Акбаров Бауыржан

Рейтинг:

Төлеш биден тараған текті әулет

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 
Бауыржан Пернебайұлына арнайы шығарылған мақала.

      Дария бұлақ көзінен басталып, үлкен су алқабына жалғасады, бәйтерек тамырынан нәр алып ағашқа айналады. Адам да шыққан тегімен мықты, көргенімен, білгенімен ақылды, өскен өлкесімен көңілі дарқан. Адамзат баласы өзінің жүріп өткен жолдарымен ұрпақтарына үлгі болады. Олардың еткен еңбегі мен араласқан ортасы, жасаған игі істері, адамгершілік қасиеттері балаларына, немерелеріне өнеге. Сондай өмірі өнегеге толы жандардың бірі – Акбаров Бауыржан Пернебайұлы текті әулеттен тараған би ұрпағы. Әңгімемізге арқау болып отырған азамат жайлы тарқатып қалам тербемекпіз. 
      Төлешов Акбар 1909 жылы дүниеге келген. Елібай «Үш ата» Сіргелі руынан тараған елді басқарған Төлеш бидің ұрпағы. Бетке тура айтатын өр мінезді, қайсар да қажырлы азамат болған. Көзі ашық, көкірегі ояу, адал жанды жақын-жуығы ғана емес, бүкіл ел сыйлап, құрметтеген. Қасиетті «Күміс белбеу» иесі. Сол тұста ауылдың азаматтары салтанатты жиынға баратын болса, күміс белбеуді мақтанышпен беліне тағып, мәртебесі мен көңілдері көтерілген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинградты қорғаған. Қан майданда етігімен қан кешіп, отқа оранған азамат, соғысқа бір аяғын беріп, еліне есен-сау оралады. Госпитальда жатқан кезінде оған «За отвагу» медалін омырауына тағады. Ұлы Отан соғысынан кейін колхоздастыру жұмысына араласып, экономист болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысынан хат-хабарсыз кеткен жолдасы жоқ, жетім қалған қаншама отбасыларға қамқорлық көрсетіп, қолдан келгенше көмек көрсеткен. Темір елінің бай қуатты отбасынан шыққан Өтебайқызы Зәкір анамен шаңырақ көтереді. Жұбайы Зәкір екеуі Пернебай, Ақжол есімді екі ұл, Күлзина есімді қыз тәрбиелеп өсірді.
      Акбар атаның баласы Пернебай Акбарұлы 1936 жылы Шарапхана ауылында дүние есігін ашты. 1946-1952 жылдары Жамбыл атындағы орталау, 1952-1955 жылдары Ленин атындағы орта мектепте оқып, ойдағыдай аяқтайды. 1956-1958 жылдары Ташкент қаласындағы өндіріс-экономика техникумын тәмамдайды. 1959 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің «География» факультетіне оқуға түсіп, 1964 жылы қолына дипломын алып, маман иесі атанады. 1964-1984 жылдары мектепте дәріс береді. Шәкірт тәрбиелеуден жалықпаған ұлағатты ұстаз еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасының халық ағартушысы атағымен марапатталды. 
      Пернебай Акбарұлы жұбайы Зинатпен бірге өнегелі отбасында 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, өсірді. Бүгінгі таңда 32 немересі мен 32 шөбересі бар. Пернебай ұстаз, өзінің балаларын өзге балалардан бөліп жармай адамгершілікке, әділдікке, білімге тәрбиелей білді. Әрдайым балаларына «Ешкімнің ала жібін аттамаңдар» деп өсиет айтып отыратын. Жұбайы Зинат ана ешуақытта ерінің бетіне қарап сөйлемеген, ибалы, иманжүзді, азаматын пір тұтқан, өтірікті жаны сүймейтін, өте кішіпейіл ілтипатты, көпшіл, дастарханы астан арылмайтын, босағасы құтты қонақтан босамайтын жан еді. Ізгі ананың көрсеткен тәлім-тәрбиесінен үлгі алып, бүгінге дейін Акбаровтар әулетінде шаңырақтың ынтымақғы мен берекесі үзілген емес. 
