Каспранов Шамиль

Рейтинг:

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
 
      Қоғамдағы мінсіз тәртіпті өз санаңызда ғана орнатуға болады. Кез келген құрылыс нысаны мықты ішкі дайындықты, миға кіріп-шықпайтын ауыр дене күшін, физикалық, моральдық тұрғыдағы ауыр күшті талап етеді. Дәл осындай жағдайда бола тұра, өмір қалтарысында, тіршілік күйбеңінде құрылыстың барлық кезеңдерінде бірқалыпты жағдайды сақтау тіптен қиын. Бірақ, солай болу үшін тырысу керек, бірдеңе жасауға талпыну – барлық жетістіктерге апарар жол,  дейді Каспранов Шамиль Гайнанұлы, «Нектар» өндірістік корпоративінің төрағасы
       Жаңа дүние қалай пайда болды?
      Еліміз егеменді ел атанғанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Ел дербестігін алғанда, барша қазақстандықтар қуаныштан бастарындағы бөркін аспанға лақтырды.
      Бірақ, зор қуаныштың лебін тоқырау деген көлеңке су сепкендей басты. Тәуелсіздікпен  ілесіп, өкшесін басып, алмағайып экономикалық тоқырау жылдары келді. Ол –  өтпелі кезең еді. Бір одаққа бағынған, бір жүйеге ұзақ жылдар бойы біріккен елдер аяқ астынан нарықтық қатынастар ортасында, заманауи бәсекелестіктің алаңында жеке-жеке күресуге мәжбүр болды. 
      Бұл кезеңде кеңес үкіметіне бағынған одақтас мемлекеттер және он мыңдаған тұрғын жұмысынан айырылып, кәсіпорындар жабылып, әркім қолынан келгенін, шамасы келгенінше жүзеге асыруға ниет қылды. Жалмауыз уақыт жетегінде жұтылып кетпеудің қамын жасап, көзсіз тәуекелге баруына тура келген шақ туды. Жаңа уақыт күтпеген тың шешімдерді, жұмысқа басқаша көзқарасты қажет етті. Дәл осы тұста жасап көру мен қателесуді өз тәжірибесінде іске асырған жандар жеке кәсіпорындар ашып, өз жұмыстарын бастауға шешім қабылдады. 
      Қалалық жерлерде алғашқы жекеменшік құрылыс фирмалары пайда болды. Алысқа шабуға барлығының шамасы жетпей, корпорация не мемлекет уақыты келген міндеттемесін төлей алмай, дағдарыстың соққысына төтеп беруге күші жетпей қиын жылдардың толқынды дауылында жағаға шығып қалды.
      Бәйгеге қосқан аттардың барлығы бірдей келмей, біреуі ғана мәреге жетіп, жүйрік тұлпар атанатыны секілді, арасында өз күші мен біліміне сенген кәсіпорын басшылары жолында кездескен бүкіл қиындықты жеңіп, бар мүлігін сақтап, уақыт өте келе  су бетіне қалқып шықты. 
      Қазір сол кезде  дауылды құбылыстан аман қалған мекемелер бәсекелестік заманында жоғары дәрежелі, тәжірибелі маманы, заманауи құрылыс техникалық базасы бар құрылыс компаниясы ретінде оң имидждерін қалыптастырған. Көп жылдар бойы олар көпқабатты, жайлы пәтерлер тұрғызып қана қоймай, қала архитектурасы үшін аса маңызды нысандарды салып, бизнесте жауапты серіктес тапты. 
      Солардың қатарында, Шамиль Гайнанұлы Каспранов басқаратын, құрылғанына 24 жыл толған «Нектар» өндірістік корпоративі ойып тұрып орын алады.  
      Алғашқы адымдар
      Құрылыс саласына саналы ғұмырының 40 жылын арнаған Шамиль Гайнанұлы да тоқырау заманында басқалар секілді арнайы кәсіби мамандарды жинап, өз ісін ашуға белін бекем буды. Осылайша, 1994 жылы «Нектар» крестьян шаруашылығының негізі қаланды. Мекеме орын тепкен жер қалалық әкімдіктің автотұраққа арнап бөлген жері болатын. Біртіндеп, ол жерде автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін кішігірім шеберхана ашылды. Кейінірек, жеке өндіріс күші дамыды. Бұл – темір-бетоннан архитектуралық формадағы аула қоршауына арналған өнімдер жасайтын цех еді. «Нектар» құрылыс кәсіпорыны алғашқы қадамдарын осылай бастаған. 
      Бизнесте аяққа тұру оңай шаруа емес. Ол барша бәсекелестерге қарсы тұру, тұрақты жұмыс жасау, табыс түсіру табанды еңбек пен ұйымдастыру қабілетінің зор мүмкіншілігін қажет етеді. Алмасу мен тоқырау жылдарында елімізде өз жұмысын бастаған барлық мекемелер жұмысы тәуекелге толы. Сондықтан да, өндіріс орнының негізін қалаушысы мен жетекшісі Шамиль Гайнанұлы сияқты осындай керемет нәтижелерге қолжеткізген алдыңғы қатарлы өндіріс кооперативі «Нектар»-дың пайда болуына әкелген оқиғалардың өзі – бір том тарих. Барлық қиындықты артқа тастап, отбасының ғана емес, жақындарының, оған сеніп жоспары мен идеяларын жүзеге асыруға көмектескен адамдардың  жауапкершілігін мойнына алып, өміріндегі бар арманын шындыққа айналдырған көшбасшы тұлға туралы мақтанышпен қызыға да қызғана да айтуға болады.
      Еңбекпен есейген ер
      Алғашқы еңбек тәжірибесін Шамиль туған жері Тамды совхозында 1964 жылы 16 жасында шөп ору арқылы жинақтады. Екі жыл өткеннен кейін, отын жабдықтарын жөндеу жөніндегі сарапшы болғандықтан, ол бір шаруа қожалығында көптеген ауылдық жұмысшылармен бірге жұмыс істеді. Кәмелетке толған жас жігіттің алғашқы еңбек тәжіриесі Ақтөбедегі үлкен кәсіпорнында қаланды. Алғашқы еңбек қадамдары және жеке өмірі жайлы Шамиль Гайнанұлының өзі айтып береді.
