Мухамедиев Байузак

Рейтинг:


КИЕЛІ МЕКЕННІҢ ҚҰТ ДАРЫҒАН ТҰЛҒАСЫ

       Еңселі үйдің ауласына кірерде біраз тосырқағанымыз рас. Түсірілім тобы бір-бірімізге қарайлап, үлкенімізді алдымызға салып, иықтаса кірдік. Босағадан үй иелері жақындарын көргендей емен-жарқын, күліп қарсы алғанда көңілдегі күдік сейіліп, қазекемнің «Түсі игіден түңілме» деген сөзі еске түсті де, «дұрыс айтады» деп іштей мақұлдап қойдық. Шырайлы отбасының шаңырағы құлыншақтай шапқылап жүрген балапандардың көңілді күлкісімен одан сайын биіктей түскендей, сәуле шашып тұр. Бүгінгі біздің әңгімемізге арқау болып отырған Қызылорда облысының тума перзенті, белді кәсіпкер Байұзақ Мұхамедиевтің өмір жолы мен жанұясы.
     Әлемнің әміршісі - еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өніп, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Жасыратыны жоқ, кәсіпкерлік салада еңбек етудің өзіндік ерекшеліктері мен ауыртпалығы жеткілікті. Алайда осы саланы жіті меңгеріп, ерік-жігерін, күш-қуатын, маңдай терін аямай төгіп жүрген азаматтарымыздың жетістігіне бас иеміз. Кәрі тарихтың қатпар-қатпар сеңгірінен бастау алған қасиетті алты Алаштың анасы атанған Сыр елінде кәсіпкерлікте асығы алшысынан түсіп, тасы өрге домалаған ағаларымыздың бірі де бірегейі Мұхамедиев Байұзақ Мұхамедиұлы.
     Байұзақ Мұхамедиұлы 1953 жылы 8 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әкесі Мұхамеди мен анасы Бибірабиғаның алақанға салып, әлпештеп өсірген жалғыз ұлдары бала кезінен алдына мақсат қойып, өз-өзіне талапшыл болып өсті. «Тегіне тартқан тегін болмайды» деген қазақ даналығы, Байболат қажы, Ақтан, Мұхамеди секілді бойында қазақылықтың қаймағы тұнған, бармын деп тасымай, қоңсы қонған дүйім елге жанашыр бола білген ақсақалдардан сіңген тектілік, ананың сүтімен дарыған арда қасиет көрген кісінің көзін қуантады.
       Бизнес саласындағы алғашқы қадамы 1993 жылы қосалқы бөлшектер сатудан басталған кәсіпкер, бүгінде тек облысымызға ғана емес, бүкіл Қазақстанға, қала берді алыс-жақын шет елдерге сенімді серіктес ретінде танымал «ПСК Б.А.М.» ЖШС-нің директоры.
  – Кәсіпкер атану ол алып-сату ғана емес. Кәсіпкер дегеніміз жан-жақты, сауатты, әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс атқаратын майталман болуы керек. Ал қолға алған кәсібіңді дамыту үшін адамның бойында ұйымдастырушылық қабілет, күш-қайрат болғаны жөн. Сонымен қатар шыдамдылық та осы саланың бел ортасында жүрген азаматтарға тән қасиет. Алдағы екі-үш жылға стратегиялық жоспар құра отырып жұмыс жасау көрегенділіктің белгісі, - дейді Байұзақ Мұхамедиұлы өз сөзінде.
      Бар саналы ғұмырын еңбек етуге арнаған, ұзақ жылдар бойы жемісті кезеңін өткізіп, халық пен нарықтың ортасында аянбай тер төгіп жүрген азаматтың бүгінгінің биігіне көтерілуі де өзі айтқандай, көрегенділігінің белгісі іспеттес.
    Жақсы кісі өзінің көркем мінезімен айналасындағыларды жанына жақын тартып тұрады. Байұзақ Мұхамедиұлының да қолына алған ісін аяқтамай қоймайтын тынымсыздығы мен бірбеткейлігі де өзіне жарасып тұрғандай. Әрбір адамның өмірлік ұстаз санап, қадірлейтін тұлғасы болады. Байұзақ ағамыздың ақылшысы, арқа сүйер тірегі, бизнес әлеміне қадам басуына септігін тигізген жанашыры жезқазғандық кәсіпкер, бүгінде ел ағасы болып отырған Ділдабаев Құдайберген. Кәсіпкер Жезқазған қаласында «Нұртай» атты алып кешенді ашып, аталмыш кешен бұл күнде ел игілігіне жұмыс жасап тұр.
   – Құдайберген ағамның маған жасаған жақсылығы өлшеусіз. Ақылшым деп айтсам қателеспеймін. Себебі ең алғаш осы саланың сара жолына түсуіме ағалық ақылын беріп, қыры мен сырын үйреткен осы кісі болатын. Ақкөңіл, үлкеннің де, кішінің де тілін таба білетін ағеден ағаның қамқорлығының арқасында бүгінгі дәрежеме жетіп отырмын, – дейді Байұзақ Мұхамедиұлы. Аузын ашса жүрегі көрінетін ақ пейіл жанның жүзінен өмірлік ұстазына деген шексіз ризашылық лебі есіп тұрғандай көрінеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Құдайберген ағамыздың Құдай қосқан қосағы Айман апамыздың да әйелге тән нәзіктік пен қазақи дархан көңілдің адамы екенін осы тұста айта кетпесек болмас. Азаматын «ардақтым» деп қастерлейтін Айман апай жолдасымен бірге өмірдің тәттісі мен ащысын, қиыны мен қызығын қол ұстасып бірге бөлісіп келеді.
