«Дарын», «Koktal Junior Hall» спорттық-шығармашылық жасөспірімдер орталықтар желісінің, «Koktal Garden School» жекеменшік зияткерлік мектебінің негізін қалаушы, «Educational Space» қайырымдылық қорының құрылтайшысы, «Мейірім» төсбелгісінің иегері
Білікті басшы
«Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі», – дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасында қалары баршаға аян. Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. Міне, осындай ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығатын ол – мектеп, оқу орталықтары және қазіргі заман талабына сай, жекеменшік мектептер. Нарық табалдырықтан аттағалы бері, елімізде де көптеген жекелеген білім беру ұйымдары көптеп ашылып, жас ұрпақ тәрбиесінде нәтижелі еңбек етіп келеді. Біздің бүгінгі мақаламызға да арқау болып отырған, тәрбиелеп шығарған шәкірттері, еліміздің мерейін өсіріп келе жатқан, «Дарын», «Koktal Junior Hall» спорттық-шығармашылық жасөспірімдер орталықтар желісінің, «Koktal Garden School» жекеменшік зияткерлік мектебінің негізін қалаушы, «Educational Space» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Еркегүл Нәбиқызының еңбегі мен кәсібі, білім, ғылым, ағарту саласындағы еңбек жолы туралы айтып өтпекшіміз.
![]()
Ақыл-парасатымен, тапқырлығы және тәрбиесімен, дуалы сөзі, дара мінезімен танылған Еркегүл Нәбиқызы 1977 жылы 27 шілдеде Нәби әулетінің тұңғышы болып дүниеге келді.
Әке тәлімімен бойына сіңген әділдік пен адалдық, ана сүтімен енген ибалық пен инабаттылық, имандылық пен әдептілік алғыр да зерек қызды өз қатарластарының алды етті.
Қарағанды облысының Қоңырат кентінде 9-сыныпты бітіріп, Балқаш қаласының педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 1997 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.
Өзінің алғашқы еңбек жолын Қоңырат кентіндегі өзі оқыған №25 орта мектебінен бастаған Еркегүл Нәбиқызы қайнаған білім ордасының өміріне араласып кете барады. 2005 жылы Астана қаласына қоныс аударып, №38 мектеп-лицейінде еңбек жолын жалғастырған жас маман 10 жыл ішінде үздіксіз білім саласына жаңа технологияны меңгеріп, бастауыш сынып оқушыларына заманауи білім берудің үлгісін көрсете білді.
Еңбектері еш кеткен жоқ, Халықаралық, Республикалық пәндік олимпиададан, зерттеу жобалар байқауынан оқушылары тек бас жүлделерді жеңгені үшін Білім министрлігінің «Құрмет грамотасы», Астана қаласы әкімінің, Білім басқармасы басшысының бірнеше рет Алғыс хатымен марапатталды.
Өзінің сүйікті ұстаздық қызметін кәсіпкерлік бағытымен қоса өруді қолға алған Еркегүл Нәбиқызының мақсаты орындалды да, Астана қаласының білім саласында алғашқы кәсіпкер әйелдердің бірі болып, «Educational
![]()
Space» білім беру орталығын ашады. Кім сапалы білім берсе, шәкірттің де таңдағаны, ата-ананың да құптаған сол емес пе, алғашқы жылдары жеке оқу орталығының есігін ашқан оқушылардың қарасы көбейеді.
Оқу орталығын ашқалы Астана қаласындағы білікті ұстаздармен байланысты үзбей, үнемі тәжірибе алмасқан, ұстаз-кәсіпкер мемлекеттен бірнеше рет грант ұтып, қайтарымсыз бизнесті дамытуға арналған қаржыны алып, кәсібін дамытуға күш салды.
Әлеуметтік кәсіпті дамыту үшін 2018 жылы қаланың шеткі аумағында орналасқан Көктал тұрғын алабында «Koktal Junior Hall» спорттық-шығармашылық орталықтар желісін ашқан Еркегүл Нәбиқызын ерекшелендіретін ол – өзі таңдаған ісіне деген құлшынысы, еңбекқорлығы, адалдығы мен махаббаты еді. Еңбегі жемісті болды, талай таланттардың бұлақ көзін ашумен қатар, қаланың шеткі жағындағы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп, жасөспірімдерді жан-жақты дамытып, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруда қажырлы еңбегін байқауға болады.
Табысты кәсіпкер болу жолында қажырлы еңбек керек. Әкесі Ысқақұлы Нәби өмірін еңбекпен мазмұндаған адам еді. Анасы Бұлғын Әбділмінапқызы ұлағатты ұстаздык жолында зор еңбегі сінген. Еңбекқорлык пен ізденгіштік, шешендік пен іскерлік қасиет ата-анасының тегімен келгені сөзсіз. Иа, Еркегүл Нәбиқызының айтуынша өмірде жетістікке жетуіне ата-анасы мен бірге
![]()
туғандардың үлесі зор. Бастаушы сынып мұгалімінен кәсіпкерлікті еш тәжірибесіз бастап жатқанын көрген туған-туыстары да кұр отырмай, білім орталықтарын ашып, кәсіп бастауына атсалысты.
