Құрмашева Назира

Рейтинг:

Жұмысы жемістінің-өмірі келісті

      Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Оны қалай өткізетіндігі тұлғаның өзіне байланысты. Бірі басқа түскен қиындыққа тағдыр деп налыса, енді бірі қарсы тұрып қаймықпай кім екендігін дәлелдейді. Қазіргі таңда теледидардағы бағдарламаларда, баспасөз беттерінде, радио хабарламаларда мүмкіндігі шектеулі жандардың шектеусіз іс-әрекет атқарып жатқандарына қарап, бәлкім өмірге деген құлшыныс осындай болуы тиіс пе? - деп, ойланатынымыз жасырын емес-ті.
      Бүгінгі біз сөз еткелі отырған кейіпкерде өзінше дара тұлға. Тағдыр атты толқынға қарсы тұрып, таным-түйсігін байытып, ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген қоғам белсендісі 
      Құрмашева Назира. Назира ханым табиғатымен кімді болсын тамсандыратын Түлкібас қаласында дүниеге келеді. Құрмаш атасының тұңғыш немересі, руы Дулат, Дулаттың ішінде Шілмембет. Мектеп табалдырығын аттамас бұрын, ел арасында білікті есепші болып жүрген Назира ханымның әкесі кенеттен көз ауруына шалдығып, мүгедектігі жөнінен 2000 жылдық тарихы бар көне Тараз қаласына жұмыс бабы бойынша қоныс аударады. Назира ханымның жеті жасында да денсаулығынан кінәрәт табылады. Көзілдірік киюге қанша қымсынғанымен өмір заңдылықтарына бағынып, мектеп партасының тек алдыңғы қатарына отыруына себепкер атанады. Назира ханымның балалық шақ естеліктеріне жүгінсек, төртінші сыныпта дене шынықтыру пәні кезінде көзге салмақ түсіп, сәл болмағанда жанарымнан айырыла жаздадым,-деп еске алады. Міне, содан кейін Назира ханым өмір жолының ең ұзақ сапарына аттанғандай болды. Ол Алматы қаласында орналасқан №4 Остров атындағы мектеп-интернатына оқуға түседі. Мектеп қабырғасындағы ұстаздар нағыз ұстаз атына лайық болып, темірдей тәртіппен қосымша үйірмелерді қатар алып жүруді оқушылардың санасына берік орнатады. Міне, осы жолда Назира ханым алғаш рет шахматты үйренеді. Бұл ақ пен қара пернетақталардан құралған ойын түрі Назираның өмірлік серігі боларын жаттықтырушы Александр Филиппович Сапелкин білгендей еді. Осы жылдан бастап Назира жыл сайын Қазақстанның атынан шет аймақтарға түрлі жарыстарға аттанады.
      1990 жылы кейіпкеріміз мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, өз күшімен балалық шағы өткен мекен Тараз қаласындағы Культпросвет училищесінің режиссер факультетіне оқуға түседі. «Қыз баланың тағдыры ауыр» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, бұл жолы да Назира ханым үшін өмірдің тағайындап қойған тосын сыйы оңай болмады. Ол оқуын аяқтамастан, қазақи салт-дәстүр бойынша «алып қашу» құрбаны атанады. Ол өскен орта мен салт-сана бөлек болғанымен ата-баба дәстүрінен аттамай, қала маңындағы аймақтың келіні атанады. Өз отбасында барынша сыйлы болып, көп ұзамай алғаш сәбилі де болып үлгереді. Дегенмен, түсініспеушілік пен қызғаныштың салдарынан төрт жылдан кейін Назира ханым отбасына оралуға мәжбүр болады. Ескіліктің ескі демін жөн санайтын ата-ана қыз баласының қайтып келгені дұрыс емес десіп, қабылдамайды. Міне, Назира үшін ауыр соққы енді басталғандай болды. 1997 жылы Назира ханымның әкесі жаман аурудан қаза табады. Бұл жылдар қазақ халқындағы қай отбасына болсын қиындығын келтіргені белгілі. Себебі, ішерге ас, киерге киім таппай, екі қолға бір күрек ұстай алмай сандалған халықтың қатарында Назира ханымның отбасы да болды. Назира үйдегі бауырларымен қала ішіндегі аурухананың алдына барып, жеміс-жидек сатып, күнкөріс қамын жасайды.
      2000 жылдары Назира ханымның бауырларының басым дені оқу оқып, жұмыс жасайтын дәрежеге жеткен болатын. Ендігі кезекте Назира өзінің білімін шыңдауды қолға алып, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық университетке оқуға түсіп, заңгер мамандығын меңгеруді жөн көреді. «Жалғыздықта қалдырмайтын жан серігім» десіп, 2003 жылы Назира жүрек қалауымен тұрмысқа шығып, араға бір жыл салып тағы бір ұлды болады. 2005 жылдар қазақ елінде үлкен дағдарыспен өзінің ауыртпашылығын тудырған болатын. Назира жұбайымен бірге Алматы шаһарының сауда базарында ұсақ-түйек заттар сатып, табыс көзін тауып жүрген болатын. Тағдыр тосыннан соққы беріп бұл жылдар Назираны біраз есеңгіретті. Жұбайы екі бөлмелі үйлерін сатып, балаларымен жарын тастап кетеді. Өкініштісі, қазіргі күнге дейін қашқын статусын иеленген бұл азамат іздеуде. Қазақ қызының қайсарлығы мен ержүректілігі болар бұл сәтте де кейіпкеріміз мойымай Тастақ ауданында сауда-саттықпен шұғылданады.
