Назарова Саламат

Рейтинг:

«Алтын алқа» және «Ветеран труда» медалінің иегері

Еңбектен бақыт тапқан Батыр ана

      Ана... Үш-ақ әріп, бар жылуына бөлеп, мейірімін төгіп, өмірдің мәні, тұтасындай болған асыл жан – ана. Қазақ халқы қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Өмірін бала тәрбиесіне арнап, отбасы ұйытқысы болып, көптің көңілінен орын алып жүрген батыр аналарымыздың өнегелі істері көпке үлгі. Ер азаматының ұрпағын жалғап, өрісін кеңейтіп отырған аналарымыз қаншама... Әңгімеміздің арқауына айналғалы отырған ел анасы, бала жанының бағбаны –  Назарова Саламат Сағындыққызы.
      Саламат Сағындыққызы 1946 жылы қыркүйек айының 15 жұлдызында дүниеге кел-ген. Бесбайыздан тараған Назарбай әулетінен алты ағайындының арасынан шыққан ел азаматшасының тәлімді тәрбиесі көпті сүйсінтеді. Расымен, бала жанының алғашқы бағбаны оның ата-анасы, айналасын қоршаған бауырлары. Саламат апамыз үш ұл, үш қыздың ішінде өскен қыздың кенжесі. Апамыздың әу-леті білімді жандар болған. Сөзіміздің дәлелі, араб, парсы, қытай, орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген, діндар, қисса дастандар жа-зып, жатқа айтып, ақындық қабілеті дарыған жанұя. Ағалары Зейнеғабиддин, Сағидолла, Қабидолла, апайлары Зейнет, Зайтуна осы тілдерді еркін меңгерген оқымысты діндар адамдар болғандығын алға тартады. Балалық шағын ерекше естеліктермен толтырып өткізген жан алғаш мектеп табалдырығын аттап, еліміздің шығыс өңірінде орналасқан Аягөз қаласындағы №2 орта мектептің (қазіргі Д. Бабатайұлы атындағы орта мектептің) түлегі атанады.
      Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан еңбекқор қыз алғашқы қызметтік жолына қадам басып, өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында 1965 жылы Аягөз ауданына қарасты Ақшатау ауылын-да селолық советтің хатшысы болып бастайды. Жұмысын атқара жүріп , болашағына қадам жа-сап, 1967 жылы Семей қаласындағы іргелі оқу ордасы Н.К.Крупская атындағы педогогикалық институтына оқуға түсіп, 1975 жылы аталған институтты математика мамандығы бойынша бітіріп шығады.
      Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін ұғымдары болса, соның бірі – ұстаздық. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлігімен ерекше. «Ұстаздан тәрбие алған» не «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жататындығы да ақиқат. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқанда жол танытып, одан әрі өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілік атты арда іске баулитын ұстаз бейнесі көңіл төрінен мәңгіге орын алары хақ. Осы бір ұғымдарға сәйкес болсам деген ниетте, ел азаматы алғаш ұстаздық жолына қадам басып, 1972 жылдан бастап Ақшатау ауылындағы балабақша меңгерушісі қызметінде 17 жыл еңбек етті. Бала тәрбиесіндегі өнегелі еңбек жолын 1986 жылдан бастап «А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты мектеп интернатында тәрбиешілік жұмысын жалғастырды.
      Білімділігі мен қажырлы еңбегінің арқасында Саламат Сағындыққызының еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Ұстазымыз осы еңбек жолында 1966 жылы «За освоение целинных земель», 1989 жылы «Ветеран труда» медальдарымен және ауданның арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
      Қыз баласы үшін ең бақытты кезең өмірлік жарын тауып, онымен бір арнада тоғысу десек артық айтпағандығымыз. Саламат ұстазымыз ауылда жұмысын атқара жүріп, 1966 жылы Ешенғазин Кенжебек Ешенғазыұлымен отау құрып, жеті бала тәрбиелеп өсіріп, «Алтын алқа» медалімен марапатталды.
      Саламат апамыз сегіз баланы дүниеге әкелген. Құрметті зейнет жасына шығып, ұлдары Амангелді, Нұргелді, Дархан, Нұржан, Ержан және Қарлығаш-Сандуғаш, Жазира есімді ұрпақ тәрбиелеп, он сегіз немере, алты шөберенің ыстық ықыласына бөленген ардақты ана, аяулы әже мәртебесіне ие болып отырған жайы бар.
      Жолдасы Кенжебек атамыз Досжанұлы Сыдық молдадан тараған әулие Ешенғазы молданың жалғыз ұлымен бас қосып, киелі шаңырақтың ұрпақтарын тәрбиелеп, отын өшірмей, түтінін тік шығарып отырған қадірлі анамыз. Зейнеткерлік жасқа шықпай тұрған кезеңнен бастап, ауыл мешітінде жас ұрпаққа имандылыққа баулып, өнегелі өмір деректерінен дәрістерін жүр-гізді. Жылда рамазан айында оразаны ұстап, 5 уақыт намазын қаза қылмай жүріп, 2022 жылы қажылық сапарға барып, парызын өтеп келді. Бойында білімі мен имандылық тәрбиесін жинай отырып, апамыз әлі күнге дейін бала емдеп, ұшықтап, ақ батасын беріп жүр. Қазіргі таңда апа-мыз жас ерекшелігіне қарамастан, білімін шыңдап, өнегелі тарихи деректер, дастан-жырларды оқып, үнемі рухани байлықпен сусындап отырады. Ұлттық тәрбиені жас ұрпаққа үнемі насихаттап отырады. Ауылдың қадірлі ақ әжелерінің бірі.
      Саламат апамыздың жолдасы Кенжебек атамыз 2021 жылы мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Бүгінде апамыз перзенттері мен немерелеріне тәлімді тәрбиесін айтып, әрбір бастамаларына жол сілтеп, дем беріп келеді.
      Сөзі мен ісі жарасқан, жаны жомарт, жаратылыс бойына кісілік қалып пен кішілік мінезді мо-лынан берген, ел арасында өзінің көрегендігімен, білімділігімен, еңбек жолындағы іскерлігімен ел арасында есімі ерекше аталып жүрген бүгінгі кейіпкеріміз Саламат анамыздың адал еңбегі азаматқа лайықты арда істері бастысы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы айнымас тәлім тәрбиесі көпке үлгі өнеге бола бермек.
      Кейіпкерімізге балаларының бағындырған әрбір ісіне куәлік етіп, немерелерінің қылықты қызықтарына қанығып жүре беріңіз демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
24 мая 2024 17:22
Мунира

