлы адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен қарапайымдылық, терең ойлылық пен қайраттылық, кісілік пен кішілік сияқты көркем мінездерді бір бойына тоғыстарған азамат.
      Әңгімемізге арқау болып отырған Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Нұрланғазиев 
Алмасай 1944 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында дүниеге келген. Анасы Шытайдың ақ сүтінен нәр алып, әкесі Нұрланғазының тәлімді тәрбиесімен өскен Алмасай нағыз еңбекқор болып есейді. Әкесі Нұрланғазы ең алғаш Түрксіб теміржол құрылысын салуға қатысқан еңбек ардагері. Сол кездері Нұрланғазы Қазақстан автономиясының ең бірінші халық депутаты болып сайланған, сонымен бірге КАЗЦИК мүшелігіне өткен. 1954 жылы Дегерестен көшіп Мәтібұлаққа (Рославль совхозы бұрынғы атауы) қоныс аударған. Қазіргі таңда осы Мәтібұлақ ауылында өмір сүріп келеді. Алмасай 12 жасында әкесінен ерте айырылып, 5 сыныпқа дейін ғана білім алады. Осылайша ол ерте есейіп, анасына, бауырларына қамқорлық танытып, шыңдала түсті. Сөйтіп жүріп әскерге жасы жеткенін өзі де білмей қалды. 1967-1969 жылдары аралығында Подольск қаласында өзінің Отан алдындағы борышын атқарып келді. Әскерден келген соң совхозда құрылыс бөлімінде ұста болып жұмыс жасады. Қолынан іс келетін азамат ел ішінде мақтау естіп, адал еңбегі үшін алғыс алды. 
      Өмірдің талабымен ерте есейген Алмасай Нұрланғазыұлы өте аққөңіл, ешкiмнiң көңiлiн қалдырмайтын, кімге де болса болсын деп тұратын, қарапайым, кiшiпейiл азаматтың бірегейі. Өткен күнді еске алар болсақ, туған ауылында жұмысын адал атқарып, ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына өзiндiк үлес қосқан азамат. Ол жұмысқа өте жауапкершiлiкпен, өте шыдамдылықпен, ыждағаттылықпен қарайтыны көпті қызықтыратын. Оның мекеме басшыларымен, тағы да басқа кісілермен сөйлесуі де өте бөлек болатын. Қандай бiр үлкен жиындарға немесе сол кезеңдердегі қым-қуыт таусылмайтын шаруалар арасында ұйымдастырушылық қабілетімен көрініп жүретін. 
      Алмасай отбасын құрғаннан кейін «Рославль» қой совхозында 1997 жылға дейін шопан болып жұмыс істеді. Сол жылдар аралығында табан ақы, маңдай терімен еңбектене жүріп, мал шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосып, озат шопандардың қатарында болды. Қой санын өз төлі есебінен көбейту жолындағы еңбегі ескеріліп, Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс медальдарына ие болды. Сонымен бірге, КСРО Президентінің 1990 жылғы 6 маусымдағы Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, 1982 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін күміс медальмен, 1978 жылы оныншы бесжылдықтың жеңімпазы белгісімен, 1974 жылы 1974 жылғы «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісімен, 1975 жылы «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісімен, 1976 жылы «Социалистік жарыс жеңімпазы» төсбелгісімен марапатталды. 1984 жылы әр жүз саулықтан 150-ден қозы алып, еңбегі бағаланып, Волга Газ 2410 көлігін сыйға алды. 1994 жылы әр жүз саулықтан 178-ден қозы алды. 1980-1990 жылдары Құрмет грамотасымен марапатталды. 2012 жылы ҚР Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің Құрмет грамотасын алды. Бұдан да басқа ауыл шаруашылығында жемісті еңбегі және қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болып, «Еңбек ардагері» атанып, құрметтелді. 2016 жылы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, 3-ші орыннан көрінді. «Рославль» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 1997 жылғы 2 наурызындағы шешімі бойынша 161-ден жоғары қозы алған аға шопан Алмасайға өзінің сол күнге дейінгі пайдаланған «Көл-қайнардағы» қой қорасын тұрғын үйімен табыстады.
      Алмасай Нұланғазыұлы 1971 жылы Кларамен отау құрып, Айдар, Айнұр, Назгүл, Ануар, Бақытгүл атты балалар дүниеге келді. Балаларына тәлімді тәрбие беріп, бастарына туған қиыншылықтарға қарамай, олардың жоғары білім алуларына жағдай жасады. Адалдық, еңбекқорлық, имандық, парасаттылық секілді қасиеттерді перзенттерінің бойына сіңіріп өсірді.
      Үлкен ұлы Айдар мен жұбайы Гүлнұрдың балалары: Мөлдір-Аслан-Алихан, Абзал-Аягүл-Айсезім, Диас, Нұрхат.
      Үлкен қызы Айнұр жолдасы Арманмен Зарина, Бекарыс, Сабина есімді балалар тәрбиелеп отыр.
      Ортаншы қызы Назгүл жолдасы Құрманғалимен Назерке, Ақмаржан, Бақдаулет, Алдияр, Молдияр есімді балалар тәрбиелеп отыр.
      Ортаншы ұлы Ануар жұбайы Маралмен Ару, Алмат, Ахат, Айғазы, Каусар есімді балалар тәрбиелеп отыр.
      Кенже қызы Бақытгүл жолдасы Даулетпен Даяна, Қарақат, Абылай есімді балалар тәрбиелеп отыр.
      Балаларынан 20 немере, Алихан, Айсезім есімді 2 шөбере сүйіп отыр.
      Екінші ұлы Ануар әкесінің жолын қуып, қазіргі таңда «Абзал» ЖШҚ жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ атбегілікпен айналысады.
      Еңбекқор азаматтың тағы бір ерекше қасиеті – өз сөзіне асқан жауапкершiлiкпен қарайтыны. Әрi қысқа, әрi нұсқа, байыппен сөйлеп, жанындағыларға тапсырмалар беретін. Ол ешкімнің көңіліне тиіп, әңгіме, тапсырмалар айтпайтын. Сөз саптасының тереңдiгi әр сөзiнен байқалып отыратын. Оның адал жүріп өткен жолы, өмірбаяны, өнегесі өмір атты үлкен жолдағы қажымас мол күш-қайраты мен ерік-жігері ұрпағына өнеге, кейінгі жастарға үлгі.      Адамдық таза болмыс пен шынайы асыл қасиетті жемісті жылдарына арнап, барлығына қажырлы еңбегімен жеткен, ел құрметтеген азаматқа денсаулық тілеп, ұрпағымен мың жасасын дейміз!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...