Разакова Лайық

Рейтинг:

Сыйынар ем, ана деген тәңірге...

      Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп-нәзік, мейірімге тола. Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны жасырын емес-ті. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр, жан-жағына шуақ төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалауға міндеттіміз. Бүгінгі әңгімемізге арқау болғалы отырған ел анасы Разакова Лайық.
      Лайық анамыз 1937 жылы қаңтар айының 1-жұлдызында Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Белқопа ауылында дүниеге келген. Лайық анамыз Ұлы Отан соғысындағы жылдардың куәгері болған жан. Бір сөзбен айтқанда, балалық шағын зұлмат соғыс ұрлаған балалардың қатарынан. Лайық анамыз сол жылдарда ауыл қырманында жұмыс істеп, егісті торғайдан қорғаған. Өз аузынан естігенде бір ертегідей көрінетін дүниенің бастан кешкен жан үшін қайта оралмауды қалайтын қайғылы кезеңдерді әңгімелейді.
      Отбасын құруды мақсат тұтқан жан 1949-1950 жылдары Разаков Қалжан Төреқұлұлымен отбасын құрып, Қызыл жұлдыз елді мекеніне келін болып түседі. Қалжан ақсақал 1932 жылы дүниеге келген. Отбасында 5 ұл, 2 қыздың ортасында ер жетеді. Олар: апасы Базар, ағасы Альжан, Қалжан, қарындасы Ажар, інілері Қуандық, Сағындық, Аман. 
      Отбасы мен қызметті ұштастыра білген анамыз 1953-1957 жылға дейін «Арал-Төбе» колхозында жұмысшы болып қызмет атқарады. Бұл аралықта анамыз 7 баланы дүниеге әкелгенімен сол тұстағы медицинаның осалдығы немесе өзге жағдайлардың әсерінен болар, отбасына бала тұрақтамайды. Бірінің артынан бірі өмірден өтіп жатқан соң ауыл үлкендері келесі баланың атын жұрт күлетіндей, тіптен мазақ етерліктей етіп қоюды ұсынады. Қазақ ырымдарының құдіреттілігі сонда болар, 1959 жылы дүниеге келген атұстар ұлының есімі Қазанбас болып, сол тұстан бастап отбасына бала тұрақтай бастайды. Кейін үйдің тұңғышы бұл есімді анасының рұқсатымен Қазбек деп өзгертеді.      1958-1962 жылдары аралығында кейіпкеріміздің қызметтік жолында ауыс-түйістер орын алып, совхозға жұмысшы болып қызметке орналасады. 1966 жылы Ауыл шаруашылығы мерекесіне орай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғыс жарияланды және Қызыл-Жұлдыз колхозынан «Адал еңбегі үшін» Алғыс хатымен марапатталды. 1969 жылы «Қызыл Жұлдыз» ет совхозына жұмысқа орналасып, 1982 жылға дейін сонда еңбек етіп, кейіннен қызметтік жолын ауыстырады. 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1986 жылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай еңбектегі жоғарғы қызметтері үшін Құрмет грамотасымен марапатталып, 1988 жылы Лайық анамыз зейнеттік демалысқа аттанады. Бұл жылдар аралығында кейіпкеріміз сан мәрте адал еңбегі үшін Қазақ ССР жоғары советі президиумының Құрмет грамоталарымен, «Батыр Ана» медалімен, В.И.Лениннің грамотасымен марапатталды.
      Өмір жолында анамыз заман ағымына қарай білімге қол жеткізе алмады. Дей келе, алтын құрсақты ана атанып, балаларын тұлға етіп қалыптастыруда аянбай еңбек еткені ақиқат. Жиырмаға тарта баланы дүниеге әкелу - көптің қолынан келе бермейтін ерлік. Ер азаматқа тән қайсарлық пен табандылық мінезі бүгінде анамыздың бойынан алыстаған емес-ті. Алтын құрсақты анамыздың тұңғышы Қазбек мырзадан Аслан, Гүлшат, Гүлден, Мөлдір есімді балалар дүниеге келіп, бүгінде бұл балалардың өзі ата-әже бақытына қол жеткізіп отыр.
      Отбасының екінші перзенті Баян 1960 жылы дүниеге келген. Баяннан Әсемгүл, Эльнур, Эмиль есімді балалары тарады. 
      Отбасының үшінші перзенті Қарлығаш 1964 жылы дүниеге келген. Қарлығаштың Айбек, Мейірбек есімді ұлдары бар.
      Отбасының төртінші перзенті Қаламқас 1964 жылы дүниеге келген. Қаламқастан Қызғалдақ, Айым, Амина, Бауыржан, Қарашаш есімді балалар дүниеге келді.
      1965 жылы отбасындағы атұстар ұлдары Алмас дүниеге келеді. Алмастан Балауса есімді қыз тарады.
      1966 жылы отбасында Аймақ дүниеге келді. Аймақтан Жұлдыз есімді қыз бар.
      1968 жылы отбасында Айдос дүниеге келді. Айдостан Елдос, Жазира есімді перзенттер бар.
      1970 жылы Сандуғаш дүниеге келді. Сандуғаштан Самал, Камал, Камалбек есімді балалар дүниеге келді.
      Отбасының кенжесі Жандос 1971 жылы дүниеге келген. Жандос – Асылбек, Наурызбек, Жангүл есімді балалардың әкесі.
      Лайық анамыз бүгінгі таңда 24 немеренің, 46 шөберенің аяулы әжесі.
      Өкінішке орай, тағдырдың жазуымен Лайық анамыздың Қазбек, Аймақ, Айдос есімді балалары дүниеден озды. Бүгінде ұрпақтары тіршілігін әрі қарай жалғастырып келеді.
      Ана – әлемдегі ең ардақты да аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше.
      Лайық анамыздың да аналық мейірімі мен махаббаты түпсіз терең тұңғиық секілді. Ел анасына айналған анамыздың сүрген өмірін, көрген қызығы мен қиындығын ұрпағын сөз ету - біз үшін үлкен абырой.
      Лайық Разакова сізге бар ғаламның жақсылығын тілей отырып, деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын дегіміз келеді! 
      Сіздей аналардың өнегелі ғұмыры келер ұрпақ үшін жол сілтер темірқазық іспеттес!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
8 марта 2023 10:03
Гулжахан

Қүдағай көп  балалы асыл ана, Ана-  әлемнің шамшырағы,бесіктің иесі, өмірдің керегесі.  Олай болса құдағайға қанша мадақтау айтылса да, ол аз.  Деніңізге саулық тілейміз.

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...