Тастанбеков Қанатбек Аманбекұлы

Рейтинг:

«Аманбек» шаруа қожалығының басшысы

Жаны жомарт кәсіпкер

      Жетістіккке жеткен әрбір азаматтың өмірі өнеге. Өйткені олар темір етігі теңгедей болғанша еңбек етіп, сала ісін өрге жүргізіп, жетістікке жету жолында өзін жиі қамшылаумен қатар, қоғам үдерісінен де тыс қалмай, белсенділік таныта білді. Олар бір әулеттің несібесін адал еңбектен іздесе де, еліне, туған жерге деген сүйіспеншілігі, ағайынға деген құрметі, ауыл әлеуметінің көтерілуіне азаматтық үлесін қоса білді. Санаспай еткен еңбегі шырайлы күн секілді жанындағыларға жақсылық нұрын төге білгендігінің арқасында олар құрмет төрінде мәңгілікке орын алды. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де, ел есінде есімі жиі аталып, игі істердің басы-қасында бірге жүретін табысты кәсіпкер, «Аманбек» шаруа қожалығының басшысы – Тастанбеков Қанатбек Аманбекұлы.
      Адами асыл қасиеттерді бойына тағылыммен сіңіре білген әкесі Тастанбеков Аманбек – соғыс және тың ардагері. Қан майданда жеңімпаз болып елге келген соң, соғыстан кейінгі жылдары ауылда мал баққан, трактор бригадирі болып жұмыс атқарған, кейінгі жылдары пошташы болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ал мейірімі күн нұрынан да шуақты анасы Тастанбек келіні Айшолпан дүниеге 12 перзент әкеліп, тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана.
      «Оның үшеуі шетінеп кетіп, қалған тоғызымызды мәпелеп өсірген жан. 
      Үлкеніміз – Жұмакүл, жоғарғы білімді, жанұялы, Бауыржан Момышұлы ауданында тұрады. 2 ұл, 1 қызы бар, өзі зейнеткерлікте. 
      Несіпкүл – жоғары білімді, жанұялы, 2 бала өсірген. 2009 жылы дүниеден озды.
      Света – жоғарғы білімді. Алматыда тұрады, 1 қыз тәрбилеп отыр, зейтнеткерлікте. 
      Болатбек ағам – орта білімді, 2 бала, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда дүниеде жоқ. 
      Күлзира әпкем – жоғары білімді, 3 ұл тәрбиелеп өсірген. Қазір зейнеткерлікте. 
      Гүлнара қарындасым – жоғары білімді, 2 бала, 1 қыз дүниеге әкелген ана. Қазір жеке кәсібі бар.
      Гүлмира қарындасым – 2 бала, 1 қызды тәрбиелеп өсірген жан, жеке кәсіпкер.
      Ең кенже қарындасым Элмира Италияда тұрады. 1 бала тәрбиелеп отыр», – дейді, бауырлары туралы айтып өткен Қанатбек Аманбекұлы. 
      Жан дүниесінің тереңіне үңілсең, ақыл мен даналықтың кені мен мұндалап жатқан, сөйлесе кетсең тау өзеніндей ақтарыла кететін ашық мінезді азамат Қанатбек Аманбекұлы 1964 жылдың 6 қазанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Дарбаза елді мекенінде дүниеге келді.
      Тарих тасының жыл санаулы мыңжылдықтардан басталатын алтын көмбелі өлкеде балалығын өткізген Қанатбек Аманбекұлы білім ордасының табалдырығын 1972 жылы Дарбаза ауылындағы мектепте аттайды. Білімін одан әрі Қарабастау ауылындғы Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектепте жалғастырған ол 1982 жылы орта мектепті бітіріп шыққан соң, Тараз қаласындағы (Жамбыл каласы) ДТИЛПП технологиялық институтына оқуға түседі. 