      2007-2011 жылдар аралығында дарынды қыз дыбыс режиссері болып қызметке тұрып, 500-ге тарта қазақша және орысша кітаптарды оқып табыс табады. Бала күнінде бақыт болып келген шахмат ойыны Назирамен бірге қатар жүрді. 2011 жылы Назира қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты меңгеріп, Көкшетау қаласына жарысқа аттанады. Қызығы сол, Қазақстанның тоғыз дүркін тоғызқұмалақтан чемпионы, өмірлік серігі Мусрятпен танысып, уақыт өте тұрмысқа шығады.
      Қоғамда мүгедек жандарға арналған дүниелер толыққанды қамтамасыз етілген деуімізге әлі негіз жоқ. Міне, өзі де сол жандардың қатарында жүріп, Назира тоғызқұмалақ ойынын ойнауға баратын әрбір жан өзінің ағаш тақтасының аппаратын көріп, содан табыс көзін жасауды қолға алады. 2013 жылдан бастап, «Құрмашева Н.О.» жеке кәсіпкерлік авторлық құқығын алып, сертификаттық сәйкестендіру мен патенттін тоғызқұмалақ ойнайтын ағаш тақтаны шығаруға алды. Осы тақтаны (көлемі 47х40 см., әр отаға 20 тас сияды) шығаруға дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы қолдап, комиссиядан өтті. Қазіргі уақытта тақтаны балалар спорт мектептері (ДЮСШ), университеттер мен дүниежүзілік чемпионаттарға сатып алады. Ең бастысы, азаматтардың тоғызқұмалақтың ағаш, пластмасс тақталарын түлкен шахмат фигураларымен нарыққа шығару «Сату» сайты арқылы жолға қойылған.«Әлі күнге дейін, мен үшін тоғызқұмалақ ойыны мен оның тақталарын жасап шығару менің өмірімде ерекше орын алады», - дейді Назира ханым. Үлкен қорқыныш пен үлкен сенімді қатар алып кейіпкеріміз жұбайымен бірге қажетті дүниелерді көршілес елдерден алып, экспорттап Қытай, Монғолия, Алтай елдімекендеріне сатылым нарығына шығарған болатын. Бұл істе «Даму» иновациялық қоры қажетті сомманы беріп, қамтамасыз еткендіктерінде кейіпкеріміз атап өтті. Сауда-саттық, сатылым жүйесі де бір емес бірнеше білімді қажет ететіндігі белгілі. Назира ханым еліміздің білім мен білікті тең ұстаған оқу ордаларынан білімін кеңейтіп, тіптен Германия еліне дейін аттанып, білім деңгейін жетілдіріп келді. Қазіргі таңда, «Мейірімді ел» интеллектуалды ойындарға арналған қоғамдық қор біраз жанның игілігі үшін қызмет етуде. 2014 жылы «Мейірімді ел» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен №4 мектеп-интернаттың оқушылары мен Алматы қаласының бірнеше мектеп оқушыларын қатыстыра отырып, сайыс, додалар ұйымдастырып жүрді. Назира ханым жұбайымен бірге тұңғыш Қазақстандағы голбол ойынының жаттықтырушылары мен ұйымдастырушылары қатарына енді. Бұл да бағындырылған бір белес болды. Көпшілікке түсінікті болу үшін ашып айтар болсақ, голбол ойыны командалық спорт түрі (2 команда), бір командада үш спортшы ішінде арнайы қоңырауы бар доппен ойнайды. Доп лақтырылған кезде шыққан дауысты ести отырып допты өз қақпасына кіргізбеу керек, сәйкесінше, қарсылас команда қақпаға допты кіргізу керек. Голбол көру қабілеті бұзылған жандар арасында өте танымал ойын түрі. Міне, осы бір ауқымды жобаны қолға алып, ел арасында барынша дамып, шетелдерге таныту мақсатында ерен еңбегі сіңген тұлғамыз Назира ханым мен жұбайы.
      Отбасы, бала тәрбиесіне келгенде Назира ханым жұмысына қандай қатты талаптар қоя білсе, балаларына да солай тәрбие бергенді жөн көреді. Бүгінде Назираның қос ұлы, қос қанаты. Ер баланың өмірінде әкенің орны ерекше екендігі баршаға мәлім. Бұл тұста Назира Мүсіретпен қосылып, отбасының тірегі болғанына қатты қуанады. Өкінішке орай, Назираның үлкен ұлы да екінші топ мүгедек ретінде тіркелген. Дегенмен, бұл жолда «еңбек бәрін жеңбек» деген тұжырымның дұрыс екенін бастан өткізген кейіпкеріміз өз ұлын өзі оқыған мектепке оқуға береді. Сонымен қатар, шахмат ойындарын ойнауды үйретеді. Апта сайын мектепке барып, үлгерімдерін тексеріп отырады. Темірдей тәртіп ешкімді кем қылмады. Қазір үлкен ұлы бірнеше тілді меңгеріп,мемлекеттік грантта білім алуда. 
      Назира бір орындарында қалып қоятын адам емес-ті. Ол болашақта голбол ойынының елімізде толыққанды дамуына көз жеткізгісі келеді. Қазірдің өзінде ол спорт және туризм саласы бойынша өз білімін шыңдауда. Осы ретте, тағдырдың талқысына түсіп, біршама істі басынан өткеріп, қайғыны да қуанышты да бөлісе білетін бүгінгі күннің жеңімпаз кейіпкеріне ең алдымен «Ана» бақытын тілейміз. Сіздей жаннан осал ұрпақ туылуы мүмкін емес-ті. Сол себепті бастаған ісіңізге табыс, отбасыңызға амандық, өзіңізге шығармашылық шабыт тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...