Табысты кәсіпкер
Жалпы кәсіппен айналысу – әл-ауқатыңды жақсарту деген сөз. Табыстың кілті – кәсіпкерлікте. Мемлекет не үшін бұл саланы дамытуға ерекше ден қойып отыр? Себебі, бизнесті өркендету – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту деген ұғыммен қатар жүреді. Кәсіпкерлікпен бірге, жаңа жұмыс орындары ашылады, жалпы ішкі өнімнің көлемі ұлғаяды. Сондықтан кәсіпкерліктің тиімділігі мен бұл саланың әлеуметтік жағдайды жақсартудағы маңызы туралы әр отбасыға жіті түсіндіріліп келеді.
![]()
Оның көптеген жолдары бар. Мысалы, аты алысқа кеткен бай кәсіпорындар қалай жетістікке жетті, ісі қалай өрге басты, алғашында қандай қиындықтарға тап болды, оны қалай еңсерді – осының бәрі кез келген адамның қызығушылығын тудыратыны анық. Тіпті, кәсібін әжептәуір дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлердің өзі шетелге барып келгенде, ондағы әріптестерінің табысты еңбегін көріп, ой-танымы кеңейіп, ерекше рухтанып келетінін айтып жүр. Бүгінгі кейіпкеріміз Қуанышбай Ақтоты Жұбатқанқызы заманға сай табыс тауып жүрген кәсіпкер. Ол 1979 жылы 16 ақпан күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан қатарынан озық жүрді. Білімді болсам, белгілі бір мамандықты игерсем деп талпынды. Атасы мен әжесінің қамқорлығында өскен ару жыр-дастандарды көбірек оқиды. Атасынан үлкендердің әңгімесін естиді, бабалар жолын ұғынады. Әдетте бір адам туралы айтылғанда оның жан-жағы, шыққан тегі, туматуыстары да қалыс қалмауы тиіс. Өйткені, өсіп келе жатқан буын айналасына қарап жетіледі.
Осы тұрғыдан келгенде Ақтоты Жұбатқанқызының шыққан тегі Кіші жүз, сарғасқа руы, Келмембет батырдың ұрпағы. Анасы –Тұрмағанбетқызы Кульшара 1957 жылы дүниеге келген. Анасы білім қуып оқымаса да өмірден түйгені көп дана әйел. Өмірге қыз бала келсе, бақ келді деп Ақтоты дүние есігін ашқанда ерекше қуа-нып, ұл-қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлетін. «Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» деген қағиданы үнемі ағасы мен інілеріне айтып отырады. Әкесі – Қуанышбаев Жұбатқан 1957 жылы дүниеге келген, 2015 жылы әкесі марқұм болып кетті. Өмірде үш дауасыз бар екен. Олар тумақ – дауасыз, кәрілік – дауасыз, өлмек – дауасыз. Асқар таудай әкесі осынау баянсыз өмірден өтіп кеткеніне қанша жерден қайғырғанымен, түптің түбі әлгі үш дауасыздан ешкімнің қашып құтылмайтыны сөзсіз. Үш ағайынды ағасы Абдулла, өзінен кейінгі інісі Ғабидулла. Бүгінде әрқайсысы шаңырақтарының түтінін түзу түтетіп, бәйтеректей тамырларын тереңге жайған. Қай шаруаны бастаса да, қай қиырда жүрсе де, әкесінің нұрлы бейнесі санасында жаңғырып жүреді. Сода
![]()
н бойына қуат алады. Ол әке мен ана берген, ата мен әже бойға сіңірген қазақы қалыппен үлкендердің алдын кесіп өтпей, кішілерге ізет көрсете білді. Естен кетпес балалық шақпен қоштасты. Уақыт ұшқыр, өмір зымырап өтіп жатыр. Өткен күндердің ұмытылмас сәттері аз емес-ау. Халықта өткенді білу – өскеннің белгісі деген сөз бар емес пе? Адамның өмірі оның жүрегі тоқтағаннан бітпейді, адам ұмытылған кезде ғана өшеді. Жастық шақтағы бақытты күндері әлі есінде. Өзі үйдегі жалғыз қыз болса да үйдегі үлкен әке-шешесіне, бауырларына қамқор болып жүретін. 