Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Социалистік Еңбек Ері» атағы және «Ленин» орденінің иегері
Темірқазық
«Жақсының жақсылығын айт» дейді ғой дана қазақ. Әдетте, белгілі бір азамат жайлы сөз бастау қиынның қиыны. Бастысы оның адамгершілік қасиеттерін қазбалай түсесің, сонан соң еткен еңбек жолына тоқталып, ел арасындағы сыйы мен құрметіне баса назар аударатының рас. Біз әңгіме еткелі отырған Жарас Молдабекұлы өзінің саналы ғұмырында табанды еңбек етіп, замандастары алдында көш бастап, қиындыққа мойымай күресе білген азаматтың бірегейі деуге болады.
Жарас Молдабекұлы 1937 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкбастау ауылы, қазір
![]()
гі Бөлтірік ауылында дүниеге келген. Көкбастау ауылының «Бота Борым» атты мектебінде білім алып шықты. Жарастың Әділ, Кубира, Бәдміш, Райкүл, Қарашаш атты бір туған бауырлары бар. Әкесі Молдабек пен анасы Момынжаннан ерте айырылып, жетім өскен Жарас Молдабекұлы жастайынан қиыншылықты көп көреді. Әпкесі Кубира мен жездесі Алешбай қамқорлығына алып, үйлендіріп, үлгілі отбасы болып кетуіне және еңбек жолын бастауына көп көмегін берді. Отбасын құрған Жарас жұбайы Бибіжар екеуі бөлек отау құрып, ағасы Әділмен бірге тұрады. Күндердің күнінде Жарас жұбайы Бибіжар екеуі ағасы Әділді Дария атты қызға үйлендіріп, бір шаңырақта төртеуі тату-тәтті өмір сүріп, бірігіп қой бағады. Бірер жылдан кейін ағасы Әділ мен жеңгесі Дарияны бөлек отау етіп шығарып, өздері жеке бір отар қой алып бақты. Бауыры Әділ мен жеңгесі Дария Жарас Молдабекұлына көп көмегін беріп, үнемі қолдап, көмектесті. Бауыры Әділ мен Дарияның үш ұлы мен төрт қызы бар. Ұлдары: Қанат, Қайрат, Санат, қыздары: Жаухар, Назым, Жанар, Жұлдыз, Жадыра. Жарас Молдабекұлы алғашқы еңбек жолын 1955 жылы колхозда жұмысшы болып бастап, 1957 жылдан 1960 жылға дейін Совет Армиясы қатарында қызмет етті. Армия қатарынан оралған соң ол 1961 жылы Шу аудандық Су шаруашылығында жұмыс істеді.
Жұбайы Бибіжар екеуі 1963 жылдан бастап «Далақайнар» совхозында аға шопан болып қой бағуды бастап, зейнетке шыққанға дейін тынымсыз еңбек етті. 1989 жылы №2 бригада инспекторлығына ауысты. Өзінің еңбексүйгіштігі, іске жаңашылдықпен қарауы нәтижесінде Ж.М.Оспанбеков үнемі жоғары өндірістік жетістіктерге жетті, қабылдаған социалистік міндеттемелерін табысты орындады.
Тоғызыншы бесшылдықта қолжеткен еңбек көрсеткіштері үшін ол екі рет Ленин орденімен наградталды. Оныншы бесжылдықтың алғашқы жылында Ж.М.Оспанбеков
![]()
биазы жүнді әр 100 саулықтан 180 қозыдан, ал кейінгі екі жылда 150 қозыдан өсірді. 1976 жылдан бастап жоспардағы 3,2 келінің орнына отарындағы әр қойдан 4,1 киллограмнан жүн қырқуды қамтамасыз етті. Жарас Оспанбеков СОКП-ның 25-ші КСРО кәсіподақтарының 19-шы сьездеріне делегат болып қатысқан. Ол мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін 3 мәрте «Ленин» орденімен марапатталып, 1976 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Социалистік Еңбек Ері» атанды. Кезінде әр қойдан 4,5 келіден жүн қырқып, аудан көлемінде І орын алғаны үшін Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің «Алтын» Дипломымен марапатталды.
1964 жылы «Еңбекке адал болғаны үшін» Алғыс берілді. 1968 жылы партияға өтті. 1968 жылы «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудағы ерекше табыстары үшін ҚСР-нің Құрмет Алтын кітабына енді. 1970 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін «Қола медалін», 1970-1973,1976 жылы «Ленин» ордені және Алтын медальді тапсыру арқылы
«Социалистік Еңбек Ері» атағын алды.
