Чайгараева Ляззат Нүсіпқызы

Рейтинг:

ЖОМАРТ ЖОҚТЫҒЫН БІЛДІРМЕС

      Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылының тұрғыны Ләззат Чайгараеваның бүгінге дейінгі атқарып жүрген ер-азаматқа бергісіз ұлағатты істерін, ізгіліктің ізін ту қып ұстап жүргенін таңды - таңға ұрып айтсақ та, жарасып тұр. Қазағымның қайсар да, батыр, жаратылысы қанша нәзік болғанымен ішкі жан-дүниесі темірдей төзімді, өжет арулары талай істің басын қайырып жүргенін бірі білсе, бірі білмес. Ошақтың отын жағып, баланың тәлімін бағып, үйінің тозаңы мен шаңын қағып, ал, қоғамда кеудесіне «іскер әйел» атағын тағып, бәріне бір мезетте үлгеріп жүретін асыл аналарымыз үшін неге мақтанбасқа?! Адал жар мен бала-шағаның көңілін тауып, ағайын мен жекжаттың арасын жарастырып жүріп, қызметтен де шет қалмайтын Ләззат Нүсіпқызының ауыз толтырып айтар құнды істері баршылық.       Қазіргі таңдағы еліміздің даму болашағына өзіндік зор үлесін қосуда нәзік жанды аруларымыздың орны айрықша. Қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына белсене атсалысып жүргені баршамызға таңсық емес. 
      Көзі мөлдіреп, қос өрімін ақ бантикпен тас қып байлаған мектептегі үздіктердің қатарында жүретін кішкентай Ләззат сондай алғыр оқушы болды. Ата-анасының үкілеген үмітін ақтау үшін үнемі ұстаздардың тілін алып, достарымен тату болуға тырысатын. Ләззат Нүсіпқызы Пенжім ауылы Розыбакиев атындағы орта мектепті ойындағыдай аяқтап, түлеп ұшып, бала күнгі арманына ұмтылып, 1991-ші жылы Республикалық Медицина училищесіне оқуға тапсырады. Көздері жалын атқан, кеуделері алқынып тұрған бір топ студент құрбыларымен бірге 1994-ші жылы Ләззат та оқуын тәмамдап, дипломын қолына алды.Оқып жүріп, тұрмысқа шықса да, мамандығы бойынша, медицина қызметкері болып қызмет атқарып үлгерген Ләззат өте пысық, әрі ширақ болды. 
      Осы еті тірі, пысықтығының арқасында 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетіне педагогика және психология факультетіне оқуға тапсырып, 2006 жылы дипломын қорғап алады.Құдай қосқан адал жары Раев Қайрат екеуі бір ауылдың тумасы. Әке мен анадан өнегелі тәрбие көрген екі жас 1992 жылы қазақтың салт-дәстүрімен отау құрып, неке қияды. Сол уақыттан бері қиындықта бір-біріне демеу болып, салиқалы сабырлы түсіністікпен қол ұстасып, бірге келе жатыр. Үлгілі де, өнегелі отбасына айналасы қызыға қарап, еліктеуге де тырысып жатады. Бүгінде үлкен шаңыраққа айналып отырған Қайрат пен Ләззаттың бір ұлы мен бір қызы бар. Әкенің қатаң тәрбиесі мен ананың мейірімді алақанын сезіп өскен ұл мен қыз ата-ананың атына кір келтірмеуге тырысады.
      Ләззат Нүсіпқызы Чайгараева 2007-2010 жылдары екінші мамандығы бойынша Абай атындағы орта мектептің педагог-психолог маманы болып қызмет атқарады. Кісінің ішіндегісін көзінен танып тұратын сезімталдығы мен оқып-білген біліктілігінің арқасында психологиядан ешқашан жаңылған емес. Ал, бала үшін жанын беретін, әр баланың болашағы үшін күн мен түнді ауыстыруға дайын еңбекқорлығы оның нағыз педагог екендігін айтқызбай-ақ айқындап тұрушы еді. 
      Бірақ, бұл қызметте көп тұрақтамай заманның ағымынан қалыспауға тырысып, 2010 жылы тәуекелге бел байлап жеке кәсібін бастап кетеді. Тынбай еткен еңбек пен табандылықтың нәтижесінде, 2014 жылы ЖШС “Әділет РК” құрылтайшысы болады. Сол жылы Ләззат Нүсіпқызы Алматы облысы, Іле ауданының Комсомол ауылынан 75 балаға арналған балабақша ашады. Бұл нысанды ашу арқылы ол – қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып, қоғамдағы біршама мәселенің шешілуіне ықпалын тигізеді. 2016 жылы Көкқайнар ауылынан тағы да 40 балаға арналған балабақша нысанын ашып, еліміздің болашағы үшін сауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосты. 
      «Туған жерге туың тік!»,- деген ұстанымға берік Раев Қайрат пен Ляззат Нүсіпқызы өздерінің туған жері Панфилов ауданы, Жаркент қаласынан 300 балаға арналған балабақша салып, 100-ден астам жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ең сауапты істердің бірі - мұқтаждың көңілін табу екенін жақсы білетін Ләззат Чайгарева 2018 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласынан 100 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы балабақша салып, қолдануға берді. Ләззат Нүсіпқызы сонымен қатар, 2019-шы жылы 17 желтоқсанда халықтың денсаулығын жақсарта отырып, табысқа жеткізуді мақсат еткен халықаралық “UNIFORES” компаниясының негізін қалады. Қазіргі уақытта Ресей, Түркия, Қырғызстан, Монғолия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, БАӘ мемлекеттерінде мыңдаған серіктестер осы компанияның дамуына үлестерін қосуда.      Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантинге жапқан кезде Панфилов ауданы, Пенжім ауылының жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік себеттерін таратты. «Жүйрік тоқтығын білдірмес, жомарт жоқтығын білдірмес»,- деп дана қазақ қалай керемет айтып кеткен десеңізші. Садақаның адамға мейірімділікті, нәпсіні тәрбиелеуді үйрететінін, әр мал-дүниемен жүректі тазартып, мол сауапқа кенелетінін жақсы білетін Ләззат Нүсіпқызы мереке кездерінде ауданымыздағы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына әртүрлі сыйлықтар таратып,«мектепке жол» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіп келеді.
      «Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін»,- демекші Ләззат Нүсіпқызы жасаған сауапты ісін жарияға жар салып, мақтанғанды ұнатпайды. Бұл оның қарапайымдылығы мен даналығының тағы бір көрінісі десек болады. Осынау ізгі істер мен сауапқа толы тәрбие-тағылымы тұнып тұрған әрекеттері үшін мақталып, мадақталмаса өңір басшыларының атына сын болар еді. Ләззат Чайгараеваның ер-азаматқа бергісіз табандылығының, мақсатына жетпейінше тыным таппайтын еңбекқорлығының жемісін бағалап өткен біршама марапаттары бар екен.
      2015 жылы Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Іле ауданының әкімі Қ.Медеуовтан мадақтамамен марапатталды. 2016 жылы 15 сәуірде «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына» және жекеменшік білім ұйымдары «Республикалық қауымдастығының 10 жылдық» мерейтойында ҚР ҰКП әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Т.К.Доскеновтан «Мақтау грамотасы»-мен марапатталды. Жеке меншік білім саласын дамытуға қосқан үздік үлесі үшін 2016 жылы желтоқсанда республикалық жеке меншік білім ұйымдары қауымдастығы төрайымы Р.Ш.Садыковадан «Мақтау грамотасы»-мен марапатталды.
      2017 жылы Ұлттық Бизнес Рейтингтің зерттеуі бойынша «Жыл Көшбасшысы» атағын алды. 2018 жылы Мемлекеттің бүгінгісімен болашағын құруға көмектесіп жүргені  үшін ҚР БҒ министрі Е.Сағадиевтің, 2018 жылы КазЦИК ауылдық округінің әкімі А.Жасымбековтан Округтің әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдени, рухани өркендеуіне, ел бірлігі мен саяси тұрақтылығына қосқан үлесі, 2019 жылы ҚР БҒ министрі А.Аймағамбетовтан көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін, 2019 жылы «BilimINVEST» білім беру саласындағы инвесторлардың ұлттық қауымдастығының президенті Р.Т.Төлегенованың білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін «Алғыс хаттары»-мен марапатталды.
      Қазіргі таңда Қайрат пен Ләззаттың балалары да ата-анасының ізін басып өз кәсіптерін қолға алуда. Осылайша өскелең ұрпаққа жол көрсетіп, үлгі боларлықтай ойы мен сөзін ісімен дәлелдеп келе жатқан, бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербетіп отыратын аяулы аналарымыз бен сұлу жеңгелеріміз аман болса екен деген тілегіміз бар!
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
10 августа 2021 16:39
Асия

