![]()
Жомарт жүрек кәсіпкер
Қарыштап дамып ғылыммен бірген халықтың әлеуметін арттырып, тұрмысын жақсартатын, қоғаммен байланыстыратын азаматтық қоғамда дамып келеді. «Ошақ қасы - от басы» - деген сөздің ұғымы көмескі тартып, ғылымы дамыған қазіргі заман әр адамнан коғаммен байланыс жасауды, сауатты болуды талап етеді. Осындай ақ жаулығының ұшына ары мен намысын жасырған қазақ әйелдерінің күйін күйттеп, ана мен бала денсаулығын жақсарту үшін келелі жұмыстар атқарып жүрген көкірегі ояу, сауатты, қоғамдық жұмыстарды атқарып отыратын Шакенова Даметкен 1961 жылдың 26 қарашасында Түрменстан Республикасының, Балқан облысы, Қызылқия ауылында дүниеге келді.
![]()
Ақ бас толқыны жағаға ұрған сұлу да берекелі өңірде бақытқа толы балалығын өткізген Даметкен 1965-ші жылы жанұясымен ата жұртқа қоныс аударып, Маңғыстау облысы, Қызылсай кентіне келіп тұрақтайды. Талай елді аузына қаратқан ұлы адамдардың тұсауын кескен топырағы қасиетті мекенде ата жұрттың жусан иісі кернеген даласына кеудесін кере тыныстап, көк шөбіне аунап өсті. Қарапайым мұнайшы отбасында тәрбиеленген Даметкен Қызылсай орта мектебінің табаладырығын аттап, 1979 жылы бітіріп шығады.
Бұрымды қыз болғанымен мектепте өткізген іс-шараларға бастамашы бола білген, бойында ұйымдастыруышылық қабілеті бар қыз мектеп бітірген жылы Маңғыстау газ өндіру басқармасында бақылау, өлшеу автоматты құрылымында оператор болып жұмысқа орналасады. Газ құрылғысы таңсық болғанымен таным-түйсігі дамыған Даметкен етінің тірілігінің арқасында көп жігіт жүрексіне бермейтін жұмысты қолына алып, оңай болмаса да орайын тауып газ жұмысын жүргізіп әкетті. Кәсібі ұнағанымен кәсіптің білім алу заман талабы болып тұрған кезде, дарынды жас 1984 жылы Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік-техникалық училищеден сауда қызметкері деген мамандығын оқып алды. Мектеп бітірген жылдағыдай емес, білім-біліктілгі артып, аз да болса тәжірибе жинақтаған қыз - 1984 жылы НГДУ «Узеннефть» қарасты (УРС) сауда бірлестігінде сатушы қызметкері болып жұмысқа орналасып, 1995 жылы «Тұрғын үй пайдалану» басқармасында техник-бақылаушы болып жұмыс жасады.
Күздің қара суығындай өткен ғасырдыңң соңын ала, тоқсаныншы жылдары елге келген тоқырау талай кәсіптің аяғына тұсау салып, елді біраз әуре-сарсаңға салған кезде де Даметкен алғырлық пен шапшаңдық таныта біліп, сауда саласына ауысты. Іргесі мызғымас, өнімі жүз жыл деп есептелген фабрика мен заводтардың есігіне қара құлып салынып, халық не істерін білмей жатқан, сол бір кіресілі-шығасылы жылдары заман ағымымен таласа, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуімен кәсіп бастады. Сауданың нарқын болжай біліп, өз күшімен түрлі сауда-саттықпен айналысып, халықтың қажетін өтейтін тұрмыстық заттар қойылған сауда нүктелерін ашты. Біреулер бір қазаннан ас ішкен кеңестік жүйені аңсап, енді біреулері ақырын күтіп қамсыз отырғанда, Даметкен бас болып кәсіп саласына бет бұрған алғашқы кәсіпкерлердің бірі еді.