      – Маған тікелей жаңа құрылысқа, жаңа мүмкіндікке, бизнеске бару үшін осы салаға бар өмірін арнаған адамдарды жинап, корпортив құру керек болды, – дейді Ш.Г.Каспранов. 10 шақты   жыл жұмыс жасаған теңдессіз тәжірибем жаңа бастаманың іргетасын қаларда үлкен көмектесті. 1970 жылы жас жігіт кезімде ақтөбелік  хром қосылыстар  зауытына жұмыс жасауға бардым. Отбасын асырау керек болды. Әбден ойланып-толғанып қабылданған шешім болатын. Химзауытта жұмысшыларға арналған жатақхана барын білетінмін. Осының өзі менің жұмыс таңдаудағы  жақсы нәтижем болды. Оған қоса, зауытта тегін әрі тойымды тамақтандыратын. Ол жылдары еңбек қадамдарын енді бастаған жастарға өндірісте жұмыс жасау аса маңызды болатын. Көп өтпей жас зауыт жұмысшысы отау құрып, балалы болды. Енді жас әкенің бар уайымы баспана мәселесіне айналды. Көбінесе, жас отбасылар жоқ дегенде, 20 жыл пәтер кезегін күтетін. Шамамен барлық жас жанұялар әке-шешесіне кеңес үкіметі берген шағын үйлерді паналайтын. Жағдайына байланысты ықшамды, шағын үйшік-үйлерде кейде тіпті, 3-4 отбасына дейін тұратын. Ол кезде ондай жайтқа ешкім таңқалмайтын. Әйтсе де, ең нашар осындай нұсқаның өзі Шамильдің таңдауында болмады. 
      Ш.Каспранов досының кеңесімен темір-бетон өнімдерін өндіретін трест «АқтөбеСтрой» мекемесіне жұмысын ауыстырды. Ондағы цех сазды қиыршық тастың жұмысын кеңейткелі жатқан. Сол оқиғаның құрметіне зауыт 20 пәтерді жұмысшыларына паналау үшін беруге бөлген болатын. Тегін пәтерден алуға мыңнан бір адамның үміті болды. Десе де, Шамил үмітсіз шайтан қағидасына сүйеніп,бақ сынап көруге шешім қабылдады. 
      Жаңа жұмыс орнында жас маман моторист қызметіне кірісті. Аздаған уақыттан соң, бригадир лауазымына жоғарылады. АХҚЗ-да  (Ақтөбе хром қоспалар зауыты)жұмыс істей жүріп, Шамиль Химия-технологиялық техникумына оқуға түсті. Жаңа жұмысқа ауысқанына қарамастан оқуын тастап кетпеді, сол себепті де, оны мастер дәрежесіне жоғарылатты. Оқуды аяқтаған соң, оны құрастыру бөліміне ауыстырды. Ол жұмыс барысында бірнеше ұсыныстардың авторы болып көзге түсті. Ақырында еңбегі бағаланды. Жас маман өзін елеулі қызметкер ретінде көрсетті. Өзіне жауапкершілігі мол жұмысты сеніп тапсыруға болатындығына басшылықты сендірді.
      Шешуші қадамдар
      Аймақтық көлемдегі болашақ жетекші Шамиль Гайнанұлы Каспрановтың еңбек жолындағы алғашқы қадамдары осылай басталды. Балалық шағынан нанның оңай жолмен келмейтінін сезініп өсті. Шамиль артық дүние мен жарқыраған байлықты білмейтін қарапайым ауылдық отбасында ержетті. 13 жасар жасөспірім кезінде алғаш рет анасына маңдай терімен колхоз егістігінде жұмыс жасап тапқан ақшасын әкеліп берді. Содан бастап жеке басы үшін өмір бойы бұзбай сақтайтын қарапайым ережелер жиынтығын құрастырды. Соның бірі – «Ауызбіршіліктің құны – адалдық пен ауыр еңбекте» деген қағидасы.       – Жаңа жұмыс орнынан ақыры пәтер бұйырмады, – дейді Ш.Каспранов. 
      – Үміткерлердің тізімінде 86 реттілікте тұрғанымның өзі маған мәртебе болды. Зауыт пәтерінің кезегінде тұрып жылына 10 отбасы баспаналы болатын. Маған кезек жетуі үшін 10 жыл бойы кезекте тұру керек. Бұл жағдайға қолқусырып отыра алмадым. Ақырында жасаған жұмыстарымның нәтижесіндегі ізденістер мені «АқтөбеСтрой» трестінің басқарушылығына алып келді. 
      Алексей Мешков есімді кісі жас маманды жылы жүзбен қарсы алды. Қиындықтарын біліп, адамгершілік қасиетін танытып, Алға қаласына баруға кеңес берді. Алғада күкірт қышқылы кешенінің құрылысы басталып, жас мамандар іздеп жатқан еді. Ол 3 бөлмелі пәтер мәселесі 3 айдың көлемінде шешілетіндігіне уәде берді. 
      1974 жыл. Шамильдің өмірінде өтпелі кезең, қызмет баспалдағына  шешуші қадам. Алғадағы құрылыс көлемі ғаламат, кеңес кездеріндегідей бір құрылыс алаңына жүздеген техника мен жұмысшыларды жинағандай жағдай туындады.
      Жаңа нысанда 20-дан астам құрылыс ұйымы, 5 мыңнан жоғары әртүрлі мамандық бойынша жұмысшылар еңбек етті. Құрылыста бұрынғы кеңес одағының Пензы, Воронежа, Өскемен, Сібір өңірлерінен келген жас жұмысшылар да кездесті. Жұмыс жас Ш.Каспрановты бас алдырмай, қызықтырып әкетті. Күш-қуаты, ерік-жігері шаршау мен ұйқыны артта қалдырды. Оны іске қосу кешенінендегі топ, құрылыс штабына қосты. Жұмыс жауапкершілігі молайып, ісі қиындай берді. Ең маңызды тапсырмалардың бірі – әр алаңға керек кезде  материалдар мен техникаларды апта бойы үздіксіз жеткізуді қадағалау. Қазір зор мақтанынышпен сол кездегі жастығыма қарамастан жұмысты ілгері алып жүре алдық деп айта аламын. Бұл – жас маман үшін таза мектеп. 
