Нұрғалиева Мақпал

Рейтинг:

Еңбекпен өрілген өмір

      Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Біздің сөз етпек кейіпкеріміз өзінің маңдай тері мен нанын тауып, адал еңбегінің арқасында көпшіліктің ризашылығына бөленіп жүрген жан. Ол – білікті де білімді аспаз, жаста болса өз шыңын бағындырып үлгерген маман. Алдымен мейрамхана, одан соң кафе, кейіннен асханада қызмет жасап үлгерген, аспаздық жолында адалдық танытып, тіл үйірер тағаммен халықтың ықыласына бөленіп жүрген жан.
      Нұрғалиева Мақпал Нұрғазықызы 1987 жылы Жетісу өңірі, Ақсу ауданы, Жаңалық ауылында дүниеге келген. 1994 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2004 жылы бітіріп, арман қуып Алматы қаласына оқуға келеді. Алматы политехникалық колледжге оқуға түсіп, бітірген бойда білімін одан әрі жетілдіру мақсатында жоғары оқу орнына оқуға түседі. Сырттай оқи жүріп, өз мамандығы бойынша «Үркер» компаниясына жұмысқа тұрады. Алайда, бұл жүрек қалауымен таңдалған мамандық болмағандықтан, өз еркімен жұмысынан босатылады. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Себебі, мамандық таңдау деген – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мақпал өзінің аспаздық мансабы барысында тәжірибесі аз болғандықтан түрлі жеке жұмыстар жасап, мейрамханаларда еден жуушы болып та жұмыс атқарады. Күндердің күнінде мейрамхана басшысы Мақпалға мейрамханаға даяршы болуын ұсынады. Басында бұл жұмысты атқаруға жүрексінген Мақпалға басшысы: «Еш нәрседен қорықпай, тек алға ұмтыл, сен мықтысың» - деген сенім берер жігерлі сөздері оны осы жұмысты істеуге талпындырады. Осындай қолдаудан кейін қайсар қыз қандай жұмыс болмасын еш қорықпастан жасай білді. Асханаға деген қызығушылығы осы сәттен бастап арта түсті. Аспазшы деген – өте жоғары дәрежелі мамандық. Бұл мамандықтың қиындығы сонда, аспаздықты тек қана оқу арқылы игеріп кете алмайды, оған адамның бойында осы керемет мамандыққа деген бейім, қызығушылығы және Алланың берген дарыны болуы керек. Аспаздық жолға түсуінің бірден-бір себебі «Қағанат» асханасында басталады. Алайда, әр жердің өзінің талабы мен тәртібі бар дегендей, бірден кіре сала «Бас аспаз» бола кетпейді. Бастапқыда ыдыс жуып бастаған Мақпал, қолы қалт ете қалса, ас үйдегі аспазшыларға көмектесе жүріп, әрі түрлі дәмді тағамдар мен безендірілген салаттардың қыр-сырын үйреніп, бас аспаздың бірден көзіне түседі. Мақпалдың бойындағы ас үйге деген икемділігі мен ебін байқаған бас аспаз қасына көмекші ретінде ауыстырып алады. Осылайша, Мақпал Нұрғазықызының дәрежесі жоғарылап, «Холодный цехқа» ауысады. Сонымен қатар, мол тәжірибе жинақтаған ол, үлкен мейрамханаларда өзін сынап көреді. Тағам дайындау – мамандық емес, ол – өнер. Оған еңбек, ынта-ықылас пен шеберлік, жігер және талап керек. Астың дәмін келтіретін тұз болса, екеуінің де дәмін келтіретін – білгір аспаз. Аспаздық – өз алдына бір сала, мамандық.
      Өнердің түрі көп. Дегенмен, астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға тағам арқылы қуаныш сыйлай білу басқа дүние, басқа өнер. Аспаздық – сырт көзге оңай көрінгенімен, қиын мамандықтың бірі. Мұнда жұмысты ақылмен істеу маңызды, ал аспаздың екі қолы оның құрал-жабдығы секілді. Мақпал Нұрғазықызы осындай жетістікке, нәтижеге таза ниетінің, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жете білді. Таза ниет деу себебі, ең бастысы адамның ниеті таза болғанда ғана бәріне жете алады. Еңбекқор деуіміз «Еңбек – түбінде бәрін жеңбек» демекшіміз. Сондықтан да әр біткен істің артында үлкен еңбек жатады. Табанды дегеніміз, табандылық пен шыдамдылық бар жерде ғана жетістікке жетуге болады. Орта жолда сынып кетпеу, бастаған істі тастамау үшін де табандылық басты орында болмақ. Мақпал ханым қайраты мен жігері ұштасқан, еңбектен жан рахатын таба білген қарым-қабілеті мол жан. Өзінің төзімділігімен, жанқиярлығының, еңбекқорлығының арқасында еңбектің ең жоғарғы нәтижесіне жете білді. 
      Адал еңбегінен бақыт таба білген Мақпал ханымға алдағы кәсібі ілгері домалап, жетістіктері мен бағындырар шыңдары көп болсын деп тілейміз! 




Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

4 мая 2024 11:47
Мадина
Білікті маман👍🏻...
4 мая 2024 11:37
Айбану
😍😍керемет!...
4 мая 2024 11:36
Мөлдір
Елімізге үлкен үлес қосып жүрген мықты тұлға...