Нарметов Сұлтанбай Нематович

Рейтинг:

Жеке кәсіпкер, «Елеулі еңбегі үшін» орденінің иегері

Елге қызмет – ердің ісі

      Түркістан өңірінің топырағында туып-өскен, өмір жолын адал еңбекпен, елге қызмет етумен өрнектеген азаматтардың бірі – Нарметов Сұлтанбай Нематович. Ол 1954 жылы 16 қарашада Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында дүниеге келіп, туған өлкесінің тағдырымен біте қайнасқан тағдыр иесіне айналды.
      Әкесінен ерте айырылған Сұлтанбай Нарметов жастайынан отбасының тірегіне айналды. Ол өзінен кейінгі сегіз інісі мен бір сіңілісіне әрі аға, әрі әке болды. Отбасының бар ауыр салмағын өз мойнына алып, інілері мен қарындасына қамқорлық танытып, оларды өмірдің қиындықтарынан қорғап өсті. Әке орнына әке болу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Сұлтанбай сол ерлікті үнсіз, істің күшімен дәлелдей білді.
      Олардың ардақты анасы – Нарметова Мукаррам қазіргі таңда 91 жастың асқарында. Ол – 9 ұл, 1 қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген нағыз батыр ана. Көпбалалы ана болумен қатар, әр баласының жүрегіне мейірім, санасына тәрбие сіңіре білген ақ жаулықты ардақты жан. Оның бауырынан тараған перзенттері: Сұлтанбай, Абдуқаюм, Исматулла, Мухаббат, Суннатулла, Асадулла, Бахтияр, Донияр, Ғайрат және Үчқұн – бүгінде әрқайсысы бір-бір отбасының тірегі, елге сыйлы азаматтар мен азаматшалар.
      Бұл әулет – сабыр мен сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштік пен бауырмалдыққа негізделген үлкен бір мектеп іспетті.      Сұлтанбай Нематовичтің балалық шағы ауыл өмірімен тығыз өрілген. 1961-1971 жылдар аралығында туған ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте білім алып, сол кезден-ақ еңбекқорлығы мен талапты мінезімен ерекшеленді. Мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күнінен бастап өмірге деген құштарлық пен білімге деген ынтасы оны қатарластарынан даралап тұратын. 
      Мектепті бітірген соң, 1971-1973 жылдары «Күрделі техникалық құрылыс» бөлімінде құрылысшы болып еңбек етіп, маңдай терімен нан тапты. Бұл жылдар Сұлтанбай Нематович үшін өмір мектебі іспетті болды. Елдің еңсесін көтеретін, іргетасын қалап жатқан құрылыс алаңында шыңдалып, шын мәніндегі еңбек адамына айналды. 1973-1975 жылдары Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, әскери қызметін абыроймен атқарды. Әскер қатарында жүріп, тәртіп пен жауапкершілік, төзім мен табандылық сияқты қасиеттерді бойына сіңірді. Бұл қасиеттер оның алдағы өмір жолында да серік болды. 
      Сұлтанбай Нематович – қарапайым ауыл баласы бола тұра, өмірдің әр белесінде елге үлгі боларлықтай із қалдырған азамат. Оның еңбек жолындағы алғашқы қадамдары мен әскери қызметте шыңдалған жылдары – болашақ тұлғаның рухани қалыптасу кезеңі, ішкі жан дүниесін байытқан тұстары.
      Мұндай жандар жайлы айтқанда, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығы еске түседі. Нарметов Сұлтанбай Нематович – өз ортасының ғана емес, тұтас елдің үлгі тұтар тұлғаларының бірі. 
      Ел азаматы 1975 жылы Самарқандтың ғылым мен сәулет саласында шоқтығы биік оқу орны – М.Ұлықбек атындағы мемлекеттік архитектура және құрылыс институтының студенті атанды. Жас жігіттің бойындағы еңбекке деген құлшыныс пен құрылыс өнеріне деген қызығушылығы оны бес жыл бойы білім мен тәжірибе тоғысқан ортада шыңдады. Бұл жылдар тек қана кәсіби білімнің емес, азаматтық ұстанымның да қалыптасқан кезеңі еді.