«Әрине, ең жақын адамдардың қолдауынсыз ешнарсе де бітіре алмас едім», - дейді Еркегүл Нәбиқызы. Ол кәсібіне шығармашылық жұмыс ретінде қарайды. Әр мамандықтың өзіндік қиындығы мен қызығы болады. Үнемі алдағы жылдарға жоспар кұрып отырады. Себебі көштен қалмау керек. Сондықтан жылдан-жылға өсіп-өркендеу үшін талпынып, жаңа өрлеумен жұмыс жасағанды жаны қалайды. Инновацияға ұмтылады, армандаудан және өз идеясын жүзеге асырудан қорықпайды. Өз саласында іздемпаз. Қоғамның дамуындағы маңызды мәселелерді шешуге арналған түрлі қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып, өз тәжірибесін басқа кәсіпкерлермен бөлісіп, әлемеуттік кәсіпкерліктің маңыздылығын үнемі насихаттап келеді.
Білікті басшы оқушылары мен ұстаздарының білімі, біліктілігіне ғана емес, олардың жүріс-тұрысы мен киім-киісіне де қатаң талап қоя білді. «Жілігін шағып, майын ішкен», қатардағы маманнан басшылық қызметке сан жылдар тізбегінде тәжірибесін шыңдай өскен, яғни, өмірін еңбек өрнектерімен өрген, жалпы, арамызда жүрген жаны жайсаң жақсы адамдардың бірі.
![]()
Жарықтың жылдамдығынан да қатты дамып жатқан қазіргі технологияда нарыққа бәсекелес болу үшін білім, біліктілік, тәжірибе керек. Мәселелерді шешудің жаңа жолдары мен әдістерін іздеу мақсатында 2016-2025 жылдары үздіксіз бизнес саласында білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруды қолға алған әдіскер басшының қабілет қаламын ұштай білген, біліктілігін арттырған курстарынан өтті. Атап айтар болсақ:
- 2016 жылы қазан айында «Бизнеске жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырылған «Бизнес - Мектеп» құралы бойынша Сертификат;
- 2021 жылы Астана қаласының азаматтық бастамалар орталығының «МЕҰ басқару» бойынша тренингке қатысты.
- 2023 жылы Ұлттық ұстаз онлайн Академиясының «Ұлттық ұстаз: Білім берудегі трансформация көшбасшылары» ІІ форум аясында «Менеджердің өмір дизайны» атты тренингінен Сертификат;
- Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы құрылтайына қатысып, жоғары белсенділік танытқаны үшін Сертификат;
- 2024 жылы «САМО» Халықаралық орталықтың «Жедел сатымен миллионерге» атты ұйымдастыруымен
өткен тренингке қатысып, Халықаралық бизнес тренер Саидмурод Давлатовтан тәлім алды;
Маусым айында Алматы қаласында өткен Халықаралық «NEW VISION» бизнес-форумына қатысып, үздік сарапшыларымен тәжірибе алмасты.
Шілде айында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің педагогика-психология магистрі атағын алды.
Осылай үздіксіз ізденістің нәтижесінде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған терең көзқарас, инновация, тұрақтылық және қоғаммен бірлескен жұмыс арқылы жобаларын жүзеге асыруда.
Еркегүл Нәбиқызы – бұл жағынан да белсенділік танытып келе жатқан басшылардың қатарынан. Халық алдында атаққа емес, абыройға қызмет етіп келе жатқан оның қарапайым да биік тұлғасы бүгінгі таңдағы кәсіпкерлікке ұмтылған қазақ әйелдері үшін өнеге болатыны сөзсіз. Себебі, ол – қашан да қазақ әйеліне тән
![]()
ибалығымен, көрегендігімен халық сенімін ақтап келе жатқан еліміздегі бірегей әйел-басшы.
Еңбек еткеннің ризық-несібесі ортайған ба, ниеті мен амалына қарай діттегенінен жетпейтін пенде болмас. Әрдайым жаңа істер мен тәлімі бар істердің бастаушысы болып отыратын білікті басшы Еркегүл Нәбиқызы білім ордасына басшылық еткен жылдары түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіске қол жеткізіп, жылдар бойы отандық ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі мен мемлекет және қоғамға сіңірген еңбектері үшін мемлекет тарапынан көптеген марапаттауларға ие болды. Соңғы жылда жеткен жетістіктерін атап өтсек:
- Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясының Алғыс хаты;
- Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаты;
- Қазақстан даму қауымдастығының Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің «Үздік әлеуметтік жоба» аталымының Жеңімпазы;
- «Ең үлкен домбырашылар оркестрін» құрып, Қазақстан және әлем рекордын орнатқаны үшін КИНЭС
(Қазақстан рекордтар кітабының) сертификаты, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының Алғыс хаты; - Еліміздің Тәуелсіздігіне және Жаңа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.
Тарихты парақтасақ, қазақ әйелдерінің мықты қайраткер тұлғалары болғаны белгілі. Ұлтымыздағы танымал нәзікжандылардың сапында әрдайым Еркегүл Нәбиқызының тұратыны анық.
Иә, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, білікті басшы, ұжым мақтанышы, табысты кәсіпкер, тәжірибелі ұстаз Еркегүл Нәбиқызы өзі басқаратын ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ол кісінің өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
Кейіпкеріміздің деніне саулық, отбасына амандық, кәсібіне табыс тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()