Қарашүйкеева Базаркүл

Рейтинг:

Қарашүйкеевтердің қуанышы 

Бізге дейінгі аға буынның көрген бейнеті аз болмады. Сол бір сүреңсіз кезеңдерді көзбен көрген, түйген-білгені көп жандардың өткені мен бүгінін келер ұрпаққа өнеге ретінде қалдыру – перзенттік парызымыз іспетті.
     
      Кейіпкеріміз Қарашүйкеева Базаркүл бала кезі, балалалық шақтан еңбекке араласып өскен. Ол әкесінің айтуы бойынша, 1942 жылы 2 мамырда Қаройдағы Байтайлақ деген елді мекенде дүниеге келген. Ауылдың тыныс-тіршілігіне етене араласа жүріп, оқуына ықтият болып жетілген. Бала жастан зерек болыпты. Уақыт сәтімен аталған ауылда бастауыш сыныпты оқып бітіріп, кейін, Қараөзек ауылында 7 сыныпты аяқтаған. Орта білім алғанын растайтын аттестатты Құйған ауылынан алған. Базаркүл Әбиірқызы заман қиыншылығына қарамастан жас та болса анасы мен әкесіне қолғанат болған. Жұмысқа да ерте араласып, табыс табудың қамымен «РыбТРЕС» деп аталатын балық шаруашылығында жүк тасушы болған. Онда балық тазалаумен шектелмей, кейде зілдей мұз тасыған. Көп ұзамай Базаркүл Әбиірқызы бой жетіп, 17 жасында өмірлік серігін кезіктіреді. 1959 жылы екі жас көңіл жарастырып, қосылады. Міне, содан бері де 64 жыл өте шығыпты. Базаркүл болса осы аралықта әркез жолдасының тілеуін тілеп, кез келген бастамаларын қолдап, демеп отырған.       Үйдің ұйытқысы бола білген Базаркүл Әбиірқызы 1976 жылы (отбасына) дезинфектор курсынан өтіпті. Содан зейнетке шыққанша таңдаған мамандығына адал болып, табандылықпен жұмыс істеген. Жұмысын асқан жауапкершілікпен орындағаны үшін “Ұзақ ақ-адал еңбегі үшін” медалімен марапаталған. Еңбекпен есейген Базаркүл апа зейнетке шыққанда да қол қусырып отырмай, қолөнерімен айналысқан. Оның әзірлеген бұйымдары аудан және ауыл көрмелерінің төріне талай мәрте әспеттеліп қойылған. Расымен де Базаркүл апаның қолынан шыққан құрақ көрпелер, алаша, кестелердің өзіндік ерекшелігі байқалып тұратын. Содан болар, Күміс және Алтын алқа иегері, адал, мейірбан ана халыққа шын ниетімен жасаған қолөнерімен танылды. Бүгінде Базаркүл Әбиірқызы 5 ұл 4 қыз тәрбиелеген батыр ана, қолғанаттарының перзенттеріне сүйсініп отырған жайы бар. 26 немере, 19 шөбересінің жанашыры. 
      Базаркүлдің өмірлік серігі Тұяқбай Қарашүйкеев 1940 жылы 27 қыркүйекте Құйған ауылында дүниеге келген. Ол да кішкентай кезінен оқуға зерек болыпты. Тағдырдың жазғаны болар, Тұяқбай әкесінен айырылғанда небары 13 жастағы бала тұғын. Бәлкім, сол оқиға Тұяқбайға (әсер) қатты әсер етсе керек, содан, оқудың, білімнің маңыздылығын білген ол, өзінен кейінгі іні-бауырларының сапалы білім алуына көп ықпалдасқан. Ал өзі отбасын асырау үшін ересектермен қатар қара жұмысқа шыққан. Буыны қатаймаса да жұмыстың ауыр-жеңілінен қаймықпай, отбасын асыраған. Оның оқу-білімге ұмытылысы басқа арман-мақсаттың бәрінен биік болса керек, әйтеуір 17 жасында Алматы қаласында киномеханик оқуын оқиды. 1962 жылы кеңес әскерінің қатарына шақырылғанша мамандығы бойынша жұмыс істеген. Әскерде зымыран-қорғаныс бөлімінде болыпты. Әскерден келген соң байланыс мамандығы бойынша техникумға түсіп, кейін поштада, автоматты телефон станциясында жылжымалы механик болып еңбек еткен. Ал 1977 жылы НарХоз жоғарғы оқу орнына түсіп, 3-курсынан бастап Балатопар ауылында товаровед болса, кейін, өз ауылындағы «Хозрасчетный» дүкенінің «автолавшигі» болып жұмыс істеген. Кейін де түрлі қызметте абыройлы еңбек етіп, 1991 жылы Мәскеу қаласындағы институтта біліктілігін арттырған. Тұяқбай уақыт сәтімен өзінің жекеменшік балық өндіретін шаруашылығын ашып, сол шаруаны мықтап қолға алды. Осы жұмыста жүріп, бала-шағасын жетілдірді. «Үміт» шаруашылығын ашып, нәсіпті кәсіптің басшылығын 70 жасқа келгенше ұстап, ата кәсібін жалғастыруды ұлы Төлегенге ұсыныпты. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы емес пе?! Қарашүйкеевтер шаңырағының темірқазығына айналған, көрген-білген, түйгені көп қазыналы қарттардың ғұмыр жасы ұзақ болсын дейміз!     
Анама арнау - 80 ЖАС

