«Арай» шаруа қожалығының негізін қалаушы, Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, «Батыр шапағаты» төсбелгісі, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі және «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл» мерекелік медальдарының иегері
Абыройлы азамат
Шудаларын шаң баса желіп өткен өркешті жануардың қомына жабысып, төрт тұяғын тең алған тұлпардың жалына жармасып, туған айдың өтерін, шыққан күннің батарын тілі тоқтамай зырғыған сағатпен өлшеген уақыт өз дегеніне бағындырып келеді. Адымыңды қысқа алып, аяғыңды кейін тартсаң, шыққан биігіңнен ысырып, кәсібіңді туралататын, екі иығыңды жұлып жеп тұрмасаң, аузыңдағыны тартып алатын нарықтық қоғам жаңа технологиялардың етегіне еріп, қарыштап дамуда. Діңі қатты еменнен жасалған ағаш соқасы өткеннің ауласында қаңтарылып, қолтаңбасы қалған атаның тырмасы мен кетпені қуыста елеусіз қалған бүгінде жаңа ғылым өндірісі ишара еткен техниканы бас шұлғып қолданудан басқа амалымыз қалмады.
![]()
Нарықтың құрығы өзегіне түскен кәсіпкерлік әмияны, көк қағаздың «көлемін өсіремін» деп өнім санын арттырғанымен сапа есік жақтауынан сығалап табалдырықта қалды. Десек те қу шөппен ауыз сүртетін күннің шапағы әлі көрінген жоқ, қазақылығымыздың қаймағы бұзылмаған өңірлерде бүгінгі таңда тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етіп келе жатқан, қанатын кең жайған шаруашылықтардың бірі – ауыл өмірімен, тіршілігімен біте қайнасқан айбынды азамат, табысты кәсіпкер Далабаев Бейбіт Серікұлы негізін қалаған «Арай» шаруа қожалығы.
Кәсіпкерлік саласында табысқа қол жеткізіп, әлеуметтік, қайырымдылық іс-шараларға белсене қатысып келе жатқан жаны жомарт кәсіпкер Бейбіт Серікұлы 1962 жылдың 19 желтоқсанында қазіргі Жетісу облысының Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында дүниеге келді.
Балалық табаны топырағына тиіп, алқымы шаң қапқан ауылдың қарадомалақ баласы болып өскен әрбір жас еңбекке икемді, төзімді де алғыр болып өседі емес пе?! Бүгінгі таңда ауылдың ардақты азаматына айналған Бейбіт Серікұлы да осындай өмір мектебінен өткен, шыңдалған, қайралған талап қанжары тасты да жаратын қайратты тұлға.
Білім ордасының табалдырығын Шанханай орта мектебінде аттап, осы жерден бітіріп шыққан соң өзінің алғашқы еңбек жолын 1980 жылы «Шоқан» ұжымшарында бастаған Бейбіт Серікұлы осылайша тіршіліктің қазанында қайнап кете барған еді. Әрбір істен бір нәтиже көретін, бастаған ісі аяқсыз қалмайтын, оның үстіне ауыл шаруашылығының ортаймайтын қазыналы қазанынан несібесін терген жас маман үшін қандай жұмыс та оң
![]()
білегінде айналып кете барған еді.
1981-1983 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында, интернационал жауынгер ретінде шиелінісі тарқамаған Ауғанстан жерінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келеді.
Өткен жиырмасыншы ғасырдың соңғы қанды шайқастарының бірі болған Ауған соғысы – әлі күнге дейін тарихтан өз бағасын толық ала алған жоқ. Жыл өткен сайын құрам жаңа есімдермен толығып, Ауған соғысы ардагерлері қоғамы құрылып, сол бір от пен оқтың ортасынан аман шыққан, жауынгерлік борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлік істерінің нақты бағасы бүгін мен ертеңгі күннің еншісінде.
Міне, осындай қанқұйлы соғыстың бел ортасында болып, тау шатқалдарында жаумен талай мәрте ұрыс жүргізіп, жеңімпаз болып шыққан, иық тірестіре отырып, ұрыс жүргізген қаруластарымен әлі күнге отбасы болып араласып келе жатқан, өзінің өмірден көргені мен түйгенін өнеге етіп айтып, жас ұрпақты Отанды сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу жолында еңбек етіп келе жатқан Бейбіт Серікұлының өміріне үңілер болсақ, өнеге кірпіші берік қаланған, қайсар тұлға.
Бейбіт Серікұлы әскерден келген соң, құрылыс саласында еңбек етеді. 1985-1987 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы құрылыс техникумын құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шыққан соң, ауылда әртүрлі құрылыс саласында еңбек етсе, 1997 жылы «Шоқан» өндірістік кооперативі бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарып, 1999 жылы кәсіпкерлік саласына ауысып, қазіргі таңға дейін «Арай» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келді. Бүгінде зейнеткерлік жасқа дайындалып, шаруаш
![]()
ылығын ұлы Дәуренге табыстады. Әке жолын өзіне мұра еткен ұлы қазіргі таңда абыройлы әрі адал еңбек етіп келе жатқан жайы бар.
Ата кәсіптің жібін жалғап, кәсіпкерліктің өркендеуі, ел экономикасының дамуы және әлеуметтік саласының қалыптасуы бағытында еңбек етіп келе жатқан табысты кәсіп иесі Бейбіт Серікұлы қайырымдылық шараларына үзбей қатысып келеді.
