Жеке кәсіпкер, «ҚР Тәуелсіздігіне 20, 25 жыл»,
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарының иегері
Кәсібін дөңгелеткен ел ағасы
Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әртүрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Қазақ халқының тұрмысы, тіршілік деңгейі мал шаруашылығының өркендеуімен анықталды. Мал шаруашылығы жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан, бабаларымыз көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Сахарада еркін тіршілік кешіп, аттың жалы мен атанның қомында жүрген қазақ жұртының басты күн көрісі мал шаруашылығы болғандықтан, мол мехнатты еңбек маңызын әбден түсінген. Осы ретте қазақтың бас ақыны һәкім Абай өзінің қара сөзінде: «...арам қоспай адал еңбегін сатқан адам – сол қазақтың әулиесі», - деген екен. Тәуелсіздігін алғанына отыз жыл уақыт ішінде азат мемлекетіміздің экономикасын шаңырақ іспетті деп алар болсақ, сол шаңыраққа уық болып қадалып тұрған еңбек адамдарының таңның атысынан, күннің батысына дейін жасап жатқан қыруар еңбегі мен соны жасауға кеткен орасан зор энергиясы, шексіз сабыр мен төзім біздің артымыздан келе жатқан өскелең ұрпақтың жарқын болуы тиіс болшағына құйылып жатқан инвестиция десек қателеспесіміз айдан анық. Біздің бүгінгі сөзімізге тиек ететін отандасымыз бар саналы ғұмырын ауыл шаруашылық саласының дамуына арнап келе жатқан кәсіпкер – Мұханов Болатбек Төлемісұлы.
Болатбек Төлемісұлы 1949 жылдың қазан айының 11 жұлдызында еліміздің батыс өңіріне қарасты Ақтөбе облысы, Темір ауданының Темір қаласында дүниеге келген. Баланың тұлға болып қалыптасу жолында аянбай еңбек етіп, өн бойына кісілік, кішілік қасиетті дарыта білген ата-ананың бала өмірінде алар орны ерекше. Болатбек мырзаның да ата-анасы ел ішінде еңбек жолындағы жеткен жетістіктерімен өнегелі отбасының негізін қалыптастыра білулерімен көптің алғысына бөлене білген жандар демекпіз. Асқар тау әкесі Төлеміс Назарқұлұлы Мұканов 1905 жылдың мамыр айының 1 жұлдызында Ресей Федерациясы Чкалов облысына қарасты, Бөрте ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 26.10.1926 жылы атқарушылық Комитетінде хатшы болып (Секретарь Госнотконтроль) бастап, көп жылдары есеп саласында (счетовод, экономист, бухгалтер) еңбек еткен. 1985 жылғы 23 сәуірде 1941-1945 жылдары аралығында Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеміс Мұканов КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1985 жылғы 12 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 40 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Ел азаматы 1994 жылы 24 қаңтарда мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Ақ жаулықты анасы Мұқанова (Мекебекова) Ива 1912 жылы қаңтар айының 1
жұлдызында дүниеге келген. Заман тынысына қарай балалық шақтары соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, өз кезегінде тылда еңбек етіп, қолдан келген көмегінен аянып қалған жан емес-ті. Анамыз 1989 жылдың қазан айының 27 жұлдызында дүниеден өткен.
Болатбек Төлемісұлы балалық шағын аталған өңірде өткізіп, алғаш мектеп табалдырығын аттап шәкірт атанады. Мектеп өмірінен кейін 1981-1984 жылдары аралығында Қазақ ССР ауыл шаруашылығы Министрлігінің Темір совхоз-техникумының «зоотехния» мамандығы бойынша білім алып шығады. Болатбек Төлемісұлы ең алғашқы еңбек жолын 1966 жылы Темір ауданының «Қазақстан» совхозында тракторист болып бастайды. 1968-1971 жылдары аралығында Кеңес Әскері Отан алдындағы борышын өтеп келеді.
