«Алтын алқа» иегері
Мейірімге толы жүрек
«Әке, әке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?» деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сәлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы қара жердің төзгені,
Ана жайлы уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса әлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл әлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді! – деп Ерлан Жүніс айтқандай, жұмыр жүрегінде тіршіліктің дүрсілі соғып тұрған барлық пенде бас иіп тағзым ететін болса, ол – ананың алды, құштарланып сүйер болса ол – ананың алақаны, әлемдегі ең
![]()
жылы да мамық жер іздеген болса ол – ананың құшағы. Ана туралы ақын да жазып, әнші де жырлап, тіпті, суретшінің де ұлы картиналары ана тақырыбын, ананың мейірімі мен ана ерлігіне арналған. Енді біз де ана тақырыбына келгенде аяғымызды тартып қалмасымыз анық.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, текті әулеттің табалдырығын аттап, түтінін түзу ұшыра білген, азаматының ары мен намысын барлығынан жоғары қойып, әрдайым қолдаушысы бола білген, ата-ененің қызметін жасап, бір қадамын тек олардың ақ батасымен аттап, дүниеге алтын асықтай ұл мен қыз әкеліп, өсіріп тәрбиелеген алтын құрсақты ана – Байсақова Күлшахар.
Перзенттерінің алдында ақ жаулықты ана атанып отырған Байсақова Күлшахар 1940 жылдың 1 қаңтарында Семей облысы, Аягөз ауданы, Шолпан колхозында дүниеге келді. Әкесі Байсақ 1954 жылы дүниеден озып, анасы Қалбағаева Күлбанудың (Күләш) бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Азаматы жоқ үйдің қазанын бос қоймаймын деп тырбанған анасының қолғанаты бола білген
![]()
Күлшахар үйдің үлкен болған соң, еңбекке ерте араласады. Таң ата кетіп, колхоз жұмысынан, егін алқаптарынан кеш қайтатын анасының жанында болып, үй шаруасына көмектесіп, өзінен кейінгі бауыры Сарқытқа да қамқор болып, қарайласады.
Күлшахар Байсақова 1956 жылдан 1963 жылға дейін Шолпан колхозында, 1964-1974 жылдары аралығында «Овцевод» совхозында әртүрлі жұмыстарды атқарады. 1974-1975 жылдары «Овцевод» совхозының интернатында бала күтуші, 1975-1979 жылдары Бейімбет Майлин атындағы совхозда оқушыларды алып жүруші, 1981 жылы Шыңырау ауылдық клубының жетекшісі жұмыстарын атқарса, 1982-1984 жылдары Шолпан совхозында әртүрлі қызметтер жасап, 1991 жылы «Аягөз» локомотиві депосының «Қарақұм» қосалқы шаруашылығында сауыншы болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.
Еңбек майданында тек жетістіктермен қоржын қалтасын толтырып, шаруашылықтағы науқандарда колхоздың жоғарғы көрсеткіштерге жетуіне көп көмегін тигізген ақ пейілді ана Күлшахар Байсақова отбасылық өмірде бақытты жандардың бірі. 1958 жылы көңіл жарастырған азаматы Демеубек Тоқтауұлымен шаңырақ көтеріп, 11 перзент дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Балаларының барлығын жолдасы екеуі оқытып, жеткізіп, білім әперіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, қазіргі таңда олардан немере, шөбере сүйіп отыр.
![]()
Арқа сүйер азаматы Демеубек Тоқтауұлы 1939 жылдың 1 қаңтарында Семей облысы, Аягөз ауданы, Шолпан колхозында дүниеге келген. Әкесі Тоқтау Ақатайұлы 1942 жылы соғысқа аттанып, хабарсыз кетсе, анасы Дәмелтай колхозда сауыншы болып еңбек етіп, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп жеткізген. Үлкені - Демеубек, қарындасы Бақытгүл (Бақыш). Анасы Дәмелтай ұлы отбасын құрғаннан кейін 1958 жылы өмірден озып, ендігі бар ауыртпалық Демеубекке түседі. Таскескен ауылындағы Ворошилов атындағы орта мектепті бітірген соң, 1972 жылы Новопокровка зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумына оқуға түсіп, 1975 жылы «Ауыл шаруашылық өндірісінің есепшісі» мамандығын алып шығады. Еңбек жолын осы Шолпан колхозында бастаған Демеубек Тоқтауұлы шаруашылық меңгерушісі, бухгалтер, ферма меңгерушісі, бригадир қызметтерін атқарып, шаруашылықтағы еңбегі үшін «Ұлы Қазан төңкерісінің 63 жылдығы» қарсаңында бағалы сыйлықтар алып, «ХІ бесжылдықтың озаты» белгісімен марапатталған.