      Әулеттің бір ерекшелігі сол – алыстан қарайып келе жатқан жолаушыны көріп қалса, алдын кесе көлденең өтіп кетпей, күтіп тұратын. Бұл қасиетті ұрпақ бойына сіңіруде берген тәлім-тәрбиенің дара көрінісі.
      Пернебайдан тараған ұрпақтары тамырын тереңге жайды. Әр қайсысы өз алдына отау тігіп, абыройлы қызметке орналасты. Бахытжан Пернебайұлы Шымкент қаласында тұрады. 1986 жылы Ресей еліне сапар шегеді. Мұндағы мақсат: Новгород қаласында Заң Академиясында білім алу еді. Арман қуған бозбала ақыры заңгер құқықтанушы мамандығы бойынша жоғары білімін жетілдіреді. Қаржы полициясында басқарма басшысы қызметінде 30 жыл қызмет атқарады. Зейнет жасына шыққанда бейжай отырмай еңбек етуді көздейді. Бүгінде талай жасты еңсерген Бахытжан Пернебайұлы «Атамекен» Қазақстанның Ұлтық экономика палатасының мүшесі. Елдің, бауырларының қамқоршысы, өте ақ көңіл ашық мінезді, сыйлы азамат. Жұбайы шанышқылы руынан шыққан жаны жайсаң, жайдары Нұржамал Құралбекқызымен бас қосып, 2 ұл, 7 немеренің сүйікті ата әжесі.
      Бауыржан Пернебайұлы жеке кәсіпкер, ұйымдастырушы, жаңаша идеяларды енгізуші, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тиянақты тұлға.
      Күләш Пернебайқызы мемлекеттік дүкенде қызмет атқарған. Әжесі Зәкір мен анасы Зинаттың жәрдемшісі, қайда болсада үйін ойлап тұратын қыз баласы бауырларының әрдайым қамқоршысы. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер болып ел игілігі жолында қызмет етуде.
      Мамыржан Пернебайұлы да жеке кәсіпкер, көпке қайырымдылығымен, қамқорлығымен, жанашырлығымен, кеңпейіл көңілімен ел есінде жақсы таныс.
      Сабыржан Пернебайұлы – Партия мүшесі, жеке кәсіпкер, кішіпейіл, мұқтаждарға қолдау көрсете білетін азамат. Сынтас елді мекенінде тәтті бүлдіршіндерге арнап балабақша жұмысын жүргізуде.
      Айгүл Пернебайқызы – педагог. Білім саласында еңбек еткен, мейірімді жан. Жеке кәсіпкер. 
      Гүлзада Пернебайқызы – медицина қызметкері, талайдың алғысын алған ақ халатты абзал жан.
      Сабитжан Пернебайұлы – Шымкент қаласы, Абай ауданының Әділет басқармасында басшылық қызметін атқарған, қарапайым, іскер, жаңашыл, көпшіл азамат. Төлеби ауданы, Маятас елді мекенінің ЖШС «Жер сыйы» бау-бақшасының көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп еңбек етуде.
      Ғабитжан Пернебайұлы – сот орындаушы қызметінде болған, өте шыншыл, әділ, еңбекқор азамат. Пернебай ұстаздан тараған барлық перзенттері отбасылы, жоғары оқу орындарын бітірген білімді, көзі ашық жандар. Бауырлар арасындағы тәлім-тәрбие мен бауырмалдық, ауызбіршілік, сыйластық, ынтымақтастық қарым-қатынас үзілген емес.
      Акбар бабамыздың екінші ұлы Ақжол атамыз Алматы ауыл шаруашылық институтында білім алды. Қазығұрт ауданы коммунизм атындағы асыл тұқымды қой совхозында бас энергетик қызметінде елеулі еңбек етіп, елді жарықпен қамтамасыз еткен ел жанашыры. Өте зерек, салауатты өмір салтына бейім, балаларды спортпен шұғылдануға тәрбиеледі. «Елібай» шаруашылық қожалығын жүзеге асырған. Қазіргі таңда, П.Акбаров атындағы негізгі орта мектебінде Акбаров Ақжол атындағы кабинет ашылды. Бұл талай жылғы еңбектің жемісі.