     Әрбір адал төгілген тердің өтеуі болары бесенеден белгілі. Осы орайда, бизнес әлеміндегі мықты маманның мемлекет тарапынан алған марапаттары да қомақты. Атап өтетін болсақ,2016 жылы «Экономика мақтанышы» VIP–орденімен марапатталса, өзі басшылық жасайтын «ПСК Б.А.М.» ЖШС-і Халықаралық бизнес конференциясында әлемнің көшбасшы компанияларының басын қосқан ХХХІІ марапаттау рәсімінде халықаралық бизнес рейтинг бойынша «Сала көшбасшысы – 2016» атағына ие болды. Сонымен қатар осы шара барысында жеке серіктестіктің қаржы директоры Аймағамбетова Загрифа да «Үздік кәсіби еңбегі» үшін медалімен марапатталып, қос қуаныш қатар келді. Загрифа Құрманбекқызы «ПСК Б.А.М.» ЖШС-і ашылған күннен бастап осы мекемеде лайықты еңбек етіп жүрген тәжірибелі қызметкер. Мекеме қаржысының тиімді жұмсалуы мен барлық салық салымдарының уақытылы төленіп тұруы да Загрифа апайымыздың жауапкершілігінде.Мекеме есепшісі Мамакова Әселге осы іс-шара аясында «Қаржы саласының үздік маманы-2016» сертификаты табыс етілді.
       Ер азамат белгілі бір салада жетістікке жету үшін оның тылы мықты болуы керек, яғни, отбасында береке болуы шарт. Өйткені, отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Сондықтан отбасын басқа ештеңемен салыстырауға келмейді. Ал жанұядағы жарасымды қарым-қатынас ізгілік пен сүйіспеншілік, ауызбіршілік пен ынтымақ тәрізді қасиеттерді бойына сіңірген жандардың үйлесімінен тұратыны ақиқат. Міне, Байұзақ Мұхамедиұлының да отбасын сондай ғибраты мол әулеттің бірі деп айтуға болады.
        Бақытты отбасының тірегі Байұзақ ағай болса, шырайын келтіріп, түтінін түзу түтетіп отырған асыл ана, адал жар Ұлбосын апамыз. Екі тұлғаның болмысы бүтін, екеуі де ибалы, иманды жандар. Ер адамның түздегі тірлігінің қамсыз болуын ойлап, әрқашан жанашырлық танытып отыратын Ұлбосын апай ешқашан жарының ақ жағасына кір, ақ пейіліне кірбің түсіріп көрген емес.
     – Әкем мен анам мені қанаттыға қақтырмай өсірді.Ол кісілердің алдындағы балалық парызымды қолымнан келгенше өтеуге тырыстым. Соңымнан ерген Тұрсынай, Гүлсім, Света, Зәуре, Роза, Гүлмира есімді қарындастарым бар. Бүгінде оларға да қолымнан келгенше ағалық қамқорлығымды жасап тұрамын. Қарындастарым да «көке» деп еркелеп, тәрбиелілік танытып отырады.Өмірлік жарым Ұлбосын екеуіміз өмірдегі де, кәсіп ашарда да барлық қиындықтарды қатар еңсердік. Түйінді мәселелерді ақылдасып, шешіп отырдық. Қиналғанда бір-бірімізге демеу болып, әрдайым тіреу де, сүйеу де бола алдық.  Біз 1981 жылдың 11 қыркүйегінде отау құрып, шаңырақ көтердік. Бұл күні Ұлбосын екеуміздің отасқанымызға 36 жыл болыпты. Отбасымызда бір қыз, екі ұлды тәрбиелеген бақытты ата-анамыз. Қазір ұл-қызымнан бес немере көріп отырмыз. Үлкеніміз – Жансая. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын бітіріп, қазіргі күні ол анасымен бірге «Дубай» кешенінің басшылығын қолға алған. Онан кейінгім Махсұт– Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мұнайшы мамандығының түлегі. Бүгінде «Жақсылық» мейрамханасының директоры. Кенже ұлым Жақсылық – Қазақстан-Ресей университетін, сонымен қатар Қытайдағы ШФЭНДШУЕ университетінің «Қытай тілі» мамандығын тәмамдаған. Жақсылық өзімізге қарасты «Евро-строй» құрылыс сауда дүкенінде жұмыс жасайды.Келіндерім Аида мен Шырын да тәрбиелі жерден тәлім алған аяулы жандар. Ұл-қызымды құтты орындарына қондырып, өмірден өз орындарын тапқан балалардың әкесі болып отырмын. Бұл мен үшін зор бақыт, - дейді отбасы құндылығын бәрінен жоғары қоятын атпал азамат.
       Сонымен қатар Байұзақ Мұхамедиұлы көп ұлтты тәуелсіз мемлекетімізде бейбітшілік пен достықтың тізгінін қатар ұстап отырған Елбасына шексіз ризашылығын білдіре отырып, Президенттіміз салған сара жолды жалғап, елдің көшін бастап, өңіріміздің өркендеуі үшін аянбай тер төгіп келе жатқан облыс және қала әкімдеріне деген үлкен алғысын жеткізді.
        Иә, кәсіпкер болу – тек өз ісін дамыту ғана емес, ел экономикасына үлес қосу, халыққа қамқор болу. Міне, алдына келген жастың бетінен қақпай, керісінше, ақылын айтып, бағыт көрсететін Сыр елінің мақтанышына айналған азаматтың біз көрген, танып-білген тұлғасы осындай.


