Ұлағатты еңбек ардагері
Қазақта әулет деген қасиетті ұғым бар. Әдетте үлкен атадан тараған, қара шаңырақтан бастау алған,
![]()
тамыры терең алып бәйтеректей өсіп-өнген, құт қонып, береке ұялаған ағайын отбасы бірлігін осылай атайды. Өңірге еңбегімен, меймандостығымен, қайырымды қасиетімен танылған Сейтқазин Балтабектен тараған ұрпақ бүгінде бір қауым елге, іргелі әулетке айналды. Ұрпақтары жаңа әулеттің негізін қалап, ұрпақ өрбітіп отыр. Еңбекқор азамат: «Айналаға шуақ сеуіп өсіңдер, адал жүріп, адал тұрыңдар!» деп тіршілігінде бата беріп отыратын-ды.
Әулетте балалардың басын қосып, қамқорлық танытып, ынтымақ пен ауызбірліктің ұйытқысы болып отырған жұбайы Сейтқазина Батай Шоқанқызы әңгімемізге арқау болып отыр. Жасының үлкендігімен ғана емес, ақыл-парасатының кемелдігімен, іс-әрекетінің ірілігімен, пейілі мен мінезінің кеңдігімен көптің көңілінен шығып, сый-құрметке ие болған батыр ана әулет түтінін түзу шығарып, берекеге ұйытқы болып, үлгі-өнеге көрсетіп отыр.
Алтын құрсақты батыр ана, еңбек, тыл ардагері, Алтын алқа иегері – Сейтқазина Батай Шоқанқызы 1929 жылдың 15 қазанында Павлодар облысы, Май ауданы, Майтүбек селолық кеңесіне қарасты Жаңа-Тұрмыс ауылында дүниеге келген. Лебяжі ауданындағы жеделдетілген мұғалімдер дайындау училищесін бастауыш сынып мұғалімі бойынша, Май ауданындағы кәсіптік училищесінің
![]()
3 айлық курсын тәмамдаған Батай Шоқанқызының педагогикалық, бухгалтерлік білімі бар. Екібастұздағы есепшілер даярлайтын курсын есепші мамандығы бойынша бітірген. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, Май ауданында бала оқытып, ұстаздық қызмет атқарды. Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып, өнер мен білімге шыңдады. Оның елге жасаған еңбегі, іскерлігі, адамдарға қамқорлығы, белсенді жұмысы онымен қызметтес, әріптес, сыйлас, тілектес болған қаншама жандардың көкейінде. Кейіпкеріміздің жаңашылдығы, қайраткер ретіндегі қайсарлығы, халқына деген сүйіспеншілігі, Отан алдындағы қалтқысыз қызметі өскелең жасқа өнеге боларлықтай. Рим философы Сенека: «Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын» - деген екен. Өзіндік өнегесімен жақсылыққа бастаған адамдық қасиеттері оның адамгершілік келбетін аша түскендей.
Ол ұлтының бақыты үшін, ұлтының намысы үшін қажымай еңбек етіп, тұтас ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, өмір бойғы бейнетінің зейнетін көрген жан.
![]()
Сейтқазина Батай Шоқанқызы жасы келсе де діни, қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқ, жастарға дұрыс бағыт айтып, ақыл-кеңесін беріп, имандылыққа шақыруды парызы санайды. 1990 жылдан бастап Кеңес ауылдық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, 2000 жылдан аудандық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі, ҚМДБ-ның Кеңес ауылдық «Нұрғали хазірет» мешітінің намазханы, ұзақ жылдар асыл дініміздің насихатталуына, жастарды имандылыққа баулуда зор еңбек атқарды. Батай Шоқанқызы Павлодар ауданының тарихи тұлғалары жайында авторы Баужанов Хабзат Қасенұлының «Жақсылар халқымыздың кемесі еді...» атты кітабының жазылуына өз үлесін қосқан редакция алқаларының бірі.