      Білім ала жүріп, әскер қатарына алынған Қанатбек Аманбекұлы Отан алдындағы азаматтық борышын Кеңес Әскері қатарында 1982-1984 жылдары қазіргі Украина елінің Харьков қаласында абыроймен өтеп келеді. Елге келген соң да қоғамдық тәртіпті қадағалау қызметін одан әрі ішкі істер бөлімінде жалғастыра жүріп, Тараз қаласындағы (Жамбыл қаласы) ДТИЛПП технологиялық институтын бітіріп шығады. 
      Ішкі істер саласында қызмет ету әрбір азамат үшін абырой. Бірақ, дегенмен де, ата-ананың сөзі перзент үшін бұлжымас бұйрық емес пе, құқық қорғауда қызмет ете жүріп, болашағын осы саламен құрғысы келген Қанатбек Аманбекұлы оқуды кешкі мезгілде бітіріп шыққан соң, 1990 жылы ата-анасының қалауымен ауылға оралады. 1990 жылы жары Абсалямова Хазиза Түгелбайқызы екеуі шаңырақ көтереді.
      «Содан 1992 жылы алғашқылардың бірі болып жеке шаруа қожалығын құрдық. Ол кезде жоқшылық, тапшылық күн сайын белең алып шарықтап бара жатқан баға шегіне жетер емес. Бұл зұлматтан бәріміз бел шеше еңбек еткенде елге молшылық жасағанда ғана құтылатынымыз сөзсіз. Қазіргі кезде бұл қағида баршамызға түсінікте де. Үкімет те бұл тығырықтан шығудың түрлі жолдарын ұсынып отыр. Соның бірі жұртқа дербестік беру, шаруа қожалықтарын құру, жекешелендіру жерді жолға беру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің «Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік ауыл шаруашылығын дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындарының мүлкін жекешелендіру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің «Шаруа қожалығы» туралы заңы шықты. Осы заңды басшылыққа ала отырып, Дарбаза ауылының жоғарғы жағынан жер алып, шаруа қожалығын бастап кеттік. Әрине бәрі оп-оңай бола салған жоқ. Жуалы ауданының әкімі Еркінбек Солтыбаев мырзаға барып ойымды айтқанымда, құптап шешім шығарып берген болатын, бірақ агробірлестік төрағасы қарсы болып жер бермейтінін алға тартты.
      Ақырында жерді алдық, картасын сыздырып, жерге әртүрлі дақыл еккен болатынбыз. Сонда агробірлестік төрағасы қазақ жігіттерінің қолынан жер егу келмейді, жерді корей ұлтына беремін деген уәжісін айтты. Содан не керек, жерімізге су бермей қуратты. Аудан әкімінің су бер деген роспорожениесіне де пысқырмады. Осы мәселені бетке ұстап прокуратураға шағымданып, шыққан шығынымызда қайтарып алдық. Облыстық прокуратураға алғысымыз шексіз. Агробірлестіктен тәуелсіз болу үшін өз бетімізше канал қазып (1,2км) су шығардық, көпір салдық.
      Жаңадан там тұрғыздық. Баз, қора-жай, жұмысшыларға монша салып бердік. Кәсіппен айналысам деушілерге оңай жолмен ештеңе келе салмайтынын айтқым келеді. Бәрі маңдай тер еңбекпен келеді. Қойшыларымызға 20-30 бастан қойда бөліп бердік», – деп, сол кездегі қиыншылықтар туралы айтып өткен Қанатбек Аманбекұлының «Аманбек» қожалығы бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерін жергілікті халыққа тиімді бағада ұсынып келеді. 
      Туған жердің туын тік ұстап, өркендеуі жолында үнемі қолғабыс көрсетіп, жәрдемшілік жасап келе жатқан азамат, кәсібінен несібесі мол болған Қанатбек Аманбекұлы қайырымдылық шараларына да үзбей қатысып келеді. 
      Мектепке баратын аз қамтылған отбасылардың балаларына ақшалай, заттай көмек беруді жыл сайынғы дәстүрге айналдырса, ауыл ардагерлеріне, зейнеткерлеріне үш ауылдың газетке жазылуларына атсалысып, балабақшадағы бүлдіршіндерге де көмегін аямай керек заттарын алып беріп келеді. 