1986-1996 жылдары Бисенов Алдаберген атындағы мектепте оқып шығады. Білім ордасында үлгілі оқушы болып, іс-шаралардың басы-қасында жүретін. Мектеп қабырғасында ата-анасының суреті құрмет тақтасынан орын алған еді. Сол атақ-абыроймен мектепті бітіріп, көздеген арманына сай өмір жолын таңдады. Ол оқыған кезде ештеңе ешқашан жария етілмейтін. Таңдаған мамандығына сай болу үшін барын салатын. 1996 жылы Аграрлық колледжге оқуға түседі. 1999 жылы аталмыш оқуды аяқтап, жоғары білімді маман атанғысы келеді. 2000-2006 жылдар аралығында Алматыға Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде сырттай білім алады. Екінің бірі қолы жете бермейтін оқу орнында оқып, үздік тәмамдайды. 2000 жылы бірден Қызылорда облыстық ветеринариялық зертханаға қызметке тұрады. 21 жыл бойы сол мекемеде ветеринарлық дәрігер қызметкері болып жұмыс істеп келеді. Қосымша Қазақ ғылыми зерттеу Ветеринария институтында қызмет атқарды. Бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін, тәжірибең де толысады. Келесі қызметтік сатымен жоғары өрмелегің кеп тұратыны заңды құбылыс.
Сол қызмет атқарған тұста неге қосымша табыс таппасқа деген ойлар Ақтоты Жұбатқанқызын жиі мазалайды. Құрбы-қатарластарының ықпалымен 55 жыл тарихы бар заңды «Орифлейм» компаниясына тіркеліп, желілік кәсіппен айналысады. «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел» - осынау мағыналы сөз халқымыздың маңдайына біткен алып Абайдың «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей», - деген өлеңінен алып отырмыз. Абай ақын өмірдің көп мәнінің бірі – адал еңбек деп білсе керек. Қарныңды тыр-тыр қасып, үйде жатқаннан гөрі, жат жерге кетіп, жалданып бол
![]()
са да мал тап дейді. Сонда ғана адам қатарына ілігетініңді меңзейді. Кешегі Кеңестік идеология салтанат құрып, не айтса да сол дұрыс болып тұрған заманда байлық туралы айту жан баласының ойына кірмеген секілді. Бірақ, пенде болған соң жайлы жер, жақсы тұрмыс іздемей тағы да тұра алмайсың. Үйір-үйір жылқы біткен, жомарт байларды өкімет кезінде аямастан кәмпескеледі. Басынан ірің сорғалаған кіл кедей-кепшіктің тұқымы қалың елді қай бір қорған болып көктетті дейсің. Социализмнің тар жертөлесінде халқымыз қанша жерден бұйлығып отырғанымен, дидарыңды желпіп өтер самал желді көкейіңде аңсағанына кәдімгідей иланамын. Сондай заманның да қақпамызды қағатын сәтінің түбі бір болатынын Құдайдан үміті бар қазақ баласы аңсап күтетіні рас. Заман ағымына қарай, бүгінгі тілмен айтқанда бизнеспен шұғылдану кез келген жанның қолынан келе бермейтін іс. Дегенмен, Ақтоты Жұбатқанқызы артқа шегінбей, тек алға басты. Кәсіптің екінші аты – бейнет. Оның ауыртпалығына, жауапкершілігіне шыдаған жан ғана, өзінің бай тәжірибесімен бөлісе алады. Бастапқыда аталмыш компаниядан жетістікке жеткен миллонерлерді көріп, таңқалған кейіпкер тасы өрге домалап, алға жылжығаннан кейін «көз қорқақ, қол батыр» деген мақалға толықтай келісетіндігін айтады. Себебі, сол табысты кәсіпкерлер жүрген жол, аттаған баспалдақпен өзі де жоғары көтеріліп келеді. Ол осы уақыт аралығында қаншама жүлделер алып, атқарған жұмысынан 21 күнде қомақты қаржы тауып отыр. Әрине, көпшілікке көрген түстей болары анық, дегенмен, бір айлыққа қарамай шаруасының келісті болуы жан-жағымен қарым-қатынастың мығым болуында. Бұл кәсіптің құпия сыры сол адамдармен берік байланыста болуы маңызды. Табысты кәсіп иесінің басты мақсаты өзі шіреніп бай болу емес, артындағы балалары қиыншылық көрмей, кең сарайдай үйде еркіндікте өмір сүрсе екен дейді.