      Жұбайы бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз Халима Тұрғанқызымен отбасын құрып, 3 ұл, 1 қызды дүниеге әкелген. Акбаровтар әулетінің ұрпақтары: Талғат Ақжолұлы, Анар Ақжоловна, Даулет Ақжолұлы, Дәурен Ақжолұлы барлығы отбасылы. Ақжол атамыздың қара шаңырағының түтінін түтетуші Талғат Ақжолұлы әкесінің шаруашылық қожалығын жалғастырушы ұрпақ.
      Осы аталған перзенттерінің ішінде Пернебай ұстаздың ізімен келе жатқан педагог қызметін Анар Ақжолқызы атқаруда. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы №97 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде аянбай адал еңбек етуде. Отбасылы, 6 перзенттің анасы. Ақжол ата әсіресе, ағасының ұлы Бауыржан Пернебайұлының жоғары оқу орнын тәмамдап шыққанша қол ұшын беріп, қанаттандырған демеуші жанның бірі. Ол кісінің мәрттігі тоқырау заманында бау-бақшадағы алма көкөнісін Ресей еліне сатып келіп, тапқан қаражатын елге келгенде қаншама отбасына таратып берген дейді ел тұрғындары.
      Акбар бабамыздың Күлзина атты перзенті кіші жүз «Алшын» елінен тараған Асқаров Тұранқұл атты азаматпен бас қосып, 4 ұл, 6 қызды дүниеге әкелген үлкен текті әулет. Тұранқұл атамыздың анасы Құрманхан өте көрікті сұлу жан болғандықтан кейіннен Бозсұлу деген ат қойылған. Ел биі болған, қайратты ер мінезді, бүгінгі таңға дейін берген тәрбиесі ұрпағында жалғасуда. Келін мен ене арасындағы қарым-қатынасты қызындай көрген жан болған.
      Тұранқұл ата мен Күлзина ананың жанұясының перзенттерін атап өтсек: Еркінай медицина саласында 40 жыл еңбек еткен батыл ана. Рахия үй шаруашылығы, Ержан Тұранқұлұлы - музыкант, жеке кәсіпкер, Айжамал педагог, Бекжан Тұранқұлұлы қаржы полициясында басшылық қызметте абыройлы болған, қара шаңырақ иесі, зейнеткер, Ақмарал есеп бөлімінің маманы, Айша Ресей еліндегі Омск қаласында медицина саласының қызметкері, Нұржігіт Тұранқұлұлы жүргізуші, Дана есепші. Өте бауырмашыл, ынтымағы жарасқан әулет.
      Ержан Тұранқұлұлы Бауыржан Пернебайұлы нағашысымен көп еңбек еткен. Қазақстанның барлық өңірлерінде болып, ерінбей сауданы ұсақ түйектен-бастап, нағашысының жанынан табылған адал жан. Нағашысы Бауыржан Пернебайұлы жайлы пікірі: Өте қатал, еңбекқор, адал да шыншыл, жалқаулықты жаны сүймейтін, көздеген мақсатына жете білетін жауапкершілікті тұлға ретінде, қаншама азаматты еңбекке тәрбиелеген азамат деп біледі. Ержан Тұранұлының жұбайы Карамат Әбдіқадірқызы енесі Күлзина жайында инабатты, өте таза, тірлігіне өте пысық жан деседі. Ержан Тұранқұлұлының анаға, әкеге, бауырларға, нағашыларға, достарға Шарапхана елді мекеніне арнаған әндердің авторы.
      Бауыржан Пернебайұлы 1960 жылы 1 қаңтарда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Амангелді елді мекенінде дүниеге келген. Жұбайы – Әшіркүл Өмірбайқызы Төлеби ауданы Қызыләскер елді мекенінде текті елден шыққан жан. Аяулы да, жүрегі мейірімге толы ана. Отбасында жұбайымен бірге 1 ұл, 3 қызды тәрбиелеп, жоғары біліммен қанаттандырған.
