![]()
Ер дәулеті — еңбек
Қазіргі таңда автокөліктер тек тасымалдаушы құрал ғана емес, қоғамда үлкен бір маңызды факторға айналып үлгергені баршамызға белгілі. Адам баласының өмірін мейлінше жеңілдеткен төрт дөңгелекті темір тұлпар қай кезеңде болмасын өмір көшінен түсіп қалған емес-ті. Алғашқы көлік пайда болғалы бері көлік индустрия күннен-күнге жаңа, қызықты, кейде аянышты деректерге толып отырғандығы тағы бар. Адамдардың бірі осы көлікті құрастыруымен ерекшеленсе, енді бірі көлік айдауды үйретумен ерекшеленеді. Себебі, темір тұлпардың тізгінін ұстап, ережелерді бұзбай, шектеулі аймақтарда шектеусіз қимылдай білудің өзі өзінше бір өнер. Бүгінгі кейіпкеріміз төрт дөңгелекті темір тұлпардың иегері атанып қана қоймай, қоғамда тәжірибелі білім мен бейн
![]()
елі белгілердің қаншалықты маңызды екенін меңгертіп жүрген білікті ұстаз Карасаев Алый Шайхиевич.
Алый Шайхиевич Орталық Азияда орналасқан Өзбекстан республикасы, Хожелі қаласында 1979 жылдың 12 шілдесінде дүниеге келеді. Мектеп қабырғасын аяқтағаннан кейін Алый мырза әрбір ер азамат іспеттес темір тұлпарларға деген қызығушылығы артып, автомобиль көлігін жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша «Автомобиль жол техникумын» 1998 - 2001 жылдары оқуын аяқтап шығады. Аталмыш оқу орнын тәмамдаған соң Алый мырза алғашқы еңбек жолын бастап та кетеді. Көлік жөндеу саласында барынша еңбек еткеннен кейін, өз еңбек жолын 2003 жылдан бастап «ТОО Актау М ЛТД» мекемесінде жүргізуші қызметімен жалғастырады. Өз ісіне тиянақты Алый мырза біраз жыл мекемеде қызмет еткеннен кейін 2009 жылдан бастап «Тюмень Пром Гео Физика» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс жасайды.
Ел арасында жедел жәрдем қызметі қашан да алғашқы орында тұрады. Әрбір медицина саласында қызмет етіп жатқан жандардың әрбір минуты мен секунды қаншалықты маңызды екені тек сол салада жүрген жандарға ғана мәлім. Алый мырзада сол саланың басы - қасында жүріп, талай жанның жан тыныштығын орнауына өз көмегін тигізе білді дей алуымызға негізгі себеп 2010 жылдан бастап «Маңғыстау облыстық Жедел Жәрдем» станциясында жүргізуші қызметін атқарғандығы.
Білікті көлік жүргізуші ретінде өз білім білігімен бөлісу мақсатында, Алый мырза 2011 жылдан бастап «Актау Стар» автомектебінде «Жол ережесін үйрету» бойынша мұғалім қызметін атқарып, біраз шәкірттің алғысын алып үлгереді. Білім мен білік, тәжірибе мен нәтиже ешқашан адамды жолда тастаған емес-ті. Қандай жағдай болмасын адам баласында ынта-жігер, өмірге деген көзқарас өзгеріп, арманға жету жолында мақсат-міндет артқан сайын жүргізілген істе соншалықты маңызды бола бермек.Міне, нәтижелі ерен еңбектің арқасында кейіпкеріміз 2013 жылы «Авто Азия Дауыт» автомектебінде директор қызметін атқарып, ендігі кезекте өз ісін қолға алуды жөн санайды.
Автомектептің қоғамда негізгі атқаратын қызметі: көлік жүргізушілерін дайындау және қайта дайындау болып саналады. Міне, бірнеше жылдық тәжірибені ескере отырып, қарамағына 10 қызметкерді жұмыспен қамтып, 2017 жылдан бастап, Алый мырза жанұясымен біріге отырып, отбасылық жеке автомектебін ашып, қызметін халыққа ұсына бастады. Жыл сайын жаңартулар мен өзгертулерді енгізе отырып, біраз шәкірттің білікті көлік жүргізуші етіп шығара білген бұл автомектепке аймақ тұрғындарының айтар алғысы жетерлік. Еңбектің еленгені, әсіресе, біршама автомектептердің арасында 2019 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы бойынша, Ұлттық Бизнес Рейтинг ұйымының тұжырымымен «Лидер Отрасли - 2019» және де «Руководитель Года - 2019» номинацияларының иегерлері де міне, осы Алый мырзаның бастамасымен және басқарумен жүзеге асқан автомектептің жетістігі. 2019 жылы «Бюджетпен есеп айырысудың өсуі» нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасында бірінші орын «Элит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автомектебі иеленді. 2019 жылдың тамыз айында «Бюджетпен есеп айырысудың өсуі» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасында 1-орын, «Бюджетпен есеп айырысудың өсуі» индикаторы бойынша Маңғыстау кәсіпорындары арасында 1 - орынды иемденіп, «Топ-20» қатарында көшбасын бастап тұру мәртебесі бұйырды.
![]()
Алый мырза бүгінде асыл ел ағасы құт пен береке дарыған білдей бір қарашаңырақтың тізгінін ұстап отырған азамат. Құдай қосқан жарымен екеуі бір ұл тәрбиелеп, ол батыр бала қазір Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 4 курс бітіруші студенті атанып, уайымсыз, қайғысыз байқуатты тіршілік кешіп жатқан жайы бар. Адал еңбекпен жеткен жетістіктің қаншалықты нәтижелі болатынын кейіпкеріміздің атұстары білетіні айдан анық. Болашақта олда ел үшін еңбек ететін азамат боларына кәміл сенім артамыз.
Біз қазіргі таңда жарықтық жылдамдықпен дамыған дәуірде жас мемлекетіміздің қуатты елге айналуы үшін қандай қарекетке баруымыз керектігі жайында көбірек толғанып, сол жолда барынша қызмет атқаруымыз керек. Адамзат баласын сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бүгінгі күнгі космосты игерген технократиялық дәуірдің адам айтқысыз мүмкіндіктерін сыйлаған феномені – еңбек! Сондықтан, мен қазақпын деген әр адам шамасы келгенінше ел мен жұрттың қызметінде жүруі тиіс. Бүгінде осы сөздердің астарын түсінген ағамыздың алда атқарылатын бастамаларына сәттілік, басына амандық, деніне саулық тілеп, ойға алға межесіне алқынбай жетсін деген тілектеміз!