Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Еңбек ардагері» медалі және «Алтын алқа» иегері
Ғибратқа толы ғұмыр
Жазушы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі», - деп қазақ әйеліне тамаша бір баға берген. Бүгінгі қазақ әйелі – өзінің алдыңғы апаларының салтын сақтап, үрдісін жалғап келе жатқан қыз, ана, тұлға. Бүгінгі қазақ әйелі – өзінің табиғи болмысына сай, отбасына адал, қоғамның барлық саласында қызмет атқара алатын білімді, білікті, іскер әйел. Қабілеті мен қарымына қарай қазақ әйелі көшбасшы да бола алатынын бүгінгі өмір көрсетіп отыр. Әңгімеміздің кейіпкері Әжіғұлова Сара Әжіғалиқызы бүкіл саналы ғұмырын тек адал еңбек етуге арнап келе жатқан, ер адамға бергісіз күш-қайраты бар нағыз мықты жан.
![]()
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз отбасындағы әзіз басты ана ғана емес, өзінің қарым-қабілетін дәлелдеп, бір ұшында отбасы, екінші ұшында қызметі болса да, ауырлығы басым жауапкершілік жүгін иін ағаштай көтере білген, өзің салиқалы сөзімен, адами құндылықтар менмұндалап тұратын ісімен өнегелі өмір өрнегін көрсете білген – Әжіғұлова Сара Әжіғалиқызы. Қара тасты да қиып түсер алдаспанның жүзіндей өткірлігі, қандай қызметте болса да ұжымдастарымен еркін араласып кете беретін жібек мінезі, ту етіп ұстанған әділдігі мен адалдығы құрмет төріне көтере білген Сара Әжіғалиқызы 1938 жылдың 8 қыркүйегінде бұрынғы Гурьев облысы, Есбол ауылы, Тума ауылдық кеңесінде дүниеге келді.
Құмның ортасында өскен баланың балалық шағы соғыспен, жоқшылықпен тұспа-тұс келді.
![]()
Төрт жасында әкесі соғысқа аттанды, анасы таң сәріден кеш батқанға дейін колхоз жұмысында жүрді. Балалықтың қызығын көріп ойнау дегенді білмей өсті. Қаршадайынан құмаршық теріп, су тасып, тезек теріп, үйдің тіршілігіне араласып кетті.
Білім ордасының табалдырығын 1947 жылы Тума ауылдық Қырым Қожа атындағы мектепте аттап, 1951 жылы бастауыш мектебін бітіріп, орталау мектебін жалғастырған. 1954 жылы 7 сыныптан Есбол ауылының орта мектебіне ауысып, 1957 жылы бітіріп шығады. Әкесі соғыстан оралмаған соң, анасына көмектесіп ерте жұмысқа араласқан.
Өзінің алғашқы еңбек жолын жолдамамен Передовик кеңшарында бастайды. Шөп тиеу, тас басу жұмыстарын атқарып, 1959 жылы сиыр фермасына жұмысқа орналасқан. Онда сауыншы, май таратушының көмекшісі, ферманың от жағушысы қызметтерін атқарған. 1969 жылдан бастап колхоздың егіншілік жұмысын
![]()
жасаған. 1979 жылы Құттыбике жерін игеруге араласты. 1988 жылы «Батыр ана» ретінде зейнеткерлікке шығып, 5 жыл жұмысын жалғастырған. 1993 жылы толық зейнеткерлікке шықты.
«Ленин орденді «Передовик» совхозының С. Әжіғұлова еңбек ететін жоңышқа өсірушілер звеносының коллективі Бүкілодақтық XIX партия конференциясы өтетін жылы мол өнім алуды мақсат еткен. Мұнда тұқым себу аяқталысымен суару жұмыстары қызу қолға алынды. Жоңышқалар 170 гектар жердің әр гектарынан 75 центнерден көк балауса жинауға серт беріп отыр. Сондай-ақ 60 гектар бір жылдықтың әр гектарынан 25 центнерден өнім алу үшін күресуде» - деп, фотосы газетте жарияланған Сара Әжіғалиқызының марапаттары туралы атап айтар болсақ:
- Колхоздың ұйымдасқанына 45 жыл және ауыл шаруашылық артелінің мәдениеті мен экономикасын көтеру ісіне қосқан үлесі және жанқиярлық еңбегі үшін және Тоғызыншы бесжылдықтың тапсырмаларын орындап шығу жолындағы күрестегі жанқиярлығы үшін Мерекелік Құттықтау хаты;
- 1978 жылы «Социалистік жарыстың Жеңімпазы» белгісі;
- 1984 жылы «Он бірінші бесжылдықтың екпіндісі» белгісі;
- 1986 жылы «Еңбек ардагері» медалі;
- 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын алқа» алақасымен марапатталды.
Осы еңбек жолында 1 рет чемпион егінші, 2 рет аудандық советке депутат болған. Осы жазылған әрбір
![]()
марапаттың астында ащы тер, уақытпен санаспай жасалған еңбек, бір адамның саналы ғұмыры жатыр.
Бұл марапаттар мұнымен де шектеліп қалған жоқ, ешбір толғамға келмейтін, ыстық жүректен от болып құйылған жұмысшылардың ықыласы мен алғыстары Сара Әжіғалиқызы аласармас Алатаудың бір шыңына көтере білді десек артық айтқандығымыз емес.
Міне, адал еңбек және оның алған бағасы. Табалдырықтан биік тау болмайтыны секілді, алғыстан мәртебесі жоғары марапат жоқ. Өзінің болмысы, кәсіби шеберлігі, біліктілігі, адами асыл қасиеттерді жоғары қоя білгендігінің арқасында бұл мәртебелі тақтада Сара Әжіғалиқызы есімі де, еңбектері де алтын әріптермен жазылды.
Сара Әжіғалиқызы отбасында аяулы жар, ақ жаулықты ана, махаббат мейірім күн шуағынан да нұрлы әже. 1959 жылы Шахманов Қабдыраш Шахманұлымен отау құрып, 12 бала тәрбиелеп өсірді. Бақытты үлкен отбасы болды. Өздері қарапайым жұмысшы болса да барлық ұл-қыздарын оқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. 8 баласы жоғары оқу орнын оқыса, 4 баласы кәсіптік оқу орындарын оқыды және 1 қызы биология ғылымдарының кандидаты. (Алматы, Ақтөбе, Урал, Атырау) Балаларының алды мектеп директоры, ұстаздар қызметінен зейнеткерлікке шықса, басқалары университетте, Атырау жарық, балабақша, өндірісте қызмет жасаса, кейбіреуі жеке кәсіппен айналысып жүр. Немере, жиен сүйіп бақытты үлкен әулет.
Балаларын білімге, адалдыққа, үлкенге ізет, кішіге қомқор болуға тәрбилеп, еңбекпен өрілген өмірі көпке үлгі-өнеге боларлық Сара Әжіғалиқызына мықты денсаулық, отбасына амандық тілеп, ұрпақ қызығын көрсін деп тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()