      Біздің міндетіміз – ондаған құрылыс компанияларын ұйымдастыру және үйлестіру. Орындау өте қиын болды. Өйткені, жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру қажет болды. Мысалы, құрылыс жұмыстарын аяқтаған құрылысшы бос уақыт кетірмей, басқа алаңға тартылды.  Оның орнынына тез арада басқа мамандардың командасы кешіктірмей, өз міндеттеріне бірден кірісіп отырды.
      Тәжірибе жинақталды, бірақ қатесіз болмады. Біздің қателіктерміздің салдары мұқият қадағаламағанның әсерінен еді.  
      Жұмыс ауқымынан хабар беріп, тұратын жұмыстың қатаң кестесі сызылды. Белгіленген уақытта бастыққа құрылыс орындарында орындалған жұмыстардың көлемі, қандай құрылыс ұйымдары жұмыс істейді, белгілі бір нысанда қандай жұмыстар көлемі атқарылды күн, апта, ай бойында қойылған міндеттер туралы есеп беріп тұрдық. 
      Құрылыс тәулік бойы жұмыс істеді. Бірнеше  ауысым ұйымдастырылып, құрылыста жүмыс жасаған адамдар мен техникалардың есебі жүргізілді. 
      Біз де жұмыс жоғары қысым ырғағында өтті. Басты мамандар және басшылар құрылысқа таңғы сағат 9-да келді. Кейде тіпті, түн ішінде де тыным таппады. 
      Бұл  – баға жетпес тәжірибе. 
      Жауапкершілік жүгі
      Бұл жұмыс оған тәжірибе мен алдағы жұмысына үлкен көмек берді. Аз уақыт өткен соң, Шамиль Каспранов қандай жағдай болмасын, тәулік бойы үздіксіз өнім  беретін цехты басқарды.       – Басшылық мені бетон қоспасын жасайтын жерге басшы етіп тағайындады, – дейді ол.
      – Бетон мен ерітінді алаңға үздіксіз қозғалыспен берілді. Біздің цех ауысымына шамамен 300 куб бетон өндіріп отырды. Тіпті, сирек тынығатын демалыс күндері кәсіпорын жұмысы ойға маза бермеді. Жауапкершілігім жоғары болғандықтан  аяқасты болатын немесе төтенше жағдайлардан қауіптендім, – дейді еңбекпен есейген ер ағынан жарыла. 
       Шамиль Гайнанұлы секілді соғыстан кейінгі толқынның басым бөлігі жұмысқа ыждахаттылықпен қарауға осылай тәрбиеленген. Жаңа аймақта тапсырмаларға жақсы үлгерді. Аздап қысым түскенде, бетон-еріндісі қоспасындағы жұмыс тұрақталғанда, қолынан келмейтіні жоқ, қарымды маманды бүкіл құрылыс басқармасының бас механигі етіп тағайындады. Әйтсе де, оны бір жылдан кейін күтпеген тағайындау күтіп тұрды. Бұл шын мәнінде басқа масштабтағы, оның жоғары дәрежелі еңбегі мен теккен терін бағалау еді. Оның үстіне сол сәтте Шамиль Алматы халық шаруашылық институтының экономикалық факультетін бітірген. 
       – 1979  жылы Алға аудандық комитеті өндірістік транспорт бөлімінің инстуркторы болуға ұсыныс жасады, – дейді ол.  Ұсынылған қызметте 1 жыл бойы жеке өндірістік нысандарды қадағалаушы болдым. Содан кейін аудандық партия комитетінің шешімімен ПМК бастығы қызметіне тағайындалдым. Ол «АқтөбеСтрой» трестіндегі жұмыс еді. Міндеті – ауылдық жерде аурухана, мектеп, мал шаруашылығы кешендерін, теледидар мұнараларын тіпті, кішігірім ұшу алаңын, ауыл шаруашылығына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу. Онда «жылжымалы механикаландырылған мұнара» болды. Көптеген балабақшалар салынып, «Бестамақ», «Богословка» ауылдарында мәдениет үйі, «Саздинской» совхозында 10 шақты мал шаруашылығы кешені, медициналық пункті, монша және көптеген ауыл тұрғындарына қажетті  әлеуметтік нысандар салынды. Біздің есебімізде Ақтөбенің инфраструктурасы  үшін маңызды нысан, қаланың біраз бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін «Кундактыр су құбыры» бар. Ол жерде 1989 жылға дейін қызмет жасадым.
       Соңғы лауазым
       Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығында құрылысшы маман, жер бетінде үлкен тәжірибе жинақтаған, ірі көлемді жобалардың ұйымдастырушысы  Шамиль Гайнанұлы Каспрановтың өмірінде ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер орын алды. Енді оған аймақтық көлемде маңызы бар кәсіпорын басшылығының тізгінін қолына ұстауға тура келді. 
      1989 жылы оны облыстық Өндірістік Технологиялық жинау басқармасына басшылыққа алмастырды. Жұмыс тиімді еді, бірақ жерде орнығып қалмады.  Жұмыстың ауқымы облыстың барлық жерін қамтыды. Бұл қызметте ол 1994 жылға дейін ғана қызмет етті. Еңбек сіңірген «АгроПромСтрой» организациясы толығымен тараған соң ғана өз жеке бизнесін ашу туралы шешімге тоқталды. Жаңа кәсібін крестьяндық шаруашылықтан бастап, атауын «Нектар» деп атағанды жөн санады.  
      Жаңа жұмыс
      Тәжірибелі маманның алдында жауапкершілігі зор өндірістік бейнет тұрды. Жыбырлаған жанға жан бағу қиын кез еді. Өзінің және жақындарының алдағы ғұмыры үшін бәрін нөлден бастап, оңтайлы шешім қабылдау керек болды. Дегенмен, Шамиль Гайнанұлы қорқып, тайсақтамады. Жаңа кәсіпкерге ісін сонау тереңнен, құрылыстан алыс саладан бастау бұйырды. 