Округ көлеміндегі қандай да өткізілген іс-шараны демеу жағында есімі жиі аталатын Бейбіт Серікұлы жыл сайын өтетін «Мектепке жол» дәстүрлі акциясына, атаулы мерекелер, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты ұйымдастырылған шараларға және спорттық сайыстарға, тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай әрі заттай көмектесіп, демеушілік жасап келеді.
Иә, айта берсек бүгінгі кейіпкеріміздің ел үшін, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік деңгейін көтеру үшін жасаған жақсылықтары бір мақаланың көлеміне сыймайды. Міне, осындай жүрегі елмен бірге соғып, тілегі де халықпен бір болған Бейбіт Серікұлына айтылар алғыстың бұл соңғысы да емес.
![]()
«Әр істің шала білгірі болғанша, бір істің дана білгірі бол», – дейді ұтымды ойдың ұғымтал тұстарын сезе білген дана қазақ. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де мал дәрігерлік атадан баланың бойына қанмен сіңген, түрлі салада қызмет етсе де, қазақ елінің ветеринария саласының дамуы үшін еңбек етіп келе жатқан білікті маман, құрмет тұтуға лайықты тұлға. Мал шаруашылығы – ел экономикасының дамушы күші. Ендеше, ел экономикасының дамуы жолында еңбек етіп, білімі мен білгенін, мол тәжірибесін ветеринария саласына арнап келе жатқан Бейбіт Серікұлы сынды азаматтардың көп болғаны жақсы. Сенім артар азаматы бар елдің, аспаны қашан да ашық болмақ.
Қанағат қарын тойғызып, еңбек еткеннің маңдайы жарық болатын бүгінгі заманда, өткеннің көлеңкесінде қалып бара жатқан ата кәсіптің жібін қайта қолына алып, тұрғындарды табиғи таза ет өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан Бейбіт Серікұлы әлі де ел игілігі үшін әлеуметтік шаралар жасап, ел қызметіне жарар істер атқарып, кәсіпкерлігінде тұтынушылар үшін таза өнім дайындап, ел көңілінен шыға бермек. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол», – дейді сөз қадірін түсінген аталарымыз, ел қызметіне жарап, риза болып, көңілі толған перзентіне арнап.
Бейбіт Серікұлы кәсіпкерлік саласындағы қол жеткізген толағай еңбегі мен әскерде жүріп жасаған ерліктері үшін көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ:
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі;
«Ерлігі үшін» медалі;
«Кеңес Әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл», «Кеңес Әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл», «Кеңес Әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл», «Кеңес Әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» мерекелік медальдары;
«Әскери ерлігі үшін» медалі;
«Ұрыс әрекеттерінің ардагері» медалі;
«1979-1989 жылдары Ауған соғысының қатысушысы» медалі;
«Ауған соғысы ардагерлері» Ресей Федерациясы Одағының естелік медалі;
«Отаннан тыс жерде қызметтік борышын өтегені үшін» медалі;
«Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының
Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төсбелгісі;
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі;
![]()
«Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі; «Жергілікті әскери басқару органдарына 90 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
2023 жылы «Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленді.
Бейбіт Серікұлы 1987 жылы 9 мамырда отбасын құрған. Жары Шолпан Нұрғалиқызы Серікболова екеуі
36 жыл бірге өмір сүріп, 3 баламен, 7 немеремен қуанышқа бөленді. Жары – 20 жылдық тәжірибесі бар пошта қызметкері, 2024 жылдан зейнеткерлік демалыста. Қазір отбасының ұйытқысы, аяулы ана, үлгілі әже болып отыр.
Балаларына келер болса, ұлы Даурен жары Назым екеуінен Сағындық, Әмір, Фатима есімді немерелері бар. Ұлы Дәурен бүгінде әкесінің жолын үзбей, «Арай» шаруа қожалығын басқаруда.
Ортаншы қызы Арайлым жолдасы Нұрлан екеуінен Нұрайым мен Ғалым есімді жиендері бар.
Кенже қызы Лаура жолдасы Алмас екеуінен Айша мен Аяла есімді жиендері бар.
![]()
Қазіргі уақытта үлкен ұлының жанында, қарашаңырақта тұрады. Жарымен бірге бүгінде ел арасында құрметке ие, сыйлы да беделді тұлға болып, шаңырақтарының қазынасы ата-әже болып отыр.
Ата кәсіпті қайта жандандырып, заман талап еткен жеке кәсіпкерліктің дамуына атсалысып, ел мұқтажын ойлаған азаматтар ел қызметіне керек-ақ. Атқарған еңбегі мен істеріне орай көптеген облыс, аудан, ауыл әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталып, атқарған ісі мен есімі елді шарлаған Бейбіт Серікұлы секілді ардақты азаматтар ауыл арасында көп болып, ортамызда аман-есен жүре бергей!
Біз де, шағын кәсібін үлкейтіп, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан, туған жердің түтіні түзу ұшуы үшін қолынан келген көмекті көрсетіп, елдің әлеуетін көтеру мақсатында қызмет етіп келе жатқан, отбасында арқа сүйер азамат, асқар тау әке, ардақты ата, еліне еңбегі сіңген кәсіпкер Бейбіт Серікұлына зор денсаулық, отбасына бақыт кәсібіне береке тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()