      Динара Бауыржанқызы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының интернатурасын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша және Латвияның ИСМА/ISMA/ университетін бітірген. Білікті де білімді, өз саласының нағыз майталманы. 
      Тұңғыштары Динара Бағлан Темірханұлымен отбасын құрды. Жолдасы қоңырат елінен тараған божбан руының азаматы. Мінезі салмақты заңгер болып қызмет жасайды. Бірғаным, Дария есімді қылықты қыздары мен Аслан есімді ұлды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.      Қайын атасы Рахметов Темірхан Жанәбілұлы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп келе жатқан де құрметті азамат. Данагөй ақсақалдың жары Байзакова Үрбіш Батырбекқызы шуылдақ елінің тумасы. Қадірлі де, инабатты, асыл жан. 
      Ұлы Рауан Бауыржанұлы Ұлыбритания қаласында «Лондонда Метрополитен» университетінде білім алған. Өнеркәсіп саласында қызмет атқарады. Жұбайы Бейсекулова Айкерім Мұхтарқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алған. Мамандығы заңгер. Айзере, Айлин, Зерден, Зейін атты ұл-қыздары бар, бақытты отбасы. 
      Ұл-қыздарының нағашы атасы Мұхтар Тұрсынбайұлы, апасы Сабира Орынханқызы Дулат елі, шегір руынан тараған, тамырын тереңге жайған әулет.
      Қызы Лаура Бауыржанқызы - Қытай Халық Республикасында «Қаржы саласы бойынша жоғары білім алған. Лаураның әр ісін қолдап отыратын жолдасы Жандос Керімбек еліне сыйлы азамат. Бір көрікті қыз, ұлықты ұлдың ата-анасы. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Керімбеков Гаппуржан атасы мен апасы қоңырат елінен шыққан Жакипова Жалғас әулеттің сыйлы жекжатының бірі. Ал апасы, жандар руынан шыққан. «Петро Қазақстан» компаниясында қызмет атқарады. Құда жекжаттар той-томалақ, кішкене қуаныштарда бастарын қосып, кез келген істе ұйымшылдық танытады.
      Сүт кенжелері Әсел Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген. 
      Бауыржан Пернебайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Амангелді елді мекенінде Жамбыл мектебінде білім алған. Мектепте үздіктер қатарында болып, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиетімен көпшілік арасында көзге түсті. Білімге құштар бозбала қарайып қалмай, жоғары білім алуды мақсат етеді. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы энергетика институтында білімін жетілдіреді. Өзінің алғашқы еңбек жолын Алғабас ауданы, Красная Нива совхозында энергетик қызметінен бастайды. Мінезі тұрақты, іске жауапты азамат қызмет еткен жылдар тоқырау заманы мен егемендігімізді енді алып жатқан қиын-қыстау кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Ештемеге қаймықпай, бел жазбай еңбек етіп, елдің ыстық ықыласына бөленген азамат Бауыржан Пернебайұлының игі істері көп. 
      2019 жылы Қазығұрт ауданы, Құларық елді мекенінде «Пернебай Акбаров атындағы негізгі орта мектебін» ашты. 100 оқушыға арналған мектепте 40 қызметкер еңбек етіп келеді. Мектеп Қарабау ауылдық әкімшілігіндегі Құларық елді мекені тұрғындарының өтініш талабымен ауылда 1999 жылы қарашада мектеп құрылысы жұмысы басталып, 2000 жылы 2 бөлмелі үй құрылысы сәтті аяқталып, пайдалануға берілді. Қарабау тұқым шаруашылығы 830 мың теңге бөлсе, Акбаровтар отбасы демеушілік жасады. Ауыл тұрғындарының өтінішіне орай, Құларық бастауыш мектебіне Пернебай Акбаровтың есімін беру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі №4/1087 шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік Ономастика комиссиясында қаралады да, 2001 жылы 14 қыркүйекте Құларық бастауыш мектебіне белгілі педагог Пернебай Акбаровтың есімін беру туралы №1205 Қаулысы шықты. Аудан әкімі Әли Бектаев және ардагерлердің қатысуымен 2001 жылы 11 қарашада Пернебай Акбаровтың ескерткіш тақтасының ашылу салтанаты өтті.