      – Бастапқыда шешімімнің дұрыстығына күмәндандым, – дейді бейнеттің зейнетін көріп отырған абзал азамат. Істі неден бастауды нақтылау қажеттілігі туындады. Бизнестен хабары бар адамдардар жол сілтеп,табысты кәсіп – ара балы бизнесін құруға кеңес берді. Маған бұл іс нағыз еңбек болатындай болып көрінді. Бәрі осылай басталды. 
      Алғашқы 60 алқапты қарақұмық өсіретін Родниковкадағы ауылдан 60 шақырым алыс жерден алып келдік.
      Қазір бұл әрекет ерекше таңқаларлық болып көрінер, бірақ алғашқы ара балын жинау маусымында жарты тоннаға жуық таза ара балын алу мен үшін нағыз қуаныш, елеулі оқиғаға айналды. Дәл сол сәтте менің ойымды  дайын өнімді қайда өткіземін деген сұрақ мазалады. Жаңа жұмыста ешқандай көрген-түйгеніміз болмады. Дегенмен, тығырықтан шығар шешім өз-өзінен пайда бола кетті. Маған бал арасы саяжайын құрылыс материалдарына айырбастауға ұсыныс жасалды. Сол жылдары бизнес көрінісі шамамен осылай болатын. 
      Алғашқы нәтижелер
      Ол жылдары пәтер мәселесі де маңызды сұрақ еді. Егемендіктің алғашқы жылдары еліміз адам айтса нанғысыз қиындықтар мен өзгерістерді бастан өткізді. Фабрикалар мен зауыттар жұмысы тұралап, құрылыс нысандары, әлеуметтік мәдени маңызы бар жұмыстардың барлығы «мұз құрсауында» қалды. Бұл – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамдық көрініс. 
      «Нектар» құрылыс кәсіпорнының алғашқы объектісі 1998 жылы жеті жылдан бері бос қаңырап түрған құрылысы аяқсыз қалған 11 мөлтек ауданындағы №39  тұрғын үйді толықтай күрделі жөндеуден өткізу болды. Жекеменшік фирманың жетекшісі ретінде бұл аса маңызды шешуші қадам саналатын.
      Құрылыс бригадасында 15 кәсіби маман бар болатын. Жаңа кәсіпорынның көп емес, бірақ, үлкен ауқымды бригадасын алғашқы «Нектар»-дың алғашқы прорабы Галина Семенқызы Башуева басқарды. 
      – Мен қаланың әкімдігіне тағы да өтініш білдірдім. Бірақ, бұл үйді бізге сенімді басқаруға беру туралы өтініш келді. Сол кезде мұндай жағдай болған. Сіз қалалық әкімшіліктен, мысалы, сенімді басқару үшін жер учаскесін сұрай аласыз және жер учаскесін жасағаннан кейін, құрылысшы мүлікке ауысады. Алғашқы маңызды объектіміз жоспарланған он қабаттың екеуі ғана болды. Соның өзінде бәрін бұзып тастайтын болды, сондықтан менің ұсынысым, ақыр соңында бәріміз үшін оң шешімін тапты
      Қаладағы жекеменшік танымал әрі бірегей кәсіпорының тарихы осылай басталған. Содан кейін жаңа жөндеуге жаңа тапсырыстар және жекелеген адамдардың жұмыстары шыға бастады. Нектарлықтардың күшімен «Нұр» жоғары оқу ғимаратының корпусы жөндеуден өтті. 
      2006 жылы «Нектар» өндірістік корпоративі  Сансызбай батыр көшесінің қиылысындағы  облыстық баспаханасының 45 пәтерлік үйдің монтажымен айналысты. Бұл кезде ұжым құрамы 80 құрылысшы маманға толығып, маусымдық жұмыстар ондаған құрылыс техникаларын қажет етті. Содан бері жетекшілерінің алысты болжап жүретіндігінің арқасында, «Нектар»-дың жұмыскерлері мен мамандары бір жұмысқа ғана қарап қалмады. Мысалға, 2007 жылы өндірістік корпоратив құрылысшылары Әлия Молдағұлова көшесіндегі тұрғын үй жұмысын сәтті аяқтады. Ал, 2008 жылы корпоративтің кәсіби мамандары сапалы түрде, межелі уақытында үш ғимараттан тұратын кешенді тұрғын үй құрылысын бітірді. Сол жылы «Нектар» жекеменшігіне қосымша «Нектар» балабақшасын салды. 2009 жылы Шамиль Гайнанұлының командасы тағы бір тұрғын үй кешенін бітірді.  
      Сапа – жетістік кепілі
      Үй құрылысы мәселесі – кез келген мемлекет үшін ең маңызды жұмыстардың бірі. Бірақ, уақыт өте келе талап өзгерді. Егер бұрын адамдар басында әйтеуір бір баспана болса, соған қанағаттанатын болса, қазіргі таңда олар көлемі кең, жайлы, ыңғайлы, тұрғын үй ауласы жақсы орныққан пәтерлерде отбасыларымен бірге тұрғанды құп көреді. Заманауи құрылыс бизнесіндегілер де потенциалды пәтер иелерінің үмітін ақтауға тырысады. Әрбір жеке құрылыс фирмасының басшысы сапалы тұрғын үй – табысты, іскер кәсіпорын жетістігінің кепілі екендігін сөзсіз түсінеді. 
      Бұл тұрғыда «Нектар» ӨК алға жылжыған және алдыңғы қатарда. «Нектар» корпоративіне қарасты объектілер аз емес. Ол – 12 пәтерлік №38, 11 мөлтек ауданында орналасқан 2000  жылы салынған тұрғын үй кешені. Дәл осы ауданда корпоратив сауда орталығының ғимаратын сатып алған. Санаулы   айлардың ішінде құрылыс кәсіпорнының командасы үшінші қабатты тұрғызып қойды. Қазір ол жер көптеген сауда дүкендері орналасқан, сәтті жоспарланған нысан.  