СОЗИДАТЕЛЬ И ЧЕЛОВЕК ДЕЛА

        Кызылординская область известна по всей республике и за её пределами не только тем, что на её территории расположен первый и крупнейший в мире космодром Байконур, что она богата нефтеными месторождениями и отборным рисом, но и своими героями.
      В советское время была популярна музыкальная композиция «Время вперед», которая очень хорошо описала период активной индустриализации страны. Также можно охарактеризовать деятельность активных личностей, которые, несмотря ни на что, занимаются любимым и нужным для всех делом, преодолевая все трудности и припятствия. Именно таким человеком стал известный Кызылординский предприниматель, директор ТОО «ПСК Б.А.М.» Мухамедиев Байузак Мухамедиулы. Он родился 8 марта 1953г. в г.Кызылорда. Единственный сын Мухамеди и Бибирабиги был для них Всем.
        С первых дней трудовой деятельности проявлял высокую работоспособность, принципиальность и стремление овладеть своей профессией в совершенстве.
        В нем рано проявились организаторские способности и предпринимательская жилка. Его труд во благо родной земли неоднократно был оценен различными наградами, в том числе VIP-орденом «Гордость экономики-2016». Возглавляемое им ТОО получило свою награду «Лидер отрасли-2016» на ХХХІІ Международной бизнес-конференции, где приняли участие ведущие мировые компании.
         Огромное место в его жизни занимает семья. Вместе со своей супругой Улбосын начинали бизнес и она всегда была его опорой во всех его начинаниях и делах.
        Их брак был заключен 11 сентября 1981 года и с тех пор они рука об руку идут вместе по жизни. Они воспитали единственную дочь – Жансая, и двух сыновей – Махсута и Жаксылыка. От детей у них пятеро внуков, которые приносят много радости. Дети как и их родители нашли свой путь в жизни и живут счастливой жизнью.
        Любимая папина дочь Жансая окончила Кызылординский Государственный Университет им.Коркыт–ата по специальности «Бухгалтерский учет и аудит». В настоящее время пошла по стопам отца и работает директором комплекса «Дубай». У Байузака Мухамедиева двое наследника Махсут и Жаксылык.
      Махсут выпускник Кызылординского Государственного Университета им.Коркыт-ата, где получил специальность «Нефтянник». В данное время руководит ресторанным комплексом «Жаксылык». Младший Жаксылык получил специальность «Социальный работник» в Казахстанско-Российском Университете» и специальность «Специалист китайского языка» в Китайском Университете «ШФЭНДШУЕ». В данное время работает в торговом центре «Еврострой».
       С полной уверенностью можно сказать, что большая семья Мухамедиевых может являться образцом современной казахстанской семьи. Народная мудрость гласит: «Богатство земли – в её героях». Байузак Мухамедиев стал настоящим героем своей родины, внося огромный вклад в развитие города, где родился, в улучшение социального и материального благосостояния своих земляков. И хочется верить, что его деятельность послужит достойным примером для подражания, а его дело будет долго служить на благо общества и страны.

 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:


    0
  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
17 сентября 2022 14:09
Ляззат

Биік шындай Алтын Нагашымыз биздин, еш бир жан жетпейтин
22 октября 2021 21:49
Әуел бек

Скорбим по тебе  брат. 
Иманын жолдас болсын 

Последние комментарии

31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....
30 марта 2025 19:53
Людмила.
Наши самые дорогие, родные!!! БАХЫТЖАН Рахимжановичь здоровья вам и вашей большой семье! Горжусь, что с вами работала,...
25 марта 2025 23:30
Гульнар
Бүгінгі күні Серікбек пен Гульмира білімділігі мен біліктілігінің арқасында көптеген адамдардың алғысына бөлініп...