Ақтоты Жұбатқанқызы небәрі 7 жылдың ішінде жеке басына төрт көлік сатып алған. Бүгінде сәулеті мен дәулеті келіскен үйі бар. Болашаққа нық сеніммен қарайтын кейіпкер 18 жастағы ұлына жеке көлік, үй алып берген. Әрине, бір өзі ғана емес, командасындағы қыз-келіншектер де табыстың негізгі көзін осы компаниядан тауып отырғандарын жасырмайды. Көздерінде от, кеуделерінде мақсаттары
![]()
жалындаған әр команда мүшесі еңбек етуден аянбайды. Әр қазақ бай болса екен деген арманы бар компанияның өкілі өзгелерге қолдан келгенше көмек беруден бас тартқан емес. Адалдықты, тазалықты жаны сүйетін кейіпкер еңбек ардың ісі екендігін жіті түсінеді. Әйелдің сұлулығы ақындардан жыр боп құйылса, суретшілердің қаламына шеберлік сыйлайды. «Әдемілік бізге көптік етпейді» деп ақын жырлағандай, кімнің әдемі болғысы келмейді. Жалпы, әйел атаулының сұлу болғысы келетіні жасырын емес, Ақтоты Жұбатқанқызының айтуынша, бүгінде «Орифлейм» компаниясынан зат алатындардың қатары 80 пайызға артқан.
Қазақ тарихында, ұлт мәдениетінде, салтын да, дәстүрін де әйел адамның, қыз баланың қоғамдағы орны ең алдымен отбасындағы орнымен қадірлі саналған. Сол үшін де әйелдерді жаппай гендерлік саясатқа таңып үлкен саясатқа, мемлекеттік қызметке не қаржы, өндіріс, коммерция т.б. салаларында да алатын орны мен абыройы ерекше. Дегенмен, дамыған демократиялық елдердің құндылықтары, атап айтқанда, әйелдерге қатысты саясатына еліктеуден гөрі, өзімізге жақын ұлттық саяси ұстаным, өте білікті де аса нәзік саясат дұрыс деп санаймын. Яғни, әйел адам қоғамымыз үшін болашақ ұрпақты жалғастырушы ана, мемлекет өміріндегі жауапты қызметкер, отбасындағы аяулы жар екендігін біз ешқашан науқандық саясатқа айналдырмауымыз қажет. Табысты кейіпкер шаңырақтағы үлгілі келін атанған асыл жар, аяулы ана.
Жолдасы Ғалымжан екеуі үш баланың тәрбиелеп отыр. Ұлы Демеу 18 жаста, Дильназ 12 жаста, кенжесі Аягөз 9 жаста. Жұбайымен салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады. Ерлі-зайыптылар соңғы жылдары өзге мемлекетке жиі саяхаттауды әдетке айналдырған. Соңғы сапарлары Дубай еліндегі он күндік жақсы демалыспен өтті. Шетелдерде отбасымен саяхат жасағанды ұнатады.