      Қожайын құрығы қажет
      Әлия Молдағұлова   көшесіндегі нысаннан алыс емес жерде Шамиль Каспранов құрылыс нысандарына арналған бірнеше жер телімін сатып алып, онда жайлы тұрғын үй кешенін салды. Кешен құрамына төрт тұрғын үй, балалар алаңы, демалыс аймағы, арнайы жасақталған орындар, тұрғындардың көлігін қоюға арналған автотұрақ енеді. «Нектар» құрылысшыларының  қолымен  бірнеше жылда қаладағы біртұтас бір шағын аудан салынған. Кәсіпорын жетекшісінің сөзінше, мұнда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін балабақша, мектеп, балалар спорт кешенін салса, жақсы болатын еді. Сол арманы мен жоспары 2014 жылы орындалды. 
      Шамиль Гайнанұлы теңдессіз ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді. Кез келген объекті жұмысында тұрақты, үздіксіз жұмысты ұйымдастыру, басты орында жүреді. Жетекші басшы адамгершілік қасиеттерімен қаруланған.  Үлкен төзімділікпен мұқият тыңдай білу, әңгімелесушінің сөзіне құлақ асу – оның қадірлі болмысының көрінісі. Тағы бір қасиеті – ішкі шыдам  қиын жағдайларда, жұмыс кері кеткенде салқынқандылықпен бәріне төтеп беруі. Осы сабырлылығының нәтижесінде, қиындықпен бетпе-бет айқаса алатындығы арқылы қарамағындағы қызметкерлер ертеңгі күніне алаңдамай тиісті жұмысын сәтті атқара береді. 
      Сәтті жұмыс – кез келген құрылыс компаниясында көптеген факторларға байланысты. Мұнда да объектіні уақытылы, сапалы тапсыру міндетті. Жекеменшік кәсіпорын үшін максималды экономикалық қаржылық саясат маңызды. Дегенмен, қаржы үнемдеймін деп сапасыз материал қолданып, жұмысшылар айлығына қол салуға болмайды. Біреудің қолынан келсе, біреудің қолынан келмейді. Бұл орайда, «Нектар» корпоративінің көпжылдардан бергі тәжірибелі құрылысшысы Игорь Давлашеридзенің сөзінше айлық тұрақты әрі қанағаттанарлық.
      – Жай мысал келтірейін, құрылыс алаңы сырттан келген адамдардың көз алдында шашылып, тәртібі жоқ, әр зат әр жерде, ретсіз қойылған техникалар, хаос орнаған жердей көрінеді. Ал біздің объектілеріміздегі жағдай мүлдем басқа. Шамиль Гайнанұлының қатал тәртібі, қалыптасқан қағидасы бойынша құрылыс алаңындағы көрініс қожайын үйіндегі жайлы жағдайдың әдемі көрінісін көрсетеді. Барлық материалдар мұқият әрі тәртіппен белгілі орындарға қойылған. Жұмыс алаңында ешқандай бейберекетсіздік жоқ. Техника күші жеткілікті.  Жұмыс орындалып біте сала, келесі объектіге уақытында техникалар жеткізіліп, ауыстырылып отырады. Мұның өзі басқа жұмыс орындарына қарағанда, бізді ерекшелеп тұрады. Барлық іс-әрекетте жауапты қожайын құрығының күші сезіледі.
      Құрылыс әбден зерттеліп, тексеріліп, сызбасы дайын болған, ешбір қайта салу мен бұзылу, құлау секілді жағдайларға тап болмайды. Қажет уақытында, дайындалып қойған құрылыс материалдары, мөлшерленген техника керекті нысанға жеткізіледі.  
      Адамдарға қамқорлық
      Білікті, тәжірибелі басшы Шамиль Гайнанұлы Каспрановтың міндеті жұмыс орындарын ұйымдастыру, жайлы пәтер, үй тұрғызумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, қарамағындағы қызметкерлерге де қамқор болуға ұласады. Мекемеде  еңбексүйгіш, өз-өзін жақсы қырынан көрсете алған қызметкерге үлкен құрметпен қарайды. Әсіресе, жас мамандарға жіті назар аударады. Жетекшінің жеке бастамасымен, нектардың  жұмысшылары 2010 жылы қаладағы жоғары оқу орындарында, колледждерде білім алуға мүмкіндік алды. Олар біраз уақыттардан кейін кәсіпорындарда жаңа сапалы білімімен, прораб, құрылыс нысандарындағы мастер ретінде жұмысын жалғастырады. Бұл қайырлы іс бір реттік акция емес,фирма көшбасшысы мен жетекшісінің сөзінше, бұл игі іс үнемі жалғасын тауып отырмақ. 
      Корпоративтегі жұмысшылардың орташа жасы – 35 жаста. Олар жас, мақсатқа ұмтылғыш, адал, намысты кадрлар. «Нектар» өндірістік корпоративі қайырымдылық жасауға көп көңіл бөледі. Қайырымдылық шаралары жөнінде Шамиль Гайнанұлы жарияға жар салып айта бергенді қаламайды. «Қайырымдылық – барлық адамзат баласының парызы» деп біледі. Осы кезге дейін жетекшіден қалалық әлеуметтік мекемелер тарапынан көмек сұрап келгендердің бетін қайтарған кезі болған емес. Алдына көмек сұрап келген жандардың барлығына көмектеседі. Бұл – «Нектар» басшысының үлкен азаматтық қасиеті, жауапкершілігі мен кең жүректілігінің белгісі.  
      Лайықты ауысым
      Кез келген кәсіпорынның жетістігі заманауи техникалық базасымен ғана өлшенбейді. Онда адамдардың рөлі де басымдық береді. «Нектар» өндірістік корпоративінің басшылығын  қайырымдылыққа жақын деп айтуға болады. Мұнда кәсіби деңгейіңді лайықты бағалап, адалдығың мен жауапкершілігіңе аса көңіл бөледі.  