Әр адам баласы өмірге өз кірпішін қалап, белгілі бір салаға сара жолын салуды мақсат етеді. Мамандыққа қол жеткізген ел азаматы алғашқы мансаптық жолын 1982-1985 жылдар аралығында Темір коммуналдық шаруашылық комбинатында бас инженер болып қызметін атқарады. Одан әрі,
1985-1998 жылдары Темір және Мұғалжар аудандарында газ-мұнай саласында қызметін жалғастыра түседі. Біршама жанды жұмыспен қамтамасыз етіп, тиімді деңгейде нәтижелі жұмыстардың тізбегін көрсете білген жан мансаптық жолын 1985-1998 жылдары Темір және Мұғалжар аудандарында газ-мұнай саласында қызметін жалғастырады.
1998 жылдан бастап осы уақытқа дейін Болатбек Төлемісұлы облыста жеке кәсіпкер жолында келе жатыр. Әрекет – сәттіліктің басты кілті. Жаңа білімге ұмтылу қалыпты өмірге айналыды және шаршауды емес, адам бойында толқуларды тудырады. Міне, бүгін сөз еткен кейіпкерімізден үйренерлік дүние жетерлік. Бір істің соңына жету үшін біршама жылдарды сарп ету дұрыс дүниенің көрінісі. Кәсібін нәсіп етіп, көптің көңілінен шығып жүрген ел азаматының әрбір нәтижелі ісі көпке үлгі.
1996 жылдан бастап Кеңқияқ жерінде дүкен ашып, кәсібін дөңгелентіп қана қоймай, тұтынушының көңілін тауып, 30-40 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, сапалы қызмет көрсетіп отырған берекелі кәсіп иесі Болатбек Төлемісұлы атқарған қызметтері мен ерен еңбегінің жемісін көріп, жеке кәсіпкер ретінде 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен наградталады.
Жақсылық жаршысы атанып жүрген ел азаматы Болатбек Төлемісұлы халыққа қызмет ету жолында ерен еңбегі бағаланып:
- 2014 жылы 9 қазанда мүгедектер күніне орай балалардың денсаулығын нығайтуға демеушілік жасаған қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Кенқияқ ауылдық округі әкімдігінің Алғыс хатымен;
- 2016 жылы Кенқияқ ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1 маусым - Халықаралық балалар қорғау күніне арналған «Мен және менің жанұям» сайысында басқарып отырған «Болатбек» дүкенінің «Тұлпар» командасы 1 орынға иеленген;
- 2018 жылы туған өлкені дамытуға үлес қосып, жанашырлық танытқан үшін «Туған өлке» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» медалімен;
- Темір қаласының 150 жылдығы орай сыйға Стэлла және Темір қаласының кіреберіс ауызына «Келін төбе» өз қаражатына орнатып, тарту етті.
Қайырымдылық акцияларына қатысып, мұқтаж жандарға, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға, Кенқияқ орта мектебіндегі бастауышта оқитын оқушыларға, өткізіліп жоспарланған үлкен аудандық, ауылдық
шараларға демеушілік жолымен қаржылай көмек көрсеткен және сый-тартулары үшін бірнеше мәрте Темір ауданы, Темір қаласы мен Кенқияқ ауылдық округінің әкімдерінің Алғыс хаттарына ие болды.
Ел азаматы кәсіп саласынан бөлек өз отбасында да асқар тау әке, арқасүйер азамат.
Өмірлік жары Венера Ақмырзақызымен балалары мен немерелерін тәрбиелеп отыр.
Қорыта айтқанда, аздан бастап, көп іс тындырған жандардың өмірі бізге қашанда үлгі. Қай істе болмасын адалдық деген кіршіксіз дүниеге кір түсірмеу азаматтық парыз екені бесенеден белгілі. Міндетті мінсіз бөлісіп, жұмыс барысында шынайы шығармашылық ахуал туғызып, тұтынушылар мен жалға алушыларға сапалы дүниелерді жеткізе білудің жолдарын үздіксіз іздестіру, идеялық және мәдени, кәсіби кемелдікке ұмтылыс бәрі-бәрі делік бүгінгі кейіпкеріміз Болатбек Төлемісұлына қарастырылып айтылғандай.
Отбасыңыз аман болғай! Сіздей абзал ағамыздың ғибратты ғұмырнамасы баршамызға үлгі болмақ!