Кәсіптің көзін тапқан табысқа жетеді
Қазіргі таңда кәсіпкерлер қатары уақыт өткен сайын қалыңдап келеді. Кәсіпкерлікті дамыту – бүгінгі күннің
![]()
алға қойылған маңызды міндеттерінің бірі. Кәсіпкерлік қан-шалықты дамыса, экономика да соншалықты өркендеп өсе бермек. Әңгімемізге арқау болғалы отырған жан ата кәсіпті жандандырып, кәсіби түрде сол саланы меңгеріп, бүгінде ел игілігі аясын-да барынша еңбек етіп келе жатқан – Нұрғалиев Абай Саматұлы.
Қоғамда азық-түлік молшылығын жасау қашанда маңызды. Мал шаруашылығы біздің елде атам заманнан қалған құнды кәсіп түрі. Қазақтар не бар соны кәсіп еткен, қол қусырып қарап отырмаған. Мал асырау, оны үйірге үйрету сынды қиындығы мен қызығы қатар жүретін шаруаны дөңгелентіп отыруға тырысқан. Бұл саламен кейіпкерімізді байланыстыруымыздың өзінің өзіндік сырлары жетерлік.
Абай Саматұлы 1974 жылы наурыз айының 26 жұлдызында Талдықорған облысына қарасты, Гвардей ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Қаспан ауылында орналасқан мек-тепке қадам басып, 1991 жылы сол мектептің түлегі атанып шығады. Болашағына бағам жасап, 1992 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына агрохимия және топырақтану мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Ғалым-агроном" біліктілігі бойынша бітіріп шығады.
Мансаптық жолға қадам басуға ниет етіп, 1997 жылдан бастап ауылына оралып, егіншілікпен айналысып, картоп, арпа, би-дай егіп, кейіннен бір мезгілде мал шаруашылығымен айналысып, жер алып, мал фермасын салып, асыл тұқымды бұқалар сатып алып, сиыр бағуды кәсіп етеді. Мал бордақылап сатуды жөн санап, халықты ет өнімдерімен қамтамасыз етеді. Абай Саматұлының бүгінгі бағындырған белестері оған тосыннан бұйыра салған бақ қана емес, оның басқан әр сатысының өз жүгі болғандығы белгілі. Кейіпкеріміз тек ізденіс пен таза еңбектің арқасында ғана осындай
![]()
ілтипат пен ізетке бөлінетіп отыр. Жұмыста кездесетін кез келген кедергіні тапқырлықпен жеңіп үйренген майталман маманның қазіргі жұмысында да еңсеріп жүрген жетістіктері көп. Қазір Абай Саматұлы "Самат" шаруа қожалығының меңгерушісі.
Отбасында жұбайы Гүлім екеуі қылғалдақтай құлпырған Сұлу, Ару есімді екі қыз бен алтын асықтай Сұлтан есімді ұлының бақытты ата-анасы.
Адам үшін бақыттың құрамдас бөліктерінің бірі - еңбек. Тұлға өзінің сүйікті жұмысы үшін лайықты сыйақы алса, онда бұл қазірдің өзінде үлкен бақыт!
Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген берекелі шаңыраққа таймас бақ, бітпес байлық, отбасының амандықтарын тілейміз! Абай Саматұлының кәсібі табысты болып, шаңырағыңыздағы балапандарыңыз өзіңіздің еңбегіңізбен мақтана түссін демекпіз!