Саламат, апай менің туған нағашы апам. Анамның сіңілісі. Апайымыздың шынында да жаратылысы басқа. Мейірімді, бауырмал, жанын беріп, бәрін құшағына алғысы келііп тұратын жан. Бала кезімізде Ақшатауға көп баратынбыз, айлап жататынбыз. Кенжебек ағада, апайда қабақ шытпайтын.
Қасиетіңнен айналайын, Ешенғазы ата келінінін Саламат болатынын алдын -ала болжап айтқан. Саламат апайға да бала кезінен елес болып атасы көрініп, қолдап, қорғап жүрген. Апайымыз келін болып түскенде атаның қайтып кеткен уақыты. Апай : - мен келін болып түсіп, төрдегі атаның фотасын көргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады, бала кезімнен көзіме елес болып көріп, қорғап жүрген ата, осы қайн атам  екенін білгенде, қасиетіне бас идім.
Содан бері ата шаңырағына иіліп қызмет етіп, аруақты үйдің киесін көтеріп отыр.
Саламат апай, аман болыңыз, арамызда аман-есен жүре беріңіз. Біз сізді жақсы көреміз. Киелі шаңырақтың, ардақты да ақ жаулықты анасы болып отырғаныңыз біз үшін үлкен мақтаныш, мәртебе. Ешенғазы атаның балаларыда өте тәрбиелі, келіндері -ибалы, күйеу балалары- қайырымды, ақ жарқын! 
Рохимжановтар әулеті🌷🌷🌷😘😘😘😘

24 мая 2024 15:34
Митхат

Керемет! Жуз жасаныз! Казактын осындай текті апалары көп болсын.

Последние комментарии

9 марта 2025 15:21
Даурен
Maruash, Көп рахмет!...
6 марта 2025 11:31
Гульнар
Сіздерге рахмет! Әкеміздің өмірі кейінгі ұрпақтарына сіздердің осы еңбектеріз арқылы естелік болып қалады. Еңбектеріңіз...
2 марта 2025 13:57
Гульнар
мы члены большой семьи Нуржановых ценим в людях чувство ответственности,человеколюбия и  профессионализма..так...