1979 жылы Оспанбеков Жарас Молдабекұлы Қазақ КСР-ның Шу сайлау округіне Ұлттар Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ж.М.Оспанбеков саяси қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Шу аудандық партия комитетінің мүшесі. Облыс коммунистері оны КПСС ХХV съезіне делегат етіп сайлап, үлкен сенім көрсетті. Ж.М.Оспанбеков жас малшылардың тәжірибелі ұстазы бола білді. Өзімен бірге істейтін жолдастары арасында үлкен беделге ие болды. СССР Жоғарғы
![]()
Советінің Ұлттар Советін Сайлау жөніндегі №157 Шу сайлау округінің еңбекшілері Жарас Молдабекұлы Оспанбековты СССР жоғары Советінің депутаттығына өз кандидаттары етіп сайлады.
Жарас Молдабекұлы жұбайы Бибіжар екеуі отбасында 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді.
Тұңғыш ұлы Бейбіт пен келіні Назым қайтыс болды.
Екінші ұлы Олжас жұбайы Нұргүл қарашаңырақта үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Кенже ұлы Мақсат жұбайы Әсеммен үш қыз, бір ұл тәрбиелеуде.
Қызы Гүлнар жолдасы Несіпбаймен Алматы қаласында тұрады.
Екінші қызы Гаухар жолдасы Қанатпен Мерке ауылында тұрады. Гаухары Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Аспара» ауылдық округінің әкімі.
Кенже қызы Гүлназ жолдасы Саматпен Шу қаласында тұрады.
Қазақтың тәлім тәрбиесі өте мықты ғой. Әсіресе «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп қарттарын төрге отырғызып, бала тәрбиесін алаңсыз сол данагөй үлкендерге тапсырған. Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұратыны бар. Көпті көрген Жарас Молдабекұлы - өзінің өмірден алған мол тәжірибесін бала тәрбиесінде дұрыс пайдалана білген ардақты азамат. Бар жылы-жұмсағын беріп, ыстық-суығына төзіп, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беріп, жұбайы екеуі ата-әженің аялы тәрбиесін немерелеріне көрсете алды. Әрбір отбасы өзінің ұрпағын кішілікке, кісілікке үйретіп, ұлағатты тәрбие береді. Қазақта әдемі салт бар, «Кімнің баласысың?» дегенде, «Атамның» не «Әжемнің» деп ізетпен жауап қатып жатады. Өзінің әкесіне, анасына қанша жерден жақын болып, еміреніп, елжіреп тұрса да, атасының, әжесінің атын биік тұтып, осылай құрмет көрсете білген.
![]()
Қарап отырсақ, осының өзі үлкен тәрбие мектебі. Үлкенді құрметтеу, сыйлау секілді нәрселерді
айтқызбай-ақ осылай орындалатын болған. Бала үйдегі үлкендердің әрбір іс әрекетін айнытпай қайталаушы, бойына сіңіруші. Осындай тамаша үлгі-өнеге көріп, үлкендік тәрбие көріп өскен балалары мен немерелері дүниеге келгеннен бастап қазақы тамаша тәрбиемен есейді. Үлкендердің бауырында болып, сол кісілердің баласы болған немерелері бүгінде Жарас аталарының атына сай алтын ұрпақ болып ержетті. Тіршілігінде барлық жақсылықтарды ұрпағына үйретіп, адамгершілікке, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, сабырлыққа әрі байсалдылыққа, еңбекқорлыққа баулып өсірген Жарас Молдабекұлының шынымен де бақытты азамат болғанын айтуға болады.
Социалистік Еңбек Ері Жарас Молдабекұлы Шу ауданы Далақайнар ауылында 1999 жылы 21 қаңтарда дүниеден өтті. «Жақсы адамдар жайлы жазу, оның жүріп өткен сара жолын кейінгілерге үлгі етіп қалдыру - қаламгерлік парыз» дейтін болсақ, шынтуайтына келгенде ең бір әдемі сөздерді тізбектей кету дегеніңіз оңай да емес. Әр адамның тағдыры әртүрлі. Келешек ұрпаққа олардың дара қырларын ашып, сондай болмаққа ұмтылдыру - басты мақсат болмақ. Әйтпесе әр адамды мақтайтын сөз табылады. Бірақ құр мақтан сөзді былайғы ел жақсы біледі. Ал біз әңгіме еткен Жарас Молдабекұлының өмір жолы бүкіл ұрпағына естелік болып қатталып, есімі мен еңбегі қазақ тарихында алтын әріптермен мәңгі сақталып қалары сөзсіз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()