Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы

Рейтинг:
«ЗапКазстройИнвест» ЖШС «Досымов»
атындағы республикалық қоғамдық қор директоры
Меценат

ӨНЕРДІ ТҮСІНГЕН –  ӨМІРДІ ТҮСІНЕДІ

      Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы 1961 жылы 21 қыркүйекте Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Туған ауылында 1976 жылы орта мектепті бітірген соң, 1976-1979 жылдары №101 Атырау кəсіптік-техникалық училищесінде, кейін 1979-1984 жылдарда Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумында білім алған. 1980-1982 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарған. Кәсіби еңбек жолын 1984 жылы Ақтөбе қаласындағы № 8 Кəсіптік-техникалық училищеде бастап, онда өндірістік оқу шебері-ұстаз және директордың тəрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Ал, 1999-2004 жылдары «Қайнар» университетінде білім алып, жоғары білімді заңгер мамандығын тәмамдаған.
      Бижан Қалмағанбетовтың өміріндегі үлкен өзгеріс 1991 жылы кәсіпкерлікке бет бұрғаннан басталған-ды. Өзінің біліктілігінің арқасында 1996 – 2002 жылдар аралығында «Алланды» компаниясының вице-президенті болып жұмыс атқарды. Сондай-ақ ол - 2006 жылы «ЗапКазстройИнвест» ЖШС негізін қалады. Кәсіпкерлік саласында өзі құрылтайшы болып отырған компания жұмысын қарқынды дамытып, нәтижесінде еліміздегі орта кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып жүр. Бір сөзбен айтқанда, көпшілікке әлеуметтік қызмет көрсетуден де қалыс қалмаған азамат, білікті кәсіпкер, танымал меценат. 
      Аталмыш құрылыс компания қазірде Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Мәселен, Тама Есет батыр Көкіұлының мазарының басынан келушілерге арнап мұражай-қонақ үй кешенін тұрғызғанын, облыс орталығынан 700 шақырым шалғай жатқан Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының «Құйылыс», «Жайсаңбай» елді-мекендеріне ауыз су жеткізгенін, сондай-ақ Хромтау ауданы Тассай ауылы, Сазды елді-мекендеріне де ауыз су құбырын тарту жұмыстарына жан бітіргенін және өзге де атап айтуға болатын жұмыстар баршылық. 
      Бижан Қалмағанбетов облыстағы танымал меценатттардың бірі. Ол 2012 жылдан бастап өмірден ерте кеткен қазақтың тұңғыш ақыны Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорын құрып, бүгінгі таңда сол қор директоры ретінде халқымыздың танымал азаматын ел есінде сақтауға ерекше үлес қосуда. Атап айтқанда, Т.Досымовтың ән жинақтарынан, күйтабақтарынан, ол туралы естеліктер мен сұхбаттардан құралған «Із тастап аққан бір жұлдыз» - атты көлемді жинақты шығарып, танымал ақын-сазгерді еске алуға арналған аймақтық, өңірлік және республикалық көптеген мәдени-әдеби жиындарды, ән-фестивальдерін ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдырған. Бижан Қуанышкерейұлы, Табылды Досымовтың отбасына, баласы Абыл Табылдыұлының білім алып, кәсіби мамандығы бойынша біліктілігі мен іс-тәжірибесін ұштауына үлкен жауапкершілікпен көмек көрсетіп келеді. Бижан Қуанышкерейұлы басқа да көптеген өнер адамдарының шығармашылық кештерін, есептік концерттерін өткізуге, бейнебаяндарын түсіру, кітаптарын жарыққа шығару сияқты рухани мәнді істерге де демеушілік етіп келеді. 
      2019 жылдың 11 сәуірінде Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қор Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшілігінің қолдауымен, Мәскеу қаласының «Дом кино» залында Табылды Досымовтың өнерін насиxаттауға арналған деректі фильмнің көрсетілімі мен шығармашылық кешін ұйымдастырды.
      Бижан Қалмағанбетовті жалпы жұртшылық тек кәсіпкер, меценат қана емес, белгілі ақын ретінде де біледі. Оның 2012 жылы «Ғашық жүрек», 2014 жылы «Сәйгүлік өмір» атты өлең жинақтары жарық көрді. Ақынның өлеңдері «Жыр маржаны» - атты он томдық қазақ поэзиясының Антологиясына енген. 
      Ақын түркі тілдес елдердің рухани жақындастығына да зор үлес қосып келеді. Ол - әзірбайжан, башқұрт және қазақ батырларының, ақын-жазушы тарихшылардың мұраларың ішінде тарихи тұтастықты зерттеп, жинақтап жүр. Моңғолия, Қытай, Түркия елдеріндегі қандастармен де рухани байланысты нығайтып, бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің өнері мен көркем әдебиетінің табыстары мен жетістіктерін насихаттап келеді. 
      Отбасылы, үш ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Атырау облысындағы Қызылқоға, Индер аудандарының Құрметті азаматы. Есімі «Кто есть кто» - атты Қазақстан Республикасының құрылыс саласы бойынша энциклопедиясына енген. 2018 жылы Бижан Қуанышкерейұлына Менеджмент Академиясының профессор атағы да берілді. Еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі және әлеуметтік, рухани-мәдени салаларына сіңірген еңбегі үшін Бижан Қуанышкерейұлы ҚР Премьер-министрінің орынбасарының, ҚР жазушылар одағы басқарма төрағасының, Астана қаласы әкімінің, Атырау, Ақтөбе облыстары әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген еңбегі үшін - «Құрмет» орденімен марапатталса, 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл» мерекелік медалімен және 2020 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Әрине, бұл - ел азаматына көрсетілген лайықты құрмет! Ағамыздың әлі талай жанның өміріне шырақшы болып, бағыт-бағдар көрсететініне сеніміміз мол.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...