Сарсенбай Есенжан

Рейтинг:

МҰНАЙШЫЛАР ӘУЛЕТІНІҢ МАҚТАНЫШЫ

Саналы да ерікті еңбек қана 
адамды бақытқа кенелтеді.
К. Ушинский

     Аймақтағы мұнайшылар династиясының қатарындағы Есенжановтар отбасы – қазақтың сайын даласында мұнайды алғаш рет игеруге атсалысумен бірге, ел басына күн туған сәтте Отан қорғаған ердің ұрпақтары. Мұнай саласында қарапайым жұмысшылардың бірі болған Кәукен қарттан өрбіген балалар – бүгінде облысқа ғана емес, республикаға танымал мұнайшылар әулеті.
    «Мұнайшылар династиясында дүниеге келген мен үшін әкемнің, ағаларымның жүріп өткен жолдарымен жүру – өңіріміздің қара алтынын игеруге аз да болса өз үлесімді қосып, өзіндік қолтаңбамның қалуы мен үшін үлкен қуаныш», – дейді мұнай саласының майталманы Сәрсенбай Кәукенұлы Есенжан.
    Маңғыстаудың қай жеріне барсаңыз да кие қонып, қасиет дарыған. Сәрсенбай Кәукенұлы 1967 жылы 23 тамызда Маңғыстау өңірінің «Өзен» (қазіргі Қызылсай) поселкесінде, ынтымағы жарасқан мұнайшылар отбасында өмір есігін ашады.
    Сүйегі асыл абзал әкесі Есенжанов Кәукен 1920 жылы Маңғыстау облысының Ақтөбе ауылсоветінде (қазіргі Онды) дүниеге келеді.1942-1946 жылдары қанқұйлы соғыста жерімізді жаудан азат етуде ерлік көрсетіп, кейінірек қираған қалаларды қалпына келтіру жұмыстарына да белсене қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбекқор, жауапты жан. Бейбіт күндері әкесі мұнай саласында есепші, бас есепші қызметтерін атқарады.
    Алтыннан ардақты, мейірімі мол, қамқор анасы Берниязова Фарида 1934 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында туылған. Отбасының шырайын кіргізіп жүретін анасы мұнай саласында қоймашы, оператор қызметтерін атқарады.
   «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер кез келген жанның болашағының жарқын болуына бірден-бір кепіл. Мұны жақсы түсінген, әдеби шығармаларды оқуды жақсы көретін Сәрсенбай Кәукенұлы Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы экономикалық техникумды және Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіріп, қос дипломды иемденеді.
    «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айрылмас азап» деген данышпан Абайдың сөзін тұсбағдар етіп алған жалынды жас 1988 жылы алғашқы еңбек жолын «Мұнара» құрастыру басқармасында бастап, біртіндеп тәжірибе жинақтай бастайды. 
     Кейінірек «Өзен» бұрғылау жұмыстары басқармасында мұнай саласында абыроймен қызмет етеді.
    Жұмыс барысында өзіне артылған сенімді ақтап, жауапкершілігі мол жан ретінде өз ісінің қыр-сырын аз уақытта меңгерген Есенжан Сәрсенбай 1998 жылдан бастап күні бүгінге дейін ЖШС «КРУЗ» (қазіргі ӨзенМұнайСервис) мекемесінде қызмет атқаруда.
    Ол өз білімі мен тәжірибесін өндірісте ғана пайдаланбай, ізін басқан жас мамандарға да сарп етуде.Шеберлік және адамгершілік қасиеттерімен өзгеге үлгі болатын мамандардың бірегейі Есенжан Сәрсенбай «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз»,«БӨ» АҚ-ның, жергілікті әкімнің бірнеше Алғыс хаттарымен марапатталады. Тәжірибелі маман сондай-ақ «Маңғыстау облысына – 40 жыл», «Маңғыстау мұнайына – 50 жыл», «Скважиналарды күрделі жөндеу басқармасына – 45 жыл» төсбелгілерінің иегері.
    Отбасы – әр адам үшін ең қымбат ұғым. Отбасылардың басты мақсаты – бақытты ғұмыр кешу. Осындай бақытты ғұмыр кешіп жатқандардың қатарында Есенжан Сәрсенбай да бар. Сүйікті жары, балаларының анасы Гүлайым екеуі 1988 жылы бас қосқан уақыттан бері бірін-бірі айтпай түсініп, мерейлі отбасына айналғаны анық.
     Ерлі-зайыптылар қызғалдақтай құлпырған қыз өсіріп, атұстар қос ұлға тәлімді тәрбие беріп, өмірден өз орындарын табуына жол ашты. Қыздан екі жиен немере сүйіп, бүгінде өздерінің еншісіндегі немеренің бал қызығына тоймай жүрген бақытты ата мен әже. Шаңырақтың кенжесі Асхат – биыл мектеп-гимназия бітіргелі отырған жас түлек. Жоғары оқу орындарының біріне түсуге талаптанып жүрген дарынды жас. Отбасының тірегі ұрпақтарының ата-бабаларының кіндік қаны тамған, 362 әулие мекендеген киелі Маңғыстау өңірінің көркейіп-дамып, гүлденуіне өз үлестерін қосатынына сенімді.
    Иә, еңбек көрігін қыздырған өз ісінің шеберлері қай кезде де болған және бола береді де. Тек солардың үлгілі еңбек жолын кейінгі ұрпаққа дәріптеп, өнегелі істерін насихаттау – бүгінгінің парызы. Жалпы, тәуелсіз еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өз кәсібінің жанашырлары қандай құрметке де лайық.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...