Чайгараева Ләззат

Рейтинг:
Іскер жан, мақтаулы тұлға
      Өз ісінің шебері болу да бір бақыт. Еңбегінің жемісін көру дегеннің өзі басқалардың алғыс-ықыласына бөлену болып табылады. Қашан көрсек те бір қалыпты мінезінен айнымайтын ақ жарқын жүзді, мейірімді жанның балажандылығына да тәнті боласың. Қайсыбір істің бастамасына үлкен мән беріп, мазмұнды да мағыналы жүзеге асуына барынша күш салатын жан. Әсіресе бала болашағы үшін алаңдап, сол жолда қажымай - талмай еңбек етуге бар. Әңгімеге арқау болып отырған Ләззат Нүсіпқызы өз ісін шебер меңгерген маман.
       Чайгараева Ләззат Нүсіпқызы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылының тұрғыны. Туған жеріндегі Розыбакиев атындағы орта мектепті үздікке бітірген, қайсар мінезді, шыншыл әрі адал жан. Мектеп қабырғасында жүргенде талай іс - шараларға қатысып, өзінің белсенділігін, іске деген икемділігін, білімділігін көрсеткен Ләззат ұстаздарының мақтанышы болды. Көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетке ие. Ләззат сыныптың тазалығына, сыныптастарының білім деңгейіне қарап, сынып жетекшісіне көмекші де болды. Оқуға ынтасы зор ол түрлі кітаптарды іздеп жүріп оқитын. Әсіресе соның ішінде тарихты ерекше жақсы көрді. Сонымен бірге қазақ жазушыларының белгілі туындыларын жинақтайтын. Кітапқа деген құмарлығы оның ата-анасынан көрген тәлімі деуге болады. Себебі, ата-анасы көзі ашық, көкірегі ояу, ел-жұртына сыйлы жандар болған. Үйлерінен қонақ арылмайтын, қазақы дәстүрді ұстанған отбасында оқу мен білім, сыйластық пен адалдық жайлы жиі айтылатындықтан, Ләззат сол қасиеттерді бойына сіңіріп есейді. Рас, мектептегі ұстаздарының да берген ілім-білімі мықты болды. Білсем екен деген шәкірттің қанатын қатайтып, түрлі байқауларға қатыстырып, жеңісін бірге көріп жүрді. Десек те Ләззаттың табиғи жаратылысы сол, ол еңбексүйгіш, ізденгіш. Шаршауды білмейтін, керісінше, өзінің ісінен рахат табатын жан. Адамдармен тез тіл табыса білетін Ләззат мектеп қабырғасынан кейін қатарластары секілді арман жетегімен жоғары оқу орнына түсем деген мақсатпен 1991 жылы медицина училищесіне оқуға құжат тапсырады. Сынақтардан өтіп, білікті мамандардан білім алып, тәжірибелік жұмыстарда біршама шыңдалып, 1994 жылы аталмыш оқу орнын ойдағыдай аяқтап, дипломын қолына алды.Бұл уақытта Ләззат тұрмыста болды. Оқу оқи жүріп, 1992 жылы тұрмысқа шығып, үлкен әулетке келін болып түсті. Жас болса да оқумен қоса отбасы тіршілігін бірге алып жүре алды. Оқуын бітіргеннен кейін де өз мамандығы бойынша, медицина қызметкері болып қызмет атқарды. Рас, тіршілікте кездесетін қиындықтар да болмады емес. Бірақ, Ләззат өткінші қиындықтарға мойынсұнбай, алға қарай жылжи берді. Медицина саласында тәжірибелі аға мамандардың кеңесіне құлақ түріп, қосымша білімін жетілдірумен болды. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетіне педагогика және психология факультетіне оқуға құжат тапсырып, оны 2006 жылы тәмамдап шықты.
       Ләззат Нүсіпқызы Чайгараева 2007-2010 жылдары екінші мамандығы бойынша Абай атындағы орта мектептің педагог-психолог маманы болып қызмет атқарды. 2010 жылы заман талабына сай жеке кәсібін бастап кетті. Тынбай еткен еңбек пен табандылықтың нәтижесінде 2014 жылы «Әділет РК» жеке шаруа серіктестігін құрып, сол жылы Алматы облысы, Іле ауданының Комсомол ауылынан 75 балаға арналған балабақша ашты. Бұл нысанды ашу арқылы ол қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып, қоғамдағы біршама мәселенің шешілуіне ықпалын тигізді. 2016 жылы Көкқайнар ауылынан тағы да 40 балаға арналған балабақша нысанын ашып, еліміздің болашағы үшін сауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосты.«Туған жерге туың тік» деген ұстанымға берік Раев Қайрат пен Ляззат Нүсіпқызы өздерінің туған жері Панфилов ауданы, Жаркент қаласынан 300 балаға арналған балабақша салып, 100-ден астам жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етті. 2018 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласынан 100 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы балабақша салып, қолдануға берді. Ләззат Нүсіпқызы сонымен қатар, 2019-шы жылы 17 желтоқсанда халықтың денсаулығын жақсарта отырып, табысқа жеткізуді мақсат еткен халықаралық «UNIFORES» компаниясының негізін қалады. Қазіргі уақытта Ресей, Түркия, Қырғызстан, Монғолия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, БАӘ мемлекеттерінде мыңдаған серіктестер осы компанияның дамуына үлестерін қосуда.
       Ең сауапты істердің бірі - мұқтаждың көңілін табу екенін жақсы білетін Ләззат Чайгарева, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантинге жапқан кезде Панфилов ауданы, Пенжім ауылының жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік себеттерін таратты. «Жүйрік тоқтығын білдірмес, жомарт жоқтығын білдірмес», - деп дана қазақ қалай керемет айтып кеткен десеңізші! Садақаның адамға мейірімділікті, нәпсіні тәрбиелеуді үйрететінін, әр мал-дүниемен жүректі тазартып, мол сауапқа кенелетінін жақсы білетін Ләззат Нүсіпқызы мереке кездерінде ауданымыздағы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық шарасын жасап, «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша балаларды мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіп келеді. «Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін»,- демекші Ләззат Нүсіпқызы жасаған сауапты ісін жарияға жар салып, мақтанғанды ұнатпайды. Мақсатына жетпейінше тыным таппайтын еңбекқорлығының жемісін бағаланып, түрлі марапаттарға да ие болды. Атап айта кететін болсақ, 2015 жылы Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Іле ауданының әкімі Қ.Медеуовтен «Мадақтама Хатын» алды. Ал 2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына» және жеке меншік білім ұйымдары республикалық қауымдастығының 10 жылдық мерейтойында ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Т.К.Доскеновтен «Мақтау Грамотасын» алды. Жеке меншік білім саласын дамытуға қосқан үздік үлесі үшін 2016 жылы желтоқсанда республикалық жеке меншік білім ұйымдары қауымдастығы төрайымы Р.Ш.Садықованың «Мақтау Грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы Ұлттық Бизнес рейтингтің зерттеуі бойынша «Жыл көшбасшысы» атағын алды. 2018 жылы мемлекеттің бүгінгісімен болашағын құруға көмектесіп жүргені үшін ҚР БҒ министрі Е.Сағадиевтің, 2018 жылы КазЦИК ауылдық округінің әкімі А.Жасымбековтың округтің әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдени, рухани өркендеуіне, ел бірлігі мен саяси тұрақтылығына қосқан үлесі үшін «Алғыс», 2019 жылы ҚР БҒ министрі А.Аймағамбетовтен көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін және 2019 жылы «BilimINVEST» білім беру саласындағы инвесторлардың ұлттық қауымдастығының президенті Р.Т.Төлегенованың Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін «Алғыс Хаттарының» иесі атанды. Өмірлік жары Раев Қайрат екеуі бір ауылдың тумасы. Қандай кездер болмасын бір-біріне шынайы жанашыр болып келеді. Бүгінде жарасымды жанұяда Қайрат пен Ләззат бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты жандар. Бүгінгі күні ұл-қызы да ата-анасының ізін басып, осы кәсіпті жалғастырып, жемісті еңбек етіп келеді.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
10 августа 2021 10:07
Рахилям

Аллам бастаған ісіңіздің берекесін берсін!
9 августа 2021 18:53
Нуржан

Большой человек, с большим сердцем.
22 июня 2021 09:24
Майнур

Ләззат ханым сізге Алла риза болсын!!!
22 июня 2021 09:23
Майнур

 Ләззат ханым сізге Алла риза болсын  

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...