Жақсылықов Ерлан

Рейтинг:

Елін ойлаған ер   

  Адaмзaт бaлaсы жер бетінде пaйдa болғaннaн бері өзінің мaтериaлдық және рухани қaжеттілігін қaнaғaттaндыру үшін еңбек етіп келеді. Өзінің елі үшін аянбай еңбек етіп, адалдығымен, парасаттылығымен, іскерлік қабілетімен көзге түсіп ардақталып жүрген азаматтарымыз аз емес. Олардың жүріп келе жатқан дара жолдары көпке үлгі, жастарға өнеге деуге болады. Әрбір еңбек саласында орнықты істерімен танылған тұлғалар жайлы қалам тербеу ел-халқымыздың тамаша дәстүрі дер едік. Себебі, еңбек адамның адами қасиеттерін, тұлғалық қабілеттерін қалыптастыратын шешуші күштің бірі адамның еңбегін көрсету. Иә, адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Кім адал еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленсе, сол адамның өмірі баршаға ғибрат екені де шындық. Ерлан Алтайұлы табиғат бойына дарытқан еңбекқорлықтың, төзімділік пен қайсарлықтың арқасында шыңдалып, алдынан шыққан қиындықтарды жеңіп, бейнет жүгін еңсеріп келеді. Даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, тағдырының таңдауына айналған ісін абыроймен атқарып, ел-халқының алғысын алып жүр.
      Қоғамдағы болып жатқан жаңалықтарға елеңдеп, өзінің үнін қосып жүретін Ерлан Алтайұлы туған жерінің түлеуі үшін ештеңеден тайсалмайтын азамат. Бойындағы адалдық, тазалық, іскерлік, талапшылдық, ізденімпаздық, жанашырлық, қоғам үшін жанпидалық қасиеттері оны қарапайым етіп көрсетеді. Кісілігі жоқ. Уәдеге берік, сертіне мәрт. Елгезек. Тіпті бала көңілді, қарт ақылды десек артық айтпаған болар едік. Шаршамайды, шалдықпайды, ерінбейді, жалықпайды. Барлық жұмысты өзім тындырдым деп ешқашан міндетсінбейді. Жасаған жақсылығын көрсетпейді де, айтпайды да. Талай жылдар бойы бірге жұмыс жасасып келе жатқан жанындағыларға тіксініп, қабақ шытқан кезі жоқ. Дұрысын адамның бетіне айтады. Онда да орайын тауып, жанын жаралап алмауға, көңілін қалдырмауға тырысады. Жаңалыққа жаны құмар. Баспасөз науқанынан қалмай, өзінің сүйікті газет-журналдарын жаздырып алады. Біреуді сыртынан сөз етпейді. «Адамның аласы да құласы да болатыны секілді, барлығында да бір жақсылығы мен жамандығы болуы заңдылық» дегенді айтып, көп жағдайда ұсақ-түйекке мән бермейді. Басқаны сынап-мінемейді, керісінше, мақтап, қадірлеп, төбесіне көтереді. 
      Уақытты қатты бағалай білетін азамат әрбір күнін берекелі өткізуге тырысады. Таң азанымен отбасымен бірге дастарқан басында жақсы әңгіме айтылып, жұмысқа жақсы көңіл-күймен шығуды әдетіне айналдырған. Бала кезінен зейінділігімен, жігерлілігімен, тиянақтылығымен көзге түсіп жүретін Ерлан Алтайұлының тағы бір жақсы қасиеті ешқашан марапатқа, мақтауға, мадақтауға мұқтаж болған емес. Тіпті соларға қайтсем де қол жеткіземін деп жанын салмайды да. Шындығына келгенде мақтау да марапат та өзі келеді.Жақсылықов Ерлан Алтайұлы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында 1963 жылдың 11 қазан күні қарапайым қазақ отбасында дүниеге келді. Әкесі Жақсылық Алтай 1936 жылы дүниеге келген, ауыл-аймағына сыйлы, еңбекқор, баталы азамат. Анасы - Жақсылықова Жақсыгүл 1939 жылы дүниеге келген. Инабатты, биязы мінезді батыр ана. Ерлан 8 ағайынды, 5 ер бала, 3 қыз бала. Қазіргі уақытта бәрінің өз отбасылары бар, әр саланың мамандары. Ата-анасынан тәлімді тәрбие алған олар өздері қалаған оқу орындарын оқып, жоғары білім алып, түрлі салаларда абыройлы қызмет атқарып отыр. Нұрлан агротехникалық колледжінде шебер, ал 
      Ерланның өзі жеке кәсіпкер. Бағлан ауыл шаруашылығында механизатор, Руслан інісі де ауыл шаруашылығында механизатор, Ержан кәсіпкер. Мадина мен Карима қарындастары мұғалімдік жолында биік белестерді бағындырып келеді. Алима лаборант болып жұмыс жасайды. 
      Ерлан Алтайұлы алғаш мектеп табалдырығын 1971 жылы аттады. Мектепте белсенді оқушылар қатарында болды. Әрбір іс-шарадан қалмайтын. Ұстаздарының алдынан кесіп өтпейтін, сыныптастары арасында да сыйлы болды. Сабақтан себепсіз қалмайтын. 1981 жылы мектепті ойдағыдай жақсыға тәмамдап шыққан жас түлек, 1981 жылы 7 шілдеден бастап Алимирзаев Мұхаметтахирдың мал шаруашылығында жеке көмекшісі болып алғашқы еңбек жолын бастады. Ер-азаматтың бір міндеті елін қорғау, яғни, әскери қызмет оның Отан алдындағы парызы, борышы. Ерлан 1982 жылы 25 мамырда әскерге аттанды. 1984 жылы әскери қызметін абыроймен атқарып, елге келді. Әскерден кейін ауыл шаруашылығында 1987 жылдан 1998 жылға дейін мал шаруашылығында үздіксіз жұмыс жасады. Ауылшаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерген азамат 1999 жылдан бастап өзінің жеке кәсібін қолға алды.
