Еңбегі ерге бергісіз Тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан гендерлік саясаттың әсері ме, әлде бүгінгі заманның ырқы ма, нәзік жандылар тек үйде отырып, бала бағумен, отбасының тірлігімен шектеліп қалмай, өмірдің барлық саласына араласып, белсенділік танытуда. Олар саясатта да жүр, дипломатияда да жүр, бизнесте де жүр. Мемлекет білімді де білікті нәзік жандарға үлкен қолдау көрсетуде. Бүгінгі әйел балаға тәрбие беру үшін де көп оқуы, көп ізденуі керек. Бір сөзбен айтқанда, заманның талабын сай болуы тиіс
![]()
. Отбасының қамын күйттеп, жолдасының жағдайын жасап, баласының бабын тауып, үйдегі күнделікті күйбең тірлікті қайыспай көтеріп жүрген нәзік жандардың еңбегін айтып жеткізу мүмкін емес. Қоғамның қай саласында болсын қыз-келіншектердің үлесі басым. Осындай ерлермен иық тірестіре отырып, еңбек етіп келе жатқан ардақты ана, аяулы жар, іскер жандардың бірі – Байбаченова Карлыгаш Амантаевна.
Ол 1976 жылдың желтоқсан айының 16-жұлдызында Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Совет ауданы (қазіргі Аққайың ауданы), Смирново қалалық типтегі ауылда дүние есігін ашқан. «Болам деген балаға жастайынан береді» демекші, бала Карлыгаш мектеп кезінен бастап алғыр және үздік, жастайынан адамдармен тілтабысқыш, ақылды, тартымды қыз болатын. Өте көп еңбектеніп, көп оқитын еді. Өзінің зейіні мен алғырлығының арқасында оқуда озат болды. Үлгілі әке-шешесінің өнегелі тәлім-тәрбиесін көз алдынан өткізіп, ұлағатты ұстаздарының арқасында жастайынан оқуда озат болып, зейіні зерек өскен оқушы Карлыгаштың алдағы арманы – қоғамға қажетті мамандықтардың бірін игеріп, халқына қызмет көрсету болатын. Сондықтан, 1993 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Куропаткино ауылындағы Куропаткино орта мектебін бітірісімен білімін тереңдете түсуге бел байлайды. Сөйтіп, 1995 жылы Ресей Федерациясы, Курск қаласындағы «Аксенов Бизнес мектебіне» бухгалтер-аудитор мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1997 жылы бизнес мектебін үздік аяқтап шығады. Білім мекемесі қабырғасында жүрген жылдарында
бойына небір асыл қасиеттерді жинақтаған, кәсіби маман ретіндегі өзінің қызметтік міндеттерін терең түсініп шыққан жас маман Карлыгаш өз мамандығы бойынша еңбек майданына араласуға дайын болды.
Үлкен өмірдегі алғашқы жұмыс орнына «Автомобилист» Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК) бухгалтер-кассир болып 1999 жылы орналасады. 2000 жылы «Алаутранс Газ» ашық акционерлік қоғамының кадрлар бөліміне хатшы-референт болып ауысады. 2001 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне «Интерьер дизайны» мамандығына оқуға түседі. 2003 жылы «Два Кита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жиһаз дизайнер-сатушысы болып, сонымен қатар, Белорусь жиһазы залының меңгерушісі қызм
![]()
етіне қабылданады. Бұл залда «Пинск Древ», «Гомель древ», «Молодечно Мебель» атты танымал жиһаздар сатылатын. Осы мекемеде бір жылдай жұмыс істеп, дизайн кәсібінің құпияларына көзі қаныға түскен Карлыгаш 2004 жылы «SG-plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «KORUNA» еуропалық брендінің чех ас үй жиһазын жобалаушы дизайнер болып жұмысқа тұрады. Шын жүрекпен қалаған кәсіп пен таза тер төгілген еңбек арқылы өмірлік абырой-беделге, қоғам алдындағы құрмет-сыйға ие болуға болады. Ал жобалаушы-дизайнер болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп жүрген абзал жандар ғана түсінеді. Өзіне тапсырылған міндеттер қатарын толықтай атқарып, жұмысын дұрыс жүргізу тәжірибе арқылы келетінін түсінгендіктен, жастық жігері бойында буырқанған Карлыгаш ешқандай жұмыстан қашпайтындығын, ата-анасы салған сара ізбен еңбек жолын адал атқаруға дайын екендігін көрсете білді.
Осы жылдар аралығында оқуын да сәтті жалғастыра білген ару аталмыш оқу орнын 2006 жылы абыроймен тәмамдап, өнер бакалавры дәрежесін алып шығады. Дипломды маман атанысымен «SG-plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмысын ары қарай жалғас-
тырады. Жастайынан бойында қалыптасқан адами және жеке бас қасиеттеріне қызметтік жауапкершілігі қосылып, жұмысын мүлтіксіз жасау арқылы ұжымдастарының да, қарапайым тұтынушы халықтың да көңілінен шыға білген жан осы қызметін 2009 жылға дейін жоғары деңгейде атқарып шығады.
