![]()
Талапты ерге нұр жауар
Қазіргі таңда еліміз егемендігін алғалы Қазақстанның қай өңірінде болмасын өз ісімен айналысып, кəсібін дөңгелетіп, кəсібінен нəсібін тауып өз жанұясымен қатар бірнеше отбасына көмектесіп отырған адамдар өте көп. Бұл заман талабынан туындаған, өмір ағысына ере
![]()
бермей қарсы тұра білген қайсар жандарды қазіргі тілмен кəсіпкерлер деп ерекше атап жүр. Сондай жандардың бірі болған Мешелов Орынбасар. Кейіпкеріміз 1957 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Рысбек батыр ауылында дүниеге келеді. 1974 жылы білім алу әрі өз арманын жүзеге асыру мақсатында Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсіп, 1980 жылы бітіріп шығады.
Оқу орнын бітірісімен өз мамандығы бойынша бірнеше жерде қызмет атқар-ған. Атап айтар болсақ: 1980-1982 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер, 1982-1985 жылдары Жамбыл орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1985-1988 жылдары аудандық оқу бөлімінде химия-биология пəнінің əдіскері, 1988-1992 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры, 1993-2008 жылдары Бурный ірімшік зауытында менеджер болып қызмет атқарды.
Қазақ елінің экономикасының нығаюы, болашағының бекем болуы өз ісінің шебері, яғни, білікті мамандардың еншісінде. Кәсіпкерлік қызметпен айналысып, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкер тәуекелдікке бас тігетін адам деп түсінеміз. Ол мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алатындығы мәлім жайт. Əрбір кəсіпті дөңгелетіп əкету үшін білім мен қатар ынта, жігер, еріктілік қажет. Жас кезінен бастап еңбек сүйгіштігі арқасында көзге түсіп жүрген жігіт ағасына неге ел қатарлы өз ісімді бастап көрмеске деген ой келіп өз мамандығын басқа іске бағыттауға бел байлады. Əуелі шағын цех ашып, сүт өнімдерін өңдеумен бір жыл айналысты. Онда жұмыс істеген кезде сонау университетте алған білімінің пайдасы тиді. Бірақ, бәріміз де пендеміз. Абай атамыз адам баласы топырақтан жаратылғанын, топыраққа қайтатынын, бұл мәңгілік емес екенін өсиет етіп: «Адамзат бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің? Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ!», - дейді. Мінеки, алдына қойған мақсаттарын іске асырам деп жүрген
![]()
Орынбасар ағамыз 2021 жылы шілде айында бақилық болды. Бірақ, ағамыздың өлмейтұған артында із қалдырған сауапты істері көп болған. 2008-2015 жылдары өзі ашқан сүт өңдеу цехында еңбек ете жүріп, жаңадан жер алып, сүт зауытын салдырып, 2016 жылы іске қосты. Бұнда сүт өнімдерінің он бес түрі шығарылады. Кейіпкеріміздің ендігі жоспары бойынша алдағы уақытта тағы бір цехты іске қосу болатын. Бұл өмір талабынан туындаған мақсат еді. Өйткені соңғы уақытта сүт өнімдерінің сапасына, адам ағзасына тигізетін пайдасына көз жеткізген тұрғындар тарапынан сұраныс арта түскен болатын. Жамбыл облысында сүт зауытында өндірілген өнімдер республикамыздың барлық облыстарында сатылады. Ел ағасы тек өз жанұясынан басқа көптеген адамдарға да жұмыс тауып беріп, ел алғысына бөленген. Еңбек ете жүріп өз республикасының əлеуметтік жағдайының жақсаруына да өз үлесін қосты. Бұл қарапайым педагогикалық оқу орнын тəмамдап, мектепте өз мамандығы бойынша еңбек етіп, өмір өткелдерінен өтіп ақыл тоқтатқан кезінде бастаған істің жеңісті жемісі және сол сияқты кəсіппен айналысамын дейтін жастарға үлгі - өнеге болатын жарқын істің дәлелі демекпіз.
Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала болатындығы қашаннан белгілі жайт. Таза еңбек пен толассыз күндердің жұмыстарынан соң ғана егін жинап не мал санын көбейтіп қана еңбектің нәтижесін көруге болатын бұл салаға баруға көптің тісі бата бермейді. Сол іспеттес Орынбасар ағамыздың зауытында ірімшіктің 12 түрі шығарылады. Зауыттағы
![]()
құрылғылар түгелдей Болгарияда дайындалып əкелінген. Атақты Голланд сырынан еш кемшілігі жоқ. Зауыт қызметкерлері өз білімдерін шетелдік зауыттарда болып үйреніп, меңгеріп, толықтырып отырады. Әрбір зат сұранысқа ие болуы үшін өнімнің сапалы болуы басты орында деп білеміз. Ал бұл үшін тек техникамен жабдықтап ғана қойып емес, өзгелердің өресін кеңейту үшін беріліп отыратын қосымша білімнің өзі басшының қаншалықты жауапкершілікті қалайтындығын көрсеткендей.
Кейіпкеріміз халық үшін қалтқысыз еңбек етумен қатар үлгілі отағасы бола білді. Жұбайы Мешелова Зағира Елшібайқызы жоғары білімді, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген, қазір уақытта «бейнеттің де зейнеті» бар деген мақалдың дәлелі ретінде еңбегінің зейнетін көріп отырған зейнеткер. Асыл жарымен бірге, бес бала тәрбиелеп, бәріне бағыт-бағдар беріп, сол балалары үлкен өмір айдынында өз орындарын тауып отырған, көпбалалы бақытты отбасының – Отанасы! Үлкен ұлы Қуаныш – мемлекеттік қызметте болған, қазіргі уақытта кәсіпкер. Одан кейінгі ұлы Рауан – Алматы қаласында заң қызметкері. Қызы Арайлым – Алматы қаласы, Медеу аудандық пәтер-пайдалану қызметі лабораториясын басқарады. Одан кейінгі қызы Азат – Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, докторлық диссертация қорғады. Сүт кенжесі ұлы Әкежан – «Ақмол сыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарады.
![]()
Қазақ халқында кең таралған «Талапты ерге нұр жауар», - деген мақалы осы кісіге арнап айтылғандай. Теңіз тамшыдан құралады дегендей еліміздің əрбір азаматының осындай істері бүкіл елімізге пайдасын тигізері анық. Орынбасар ағамыздың өмір жолына үңіле отырып, ол кісінің көзі тірісінде үздік білім иесі болып қана қоймай, білімді тәжірибемен ұштастырып, ғылыми ізденіп, тағы да басқа іскерлік қабілеттерін дамыта білгендігінде. Сондай-ақ, меңгерген білім, игерген дағды мен машықты өмірде қолданудың мүмкіндіктерін қарастыра алғандығында. Ол ел экономикасын өрістетуге тың идеялар қоса алып, нағыз өз ісінің шебері бола білген жарқын көрініс иесі деп білеміз. Осы ретте, бүгінгі күннің мақтанышы болған, өткен күннің ерекше куәгері Мешелев Орынбасар ағамыздың туған-туыстарына:
- Ағамыздың жаны жәннаттан болсын! Жатқан жері жайлы, топырағың торқа болсын!, - дей отырып, - Жанұясына амандық тілейміз! Сіздерден төгілген шапағатты шуаққа барша қазақстандықтар бөленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Істеріңізге сәттілік тілейміз!