      Батыстық үлгімен
      2010 жылы «Нектар» өндірістік корпоративі өз күшімен салынған он бірінші шағын ауданындағы батыстық үлгідегі аймақтағы әзірге жалғыз төртқабаттты автопаркинг тұрғызды. Мұнда ұсақ-түйекке дейін ойластырылған және автокөліктердің толықтай қауіпсіздігі үшін жұмыс жасайды. 
      Бала болашағына құйылған инвестиция
      Соңғы жылдары Ақтөбе – еліміздің батыс аймағындағы ең әдемі қалаға айналды. Сырттан келген қонақтар да осыны айтады. Қала келбетінің көркеюіне тек қана мемлекет емес, сонымен қатар, жекеменшік құрылыс компанияларының қосып жатқан үлесі зор. Жылдан-жылға кәсіпорындардың қатысуымен көптеген ғимараттар бой көтерді. Соңғы тұрғызылған ғимараттардың ішінде бірнеше нысандарды ерекше атап өткен жөн. Солардың бірі – он екінші шағын аудандағы  сапалы құрылыс материалдары арқылы талапқа сай салынған балабақша. 2008 жылы қала құрылымы үшін аса маңызды ғимараттың ашылу салтанатына Елбасы Н.Назарбаев қатысты. Заманауи балаларға арналған жайлы үй туралы ақтөбеліктерге осы ғимараттың басшысы Жадыра Жанаева айтып берді. 
      – 2008 жылы заманауи үлгідегі «НурСат» мектепке дейінгі балаларға білім беру мекемесі ашылды. Орталықта балалар үшін барлық жағдай жасалған. Балалар күндізгі уақыттарында ойын ойнап, пайдалы дайындық сабақтарына қатыса алады. Мұнда балақайлар музыка сыныбында ән айтумен шұғылданады, үлкен бассейнде шомылады, спортқа жақын балалар спортпен айналысу үшін спорт бөлмелері,информатика, орыс, тілі, ағылшын, қазақ тілдерін оқуға мүмкіндік бар. Сол үшін де «нектарлық» қызметкерлерге алғыс айтамыз. Бір айта кетерлік жайт, мекеме басшысы әлі күнге дейін түрлі материалдық көмек беріп тұрады. Дәл біздікіндей балабақша – облыс бойынша жалғыз дана. Бұл орайда, ғимаратты салуға мұрындық болып, басы-қасында жүрген Шамиль Гайнанұлының еңбегі зор. Біздің тәрбиеленуші балалардың атынан ол кісіге адамгершілік қасиеттері үшін алғыс айтып, жұмысына табыс тілейміз. 
      «Нектар» корпоративі салған объектілердің қатарында тұрғын үй кешендерінің алатын орны ерекше. Олардың әрқайсысы екі, үш, бес қабатты үйден тұрады. Үнемделген газ жылумен қамтамасыз етілген. Пәтер бөлмелері ыңғайлы етіп жоспарланған. Кең аула мен жеке көлігі бар тұрғындар үшін, әрқайсысына автокөлік қоятын жер, балалар ойын алаңы мен демалыс жері бар. Тұрғын үй кешенінде алғашқы күннен бастап кәсіби мамандар жұмыс жасады. Олар түрлі жайсыздықтарда, жылу жүйесінде, су мәселесінде реттеуге көмектесті. Арнайы күзет қызметі алғашқы күннен-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін, жеке көліктерінің сақталуын жауапкершілікке алған. 
      Кондоминиумдардың біріне Любовь Николаевна Эйтенейер жетекшілік етеді. Ол – бұрынғы экономист, Ақтөбе тас жолында жұмыс жасаған, қазіргі уақытта жеке кәсіпкер. 
      – Үй және инженерлік желілер сапалы және жауапкершілікпен жабдықталған, – дейді ол. 
      «Нектар» өндірістік корпоративінің басшысы Шамиль Гайнанұлы кешенді тұрғын үйді салушы ретінде оның міндетінен кірмесе де, тұрғын үй тұрғындардың өтінішіне құлақ асады. Ауланы жасыл алаңқайға айналдыру үшін  қажетті қаражат бөлінді.
      «Нектар» 2014 жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Өз жұмысын бастағалы бері аймақтағы танымал, іскер кәсіпорындардың біріне айналды.   
      Жұмысқа қатынасы
      Барлық құрылыс нысаны тәулік бойы қағалауды талап ететін қиындықтарға толы. Бизнестің бұл түрінде тәуекелге бетбұру жиі болып тұрады. Материалдар бағасының күрт өсуі, басқа да толып жатқан себептер жетерлік. Бір тұрғын үй кешенінде бірнеше үйді салып бітіру үшін бір жыл уақыт кетеді. Қазіргі таңда «нектарлықтарға» бірнеше кешенді үй құрылысын салып бітіруге бір жылдан аз уақыт керек. Оған тәжірибе мен команданың бірауыздан іске біріге алуы көп септігін тигізеді. Шамиль Гайнанұлы үлкен тәжірибесіне сүйеніп алдын-ала қауіп-қатерлерді болжап отырады. 
      – Біз тұтқиылдан келетін барлық келеңсіздіктердің алдын алу үшін, бірлесе жұмыс жасаймыз.Адамдардың алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Жұмысшыларымызға айына екі рет жалақы беріледі, бухгалтерия айлықты кешіктірмей және ондай жағдайдың болмауын қадағалап отырады. Біздің өз кадрлық жұмысшыларымыз бар.Оған қоса жаңадан бригадалық жұмысшыларды да тартып отырамыз. Ол үшін кәсіпорында бөлек бөлімше құрдық. «Жеке кәсіпкер» базасында аса қажетті мамандар бригадасы жинақталады. Мысалға, міндетті түрде қажет бола қалған жағдайда тас қалаушылар бригадасы жасақталады. Келісілген жұмысын дер кезінде бітіріп, ақысын алып, басқа жерге өз жолымен кетеді. Дәл сол сияқты сылақшылар бригадасын да солай жинаймыз, – дейді Ш.Каспранов Корпоратив басшысы ағынан жарылып, бригада жинақтаудағы мәселесімен бөлісті. Себебі, жыл бойы бригаданы жинақтап, отыру қиынға соғады екен. 
