Алтын құрсақты ана
![]()
Қазақ қызы әрқашанда өзінің керемет сұлулығымен, мінез-құлқымен, парасаттылығымен көрінген. Бүгінгі қыз – ертеңгі ұлт анасы. Ана тәрбиесі – жүректен шығып, іс жүзінде қолданылатын құндылық дейді. Жаның мен тәніңді барынша сергітіп, сұлуландырып жіберетін тек жақсы тәрбие ғана. Иә, өмір деген толғауы тоқсан, жолы сан сала, кейде оның қыр-сырын саналылар ғана ұғатын жұмыр жұмбақтай көрінетіні бар. Ол да ақиқат. Білімі терең, тұлғасы кесектер сол өмір көшінде өзгеден ерек, ой байламы бөлек көрініп тұрады. Ондай жан алғашқы қадамынан-ақ қарым-қабілетін танытып, өзінің тындырымды тірлігімен төңірегіндегілерден бір төбе болып дараланып, сөзі өтімді, ісі толымды болып тұрады. Ізгілік пен имандылықты тіршілігінің ұстанымы еткен, жүзіндегі мейірім қараған жанға күн нұры болып шашылатын алтын жүректі Жақсыгүл Нұрымшанқызы 1944 жылдың 15 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы (қазіргі Отырар ауданы), Қоғам ауылдық округі Жалпақтөбе маңында жылқышының отбасында дүниеге келді. Өмір бұлағының бастауы болған әкесі Нұрымшан Тасболатұлы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен, сол жылдардағы ең беделді де мерейлі мамандықтың бірі болған жылқышы болса, имандылық пен ибалықты тәлім етіп бойына сіңіре білген анасы Ақбала Бұйрабайқызы азаматының ақ жағалы болуы мен перзенттерінің жайын жасаған, текті әулеттің түтінін түзу ұшырған алтын жүректі ана.
Сонау бір елдің көңілін ауыр қайғы еңсерген жылдары кіндігі кесілген балада қандай балалық шақ болсын, кішкентайынан ата-анасының көмекшісі, қолғанаты бола білген Жақсыгүл Нұрымшанқызы еңбекке ерте араласа жүріп, мектептен де қалыс қалмай орта білім алады. Ел экономикасын көтеру жолында түрлі бағдарламалар жасалып, ауылдың дені жұмысқа жегілгенде кейіпкеріміз де колхоздың бір жұмысшысы бола білді. «Жол мұрату – жету болғанымен, қыз мұрату – кету» емес пе, бойжеткен Жақсыгүл Нұрымшанқызы 16 жасында Жолшиев Тоқтамысқа тұрмысқа шығып, тіршілік қазанында қайнап кете барады. Еңбек майданында таңның атысы кетіп, күннің батысы келетін жарының қамын жасай жүріп, тоғыз құрсақ көтереді. Бірақ, перзент Алладан емес пе, 5 ұл, 3 қызды дүниеге әкеліп, өсіріп тәрбиелеп, құтты орындарына қондырады. Бүгінгі таңда әрқайсысы әр саланың маманы, бір-бір отбасының отағасы мен отанасы болып, түтінін түтеп отырған тамырлы әулеттің ұрпағы.
Шаңырақтың ішін шаттыққа бөлеп 1963 жылдың 18 наурызында дүниеге келген тұңғышы Махсат Жолшиев Прокуратура, құқық салаларында
![]()
жұмыс жасаған, қазір адвокат. Экономика саласында есепші болып еңбек еткен жары Жолшиева Замира екеуі 2 ұл, 1 қыз өсіріп, 7 немере сүйіп отыр.
Екінші перзенті 1964 жылдың 2 мамырында дүние есігін ашқан Мұрат Жолшиев та заң саласында қызмет етеді, қорғаушы. Жұбайы Темірбекова Гүлжан дәрігер. Олар 3 баланы өсіріп, 5 немере сүйіп отырса, қыздың үлкені 1966 жылдың 20 мамырында дүниеге келген Жолшиева Назира бүгінгі таңда Алматы қаласында тұрады. Арқа сүйер тірегі Адырбеков Шалқармен 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Төртінші перзенті Жолшиева Гульзира 1967 жылдың 16 шілдесінде дүниеге келген. Жолдасы Аширбаев Нұржан - жеке кәсіпкер, қажы. Кейіпкерлеріміз 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіруде. Қазірде олар Алматы қаласында тұрады. Одан кейінгі 1969 жылдың 23 сәуірінде дүниеге келген қызы Жолшиева Гүлмира Шымкент қаласында тұрады. Жолдасы Жұмабаев Ануармен 4 қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана.
Алтыншы перзенті 1971 жылдың 16 маусымында дүниеге келген ұлы Жолшиев Болат Түркістан облысы, Отырар ауданы Шәуілдірде Орталық ауруханада ота бөлімінің меңгерушісі. Шаңырағының берекесін кіргізіп отырған жары Бұйрабаева Толқын ек
![]()
еуінің тәрбиесінде 2 ұл мен 2 қыз бар.
1973 жылдың 21 сәуірінде дүниеге келген Жолшиев Қанат Шымкент қаласында тұрады. Ол "ҚазАтомПром" өнеркәсібінде инженер-гидролог болып қызмет етеді. Жұбайы Сүлейменова Райхамен 2 ұл, 2 қыз өсіріп отырса, осы қалада тұратын кейіпкеріміздің кенжесі 1978 жылы дүниеге келген ұлы Жолшиев Амангелді өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер. Жұбайы Сынабекова Гулназира екеуі 3 ұл, 3 қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана.
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірім
![]()
ді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы – деп ақжүрек ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, Ананы сыйлауға, Ананы құрметтеуге, жақсылық жасауға ешқандай себептің керегі жоқ. Өйткені, ол осы болмысымен, оттан да ыстық аналық махаббатымен, жүрегінің астынан соққан дүрсілі болған перзенттеріне тәлім-тәрбие беріп, ұлттық болмысты, адами асыл қасиеттерді бойына сыйдырған еңбегін таразыға салсақ, ешқандай ауырлық, алтын күміс те баса алмасы анық!
Жастық шағында текті әулеттің мерейін шалқытып, берекесін кіргізіп, азаматының ақ жағалы болуы үшін жағдай жасаған, бүгінде әрқайсысы бір-бір отбасының әкесі мен анасына айналып отырған, перзенттерді тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты анаға айналып отырған, 8 баланың, 31 немере 28 шөберенің әжесі Жақсыгүл Нұрымшанқызының деніне саулық, отбасына амандық, «Ана» деп талатын алтын тақтың төрінде мәңгілік мекен етуіне тілектеспіз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()