Ләззат апай жасап жүрген жұмысыңыздың жемісін көріңіз. Үлгі тұтар жаңсыз. Аман болыңыз, бар болыңыз, бай болыңыз!!!
10 августа 2021 05:50
Алия Абишева

Лязат Чайгараева достойный пример для подражания многим девушкам. Она очень порядочный человек во всем . В бизнесе, в семье и в жизни. Желаю дальнейшего процветания во всех начинаниях этой прекрасной женщине .! 
9 августа 2021 20:45
Асия

Жұмысыңыз алға бассын. Ойлаған арман мақсаттарыңыз орындалсын. Үлгі тұтар жаңсыз!!!
9 августа 2021 20:35
Асия

Жұмысыңыз алға бассын. Тек биіктерден көріне беріңіз. Үлгі тұтар жансыз.
9 августа 2021 20:26
Айкерім

Ләззат Нүсіпқызы-өте білімді әрі қарапайым кісі. Балаларды жақсы көретінін де ісімен дәлелдеп жүр. Қаншама адамды жұмыспен қамтып отыр. Алғысымыз шексіз...
9 августа 2021 18:48
Кызжибек Маатова

Очень рады видеть нашу очаровательную Ляззат ханым! Мы гордимся Вами!!!
3 января 2021 10:18
Аленова Сандигул

Өте керемет!
Жарайсыз, Ләззат ханым жасаған еңбегіңіздің рахатына бөленіңіз.Алла денсаулық,бақыт,байлығын мол берсін.Сіздей керемет жан елімізде көбейсін.Алар асуыңыз еселене берсін.👍👍👍
3 января 2021 08:38
Үміткүл

Ләззат өз жанұясының ұйқысы  ғана емес бүкіл қазақтың қамын ойлайтын қайсар, жүрегі жұмсақ жаны жомарт нәзік жан. ЛӘЗЗАТ ханым, еңбегіңіз жана берсін!
Қазақтың ЛӘЗЗАТтай қайсар да батыл қыздары көбейе берсін! 

3 января 2021 02:04
Сулушаш

Добрый вечер, Ляззат Ханым!!
3 января 2021 00:57
Бошантаева Аймхан

Ләззат ханым еңбегін жаңа берсін, алла саған денсаулық берсін!
2 января 2021 23:01
Айкумыс

Мен сизди оте жаксы корем

2 января 2021 23:00
Айкумы

Мен сизди жаксы корем. Мен сизди улги тутамын
2 января 2021 22:55
Айгуль Майтпасова

Пусть процветает компания Unifores.
Лязат Ханым всех вам благ!
2 января 2021 22:11
Мунаввара

Супер я вами восхищаюсь.  

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...