Тынымсыз қозғала білгеннің талабы жүріп, кәсібіне береке кіретін табиғаттың жазылмаған заңдылығы бар емес пе? «Біссімілла» - деп ашқан сауда нүктелерінің санын көбейтіп, тұрмысқа қажетті азық-түлікпен айналысып, кәсібін күннен-күннге үлкейтіп, қанатын жайып келе жатты. Осылайша, кәсібінен нәсібін таба білген Даметкен - 2004 жылдан бері облыс аймағында балабақшаларға тамақ жеткізіп, мектеп табалдырығын аттаған оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамту қызметін көрсетіп келеді. Тұрмыстың тал бесігі шатқаяқтап тұрған кезде, кәсіп бастау анау-мынау деген адамның қолынан келе бермейтін келелі әрі жауапты іс. Бірақ, жоқшылықтан қажыған елдің жағдайы ойландырмай қоймаған Дәметкен қиындықтан да, жауапкершіліктен де мүлдем қорықпады. Өзінің білімі мен біліктілігіне, еңбегіне бастаған ісінің оң нәтиже береріне сенген ол - қолына алған қай істі де шыр айналдырып алып кететін ерекше қабілетінің арқасында, шағын сауда сататын саудагерден үлкен кәсіпкерге айналып шыға келді. «Тәуекел түбі - жел қайық, өтесің де шығасың» - деген мақалдың айтылар жері осы еді.
Кәсіпкерлік ер азаматтардың өзіне артылар ауыр жүк. Оның да өзіндік қиыншылықтары, жүйкеңді қажытар, еңсеңді басар өзіндік күрделі жұмыстары бар. Бірақ, Даметкен осындай қиыншылықтарда табандылық таныта, әкеден берілген сабырлылығының арқасында өтіп, өзіне, еңбекқорлығына, басшылық ұйымдастырушылық қабілетіне сенгенінің арқасында кездескен кедергілерден сүрінбей өтіп, алдына қойған мақсатына жете білді. Бір рет болмады деп сынып қалмады, сүрінген жерден қайта тұрып, көңілі жеткен жерге көзін де жеткізіп, кәсіби сауатының арқасында жасаған жоспарлары орындалып, бизнес саласында үлкен жетістіктерге жетті.
Кәсіпкерлерге қолдау білдірген үкімет бағдарламасына құлақ түріп, келер күннің сұранысын болжай білген кәсіпкер 60 адамды жұмыспен қамтып келеді. Осы салада мол тәжірибе жинаған ол - қазіргі таңда бизнесін дамытып, түрлендіру мақсатында 175 гектар жер алып, бау-бақша өнімдерін егіп, жылыжайда әр түрлі көкөніс өнімдерін егумен айналысып келеді. Басшы болса да бәлсінбей, қарамағындағы жұмысшылардың қамын ойлап, қажеттіліктерін өтеп, жағдайларын жақсарту үшін көмек көрсетіп келеді. Дәметкен бизнесмен болғанымен, азаматтың жағасының ақ болуын қадағалап отырған - жар, бір әулеттің берекесін кіргізіп отырған - келін, отбасында ақ жаулықты – ана. Анаға тән махаббат мейіріміділігінің мөлдірлігі сондай өз баласымен қатар өзгелерді де жақын тартып, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді екінші орынға ысырған емес. Қайта ата-наларын жұмысқа тартып, балалрына қамқорлық мейірімін төгіп келе жатқан, жүрегі торсығы мейірімділік пен имандылыққа толы жан.
![]()
Күн сайын құбылып, алдаспанның жүзіндей лыпылдаған заман асқан біліктілікті, еңбекті, сауаттылықты талап етеді. Кәсіпкерліктің кірпішін қалаған алғашқы жылдары, яғни, 2000 жылы Орталық Азия университетіне оқуға түсіп және 2005 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша мененджерлік білім алды. Ал, 2005 жылы құрылыс компаниясын ашып, құрылыс саласы бойынша да бірқатар жұмыстар атқардым. Кәсіпкерлікті жолға қойған Даметкен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әйелдер құқының тапталмауы үшін, олардың құқығы мен қоғамдағы орнын, беделін көтеру үшін көптеген жұмыстар жасап, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, оларға үкіметтің назарын аударту жолында талай игі істер атқарды. 2003 жылы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып, 2008 жылы өткен Еуразиялық Саммитіне қатысып, наминация иегері атанып, кәсіпкерлік келбеті мен аналық болмысы «Ажар» журналында жарық көрді.