      - «Экономикамыздың негізгі салаларының бірі ауыл шаруашылығы ғой. Бұл салада еңбек өнімділігін арттыру үшін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді күрт арттырып отыру маңызды. Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен дүниежүзі жетістіктерін өндіріске ендіру қажет. Мал өнімдерінің ішінде адамзаттың күнделікті тұрмысы үшін ең қажеттісі ет пен сүт. Жылқы малына ауылдық жерде көп көңіл бөлінеді. Оның еті мен қазы-қартасы және қымызының емдік қасиеті жоғары, сіңімді, диеталық тұрғыдан да аса тиімді ұлттық тағамдар болып саналады. Сүт өнімдерімен еліміздің сұранысын қамтамасыз ету бағытында соңғы жылдары біраз оң өзгерістер байқалуда. Табиғаты әр алуан республика аумағында субтропикалық жемістерден басқа күнделікті қажет ететін жеміс-жидек пен бау-бақша, көкөніс және картоп дақылдары жақсы өседі. Олардың өнімімен барлық тұрғындардың сұранысын толық қамтамасыз етуге болады. Елді адам ағзасына қажетті ауыл тағамдарымен қамтып қоймай, денсаулықтарын нығайтуына да ықпал етсем деген ниетіммен еңбектеніп келемін. Төрт түліктен келетін пайда қаншалықты зор болса, оның бейнеті де соншалықты болады. Егін шаруашылығы да солай, оған бап керек. Адам күшінсіз ештеңе бітпейді. Бұл жерде төгілген маңдай тер мен еселі еңбекте әрбір еңбекқор адамның үлесі бар», - дейді кейіпкеріміз.
      Ерлан Алтайұлы қолы ашық жомарт жан. Қолынан келген көмегін аянып қалмайтын азамат Жалағаш ауданындағы Иманқұл мешітіне өзінің көмегін беріп, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігіне үнемі назар салып отырады. Аққұм ауылындағы Жастар көшесіне жарық шамдарын орнатып берді. Жалағаш ауданындағы ішкі істер саласына да қажетінше көмегін көрсетті. Осындай істерімен де ол өз ортасында беделі артып келеді.
      Өмірлік жұбайы Ұлжан Рахымжанова 1971 жылы Аққұм ауылында дүниеге келген. Ерінің жағдайын жасап, отбасының берекесі мен ажарын кіргізіп отырған Ұлжан үй шаруасынан босамайды, дастарқаны астан жиылмайтын, босағасынан қонақ арылмайтын, жүзі жайдары жан. Бала тәрбиесіне де мықты. Бүгінде Ерлан жұбайы Ұлжанмен бірге 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты ата-ана. Үлкен қызы Гүлжанат С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 2012-2017 жылдары «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын бітіріп, 2018 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратурада оқыған. Бітірген соң, 2018 жылдың наурыз айында «Облыстық тері венерология диспансерінде» дәрігер-статист мамандығымен жұмыс жасауды. Отбасылы, тұрмыста. Ата-анасына Аңсаған есімді тәтті бөбекті сыйлап отыр. Екінші қызы Гүлімжан тұрмыста мектепте лаборант. Үшінші қызы Гүлмариям Қорқыт Ата атындағы университетінің 1-курс студенті. Болашақ биші, төртінші қызы Торғын «Зерде» зияткерлік мектебінде 4-сыныпта оқиды. Ұлы Серікбай Қорқыт Ата университетін, Ақмешіт оқу орындарын қызыл дипломға тәмамдаған. Әскери кафедрасында оқып білім алуда.
      Жақсылықов Ерланның «елім деген ер болып» атқарған игі істері көп-ақ. Солардың бірі «Нұр Отан» партиясының «Халыққа көмек» акциясы аясында короновирус індетінің өршіп тұрған уақытында ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына және мүгедек кісілерге азық-түлікпен бірнеше отбасына көмек берді. Тағы да «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында қарттар күніне орай өткізілген шараларға көмек беріп жүр. Ауылдың әл-ауқатын, әлеуметтік тұрмысын жақсарту мақсатында бір көшені жарықтандырып берді. Ауылда өткізіліп жатқан барлық мәдени шараларға атсалысып түрлі байқаулардың өткізілуіне мұрындық болып, бас демеуші ретінде көмек көрсетеді. Мәдениет үйіндегі өткізілетін түрлі мәдени шараларға көмектесіп, жыл қорытындысымен ауылдағы жақсы жұмыс атқарып жатқан әр мекеме қызметкерлеріне, жыл үздігі атанған сала мамандарына өз атынан сый-сипатын мен құрметін де үздіксіз жасап жүр. 
      Елдің көсегесі еңбек арқылы ғана көгеретінін жақсы білген ата-бабаларымыздың ізгі жолын, өз өмір тәжірибесімен кейінгі буынға үлгі-өнеге етіп отырған Ерлан Алтайұлына денсаулық тілеп, еңбегіңіз жемісін молынан төге берсін демекпіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...