      Институтты тәмамдаған соң, 1980-1981 жылдары Түркістан өңірі Жамбыл колхозындағы шаруа қожалығының құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті. Кеңес дәуірінің қиын-қыстау кезеңінде ауыл құрылысын дамыту – жас маман үшін үлкен сын болды. Бірақ ол алғашқы қызметінде-ақ табандылық танытып, жауапкершілікті серік ете білді. 1981 жылдан бастап Кентау қаласындағы «Трест Мырғалымсай Свинецстрой» комбинатының күрделі техникалық бөлімінде (ПТО) инженер болып жұмыс істей бастады. Бұл мекеме – Қазақстанның индустриялық дамуында маңызды рөл атқарған өндіріс ошағы. Мұнда жұмыс істеу – тек кәсіби міндет қана емес, нағыз мамандыққа адалдықтың айғағы болатын. 
      Кентау өңірінде еселі еңбек еткен Сұлтанбай Нематович 1983–1993 жылдар аралығында «КазХимМонтаж» ұйымында прораб қызметін атқарды. Осы онжылдық – оның кәсіби тұрғыдан кемелденген, тәжірибе жинаған, құрылыс алаңдарында мыңдаған жұмысшының тағдырын үйлестіріп, өндірістік процестерді үйлесімді басқара білген шағы еді. Әрбір жобаның артында тер төккен адамдардың тағдыры мен ел экономикасына қосқан үлесі жатты. Ол үшін құрылыс – жай ғана жұмыс емес, қоғамға қызмет ету формасы болды.
      1993 жылы оның өмір жолында жаңа белес басталды. Бұрынғы жұмыс орны – «Трест Мырғалымсай Свинецстрой» мекемесіне қайта оралып, бұл жолы монтаждау бөлімінің құрылыс басшысы ретінде тағайындалды. Ол жетекшілік еткен құрылыс нысандары тек сапасымен ғана емес, уақытпен санаспайтын еңбекқорлықтың үлгісімен де ерекшеленді. Қазіргі таңда Түркістан өңірінде кең танымал «Sultan Stroy» құрылыс заттары дүкендер желісінің негізін қалап, басшылық етіп келеді. Сұлтанбай мырзаның табандылығы мен іскерлік қабілетінің арқасында құрылыс саласы дамып, көптеген отбасылардың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бүгінде «Sultan Stroy» ұжымы 50-ге жуық отбасын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл – тек кәсіп емес, елге қызмет етудің, қоғамға пайда келтірудің нақты үлгісі. Оның еліміздің экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі ескерусіз қалған жоқ. Сұлтанбай Нематович түрлі марапаттардың иегері. «Елеулі еңбегі үшін», «Кәсіподақ ұйымы» ордендері мен «Түркістан облысының өнегелі азаматы» атағы – оның тынымсыз еңбегінің нақты дәлелі. Сонымен қатар, ол бірнеше мәрте Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталған.
      Табысты кәсіпкер ғана емес, өнегелі отбасының тірегі де бола білген Сұлтанбай Нематович отбасында жары, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Мархабо Махкамбайқызымен 1981 жылы шаңырақ құрды. Бүгінде олардың тәрбиелеп өсірген ұл-қыздары – Фарход, Наргиза, Инабат, Дилмурад және Гузал – ата-ана үмітін ақтаған жандар. Күйеу балалары мен келіндері – Малика, Шерали, Алишер, Шахида және Қахраман да осы өнегелі әулеттің ырыс пен ынтымағын арттырып отыр. 
      Сұлтанбай Нематович – бір ғана отбасының емес, бір қауым елдің ардақты азаматы. Еңбегімен елге сүйкімді, ұстанымымен ұрпаққа үлгі бола білген тұлға. Оның өмір жолы – жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар боларлық, тіршіліктің қай саласында да табысқа жетудің жарқын көрінісі.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...
4 октября 2025 01:26
Жанар
Махаббат не только мастер своего дела-лучший скульптор лица, но и чуткий и внимательный Человек с большой буквой! Любви...