      Еңбектің наны тәтті
      Өз баласы секілді «Нектар» өндірістік корпоративін мүлдем жоқ кезінен аяққа тұрғызған Шамиль Гайнанұлы Каспранов қазір кәсіпорнында біріншіден, ауызбіршілігі мол, кәсіби мамандар, бір жұдырыққа жұмылған әріптестер қызмет ететіндігін мақтанышпен айтады. Бұл – оның үлкен жетістігі. 
      Қарамағындағы 169 қызметкерді нектарлық жетекші әрқайсысын жеке-жеке жақсы таниды, араласады. Ұжымда бөтен адам жоқ, жұмысшылардың әрқайсысы «Ш.Каспранов мектебінен» өтті. Оның айналасы қызметіне адал, бойында ар-намысы жоғары жандарға толы. 
      24 жылдан бері жұмыс жасайтын мекемеде, онымен иық түйістіре ұлы Дмитрий Каспранов еңбек етуде. Ол – кәсіпорынның орынбасары. Дмитрий әкесі секілді көптеген сұрақтардың жауабын тауып, туындаған мәселелердің шешімін табуға атсалысады. 10 жыл бұрын шамамен 2005 жылы қызы Елена Шамильқызы Кононенко да кәсіпорынға жұмысқа орналасты. Қазір Елена да Дмитрий сынды корпоратив орынбасары, сату бөлімін басқарады. Қызы ешқандай туыстық қатынасты желеу қылмай, еңбек жолын төменнен, өндірістік цехтардың бірінде бастықтың көмекшісі ретінде жұмыс жасаудан бастады. 
      – Негізінен медицина саласы мен құрылыс бағыты бойынша білім алдым. Жұмысты  кәсіпорын цехынан бастап, бухгалтерия жағына ойыстым. Тек қана 3 жылдан кейін 2008 жылы өндірістік барлық механизімін толық игерген соң барып әкем маған сенім артып, пәтер сату жағына қарай қызметімді ауыстырды. Пәтер сату бөліміндегі жұмыс болашақ пәтер иелерімен байланыс орнату үлкен жауапкершілкті сауаттылықты қажет етеді, – дейді Елена Шамильқызы. Онда Елена нағыз кәсіби маман жұмысын абыроймен атқарып жүр. Кеңсе қызметкерлерінің жұмысы да демде бір жыл көлемінде қалыптасқан жоқ. Ол жерде жас бухгалтерлермен қатар Шамиль Каспрановпен бірге 10 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан мамандар жұмыс жасауда. Олар бірлігі бекем,  ортақ қызығушылықтары бар ұжым. Барлық қызметкерлер мейрамдарды, атаулы іс-шараларды біріге тойлайды, қарсы алады. Өндірістік корпоратив жетекшісінің орынбасары Вера Федоровна Молодиченко 10 жылдан астам уақыт осы ұжымда жұмыс жасайды. Оған дейін ол «АқтөбеСтрой» трестінде жобалау бөлімінде қызмет еткен.
      – Шамильмен ұзақ уақыттан бері таныспыз. 2002 жылы корпоративке жұмысқа қабылдандым. Бастықпен 1974 жылы ол Алгада шоғырландырылған құрылыс фабрикасындажұмыс істеп жүрген кезінде танысқанбыз. Менің міндетім – құрылысқа қажеті жабдықтармен қамтамасыз ету. Оның құрамына құрылыс материалдары көлік техника бәрі кіреді. Үнемі қайда құрылыс заттарын бірінші жеткізу керек, қай нысанға не қажет, кірпішті, кранды басқа да техниканы қайда апару керек осының барлығын қадағалау міндетіме кіреді.Осылардың барлығын дұрыс атқаруға маған инженерлер, аумақ прорабтарыкөмектеседі. Пәтерлерге, құрылыс қоймасына қалай  жөндеу жүргізгеніміз есімде.Оларды қазіргі масштабтағы жұмыс бабымен салыстыруға келмейді. Қазір әлдеқайда жеңілірек. 
      Мерейлі мерейтой 
      2014 жылы біздің корпоратив 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт аралығында корпоратив уақыттың талай сынынан сүрінбей өтіп келеді.      Ширек ғасырға жуық кезеңде біріңғай мықты коллектив мүшелері, жұмысына жауапкерлікпен қарайтын, ар-ұяты жоғары  әріптестер жиналды. Оларды үлкен оркестрмен салыстыруға болады. Әрқайсысы дер уақытында дұрыс дыбыс шығарса, әдемі әуен шығаратыны секілді, біздегі қызметкерлерде өз міндеттерін мінсіз атқарып, сапалы ғимараттарды салды. Өндірістік ғимараттардың архитектурасы, біздің қолымыздан шыққан тұрғын үйлер, балабақшалар нысаны бәріне қаланған әрбір кірпіш музыканың бір нотасы. 
      – Тағы бір қуанарлығы, менің ісім өзіммен бірге өлмейді. Осы салаған 10 жылдан астам ғұмырын арнаға ізім мен ісімді әрі қарай жалғар ұлым бар. Меніңше, атбайлар ұлымның болуы – өмірдегі ең үлкен жетістігімнің бірі болар,– дейді «Нектар» ӨК-нің директоры.
      2008 жылы Ш.Каспранов Ақтөбе өңірінің «Жыл адамы» атағымен марапатталды. Ол еңбектері үшін алғыс хаттармен, дипломдар, мақтау қағаздарымен марапатталды. 2009 «Нектар» жетекшісінің есімі республикалық «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиялық кітабына енді. 
      2011 жылдың тамыз айында ол «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» медаліне, Қазақстан Республикасының  егемендігіне – 20 жыл, «Слава Казахстана» орендеріне ие болды. 
      Орден табыстау рәсімінде Қазақстан, Ресей, Украина, Белорусия секілді төрт елдің рейтингі бойынша Қазақстанның ең іскер  бизнесмендерінің бірі атағына ресми түрде лайық деп танылды. 2017 жылы Тәуелсіздік күніне қарай экономика мен әлеуметтік салаға қосқан үлесі және қоғам қайраткері ретінде Шамиль Каспрановке «Құрмет» ордені табысталды. 
