Хабибов Бегзат Давранович

Рейтинг:

АДАМ КӨРКІ-ЖАҚСЫ ІС

      Қазақтың қонақжайлылығын өзге республикаларға танытып, өзі бас аспазшы болып қызметін атқарған Хабибов Бегзат Давранович, 1976 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Атабай (Қарнақ) ауылында туылған. Өзінің туған Кентау қаласы Қарнақ ауылында 1993 жылы орта мектепті үздік аттестатпен бітіріп, 1994 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы өзі қалаған  кәсіби техникумына оқуға түседі. 3 жыл көлемінде оқуын ойдағыдай оқып,  1997 жылы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» саласындағы техник-технолог мамандығы бойынша бітірді. Бұнымен оқуын тоқтатып қана қоймай білімге жаны құштар жан-жақты кейіпкеріміз 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесін алды. Қазіргі ХХІ ғасыр технологияның жоғары деңгейде дамыған заманы, информатика мамандығы барлық заманауи техникалармен байланысқан. Сол себепті, көптеген зауыттар мен фабрикалар, түрлі басқа да жұмыс орындарына сұранысқа ие мамандықтар қатарынан. Айта кетер болсақ, әрбір облыс, қала, кішігірім ауыл болсын мектеп пен аурухананың болуы шарт. Заманға байланысты барлық жоспарлар мен есеп берудің өзі қағаз жүзінен электронды нұсқаға көшірілген болатын, соған байланысты компьютердің әр мекемеде болуы өте маңызды. Осы секілді компьютермен байланысты барлық жерде «Информатика» мамандығын жетік меңгерген  маман керек. Біздің айтқымыз келгені, Бегзат Давранович мамандық таңдаудан қателеспеді деп нақты айта аламыз.
      Еліміздің еңбексүйгіш азаматы өзінің еңбек жолын Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Зарафшон» ресторанында бас аспазшы қызметінен бастап, тамақтындыруды ұйымдастыру саласында  технолог лауазымында жұмыс істеді. Өзінің қалап түскен мамандығы бойынша жұмыс істеу адамды бақытқа бөлеп шаршатпайды. «Зарафшон» мейрамханасында мол тәжірибе жинақтады. Осылайша тәжірибе жинақтау арқылы, ол- болашақта өзінің жеке кәсіптеріне қадамдар баса бастайды. 
      Қанша жерден, қай жаққа болмасын өзінің туған жерінен жыраққа кеткен адам түбінде өзінің туып-өскен жеріне деген сағынышы оянып қайтқысы келеді. 2006  жылы өзінің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, Түркістан қаласындағы мейрамханаларында мамандығы бойынша технолог жұмысын атқарды. 4 жыл көлемінде технолог жұмысын жасағаннан кейін, 2010 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, Түркістан қаласында 2010 жылы «Дәулет» шайханасын ашып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Жеке кәсіппен айналысып, біршама адамды жұмыспен оңай шаруа емес. Дегенменде, ол - не болсада аздан бастап көргісі келді. Ісі оңға басып, жұмысының жүре бастағанын көргеннен соң 2014 жылы 500 орындық «Бексарай» мейрамханасын ашып, 20 адамды жұмыспен қамтыды. 2 жылдың көлемінде екі мейрамхананың иесі болып, онымен қоса, 2016 жылы «Эргаш ата» шаруа қожалығын ашып, бүгінгі таңда Қарнақ ауылында ет, сүт өндіретін 200 бас затты ірі қара малға арналған ферма жұмысын жолға қойып басқаруда. Бүгінде көп адамдар ауылдан қалаға көшіп жатқандықтан, ауыл тұрғындары азайғанымен қоса мал асыраушылар да азайып келетіндігін білдіреді. Қала тұрғындарының көп пайызы жұмысбасты адамдар, олар таңнан кешке дейін өзінің жұмысын атқарып, дұрыс тамақтануға уақыттары жетпей, кейде тез дайын болатын асқа жүгіреді. Оның құрамын білмей жатып, зияндылығына да мән бермейді. Осындай маңызды себептерді ескере отырып, елінің  тұрғындарының қамын ойлап Бегзат Давранович саумал, ет, сүт шаруашылығының басшысы болып еңбектенуде. Елімізде осындай өзіне сенімді әрі өз ісіне жауап бере алатын ұлы тұлғамыздың бары бізді қуантады. Бұл сауапқа мол ісіңіз алға бассын деп тілейміз.
       Айналасындағы адамдарына жанашыр тұлғамыз бүгінгі таңда өзі жұмысын жүргізіп отырған кәсіпкерлік объектілерінде 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Еңбек жолында ОҚО «Өзбек мәдени орталығының» «Қоғам жанкүйері» төс белгісімен 2014 жылы марапатталады. Дәл сол жылы Қарнақ ауылы 2000 жылдық мерейтойын ұйымдастыру комиссиясы «Қарнақ 2000» төс белгісімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Өнегелі азамат» төс белгісімен 2017 жылы марапатына ие болады. 2015 жылы Қазақстан Республикасындағы «Нұр Отан» партиясының ОҚ облыстық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталады. «Нұр Отан» партиясынан алған алғыс хатының себебі, өзінің еліне деген патриотизмінің арқасында ол - Қазақтанға пайдасын тигізуде.  2016-2018 жылдар аралығында Түркістан қалалық өзбек этно мәдениет орталығының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Осы және өзге де марапттаулары өзінің жасаған еңбегінің жемісі деп білеміз. Елімізді жандандыруға, дамытуға осындай еңбекшіл кісілердің үлесі тиюде.