- «Алла бәрімізге еңбек ет деп он екі мүшемізді сау қылып, бай етіп жаратты. Алайда, өзіңнің де амал жасауың керек. Біздің қыздарға меніңше еңбекқорлық пен шыдамдылық жетіспейді. Барлығымызға еңбек етсін деп бірдей 24 сағат берді. Сондықтан да қажымай-талмай еңбек еткендердің бәріне Алла үйіп-төгіп береді. Бұл дәлелденген, бұлжымас нақты қағида. Мен компанияға келген қыз-келіншектердің барлығына алдарыңа берілген мүмкіндіктерінде жіберіп алмаңдар деймін. Тамағың тоқ, көйлегің көк болу үшін, балаларыңның болашағы жарқын болу үшін қазірден бастап еңбек етулерің қажет» - деп Ақтоты ханым көптеген баламен үйде отырған, еңбек демалысындағы қыз-келіншектерге қолдау көрсетіп, мотивация береді. Түрлі тренингтер өткізеді. Бір сөзбен айтқанда шабыттандырып, көптеген қыз-келіншектердің аяққа тұруына, табыс табуына көмектесті. Соның арқасында алғысқа да бөленіп жүр. Бүгінде көбісі оңай жолмен байлық іздейді. Расында сәтті болғысы келетін қыздар жастайынан жауапкершілігі мол, еңбекке ынтасы бар, шыдамды болуы керек. Біздің менталитетке байланысты қалыптасқан «Ерлер басшы болуы керек» деген ой қазірде өз өзектілігін мүлдем жоғалтты. Керісінше, жауапты қызметтерде әйелдер еркектерге қарағанда аянбай, барын салып жұмыс жасайды. Әйелдер өз қызметін мұқият жасап, жоғары қызметтерде ең біріншіден жауапкершілік көреді. Кәсіп – үлкен кіріс көзін алып келетін, адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жұмыс жасау деген сөз. Кәсіпкерлікпен айналысатын адам алдыға сүйреп жүруші күш. Сондықтан да кәсіпкерліктегі жауапкершілік болса, ісің береке табады.
Ақтоты Жұбатқанқызы команда көшбасшысы ретінде үнемі тренингтерге қатысып, команда мүшелерінің рухани, моральдік жағынан мықты болғанын қалайды. Жауапкершілікті сезінбейтін адам қауіпті. Себебі, ол жұмысына селқос қарау арқылы одан нәтиже шығара алмайды. Ал кәсіпкерлікте жауапкершілік болмаса, істің далаға кеткені. Білімі мен білігінің арқасында да команданы жұмысқа шақырып, баулып, үйретіп, ары қарай дөңгелетіп әкетуіне ат салысады.
Кәсіп бастар алдында кейіпкер ісіне үлкен сеніммен қараған. Ал бұл сенім болмаған жағдайда адам өзін іштей жейді, уайымдайды, алаңдайды. «Бұл – ақылмен жұмыс жасайтын орта. Сондықтан, ақымақтық жасауға болмайды. Қомақты қаржыны көргенде көпшілігі асарын асап, жасарын жасап алған адам секілді тойынып кетеді. Шүкіршілік пен қарапайымдылықты әрқашан есте сақтаған кәсіпкердің табысқа жетуінің құпиясы осында. Кәсіп жасау кезінде кәсіпкер үшін ең басты нәрсе – сезімдегі тұрақтылық. Яғни, сезім деп отырғанымыз, ішкі қасиеттер мен құбылыстарыңыз. Бір жақты ашуға не көңілшек болуға болмайды. Барлық қасиетті бір ортаға жинаңыз. Белгілі бір істің фанаты болып кетуге де болмайды. Бәрін жүрекпен емес, ақылмен қабылдаңыз» - деген қағидаларды берік ұстанатын Ақтоты Жұбатқанқызы кәсіпкерлерді қателеспеуге шақырады. Табандылығының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отырған Ақтоты ханымның отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына береке тілейміз.