2009 жылы «Gedeon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің СП «Могилев Мебель» кәсіпорынында сату және өндіру бөлімінің бастығы жұмысына ауысады. Мұнда да абыройына нұқсан келетіндей ешбір жағдайларға жол берместен жауапты қызметті жақсы атқарады.
Жеткен жетістігінде тұрып қалу жанына жат қайсар қыз 2010 жылы жеке кәсіпкерлікке құлаш ұрып, жиһаз шығарумен айналысатын «Байбаченова К.А» жеке кәсіпкерлігін ашады. Бірде шатасып, бірде жолы болып, жеке кәсіпкерлікті де сәтті игеріп кете алған Карлыгаш ханым ерен еңбегінің жемісін көп уақыт өтпей-ақ көре бастайды. 2013 жылы «Шағын бизнестің ең үздік кәсіпорыны» байқауында 3-орынға ие болады. Осы жетістіктерімен қанаттанған іскер жан 2015 жылы жиһаз өндіру ісін кеңейтіп, өндірістің толық циклін қамтитын «Дара-Арт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашады. Бұл кәсіпорынның да жұмысын сәтті жүргізе білгендігінің дәлелі ретінде 2016 жылы бұрынғы Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласындағы ең ірі кәсіпорындардың бестігінен табылады.
Әлі де өсе түсер мүмкіндігі мен әлеуеті барлығына сенімді іскер де білімдар жан 2017 жылы Құрылыс техникалық колледжде «5-санаттағы ағаш өңдеу және жиһаз өндірісі шебері» мамандығын меңгереді. Сонымен қатар, 2017-2019 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінің бизнес мектебін «Бизнес әкімші» мамандығы бойынша оқып шығады. Бұл білімін де жерде қалдырмастан, жаңа дағдыларын жүзеге асыру үшін 2020 жылы «Жиһаз бойынша жобалаушы дизайнер» саласы үшін кадрлық ресурс даярлау бойынша онлайн және офлайн курстар ашады. Осы бағыттағы білімі мен білігін тереңдете түсу мақсатында қазіргі таңда Ре
![]()
сей Федерациясы Академиясында докторантурада «Бизнес әкімші» мамандығы бойынша білім алуда.
Кәсіби қызметін сәтті жүргізіп келе жатқан аяулы жан еліміздің қоғамдық өмірінен де тыс қалып көрген емес. Өз қызметімен қатар қоғамдық-саяси мәселелерге де, өз саласындағы келелі істерге де араласып келеді. Мысалы, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Жиһаз және ағаш өңдеу өндіріс кәсіп-орындарының қауымдастығының Астана қаласындағы филиалының директоры қызметін атқарған. Оған қоса, Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі болды. 2018 жылы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары болған. 2019 жылдан бері Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, өзінің кәсіби қызметі бойынша салалық сарапшы.
Білімін үнемі жетілдіріп отырудан жалықпайтын Карлыгаш Амантаевна көптеген курстардан өтіп, сертификаттарға ие болған. Атап айтсақ, 2012 жылы Біліктілікті жетілдіру институтының «Бизнес - Советник» жобасы курсын бітірген. 2015 жылы «Self-branding»; 2017 жылы: «Правовая Среда бизнеса в условиях ВТО», Strategic Management course, UBIS – Project Management (Швейцария), PMP and IPMA Preparation Program – EY Academy of Business; 2018 жылы «Сила Слова», «НЛП практика» курстарының толық бағдарламасын меңгеріп, курсты бітіргендігін куәландыратын арнайы сертификаттарға ие болған.
Осындай жан-жақты еңбекқор азаматтың ерен еңбегі ескерусіз қалмасы анық. Ер азаматтармен бірдей еңбектеніп жүрген ардақты жан Карлыгаш анамыздың көптеген «Құрмет Грамоталар» мен «Алғыс Хаттармен» марапатталуы көңілге қуаныш ұялатады. Атап кетсек, 10 жылдан астам сал ауруымен ауыратын балаларға материалдық және моральдық қолдау көрсеткені үшін «Фонд КЗ» қорынан алғыс алған. Интернаттарды жиһазбен жабдықтаумен 6 жыл бойы айналысып келе жатқаны «Матери Инвалидов» қорының «Алғыс Хаты» табысталған. Ізгіліктің, рухани келісімнің, достық пен этносаралық бірлікті нығайтудың гуманистік мұраттарына қызмет еткені үшін Қазақстан Халықтары Ассамблеясының «Алғыс Хаты» берілген. Оған қоса, Ассамблеяның «Мейірім» төсбелгісімен марапатталған. Әйелдер кәсіпкерлігіне қосқан үлесі үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Құрмет Грамотасын» иеленген. Сонымен бірге, пандемия кезінде жақын жандардың денсаулығына қосқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Алғыс Хатын» алған. Бір қолымен әлемді тербетіп жүрген абзал азамат екінші қолымен бесік тербеткен асыл жар, аяулы ана. 1998 жылы тұрмысқа шыққан ару 4 баланы өсіріп жеткізген. Қазіргі таңда бір немеренің әжесі.
Еңбек адамы сарқылмас жігерімен құдіретті. Олай болса, жиһаз тілін шебер меңгеріп, табандылық пен ынта-жігер жолында еңбек етіп келе жатқан Карлыгаштай ел азаматына сәттілік серік болсын дейміз.