      Бүгінгі таңда мектепте жоғары білікті 27 мұғалім педагог бар. Модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер қызметкерлері жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Құларық елді мекені П.Акбаров атындағы негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталады. Мектеп директоры білікті тұлға Кудериева Меруерт Есболқызы. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары аз уақыттың ішінде халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадаларының жүлдегерлері атанды. Атап айтсақ, Қазақстан-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық олимпиадасында «Абайдың 175 жылдығы» мерейтойына орай І орын алған 3-сынып оқушылары Ерболат Каусар, Жұмабекқызы Інжу, Сегізбай Каусар, Әжібек Сезім. Осы жеңімпаздарды дайындаған бастауыш сынып мұғалімі Бейсенова Сандуғаш Қырықбайқызына Қазақстан-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және «Алые Паруса» Халықаралық олимпиадасында «Абайдың 175 жылдығы» бойынша диплом табысталды. Республикалық www.Sabag.kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасына қатысқан Баймахан Ернар Баймаханұлы «Үздік» оқушы дипломымен марапатталды. KИO.KZ Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастыруымен, педагогтардың білімін тексерумен біліктілігін арттыру мақсатында өткен география пәнінен халықаралық олимпиадаға қатысқаны үшін Асан Шұрайлым Сабитқызына «Алғасы хат» берілді. Облыстық «Бастауыш сынып мұғалімдер олимпиадасында» II орын иегерлері Райкулова Жұлдызай Серікқызы, Қамбарова Жадыра Тұрғынбекқызы диплом алды. «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы Серікбай Ерасыл Нұрболұлы дипломмен марапатталды. www.edulife.kz Республикалық қашықтық олимпиада сайтының «Бастауыш сынып мұғалімі арасында онлайн» олимпиадасында Бейсенова Сандуғаш Қырықбайқызы I орынды жеңіп алды. Ubtest.kz сайты бастауыш сынып ұстаздар арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» олимпиадасында I дәрежелі дипломмен, IV Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында II дәрежелі дипломмен, Сейдалиева Лаура Жандаровна марапатталған. «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Әлем таныған Абай» жобасы аясында Республикалық байқауға қатысып, I дәрежелі дипломмен Абдиманап Жанерке марапатталды. DARYN.ONLINE білім беру платформасы Qaztest.kz олимпиада сайты бірлескен I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері Балнур Бекембаева II дәрежелі дипломмен марапатталған.
      1998 жылдары «Акбар» көтерме сауда орталығы да елдің игілігі жолында ашылған. Бауыржан Пернебайұлы «Акбар» сауда орталығын алғашқы ашқан кезде сауда жасайтын азаматтарға өз есебінен тауар алып сату үшін қолма-қол қаражат беріп көмек көрсеткен. Қазіргі таңда, осы орталықта 150-ден астам азаматтар өз нәпақасын тауып отыр. 
      Мемлекеттік жұмыс орындары (балабақша, мәдениет үйлері, кітапхана, дүкен, завод, фабрикалар) сатылып жатқан уақыттарда нан заводының жұмысы тоқтап, жұмысшылар тарап жатқан кезеңде Бауыржан Пернебайұлы қолға алып, сол мекеменің жұмысын тоқтатпай, қайта жандандыра білді. 
      2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алғашқылардың бірі болып, «Эскулап-Vita» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медицина орталығын ашты. Қазіргі таңда 7000 мыңнан астам тұрғындарға тегін әлеуметтік медициналық қызмет көрсетуде. Мұнда 80-нен астам қызметкер жұмыс істейді. 