      Сонымен қатар жұмысшыларының да әлеуметтік мәселелерінің шешім табуына көмектесіп, жұмысшыларға жер әперіп, там салуына жәрдем беріп келе жатқан кәсіпкер ауылды жарықтандыру, су кіргізу, газ тарту мәселелерінде өз көмегін аяған емес. Дарбаза су қоймасына шлюз қоюға қаржылай көмек берсе, Дарбаза ауылының кіріс-шығыс жолдарына және «Қожық баба» кесенесіне сметалық құжаттамаларын дайындап асфальт жол салдыртып беріп, «Қожық баба» кесенесіне 300 метрдей арық тартып, 2 көпір салып, су жүйесін кіргізіп, шлюзін іске қосты.
      Қанатбек Аманбекұлы табысты кәсіпкер, қолы ашық жомарт жан ғана емес, отбасында арқа сүйер азамат, асқар тау әке. Шаңырағының ішіне береке кіргізген жары, 1985 жылы Астана қаласындағы (бұрынғы Целиноград қаласы) коперативный техникумды экономист мамандығымен бітіріп келген соң, «Рабкоопта» (жұмысшылар кооперативінде) экономист қызметін атқарған Абсалямова Хазиза Түгелбайқызы екеуі ұл мен қыз тәрбиелеп өсірді.
      «Төрт қыз тәрбиелеп өсірген жайымыз бар. Үлкен қызым Индира Тастанбекова 1991 жылы дүниеге келген, жоғары білімді. Тараз қаласындағы Тараз ТарГУ университетін бітіріп шыққан. Тараз қаласына күйеуге шығып, сол жерде Номад Страховая компаниясында жұмыс жасайды. Үлкен қызымнан Асылай, Аяжан деген екі немерем бар.
      Екінші қызым Ұлжан Аманбектегі 1992 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген, ТарГУ-ды бітіріп, Тараз қаласына тұрмысқа шығып, жеке кәсіппен айналысады. Амина, Камила атты екі немерем бар.
      Үшінші қызым Айдана Аманбек 1994 жылы 28 ақпан күні дүниеге келген. Алматыдаға Қаныш Сәтбаев атындағы университетті бітіріп, Тараз қаласына тұрмысқа шықты. Қазіргі кезде бала күтімімен үйде отыр. Айкөркем, Абдурахман, Айзере есімді үш немерем бар.
      Төртінші қызым Аяулым Қанатбекқызы 2007 жылы 2 мамыр күні дүниеге келген. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы ТарГУ-де грантта І курс студенті», – дейді кәсіпкер, отбасы туралы таратып айтып өтіп.
      Өмірге келген әрбір пенденің өз бағындырар шыңы, табан тірер биіктігі болады. Олар шыңды бағындырып, жетістіктерге қол жеткізген сайын халықпен бірге таң атырып, елдің әлеуметтік қазанында бір қайнаған сайын болмысы биіктей бермек. Бүгінгі кейіпкеріміз де кәсіпкерлікпен қатар ел мүддесі жолында қызмет етіп, қазіргі таңда да мол тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан, өмірінің қай қырын алсаң да өнегеге толы ел ағасы. 
      – «Жақсылық жаса» деген ата-бабаларымыздың сөзін әрқашан да алға тартып келеміз. Ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпын, салт санасын, тілін ұмытпай, әр қазақ санасына сіңірсе деймін. Билікөл ауылдық округінің әкімі Қамбарбеков Еркебұлан ініміздің осы мәселелерді көріп, біліп, сіздерге әкімшілік тарапынан жолдама беріп отырғанына алғысымды білдіремін. Әрі қарай да қол созып, көмек беруден аянып қалмаспыз, - деп, ауыл әкіміне алғысын білдірумен қатар, әрдайым қайырымдылық істердің бел ортасында болуға бел байлаған жаны жомарт кәсіпкер Қанатбек Аманбекұлының деніне саулық, отбасына амандық тілейміз! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...