![]()
Осылайша өмірін Қопа ауылы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етумен өткізген Демеубек Тоқтауұлы зейнеткерлікке шығып, немере, шөбере сүйіп, ардақты ата болып, 2013 жылы өмірден өтеді.
Міне, осындай ел сыйлыған ардақты әке мен әлі күнге алдынан ауыл келіндері мен кішілері кесе өтпейтін Күлшахар Байсақованың перзенттері қоғамның әр саласында еңбек етіп келеді.
Тұңғышы Бахтыгүл (Бақыт) – бір қыз, үш ұл өсіріп, тәрбиелеп, олардан алты немере сүйіп отырған бақытты әже, зейнеткер.
Екінші қызы Бағила – бір қыз, бір ұл өсіріп, алты немере сүйіп отырған әже. Семей қаласының технологиялық институтын оқып бітірген, қазіргі таңда зейнеткер.
Ұлдың үлкені Совхозбек – Ақтоғай бекетінде темір жолда вагон қараушы, жөндеуші болып еңбек етеді. Отбасында төрт қыз өсіріп, тәрбиелеп, екі қызынан жеті жиен сүйіп отырған ата, екі қызы студент.
Үшінші қызы Кабира – Өскемен
![]()
қаласының жол-құрылыс институтын оқып, «Құрылыс инженері» мамандығын алып шыққан білікті маман. Әскери қызметте болып, қазіргі уақытта зейнеткерлікте, екі ұл өсіріп, тәрбиелеп отыр.
Екінші ұлы Қайратбек – Алматы қаласындағы құрылыс техникумын оқып бітіргенімен, еңбек жолын әскери қызметте бастайды. Өкінішке орай, 34 жасында қыршын кеткен ұлының артында жұбайы мен үш қызы қалды. Қазіргі кезде қыздары жоғары білімді, бір-бір отбасылы, бала өсіріп, тәрбиелеп отыр.
Үшінші ұлы Мұратбек – Алматы қаласындағы ауыр машина жасау училищесін «Токарь» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Қазір Ақтоғай бекетіндегі әскерилендірілген теміржол күзетінде шұғыл әрекет ететін оңтайлы топта еңбек етіп жүр. Отбасында үш ұл тәрбиелеп өсіріп, екі немере сүйіп отыр.
![]()
Төртінші қызы Майра – Қопа ауылындағы емханада мейірбике болып қызмет еткен, қазіргі таңда зейнеткер. Екі қыз, үш ұлдың анасы.
Төртінші ұлы Бауыржан – Ақтоғай бекетінде Локомотив пайдалану депосында компрессор құрылғысының машинсті болып қызмет етеді, бір қыз, екі ұлдың әкесі.
Бесінші ұлы Ержан – Ақтоғай бекетінде жолаушылар вагондарын жөндеу филиалында вагондарды сумен жабдықтаушы болып еңбек етеді, бір қыз, үш ұлдың әкесі.
Бесінші қызы Сәуле – Ақтоғай бекетінің теміржол вокзалында аға вокзал кезекшісі қызметін атқарады, бір ұл өсіріп, тәрбиелеп отыр.
Алтыншы қыз Надира – Раззак атындағы Қырғыз техникалық университетін оқып бітіріп, Алматыда білім саласындағы қалалық жаңа технологиялар орталығында қызмет етеді, үш ұл, бір қыздың анасы.
Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Күлшахар Байсақованың алтын жағалы камзол кигізген ұрпақтары.
Ана туралы қаншама айтып, қанша тебірене жазсақ та, ана – таусылмайтын ән, сарқылмайтын бұлақ,
![]()
мейірімі күн секілді өшпейтін, сөнбейтін сәуле болып қала бермек.
Мақаламыздың соңын, ақын Ерлан Жүністің мына бір өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көрдік.
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, тауды, көлді,
Ай сәулесін, күн нұрын,
Ана жайлы сенің тәтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Адамзаттың ең бір асқақ бар әні,
Жыр еткенмен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені -
Ана жайлы айтқан сөзі болады.
Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде -
Ұлым, сенің есімің!..![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()