      Шамиль Каспрановтың барлық марапаттары мен ресми атақтарын қатарға тізер болсақ, бірнеше бетті толтыруға болады. Оның ішінде,  Өндірістік Халықаралық конгрес лауреаты және халықараық марапат «Лидеры ХХІ века», кәсіпкерлік саласына еңбек сіңіріп жүрген жандарды марапаттауға арналған шараға арнайы Францияға шақырту алуын ерекше атауға болады.
      Шамиль Каспранов марапаттарға, дәрежеге, шақыртуларға, іс-шараларға халықаралық жоғары дәрежелі жиындарға атүсті қарамайды.  Еңбек сіңірген құрылысшы үшін ең үлкен марапат – Ресейден келген қонақтың сөзі болды. Ол – бір кездері Ақтөбе облысының құрылыс саласында лауазымды қызметте болған тұлға. Барлық салынып жатқан құрылыс алаңдарын қарап шығып, былай деді:
      – Шамиль, бүгін көргенім – үлкен маштабтағы жұмыс. Ешқандай әсірелеусіз айтайын, мұндай ауқымды жұмыс тұтас бір облыстың сенімі мен жауапкершілігін жүктейді. Ұжым жұмысы бұрынғыдан әлдеқайда сапалы, – деп құрылыс үздігінің мерейін тасытты. 
      Шамиль Каспрановқа оның жетістіктерінің шын мәнінде жоғары бағасына ие болғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы құрылыс саласына бар ғұмырын арнаған адамның және жолдастарының онымен шексіз мақтанып айтуға болады. 
      Оның пікірінше, әрбір адам үшін ең құнды сыйақы – жұмысының нәтижесі.
      «Нектар» өндірістік корпортиві 1 категориялы құрылыс саласының лицензиясын иеленген, 2000 м2 – әкімшілік ғимараты, 3000м2 – екі өндірістік базасы бар. Көлемі –345000 мың квадрат метрді құрайтын тұрғын үй тұрғызған. Бұл –2346 пәтер, және әлеуметтік нысандар, екі балабақша, 12 шағын аудандағы 240 орын және «Батыс-2» шағын ауданындағы 320 орын, 11 шағын аудандағы қаладағы алғашқы 4 қабатты 500 автокөлікке арналған автопаркинг. Бірінші қабатта кеңсе, түрлі медициналық, тұрмыстық, танымдық қызмет көрсететін бөлмелер бар. 
      Жалпы көлемі – 6000 квадрат метрды құрайтын «Спорттық сауықтыру кешенінің» құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 36000 квадрат метрді қамтыған бес тұрғын үй құрылысы да бітті. Ол  474 пәтерден тұрады. «Нектар» өндірістік корпоративі және мекеме басшысының халыққа игілілі жолында жасаған жұмыстарын бір ғана мақала барысында айтып тауысу мүмкін емес.  
      Шамиль Гайнанұлы Каспранов тұратын, еңбек ететін, кәсібін кеңейтіп отырған қала күннен-күнге қанат жайып келеді. Жақын болашақта Ақтөбе миллион тұрғыны бар қала статусын алмақ. Қалаға он шақты жаңа тұрғын үй кешені, ғимараттар, мектеп және балабақшалар қажет. Бұл дегеніңіз – «Нектар» корпоративінің  жүздеген құрылысшысының еңбегін қажет етеді деген сөз. 
      Елбасы саясатының арқасында біз бейбіт, көпұлтты елде өмір сүрудеміз. Ел тәуелсіздігі әрбір қазақстандыққа жеке бизнесін ашуға, сырт елден инвестиция тартуға табыс табуға үлкен мүмкіндік әкелді. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау бар. Бизнесті дамытуға арналған жобалар, бәсекелестік осының барлығы «Құрметті құрылысшы» атағын иеленген тұлғаға  кәсіпорын жұмысын жандандыруға сеп бола бермек.  
      Бірлесе жұмыс жүргізген жылдары ұжым  мүшесі өзінің еңбегіне жоғары жауапкершілікпен қарайды деп сенімділікпен айтуға болады. Осы әрекет – олардың жұмыстарының сапасын әдеттегідей, ең жоғары деңгейге шығарады. 
      Бизнесті жүргізу тәсілдерін жеңілдету бюрократиялық кедергілерді жою кәсіпорын жұмысын дамытуға оң ықпалын тигізеді. 
      Бизнес мығымдалып, көптеген кәсіпкерлер заманауи көзқарастарын дамытып, Үкімет өзара тиімді, нақты бағдарламалар жасап, инвестиция салу үшін жағдай жасауда. 
       Құрылыста заманауи технологияларды енгізу экологиялық және энергиялық тұрғыда тиімді   ғимараттар мен тұрғын үйлерді қамтамасыз ету – біздің ұжымның басты міндеттерінің бірі. 
      Қазіргі заманғы технологиялар мен құрылыс материалдарын енгізу арқылы  сапасын қатаң бақылау, құрылыстың барлық кезеңінде және пайдалануға берілмеген тұрғын үйлерге кепілдік міндеттемелерін орындау бойынша барлығына қолайлысы – біз салған пәтерлер. Халық үшін тұрғын үйді ипотекалық кредит беру жолымен  ғана емес, АҚ жүйесі бойынша   «Нұрлы жер» бағдарламасы «ТҮҚЖБ» арқылы да алуға болады. 
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы жолдаудағы алға қойған міндеттері – қазіргі уақыттың, қоғамның, біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті болуы үшін, аса қажет екендігін айта кеткен жөн. 
      Сапалы, қолжетімді, жайлы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мұның барлығы – біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 июля 2026 13:54
Кульжами Есимхановна
Прочитала с большим уважением к человеку чье имя внесено в летопись золотой книги Казахстана, своему шефу, Кенжекыз...
12 июня 2026 14:28
Жаркын
Какая молодец, девушка из казахских степей Галина! Ее яркий творческий и целеустремленный, в то же время позитивный...
19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...