2011 жылдан «Ана мен бала -2011» қоғамдық бірлестігі және «Тұтынушылар құқығын қорғау-2011» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарып, көшбасшы әйел, ана біліктілігі мен Маңғыстау облысындағы отбасылық демографиялық саласының дамуына үлесін қосқан қайрымдылық акцияларын, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырып, аймақтың тыныс-тіршілігіне белсене араласып, қоғамдағы өз орнын анықтай білді. Уақытпен санаспай еткен еңбегінің арқасында қала, облысы әкімішілігі және өзге ұйымдар мен министрлік тарапынан марапаттарға ие болды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қоғамның саяси өміріне белсене араласқан үздігі ретінде облыстық азаматтық бастаманың «Алғыс хатымен» марапатталса, 2012 жылы Үкіметтік емес сектордың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыру барысында кәсіби іскерлігімен біліктігі үшін Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы « Алғыс хатына», 2014 жылы Маңғыстау облысында отбасылық – демографиялық саласының дамуына қосқан үлесі үшін, Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.
Сонымен қатар, облыстың блім ордалары мен мектептерінде өткізілген қайырымдық іс-шараларына үзбей қатысып келеді. «Мектепке жол», «Жетім көрсең жебей жүр», «Бала біздің болашағымыз», Жаңа жылдық «Жасыл шырша жанында» - атты көптеген акциялар ұйымдастырып, облыстық, аудандық оқу бөлімдерінің және мектеп директорларының «Алғыс хаттар» мен марапаттарына ие болды.
Соңғы он жылдықта кәсіпкерлікті жеделдете дамытудың жолын ойлаған Даметкен облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген форумдар мен конференциялар және өзге де кәсіптік шаралараға қатысып келеді. 2014 жылы Дубайдағы өткен «Мұсылман елдер арасындағы дүниежүзілік экономикалық форумына» қатысып6 өзге елден келген кәсіп иелерімен ой бөлісіп, тәжірибе алмаса, 2015 жылы болған «Нұр Отан» партиясының он алтыншы съезіне делегат болып қатысты. Сауда мен кәсіп – ұлт немес тіл, шекара талғамайтын сала. Мемлекеті бөлек болғанымен қолданысы, тұтынушылары адам болған кәсіпкерлікті дамытудың түрлі идеялары әр елде әр түрлі. Сондықтан, пікір-алмасып кәсіпкерлік байланыста болу заман талабы. Осы мақсатта 2015 жылы «Expo-2015» Италия елінде болған көрмеге делегация тобымен барып келді.
Еткен еңбектің жемісі болатыны секілді, қоғам үшін атқарылған іс-шаралардың да халық тарапынан, билік жағынан берілетін бағасы, көрсетілер құрметі болады. Әрдайым алға жүруді құп көріп, үнемі ізденіс пен еңбек үстінде болып, өзінің жеке қара басының ғана емес, қара халыққа қызмет етіп, жетімдер мен қарттар, аналар үйіне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз камтылған және сәтсіз отбасыларға көмек қолын созғаны үшін,
«Жана жылдық» шыршаға жылына осы балалардан 500 бала қамтып, шырша өткізу іс-шаралары бойынша, облыстың, республика бизнесіне қосқан үлесі үшін марапаттауларға ие болды. 2015 жылы «Әлемнің мейірімді адамы» төсбелгісін кеудесіне тағып, дипломына ие болған Даметкен 2016 жылы «Нұр-Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Ел басының, 2017 жылы ҚХА «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық акциясы – ҚХА төрағасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. 2017 жылы ККХП «Ұлы Қазан» Социалистік Революциясының 100 жыл мерекелік төсбелгісіне, 2018 жылы жомарт жүрек «Балалар ауылының» атынан, Тәжік-Ауған шекарасы ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі атынан «Ана жүрегі» төсбелгісіне ие болды.
Кәсіпкерлік салада да түрлі байқаулар мен өнім сапасы жөнінде мемлекеттік байқауларда бақ сынады. 2018 жылы - «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауынан «Алғыс хат» иеленсе, осы жылы – «Жомарт-жүрек» сыйлығының лауреаты атанып, облыс, республикада өткен іріктеуден «Жыл тұлғасы» номинациясының дипломымен және «Жыл адамы-2018» номинациясы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімінің тарапынан марапаттады.
Жеңіс пен жетістікке жетудің жолында қайраттылық пен қажырлық көрсетіп, кәсіпкерліктің тағалы тұлпарын ерттеп мінген, кәсібімен қала, облыс тұрғындарының қажеттілігін өтеп келе жатқан белді кәсіпкер, мұқтаж жандардың көңілін серпілтіп, сәби жанарына қуаныш ұялатып, қуанта білген мейірімді де, адамдық асыл қасиеттер бір бойынан табылатын Даметкеннің ісі талайға үлгі, атқарған істері тұнып тұрған өнеге.