      2016 жылы Кентау қалалық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталып қана қоймай, араға 3 жыл салып,  «Жаннатул Фирдауси» қайырымдылық қорының «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда жеке кәсібі арқылы ел тұрғындарына көп көмегін тигізіп жатқан тұлғамыз тек қана мейрамхана мен мал шаруашылық ісімен ғана айналысып қана қоймай, сонымен қатар, жетім-жесірлерді, түрлі топтағы мүгедектерді де ескерусіз қалдырмай қайырымдылық қорымен айналысады. Қазірде Бегзат Даврановичтің көмегімен көптеген отбасын қаржалай жағынан, киім-кешек пен азық-түлік жағынан да қамтамасыз етуде.
      Үлгі тұтар жұмысшымыз қай салада жұмыс атқармасын, өзінің адалдығы, еңбесүйгіштігі, ізденімпаздығы, қарапайымдылығымен көзге түсіп келеді. Барлық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, қоғам жанкүйері ретінде танылған. Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Өзбек этномәдениет бірлестігінің төрағасы ретінде көптеген игі истерді атқаруда. Қаладағы және ауылдығы барлық мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, білім мекемелерінде барлық іс-шараларға белсене қатысып, мектеп оқушылары мен ұстаздарға мүмкіндігінше материалдық көмек көрсетіп келеді. Осындай ғана көмек қолымен ғана тоқтап қалмай сондай-ақ, жастар тәрбиесіне, ұлтаралық келісім мен татулыққа, спорттық іс-шараларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, қарияларға, мүгедектерге арналған іс-шаралардың барлығына қатысып, демеу көрсетіп келеді. 2020 жылы Мақтарал ауданын су басып, халық қиын жағдайда қалған кезде, Қарнақ ауылы тұрғындарының, жастар кеңесінің қолдауымен 2 миллион теңгеге демеушілік жасады. Мақтарал ауылының су басуының кесірінен ауыл тұрғындары көп зардап шекті, дегенменде қайырымды іспен айналысатын кейіпкеріміз және оның командасының көмегі арқасында Мақтарал ауылы алғысын білдіріп жатыр. 2020 жылдың жаңалықтары   әлем тұрғындарын қуанта қойған жоқ. Бүкіл әлемді жаулаған Коронавирус пандемиясы кезінде Кентау қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлеріне ыстық тамақ ұйымдастырды, ауылдағы емханаға қажетті медициналық құралдарды алу үшін ауылдағы кәсіпкерлерді ұйымдастырып, 700 мың тенгеге демеушілік көрсетті. Осындай қиын-қыстау кезеңде елге демеу болған азаматтарымызды біздің Қазақ елі шын жүректен мақтан тұтады. 2016 жылы Қарнақ ауылында 2 миллион тенгеге үлкен көпір құрылысын жүргізіп, ауылға тарту етті. Осындай үлкен-үлкен сауапты іске кенеліп жатқан еліміздің патриот, еңбексүйгіш, қамқор, жан-жақты әрі жауапкершілігі мол кісі.
      Жастайынан ағайындыларына бауырмалдық танытып, ата-анасының зор үмітін ақтауға тырысып жүрген еліміздің жанашыр азаматы өмірде қарапайым, мейірімді, моральдық жағынан ұстамды, жұмыста абырой, құрметке ие, ізденімпаз, тәртіпті, жаңалыққа, қойған мақсатына талпынушы, еңбексүйгіш, қала және облыс көлемінде құрметке ие, мақтан тұтуға лайықты азамат. Өзінің Қарнақ ауылында балалық пен жастық шағыт өткізген Бегзат Давранович есейе келе оқуын оқып, бірнеше дипломға ие болып, өзін түрліше дамытып, шет елдерде тәжірибе жинақтап, өз ауылын ұмытпай, қазірде көптеген пайдасын тигізу үстінде. Жоғарыда айта кеткен «Эргаш ата» шаруа қожалығын да өзінің Қарнақ ауылында ашқандықтан, тұрғындарды да тұрақты жұмыспен қамту үстінде. Жұмыспен қатар мал өнімдерін де ауыл тұрғындары көптеп пайдалануда. Пайдалы сүт, ет пен түрлі ауыл шаруашылық өнімдерімен ауылының қамын ойлап өз жерлестерінің денсаулығына қамқор болуда.
      Кейіпкеріміздің ойынша, отбасы өмірдегі ең бағалы, құнды, шағын ғана мемлекет. Жеке отбасына қадам басу үшін адамда ең бірінші жауапкершілік  болуы керек деп санайды, себебі баланың тәрбиесі дұрыс жолда жүріп, отбасында береке болуы шарт. Бегзат ағамыз қазірде өзінің жеке отбасы бар. Үміт артып отырған 1 қыз, 2 ұлы бар. «Сіз», «біз» - деген жылы сөз, Ағайынға жарасар демекші ол да өз балаларын сыйластыққа, бір-біріне қамқор жасап бауырмалдыққа үйретеді. Балалары да әкесі сияқты болуға талпынады, сондай-ақ балалары ізін басады деп кәміл сенеміз. Қазірде үлгілі әке 3 бірдей баласы өзінің ізін басып, үмітін ақтайды деп сенеді. Оның ойынша, ата-ана үміті ақталса, сонда ғана ер жетіп келе жатқан бала өз елінің патриоты болып, елінің қорғаны бола алады деп айқын пікірін білдірді. Егерде әр бір отбасы өз балаларына дәл осылай көңіл бөліп, білімін шыңдауға үлесін қосып,тура жолдан тайдырмаса, міне, еліміздің жарқын болашағы осындай жастардың қолында деп сенеміз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
22 декабря 2020 17:24
Зульфия

Очень умный очень заботливый семьянин

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...