      2019 жылы «Эскулап-VITA» медицина орталығы жанынан қосымша «Алтын бала» оңалту орталығын ашты. Арнаулы әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 60 төсек орнымен қамтылған. Мұнда 3000 мыңға жуық қызмет түрі көрсетіледі.
      2019 жылғы маусым айында Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен 350-ден аса тұрғындарды қамқорлыққа алып, төсек-орынмен, ас-тамақпен, киім-кешекпен, қажетті гигиеналық құралдармен, азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. 
      2020-2021 жылдары Шымкент қаласы, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығын орындау мақсатында «Инфекциялық стационарды» ұйымдастырып, 850-ге жуық науқастардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында жұмыстар атқарылды. Мекемеге қарасты ауданда тұратын ардагерлерге және тыл ардагерлерін, карантинге жабылған үй тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Көзі нашар көретін кітапхана қызметкерлеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы, №36 орта мектептің ата-анасыз қалған, жартылай жетім, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға жыл сайын қаржылай көмек көрсетіп отырады. 2021-2022 жылдары ЖШС «Эскулап-VITA» медицина орталығының 2 филиалының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашу бойынша мемлекеттің шешімін күтуде. Қарапайым еңбектен қол үзбеген мерейлі отбасы қайырымдылық пен игі істер жасаудан ешқашан қол үзген емес. 
      Бахытжан ағасының қолдауымен Қазығұрт ауданына қарасты Сынтас елді мекенінің мектебі мен орталық мешітіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күмбездерін салды. 
      Осы және өзге де өнегелі, игілікті істері үшін Бауыржан Пернебайұлы ҚР тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
      Бауыржан Пернебайұлы жайында замандастары ылғи да оның жақсы қырларын сөз етіп, елге еткен елеулі істерін айтып, кейінгі жастарға үлгі етіп отырады. Білімді де білікті азамат жайлы замандасы жоғары санатты кардиолог-дәрігері Шериева Күлаш Сейдазимқызы: «Бауыржан Пернебайұлы өте іскер, сөзінің өзі салмақты. Өзекті мәселелерді қолға алып, жүйелі жұмыс жасайтын іскер азамат ретінде танимын. Сонымен қатар, өте әдемілікті жаны сүйетін шығармашыл жан. Ол мекемеге жоғары білікті кадрларды қабылдап, олардың қызметін жоғары деңгейде бағалайтын көшбасшы. Жастарды заманауи тәрбиеге баулитын мықты маман», - дейді. Бауыржан ағаның қайырымды істері мен еңбектері өте көп, барлық еңбек жолын бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Тағысы тағы бар деген сияқты.
      Әкесінің салған арман жолын жалғастырушы Динара Бауыржанқызы 2010 жылдан бастап ЖШС «Эскулап-Vita» медицина орталығында медицина саласы бойынша менеджер қызметін атқарып, 2011 жылғы қаңтар айынан бастап «Эскулап-Vita» медицина орталығында бас менеджер қызметін атқарды. 2011 жылдың қараша айынан бастап ЖШС «Эскулап-Vita» медицина орталығының директоры қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда абыроймен атқарып келеді. 
      Динара Бауыржанқызы еңбексүйгіш, білімді де білікті, парасатты дәрігер. Өз жұмысының ізденімпазы, жаңа идеялар ұсына білетін тәжірибелі маман. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды, отбасы мен қоғамда абыройлы, ардақты ана, аяулы жар. Атқарған әрбір мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, өз ісін жете меңгерген жауапкершілікті тұлға. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 
      Текті әулеттің үлгілі жолы, көпке берер өнегесі мол. Ендеше, әр қазақтың отбасы осындай берекеге толсын деп тілейміз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
28 декабря 2021 19:44
Алиби

Керемет макала екен Динара
28 декабря 2021 17:30
Кулаш

Өте керемет естелік Рахмет үлкен 

Последние комментарии

19 апреля 2025 11:09
Сымбат
Венера - отличный специалист, мама, подруга, жена! Спасибо за дружбу ...
18 апреля 2025 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
18 апреля 2025 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...