Солтыбаев Алғабас Солтыбайұлы

Рейтинг:

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, 
«Қарабұжыр» шаруа қожалығының негізін қалаушы

Әке ісі – балаға үлгі

      Адам баласы өмір сүру қағидаларын көрген-білгендері арқылы үйрене бастайды. Көрген немесе өзі жіберген қателіктерінен сабақ алып, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді. Күнкөріс қамын ойлап, өзінің қолынан келетін істі жасауға кіріседі. Табыс табу және оны арттырудың нақты жоспарын құрып үйренеді. Табыс табуда өзінің жеке шаруашылығын құрып, дамытуды қолға алады. Сондай шаруашылықты қолға алып, дамыту ісін жоспарлаған жандардың бірі – Солтыбаев Алғабас Солтыбайұлы. Солтыбаев Алғабас 1948 жылдың 1 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қарабұжыр ауылында дүниеге келген. Әкесі – Шегіров Солтыбай, анасы – Есова Қапия.
      Шұбартау ауданы орталығындағы С.М.Киров атындағы орта мектебіне 1955 жылы қабылданып, оны 1967 жылы өте жақсы бітіреді.
      1967-1969 жылдары Талдықорған қаласындағы бухгалтерлер дайындайтын техникумға түсіп, бухгалтер мамандығы бойынша оқып, білім алады.
      Алғабас Солтыбайұлы алғашқы еңбек жолын Семей облысы, Шұбартау ауданы, Тораңғы ауылында бастайды.
      1970 -1997 жылдар аралығында Қарабұжыр фермасында бухгалтер болып қызмет атқарады. Ауылда туып-өскен адам үшін ауылдың шаруасы күнделікті дағдыға айналған қалыпты іс болып қалады. Сондықтан да ауылдағы қарапайым тірлікті үлкен шаруашылыққа айналдыру қиын шаруа емес сияқты.
      Алғабас Солтыбайұлы да алғашқылардың бірі болып, 1998 жылы «Қарабұжыр» шаруа қожалығын құрады. Шаруашылықтың басы-қасында жүріп, бар шаруасын реттеп, қожалықтың ілгері дамуы үшін жоспарын жасап, оны іске асыру жолында еңбек етеді. Қажырлы еңбектің арқасында шаруа қожалығының табысы арта түседі. Өзінің адал еңбегімен көзге түскен ауыл азаматы Алғабас Солтыбайұлы «Қарабұжыр» шаруа қожалығында 2011 жылға дейін өзі жетекшілік етті. 2011 жылдан бастап зейнет демалысында.
      Солтыбаев Алғабас қожалықтың шаруасын жасай жүріп, өз балаларын да еңбекке баулып, шаруаның қыр-сырын үйретіп отырды. Әкесінен үйренген кәсібін бүгінде шаңырақтағы кенже баласы Айбек жалғастырып, абыроймен еңбек етуде.
      Алғабас Солтыбайұлы 1970 жылы Еслямова Күлзағипа Дінисламқызымен отбасын құрып, екеуі төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда 14 немеренің ата-әжесі. Бүгінде үлкен ұлы Думан отбасымен Алматы қаласында тұрады. Дарханы Бесқарағай ауданында тұрса, Жарқын мен Айбек Баршатас ауылының тұрғындары. Қызы Назгуль - Жарма ауданының келіні. Балаларының барлығы отбасын құрған.
      Қазіргі кезде жеке шаруашылықтармен айналысып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтар көптеп саналады. Өзіне-өзі қызмет етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығының да дамуына үлестерін қосуда. Сондықтан, жеке шаруашылықтардың санының артуы қоғам үшін де пайдалы екені анық.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...