Еңселі еңбегі елеусіз қалған жоқ. 1983 жылы «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне тақты. Соғыс кезіндегі тылдағы ерен еңбегі үшін Ұлы Отан соғысы жеңісіне 50,60,70, 75 жыл мерейтойлық медальдармен, «Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы ІІ, ІІІ дәрежелі» медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, Павлодар ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, облыстық Дін істері басқармасының Алғыс хатымен, облыстық Ардагерлер кеңесінің Құрмет
![]()
грамоталарымен де марапатталды. 2019 жылы Павлодар ауданының «Құрметті азаматы» атағын иеленді. Павлодар ауданы әкімі Ж.Р.Шұғаевтың 90 жас мерейтойына Құттықтау грамотасын, Павлодар ауданы әкімі А.Бабенконың Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдығына орай Құттықтау грамотасын, Кеңес ауылдық округінің әкімі Р.Ахтановтың Алғыс хатын, Павлодар ауданы әкімі А.Бабенконың қарттар күніне арналған Құрмет грамотасын, Павлодар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің Алғыс хаттарын, Павлодар облысының Ардагерлер Кеңесінің Құрмет грамотасын, Павлодар ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.А.Чуланованың Алғыс хатын, Павлодар ауданының 85 жылдығына орай медалін алды.
Сейтқазина Батай Шоқанқызы жолдасы Сейтқазин Балтабекпен 1948 жылы отау құрып, өмірге 9 баланы әкеліп, баянды өмір кешті. Отағасы 1994 жылы өмірден өткеннен кейін өмірлік қосағының орнын басып, балаларына әрі ана, әрі әке болып қалды.
![]()
Бүгінгі күні тұңғышы Баян Май ауданы, Қызыл-Еңбек ауылында 40 жылдан астам уақыт қазақ тілі және әдебиетінен сабақ беріп, зейнеткерлікке шықты. 3 қыз, 1 ұлынан 14 немере, 4 шөбересі бар.
Одан кейінгі баласы Серік «ПавлодарЭнерго» АҚ-да қызмет атқарып, кейін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар университетінде оқытушы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты. 2 ұл, 2 қыздан 11 немере, 2 шөбересі бар.
Серікжан Павлодар ауданында, Солнечный қалашығында ветеринар қызметін атқарды.
2009 жылы дүниеден өтті. Артында 1 ұл, 1 қызы қалды. Бүгінгі күні ұлы мен қызы Астанада жұмыс жасауда.
Нұржан Ямышев совхозында кірпіш шығару зауытында жұмыс жасады. Бүгінгі күні Аққулы ауданы, Қара қала ауылында отбасымен тұрып жатыр.
Раушан Семей медициналық колледжін бітіріп, бүгінде Екібастұз қаласында медицина саласында еңбек етуде. 1 қыздан 4 немере сүйіп отыр.
![]()
Ержан Екібастұз қаласында еңбек етіп, 2001 жылы мезгілсіз дүниеден өтті.
Кенже баласы Болат Ямышев округінің ветеринария саласында қызмет атқаруда. 2 ұлдан 3 немересі бар.
Тоғыз баладан немере, шөбере, шөпшек сүйген Батай Шоқанқызы қазіргі кезде кенже ұлы Болатпен бір шаңырақ астында ақылшы әже болып отыр. «Бейбітшіліктен Алла айырмасын! Біз көп қиындық көрдік. Сол ауыртпалықтарды бүгінгі ұрпақтың басына бермесін», - деген сөздерді жиі қайталап, бала-шағасының берекесі мен бірлігін тілеп отырады. Халқымыз «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» дейді. Батай Шоқанқызы еңбекке араласқаннан ауыл-аймақтың сый-құрметіне ие абыройлы жанға айналды. Адам баласының көңілін қалдырмайтын кішіпейіл мінезі, елге болсын дейтін кең пейілі, ізетті ұстанымы оның абыройын одан сайын асқақтата түсті. Өмір деген толғауы тоқсан, жолы сан сала, кейде оның қыр-сырын саналылар ғана ұғатын жұмыр жұмбақтай көрінетіні бар. Ол да ақиқат. Білімі терең, тұлғасы кесектер сол өмір көшінде өзгеден ерек, ой байламы бөлек көрініп тұрады. Ондай жан алғашқы қадамынан-ақ қарым-қабілетін танытып, сөзінің ірілігімен дараланып, толымды ісімен көптің көңілінен шығып жатады. Зиялы да саналы ғұмырында қызметіне терең тамыр жіберіп, өз жолын әдемі қалыптастыра білген кейіпкеріміз бүгінгі күні ұрпағымен ұлықталып, әулеттің төрінде ақ батасын беріп отырған асыл да аяулы ана. Ұзақ жасап, өнегелі жолыңызбен үлгі бола беріңіз демекпіз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()