Казиева Айгул

Рейтинг:
Шын мықтыға тұсау жоқ 

      Өз ісінің шебері һәм әрқашан бірінші болу – әр адамның арманы. Арман жолында адам қандай бел-белестерден болмасын еш тоқтаусыз өтері анық. Арман жолын мақсатқа айналдыру бір бөлек дүние болса, өз мақсатыңызға жету үшін іс-әрекетіңіз қарқын алып, дамуы өзінше бір төбе демекпіз. Бүгінгі кейіпкерімізде өз алдында біраз дүниені арман етіп, мақсат ретінде жүзеге асырып, қазіргі таңда өз алдында білікті, сұранысқа ие болып отырған маман болып отырған жайы бар. Бүгінгі кейіпкеріміз Казиева Айгул 
       Жолымбайқызы 07.12.1970 жылы Гурьев облысы қазіргі Атырау қаласы, Тендік совхозы қазіргі Тамарлы селосы, Гагарин көшесі 11 үйде дүниеге келген қазақ қызы. Айгүл ханым алғаш мектеп табалдырығын 1978 жылы аттайды. Алғашқы мұғалімі Ахметова Майда ұстаз болғандығын, Айгүл ханым жарқын естеліктермен еске алып, қазір ұстазының дүниеден өткендігін ескерте өтті. Айгүл Тендік совхозындағы Қайыршахты орта мектебінің 10 сыныбын 1988 жылы бітіріп, мектеп қабырғасында комсомол секретары болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектепті жақсы деңгейде 4-5-ке аяқтап, ары қарай оқу қуып, арман жетегімен оқуға жолдама алады.
       Мектеп қабырғасын тәмамдаған соң, Атыраудың “Азық түлік тану сақтау және сату” техникумына оқуға түсіп, онда профсоюз комитетінің қоғамдық қызметінде еңбек етеді. Оны 1990 жылы аяқтап, еңбекке араласып кетеді. «Бакалейторгте» жұмыс істеп жүріп, бір ғана мамандықпен шектелмей, Алматы қаласындағы «Совет саудасы» (Советская торговля) техникумын бітіріп, ары қарай осы мекемеде «Бакалейторгте» қызмет етеді. Әрбір адамның өмірі еңбек пен жанұядан құралатындығы анық. Кейіпкеріміз 1992 жылы отбасы бақытын иеленіп, тұрмысқа шығады. Бала күтімімен отырған сәтінде де ол уақытты тиімді пайдалануды жөн санап, Алматы қаласында орналасқан заң университетін бітіріп алады. Осы оқуды тәмамдаған соң Айгүл ханым юстицияда қызмет етіп, теориялық білімін тәжірибе жүзінде жүзеге асыра білді. Қазіргі дамыған заманда қағаз бастылыққа жол жоқ екендігі белгілі құбылыс. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы мен азаматшасы өз ретінде өзіне қажетті қандай да бір құжат болмасын халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе өз жеке кабинетінен кіріп ала алатын үлкен деңгейдегі мүмкіндікке ие екендігі белгілі. Осы бір ретте, кейіпкеріміз Айгүл ханым өз қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға өз үлесін қосқандығын мақтанышпен айта алады. Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет етіп жүріп, өз арманын жүзеге асыру мақсатында жеке кәсібін ашады.
       Сән мен салтанатты қатар ұстауды жөн көрген кейіпкеріміз қазіргі таңда жеке кәсібін толықтай ашып «Люкс» сұлулық салоны Атырау өңірі үшін өз қызметін қала қонақтары мен тұрғындары үшін ұсынуда. Бір емес бірнеше саланы игерген бизнесвуменіміз үшін бұл сала қиындықтан гөрі қызығымен ары қарай қызмет етуде нәсіп еткендей. Себебі, Айгүл ханымның алдағы жоспарында осы салада жүрген жастарға қол көмегімен бірге, рухани көмек қолын созу. Осы саланың Атырау өңірінде кеңінен жақсы жағынан дамуына өзінді үлесін қосып, болашақ жас кәсіпкерлерге үлгі боларлық әпкелік қамқорлығын көрсетуді жөн санайды. Жастардың осы салада білім алып, шығармашылықтарын шыңдаса екен деген үлкен үмітті місе тұтады.
       Бала күнінен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, әрбір ісінен жастайынан ұқыптылықты көрсете біліп, өмір тәжірбиесі мен еңбекті ұштастыра отырып, сұлулық индустриясы сияқты салаларда өзінің бизнес-жобаларын дамытумен айналысып жүрген Айгүл Жолымбайқызы өз ата-анасынан алған тәлім-тәрбиені ешқашан ұмытпайтындығын да жасырмайды. Таза еңбек, барлық қиындықты жеңбек демекші, Айгүл Жолымбайқызы «Әкем Казиұлы Жолымбай, совхозда (бұрынғы колхозда) шопан, кейін совхозды құруға белсене араласып, құрылысшы болған адам, ал анам Салықбайқызы Ажар бала күтімімен үйде болды. Кейін мектептің жанынан ашылған интернатта тәрбиеші болды», - деп еске алады. Айгүл көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Отбасында бала болып, солардың ең кенжесі өзі болғандығын да бір бақыт санайды.
       Қазір Айгүл өз кәсібін дөңгелетіп отырған маман ғана емес, бір отбасының келіні, асыл жұбайының жары, балаларының сүйікті анасы. Жанұядағы жолдасы –Оралов Аманбай мырза. Қыздары: Аманбайқызы Зульфия, Аманбайқызы Альфия, ұлы –Аманбайұлы Бақдаулет. 
       Қорыта келе, еңбегі мен адамгершілік асыл қасиеттерінің арқасында ұжым арасында сыйлы, білімді маман, инабатты да сенімді әріптес, жібек мінезді, ашық жүректі, әрқашанда үлкенге құрметі бөлек, кішіге ізет білдіретін жүрегі кең, пейілі ақ, айналасына қамқорлық шуағын шашып жүретін жаны жайсаң адамның ұлағатқа толы еңбек жолы мен өмірі кейінгі жастар үшін мотивациялық күш, болашаққа қадам басуға арналған үлкен ынта болары анық деп есептейміз. 
       Бүгінгі күннің қаһарманы Айгүл ханымның еш қорықпастан, уақытты тиімді пайдалана отырып, бір істің үстінен екінші істі ұштастыра білгендігіне тәнті болып, одан әрі шығармашылық шабыт тілеп, кәсіп бастаймын деген әрбір жастың өмірлік еңбек жолындағы темірқазығы боларына үлкен сенім артамыз! Айгүл Жолымбайқызы Сізге және Сіз басқарып отырған шағын ұжымның ісіне сәттілік тілеп, отбасыңыздың бақыт пен берекесі арта берсін демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...