Уа халайық,халайық!
Келген тұыс ,ағайынға сәлем беріп алайын!.
Нәсіп етіп бір Аллам, Арғындардың руынан!
Найзабек, Дәуіт, Мұсадан
Иса, деген бабамнан, 
Дүйсенбектің ұрпағы,
Нағашы Әбиір атамнан
Базарымның бағына
Базаркул анам туылған, 
Маңдайына әкемнің бақыт болып жазылған. 
Осы анашым халайық,- 80 жасқа келді ғой!
Бүгін біздім әулетте дүбірлі той!
Анашым, маматайым, анам менің!
Бақытты боп жүргеніміз, арқан сенің.
Өткен күндер шықпайды екен санадан
Балаларын бақытына балаған,
Амандығын тілеп әркез Алладан,
Түн үйқысын төртке бөлген, анажан.
Барлығыда сенің арқаң, жан анам...
Өзің берген тәрбиеңнің арқасы,
Ағайынды біріктірер той басын,
Балалардың жасауға да келді міне, шамасы
Бұрынғыдай емес бірақ, есейген
Ыстыққада суыққада төселген,
Еңбек жолын, бәрі жақсы меңгерген
Қиындыққа мойымайды кез келген.
Ата-ананың осы емес пе арманы ,
Өсіп жатыр немеренің сандары.
Шөберелер асыр салып ойнап жүр,
Жарқын болсын болашағы, таңдары.
Анам менің, сізге тілек, жүзге жет!
Еркелетер жан керекқой бізді елеп,
Көңіліміз әнді болу үшін де,
Өміріміз мәнді болу үшін де,
Аяулы ана бәрімізге Сіз керек!
Өзің барда бақыттымыз бәріміз,
Меккеге де апарамыз әлі біз!
Тамыры терең бәйтерегім, жүз жаса ,
Бәріміздің саялайтын бағымыз.

Уа халайық, халайық!
Келген туыс, ағайынға сәлем беріп алайын.
Нәсіп етіп бір Аллам, Жалайырдын руынан
Сүтемген, Өтес, Базардан
Лапық, Тақа бабамнан,
Мырзабектің ұрпағы,    
Қарашүйке атамнан Тұяқбай әкем туылған,
Осы әкешім халайық,- 80 жасқа келді ғой!
Бүгін біздің әулетте дүбірлі той-
Әкешім, әкетайым, әкем менің!
Бақытты боп жүргеніміз, арқаң сенің.
Жастайынан бауырға да қамқор болған,
Мейірімділігін әкенің жоқтатпаған
Жан әке көріп өстік өзіңізден,
Ұштастырған еңбектің адал жолын,
Үлгі тұтып өзіңізді келеміз,
Қорықпаймыз қиындықтан, жеңеміз!
Әкешім, әкетайым асқар тауым,
Бәйтеректей жайылған тамырларын
Әскербек, Асеке, Қайрат, Төлеген,Әлібек бауырларым
Төрт қабырғам секілді қалқандарым!
Бәйтеректің жапырағы немерелер
Апам бар деп алыстан іздеп келер,
Жәнібек, Сапарбек, Али, Әділ,
Мұқан, Алдияр, Арсендер.
Қуанышы көзімнің өсіп келет
Бүршік атқан гүлдей өсіп шөберелер
Айсұлтан, Бексұлтан, Алисултан, Нуралилер
Аман болып әкетайым жүре берші
Ұрпағыңның тек жақсылығын көре берші!

Карашукеева Ляззат

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

9 марта 2025 15:21
Даурен
Maruash, Көп рахмет!...
6 марта 2025 11:31
Гульнар
Сіздерге рахмет! Әкеміздің өмірі кейінгі ұрпақтарына сіздердің осы еңбектеріз арқылы естелік болып қалады. Еңбектеріңіз...
2 марта 2025 13:57
Гульнар
мы члены большой семьи Нуржановых ценим в людях чувство ответственности,человеколюбия и  профессионализма..так...